«ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ»
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі»
«Өнер мектебі» КММ
Директордың оқу ісі бойынша орынбасары
Негметова Перизат Максуткановна
КІРІСПЕ
Қосымша білім беру - бұл мектептегі білім беру процесін толықтыратын, оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды сала. Қосымша білім беру – оқушыларға кәсіби бағдар бере отырып, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру. Оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды жүйе. Оның мақсаты – оқушылардың тұлғалық өсуін қамтамасыз ету, олардың шығармашылық және ғылыми ізденісін ынталандыру.
Қосымша білім беру – оқушылардың негізгі оқу бағдарламасынан тыс білімдерін жетілдіруге бағытталған маңызды сала.
Қосымша біліммен қамту бойынша нақты статистикалық мәліметтер келтірер болсақ:
-
2025 жылы Қазақстанда 400-ден астам қосымша білім беру ұйымы ашылды.
-
2025 жылы балаларды қосымша білім берумен қамту 3,2 млн-нан 3,4 млн-ға дейін ұлғайды.
-
Қосымша біліммен қамтылған балалардың үлесі 2020 жылы 63,5 % болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 87,2 % деңгейіне дейін өсті деген мәлімет бар.
-
2024–2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылуы жоспарланды, бұл жалпы білім алушылардың 86,3 %-ы болмақ.
-
Қазіргі таңда Қазақстанда 1713 мектептен тыс ұйым бар және олар 380 түрлі үйірме бағыттарын ұсынады.
Бұл дегеніміз қосымша білім беру саласына сұраныстың артқанын білдіреді. Сұраныс артқан жерде сапаның қадағалануы заңдылық. Заман талабына сай оқытуды сапалы әрі тиімді ұйымдастыру аса маңызды. Бүгінгі таңда қосымша білім беру жүйесінде заманауи педагогикалық трендтерді қолдану оқытудың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Қосымша білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру үшін бірнеше әдістер мен тәсілдер қолданылуда. Бұл мақалада қосымша білім беру саласындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді әдістері қарастырылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Әдістемелік қызметті ұйымдастырудағы жылдық жоспарлау
Қосымша білім беруде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың тиімді әдісі ол әдістемелік қызметті жүйелеу. Әдістемелік қызметтің тиімділігі жылдық жоспарлау мен ұйымдастыру жұмыстарының сапасына тікелей байланысты. Жылдық жоспар білім беру ұйымының стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін, педагогикалық ұжымның кәсіби даму қажеттіліктерін және оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылады.
Әдістемелік қызметті ұйымдастырудың басты мақсаты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық білім беру технологияларын енгізу, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында жүйелі әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру.
Әдістемелік қызметті жоспарлауда басшылыққа алынатын қағидаттар:
-
Ғылыми негізділік – әдістемелік шаралар ғылыми-теориялық базаға сүйенуі тиіс.
-
Жүйелілік пен үздіксіздік – жұмыс кезеңдері өзара байланысты, бірізділікпен жүзеге асырылады.
-
Педагогтерге бағытталуы – нақты қажеттілік пен сұранысқа негізделген.
Икемділік пен бейімделгіштік – жыл бойындағы өзгерістерге сай түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Жылдық жоспарды жасау барысында мынадай бөлімдер бойынша жұмыс жасалғаны тиімді:
-
Талдау: Өткен оқу жылындағы әдістемелік қызметтің нәтижелері бойынша жетістіктер мен кемшіліктерді талдау жасау.
-
Мақсаттар мен міндеттерді айқындау. Жаңа оқу жылына арналған негізгі бағыттар мен күтілетін нәтижелер анықталады.
-
Негізгі іс-шаралар жоспарын түзу. Мерзімдері, жауапты тұлғалар және көрсеткіштерімен нақты шаралар тізбесі жасалады.
-
Бақылау және талдау жұмыстарын жоспарлау. Әдістемелік іс-шаралардың орындалуын бақылау және тиімділігін бағалау тетіктерін анықтап, жоспарға енгізу.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру әдістемелік кеңестер мен семинарлар, шығармашылық топтар мен кәсіби шеберханалар, ашық сабақтар, шеберлік сыныптар, педагогикалық оқулар мен конференциялар ұйымның ішкі ережелеріне және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жоспарларын басшылыққа ала отырып құрастырылады.
Жыл соңында әдістемелік жұмыстың нәтижелері талданып, келесі оқу жылына ұсыныстар беріледі. Жоспардың орындалу деңгейі ішкі мониторинг арқылы бағаланады.
Әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда мынадай бағыттарды ұстанамын:
-
Қосымша білім беру оқытушыларының оқу бағдарламаларын ғылыми-әдістемелік тұрғыда жетілдіру. Оқу бағдарламаларының бүгінгі заман талабына, оқушы мен ата-ана сұранысына лайықты құрылуын қадағалау және нәтижесінің көрсеткішін бақылау және сараптау. Оқу бағдарламаларының білім беру мазмұны балаға толыққанды кәсіби білім беретіндей қысқа және ұзақ мерзімді курстық оқытуға бағытталуын іске асыру.
-
Қосымша білім беру үрдісіне жаңа технологияларды енгізу және жүзеге асыру формаларын жетілдіру. Жаңа оқу жылында қазіргі күндегі қолданылып жүрген ZOOM, Google Classrum, Riayok.com платформаларынан бөлек Kahoot, Plicers, Microsoft teams, Mining maping, Air dro, Canva сияқты тегін интернет платформаларды қолдануды педагогтар тәжірибесіне енгізу. Қашықтан білім беру сапасын жетілдіру.
-
Мекеме бойынша қосымша білім беру сапасының объективтілігі мен пәрменділігін бақылау: өлшенетін көрсеткіштердің динамикасына сай әр оқу жылының соңында алдыңғы оқу жылымен салыстыра отырып талдау жасау. Бұл білім беру процесінің нәтижесін талдау, бағалау үшін керек.
-
Инновациялық, педагогикалық озық іс – тәжірибелерді топтастыру, тарату бойынша ұжымдағы барлық педагогтар құрамына жан-жақты терең талдау жүргізіліп, педагогтардың озық тәжірибелерін тарату бойынша Республикалық «Қосымша білім беру» журналына, сонымен қатар басқа да бұқаралық-ақпарат құралдарына, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының сайтына және мекеменің әлеуметтік желілердегі каналдары арқылы семинарлар мен вебинарлар ұйымдастырып, іс- тәжірибемен бөлісу.
-
Әртүрлі біліктілік санатындағы қосымша білім беру оқытушыларымен дифференциалды жұмыс жүйесін жүргізу. Қосымша білім беру педагогтерінің сапалық құрамының көрсеткіштері жылдан жылға жақсарту. Олардың білім жетілдіру курстарында оқу арқылы біліктіліктерін арттыруды басты назарда ұстау. Педагог- зерттеуші, педагог – сарапшылар, педагог – модераторлар қатарына өткізу арқылы біліктілік санаттарын көтеруді бақылауда ұстау. Педагогикалық ұжымға жыл сайын келетін жас мамандармен жүргізілетін арнайы жұмыс жоспарын құру, тәлімгерлер тағайындау.
-
Шығармашыл ұжымдардың және жекелеген тәрбиеленушілердің жетістіктер көрсеткішінің салыстырмалы мониторингін жүргізу. Шығармашылық ұжымдар мен дарынды оқушылардың қалалық, республикалық және халықаралық байқауларға, фестивальдерге қатысуларын қадағалап, бағыт-бағдар беру, жетістіктерін саралау. Осы арқылы қосымша білім беру сапасының көрсеткіштерін сараптау.
-
Жұмыс бағыттары:
Әдістемелік: қосымша білім беру оқытушыларын педагогикалық оқуларға, тақырыптық семинарлар мен вебинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, білім жетілдіру курстарына, коучингтер т.б. іс-шараларға қатыстыру, ұйымдастыру, озат педагогикалық тәжірибелерді анықтап, оларды зерттеп, таратуға ықпал ету. Жетістіктерге жету үшін педагогтерді ынталандыру, педагогикалық ұжымның, топтардың шығармашылығына жағдай жасау;
Педагогикалық: қосымша білім беруге қатысты педагогикалық технологиялар, бағдарламалар мен АКТ құзіреттілігін арттыратын ақпараттармен таныстыру, біліктіліктерін арттыру, педагогтерге авторлық бағдарламалар жаздырту арқылы үйірме жұмыстарының білім беру мазмұнын арттыру;
