Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Мақсаты:
-
Оқушыларға қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктерін тереңдете түсу, Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, халқымыздың салтын ұмытпай жалғстыруға баулу.
-
Оқушылардың тілін, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту.
-
Ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлағатты сөздер, буклеттер, суреттер, сахналық салт-дәстүрлер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: -Наурыз-жыл басы, көктем мейрамы. Наурыз мерекесінде наурыз көже дайындалады, дастархан жайылады. Халық бір-бірін мерекемен құттықтайды, ән салып, би биленеді. Ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Мерекеде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.
Наурыз – көктем мерекесі.
Наурыз – жыл басы.
Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.
Наурыз – қуаныш мерекесі,
Бақыт пен шаттық мерекесі.
Наурыз – шаруаның мерекесі.
Наурыз – еңбек мерекесі.
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
ІІ. Әңгімелесу
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған. Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.
Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.
«Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз
Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.
ІІІ. Жұмбақ
— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан) Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? Қазақтың ұлттық тағамдары, Жасымнан жақын маған бәрі. Теңермес ем оларға мен, Ешбір асты ғаламдағы. — Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен бізді Жазира апайымыз таныстырып өтеді.
ІV. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Сөз Әсел апайымызға беріледі.
V. Ұлттық ойын
«Арқан тартыс» Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) — Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) Рахмет! Отырамыз!
Мұғалім: -Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.
Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Кәне,соны шешіп көрейік.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және төрт- түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін, тауық, ит, доңыз.
6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?
-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелінеді.Оған жүгері, бидай, айран, кеспе, қазы, т.б. қосылады.
VI. Қорытындылау
Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ! Қош сау балыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қош келдің, Наурыз! сынып сағаты

шағым қалдыра аласыз