Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Көктөбе орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Сәтімхан Абылай
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
(кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене
шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді)
-
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:8.
Жеңіл атлетика арқылы денсаулықты нығайту.
I-ТОҚСАН
Сынып: 9
қатысқандар:
қатыспағандар:
Оқыту мақсаты:
9.3.4.1.Салауатты өмір салтының денсаулыққа деген
әсерін өзінің мысалы ретінде көрсету.
Сабақ мақсаты:
-қозғалу,жүгіру кезінде қауіпсіздігін ережесін сақтау. қимыл қозғалыс белсенділігін нығайту үшін арнайы
дене қыздыру жаттығуларын құрастыра алады
Жетістік өлшемі:
Оқушы төмендегі өлшемдерді орындаса, оқу мақсатына жетеді егер:
-арнайы жаттығуды орындау кезіндегі ережелерін білу керек.
-салауатты өмір салтына қимыл- қозғалыс жаттығуларын құрастыра алады.
- өзін- өзі сақтандыру ережелерін қолдана алады.
Тілдік мақсат:
Оқушыларға, пәнге қатысты арнайы сөздік пен терминология:
-жүрек-қантамыр жүйесі
-арнайы жаттығулар
-өзін өзі сақтандыру ережелерін қолдана алады.
Талқылау сұрақтары:
-Түрлі деңгейдегі жаттығулар жүрек соғысының жиілігіне қалай әсер етеді?
-Физикалық жаттығулар сіздің көңіл күйіңіз бен сезіміңізге қалай әсер етеді?
Құндылықтарды дарыту:
Құрмет,жауапкершілік,ашықтық,адалдық,бірлескен мәдениет,сана, өмір бойы оқу, сыйластық, бір-біріне құрмет.
Пән аралық байланыс:
биология,математика
АҚТ-ны қолдану дағдылары:
Алдыңғы білім:
Оқушылардың алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс іс-шаралар барысында алынған жылдамдық-беріктікті даярлау және төзімділік туралы білімдері мен дағдылары бар.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
10-15 минут
Т.Қ.Е.С Оқушыларды қатарға тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен таныстыру. Орында (оңға,солға, кері) бұрылу. Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін қолды жоғары көтеріп аяқ ұшымен, қолды белге қойып өкшемен жүру, алаң шетімен жүгіру және дене қыздыру жаттығуларын жасау. Жүректің соғуын өлшеу.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын, оқыту мақсатын, сабақтың мақсатын және жетістік критериін қаншалықты түсінгендігін «Бағдаршам» әдісін қолдану арқылы, яғни оқушыларға қызыл, сары, жасыл түсті карточкалар таратылады, соны жоғары көтеру арқылы сабақ мақсаттарын қаншалықты түсінгенін анықтаймыз:
Жасыл түс-ТҮСІНДІМ
Сары түс-ЖАРТЫЛАЙ ТҮСІНДІМ
Қызыл түс-ТҮСІМБЕДІМ
Дене қыздырыну жаттығуларының ережесі (мұғалім тарапынан айтылады):
- жүгіруді бірден жоғары қарқынмен бастауға болмайды. Себебі, бірден қатты жүгірген адам тез шаршайды да, межелі жерге жете алмай қалуы мүмкін;
- жүгіруді,секіруді және лақтыруды баяу бастап, жылдамдықты біртіндеп үдете беру қажет.
Сынып шағын топтарға бөлінеді. Мұғалім таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешені бейнеленген карточкаларды таратады. Оқушылар 8 – 10 жаттығудан тұратын таңертеңгілік гигиеналық гимнастика кешенін талқылайды және орындайды.
Үлкен таза кеңістік,секундомер,конустар,теннис доптары.
Сапқа тұрғызу
Жүректің соғуы
Сабақтың ортасы
50-55минут
Сабақтың соңы
05-10 минут
Тапсырма №1.
«Сыпырғышпен ұшу» ойын-эстафета. Топтар өз бұрылу бағаналарының жанында лекпен тұр. Сыпырғыш ретінде әр көшбасшының қолында гимнастикалық таяқ бар. «Марш!» пәрменімен ол түзу жүгіріп, конусты айналып жүгіріп өтіп өз тобына қайте келеді. Екінші ойыншы таяқты ұстайды да, олар енді екеуі жүгіреді, сосын үшеуі. Бірінші келген, әрі бірде бір ойыншысынан айырылмаған топ ұтады.