Психологиялық: педагогтардың кәсіби ұстанымын қалыптастыру үшін психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық еңбектермен, әдіс-тәсілдермен танысуға жағдай жасау, педагогтардың дағдарыс пен түрлі күйзелістерге толы кезеңінде психологиялық денсаулықтарын сақтап, қоғамдағы пайдалы, маңызды рөлін сезінулеріне көмек беру;
Күтілетін нәтиже:
-
Өнер мектебіндегі әдістемелік қызмет жүйеленеді;
-
Ішкі бақылауды күшейту арқылы білім сапасы артады;
-
Қосымша білім беру оқытушылары шығармашылық ізденістерге түбегейлі бет бұрады;
-
Оқытушылардың үздік, шығармашыл жұмыстары анықталып, диагностикаланып, қорытындыланып қала, республика көлемінде таратылады;
-
Педагогикалық кәсіби құзіреттіліктері (АКТ, психологиялық, коммуникативтік, ақпараттық т.б.) дағдылары дамиды;
-
Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары артады;
-
Құндылықтарға бағдарланған төрт тағанды тәрбие беру арқылы тұлғаның заманауи моделі ұсынылады;
Қосымша білім беру саласындағы әдістемелік жұмыстың заманауи моделі
|
Жұмыс бағыты |
Қолданылатын құралдар мен әдістер |
Формат |
Күтілетін нәтиже |
|
1. Цифрлық әдістемелік қолдау |
Google Workspace, Zoom, Moodle, Padlet, Canva |
Онлайн курстар, вебинарлар |
Цифрлы сауаттылық артады, қолжетімді материалдар қоры құрылады |
|
2. Жеке даму жолдары |
Менторинг, коучинг, рефлексия парақтары, PDP (Personal Development Plan) |
Жеке кеңес, коуч-сессия |
Педагогтің жеке қажеттілігіне сай қолдау көрсетіледі |
|
3. Жобалық және шығармашылық бағыт |
“Жобалар жәрмеңкесі”, “Оқытушы блогы”, бейнематериал жасау |
Топтық жұмыс, контент әзірлеу |
Шығармашылық, тәжірибе алмасу |
|
4. Білім беру аналитикасы және мониторинг |
Google Forms, Excel, диаграмма, KPI жүйесі |
Онлайн сауалнама, есеп беру |
Даму динамикасы көрініп, шешім қабылдау жеңілдейді |
|
5. Қауымдастық және кәсіби желі |
Telegram, WhatsApp, Facebook, YouTube, ортақ Google Drive |
Ашық чаттар, тәжірибе бөлісу |
Педагогтер арасында байланыс орнайды, үздіксіз даму жүреді |
|
6. Микрооқыту мен визуалды контент |
Инфографика, видеосабақ, подкаст, чек-лист |
Қысқа әрі нақты контент |
Уақыт үнемделеді, ақпарат тез қабылданады |
|
7. Интерактивті форматтар |
Kahoot, Mentimeter, Jamboard, Quizizz |
Қатысушы белсенділігіне негізделген |
Сабақтар мен әдістемелік іс-шаралар қызықты өтеді |
Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың бағыттарына сай қорытынды жасай кететін болсақ, жыл соңында білім беру процесінің нәтижесіне талдау жүргізіледі және талдау нәтижесінде сарыстырмалы сараптама жасалынады, мониторинг жүргізу арқылы әр педогогтың оқу бағдармаласының орындалуы, бітіруші түлектері туралы ақпарат, қатысқан байқаулары, жеткен жетістіктері, өз білімін көтеру бойынша мәлімет,біліктілік санаты, іс- тәжірибесінің таратылуы, БАҚ жариялануы т.б. көрсеткіштері сараланады.
Сондай-ақ педогог кадрлардың кәсіби жетілдіруіне көмек беріледі. Оқу-тәрбие бағдарламасының тиімділігін арттыру үшін ұсыныстар әзірлеу- білім сапасының жақсаруына әрі тікелей мұғалімдерге көрсетілетін әдістемелік көмек болып есептелінеді. Эксперименталдық жұмыстар бойынша нәтижелері талданады, жинақталады. Түрлі байқаулар, көрмелер, байқаулар, жарыстар, сайыстар т.б. өткізу бойынша әдістемелік құжаттар әзірленеді.