Тапсырма №2.Екі доппен өткізілетін қозғалмалы ойын.
Оқушылар лекке бірінің артынан бірі тұрады, көшбасшының қолында екі үрленген доп. Төрешінің ысқырығы бойынша топтар кезекпен тапсырмалар тізбегін ілгері-кейін,доппен 8-10м қашықтықты жүгіріп өтіп орындайды.
Қозғалу тәсілдері: а)алақанмен допты алып жүру;ә) алақандарымен доптарды бір-біріне қысып ұстау;б)допты бір бүйіріне қысыпекінші алақанымен еденге соғып алып жүру;в)ауысып алып жүру;г)екі допты да аяқпен алып жүру.
Сұрақ:Доппен қандай ара қашықтықты жүгіріп өту қажет?
Бақылау, оқушылардын жауаптарын тындау, бағалау.
Қалыптастырушы бағалау:
Сұрау: Осы жаттығуларды орындау барысында,қандай қиындықтар болды? Болса оны сіз шештіңіз бе? Жаттығуларды құрастыру кезінде қандай қауіпсіздік ережесін сақтадыңдар? Жаттығу орындау барысында қауіпсіздік ережесін орындай аласынба?
Фишкалар конустар,мұғалімге ысқырық,секундомер
Таңертеңгілік
гигиеналық гимнастика кешені:
Бақылау парағы
Кері байланыс.бүгінгі сабақты қортындылау.
-нені білдім
-нені үйрендім.
-нені толық түсінбедім.
Үй тапсырмасы:
Дене қаблеттерін дамыту жаттығуларына байланысты денені жерден көтеру жаттығуын жасау.
Кері байланс
Түрленім – көбірек көмек беруді қалай
жоспарлайсыз?
Көбірек қабілетті оқушылар үшін
жаттықтыруды қалай
Қабілеті жоғары оқушылар жаттығу барысында қозғалыс жаттығуларын дұрыс тәсілін көрсетеді.
Бағалау – оқушылардың білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Сұрақ-жауап ;бақылау, бірін бірі бағалау. өзін өзі бағалау.
Денсаулық және қауіпсіздік ережелері
қозғалыс жаттығуларын сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Бақылау парағы
№ сабақтарына арналған
Оқушының аты-жөні |
Сабаққа белсенді қатысқандар: |
Арнайы жаттығуды орындау кезіндегі өзі-өзісақтандыру ережелерін білу керек. |
Секіру мен лақтыруға байланысты арнайы дене қыздыру жаттығуларын құрастыра алады. |
Секіру мен лақтырукезінде өзін-өзі сақтандыру ережелерін қолдана алады. |
|
|
|
|
|
Қалыптастырушы бағалау
9-сынып Дене шынықтыру 1-тоқсан
-
Бөлім
8 бөлім – Жеңіл атлетика арқылы денсаулықты нығайту
Бөлімше
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту.
Оқу мақсаты
9.3.4.1.Салауатты өмір салтының денсаулыққа деген
әсерін өзінің мысалы ретінде көрсету.
Ойлау деңгейі
Білу, үйрену және түсіну
Бағалау –өлшемі
Жаттығуларды орындау кезінде туындаған қиындықтар мен тәуекелдерге жауап беру дағдысын бағалайды.
Тапсырма
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «вирус» ойыны
Жоғарыда көрсетілген ойынды орындау кезіндегі қауіпсіздігі ережесі бойынша бір-бірлеріңізбен талқылау жүргізіңіздер.
Бағалау өлшемі
Дескриптор
-арнайы жаттығуды орындау кезіндегі өзін-өзі сақтандыру ережелерін білу керек.
-қозғалыс жаттығуларын байланысты арнайы дене қыздыру жаттығуларын құрастыра алады.
-жүгіру кезінде өзін - өзі сақтандыру ережелерін қолдана алады.
Оқушы
- ойын барысында туындаған қиындықтарды атайды;
- жаттығуды орындауда қателеспеуге жол бермейді;
- қауіпсіздігі ережесі бойынша бір-бірлеріне білгенің айтады.