Үйірменің оқу бағдарламасын меңгертуде педагогтер қолданылатын әдіс- тәсілдер:
-
Жобалық әдіс
-
Интерактивті әдістер
-
Модульдік оқыту жүйесі
-
Кейс-стади әдісі
-
Шығармашылық жұмысты дамыту
-
Кері байланыс және өзін-өзі бағалау
-
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
-
Дифференциалды оқыту әдісі
-
Сыни ойлау арқылы оқыту
-
Форумдар мен дебаттар
-
Ұжымдық жұмыс және кооперативті оқыту
-
Тәжірибелік және зерттеу жұмыстары
-
Ойын технологияларын пайдалану
-
Қашықтан оқу және онлайн платформалар
-
Рефлексия және өзара бағалау
Қосымша білім беруде оқушының талабын ұштап, кәсіпке бағдарлайтын тұлға - қосымша білім беру педагогі. Қосымша білім беру пеадгогі неғұрлым білікті болса, жоғарыда аталған әдіс-тәсілдерді оқу процесінде тиімді қолдана алса, онда бұл ортақ жеңіс. Ендеше, қосымша білім беру педагогінің портретін айқындайық:
Қосымша білім беру педагогында болу керек қасиеттер:
-
Кәсіби құзыреттілік. Мұғалім өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін игеруі керек. Жаңартылған білім беру бағдарламалары, жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық тәсілдерді меңгеру – бүгінгі мұғалім үшін міндетті. Қазақтың тұңғыш кәсіби педагогы Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерді тек білікті маман болуға емес, адамгершілік пен әділдік жолын ұстануға шақырды. Ол мұғалімнің жылы жүректі, мейірімді, сабырлы болуын талап етті. Оның мына сөздері осыған дәлел: «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі. Егер мұғалімі жақсы болса, онда оның шәкірттері де жақсы, саналы болып шығады».
-
Цифрлық сауаттылық. Қосымша білім беру педагогы жаңа технологияларды меңгеріп, оларды сабақ барысында тиімді қолдана білуі қажет. Онлайн платформалар, интерактивті құралдар, қашықтықтан оқыту әдістері – мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырады.
-
Шығармашылық пен жаңашылдық. Қазіргі заман балаларының ақпаратты қабылдау ерекшеліктері өзгерді. Сондықтан мұғалім оқыту процесінде қызықты, шығармашылық әдістерді қолдануы қажет. Жаңа идеяларды жүзеге асыру, білім беруде жаңашылдық енгізу – табысты педагогтің басты ерекшеліктерінің бірі.
-
Психологиялық және эмоционалдық тұрақтылық. Мұғалім тек білім беруші ғана емес, оқушылардың эмоционалдық жағдайын түсінетін, оларды қолдай алатын тұлға болуы керек. Ол әртүрлі мінез-құлықтағы балалармен жұмыс істей отырып, шыдамдылық танытып, әр оқушыға жеке көзқараспен қарауға тиіс.
5. Үздіксіз даму және өздігінен білім алу. Қазіргі заман педагогы әрдайым өзін-өзі жетілдіріп отыруы қажет. Жаңа білім алу, тәжірибе алмасу, заманауи әдістемелерді зерттеу – мұғалімнің кәсіби дамуының маңызды бөлігі.
Қорытынды
Қосымша білім беру педагогы – тек білім беруші ғана емес, оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін жетекші тұлға. Ол заман талабына сай икемделіп, жаңа технологияларды меңгеріп, оқушылардың қабілеттерін ашуға көмектесуі керек. Сондықтан әрбір педагог кәсіби және жеке дамуға ұмтылып, білім саласындағы жаңашылдықтарды үнемі бақылауда ұстауы қажет. Бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты – білімді, саналы, жауапкершілігі мол, шығармашыл және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Қосымша білім беру педагогтері оқушыларға таным көкжиегін кеңейте білім беріп, өнерге баулып, кәсіби бағдар берумен қатар, бала жастан ел тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін сыйлап-құрметтеуге тәрбиелеп, ұлттық құндылықты ұрпақ бойына сіңіру жолында аянбай тер төгуі қажет.
Қосымша білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – әрбір оқушының тұлғалық әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін қолайлы оқу жағдайларын жасау болып табылады. Қосымша білім беру саласында оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыруға бағытталған.
Қосымша білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады. Жоғарыда аталған әдістер оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Әрбір әдіс оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына, білім алу процессіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді, сондықтан осы әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жеке тұлғалық өсуін, танымдық және практикалық дағдыларын қамтамасыз етуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Білім беру үдерісінде SMART-технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар. – Нұр-Сұлтан: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2022. – 120 б
-
«Мектептегі қосымша білім беруді тиімді ұйымдастыру» – Өрлеу Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы. https://ustazvko.orleu-edu.kz/?p=3757
-
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми деректері (ortcom.kz, egov.kz)
-
ҚР Ұлттық статистика бюросы: stat.gov.kz
-
С.Ә. Әбенов. «Қосымша білім берудің теориясы мен практикасы». Алматы: Рауан, 2022.
-
А.Ә. Сыздықова. «Педагогикалық мониторинг: әдістер мен тәсілдер». Астана, 2023.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қосымша білім беруде оқу процесін ұйымдастырудың тиімді әдістері

шағым қалдыра аласыз