Тақырып бойынша 31 материал табылды

Құмар ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Құмар ойындары: Ойын құмарлық, компьютерлік және Интернет аддикция– гэмблинг. Ойын аддикцияларын басқаша гэмблинг (gambling- ойнау), немесе лудомания дейді. Бұл аддикция түріне казино, карта, ойын автоматтары, басқа азартты ойындарына тәуелділік жатқызылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құмар ойындарына тәуелділік себептері, алдын алу жолдары

Құмар ойындары: Ойын құмарлық, компьютерлік және Интернет аддикция– гэмблинг. Ойын аддикцияларын басқаша гэмблинг (gambling- ойнау), немесе лудомания дейді. Бұл аддикция түріне казино, карта, ойын автоматтары, басқа азартты ойындарына тәуелділік жатқызылады.

Ғаламторға тәуелділік — аддикцияның бір түрі; "off-line" режимде отырып ғаламторды пайдалануға деген құлшыныс, немесе "on-line" режимде ғаламтордан шыға алмай қалу қабілеті. Қазіргі таңда «ғаламторға тәуелділік» әлемдегі ең басты мәселелердің біріне айналып отыр, бірақ та медициналық белгілер бойынша жүйке жүйесінің бұзылуына жатпайды.

Қазақстанда ғаламторға тәуелділікті ресми түрде мойындамағанымен, кейбір елдерде бұл ресми түрде ауру болып саналады.

Психолог Дреп.М көзқарасы бойынша,басты тәуелділіктің 6 түрін осылайша жіктеген: 1. Әр түрлі вебсайттарды қолдану - ғаламтордан ақпараттар іздеу; 2. Виртуалды әлемдегі достарымен сөйлесу - әлеуметтік желілерде көп хат алмасу; 3. Ойынға тәуелділік - компьютерлік ойындарды көп ойнау; 4. Ғаламторда ақша құрту/табу - ғаламтор желісі арқылы құмар ойындарын ойнау, ғаламтор арқылы сауда жасау; 5. Ғаламтор арқылы фильмдер қарау; 6. Порнографиялық парақшалар;

Шешу жолдары

Тәуелділікті жеңудің ең қарапайым, әрі қолжетімді жолы - басқа нәрсеге алаңдау. Салауатты өмір салтын ұстану, табиғат аясында көп уақыт өткізу, шығармашылық заттармен айналысу, мысалыға сурет салу, өлең-әңгімелер жазу. Осындай жоддар арқылы тәуелділіктен шығуға болады.

Интернет-аддикция «Интернет-тәуелділік» ұғымы 1990 жылы пайда болды. Мамандар тәуелділіктің бұл түрін техникалық құралдардың негізіндегі спецификалық–эмоционалды «наркоманияға» жатқызады. Бүгінгі адамдарға, әсіресе жастарға қауіп төндіріп тұрған ең үлкен әдеттердің бірі интернет-тәуелділік болып табылады. Қазіргі таңда технология және оның нәтижелерін пайдаланатын адамдар байланыс құралдарын жақсы меңгеріп алған. Әрине, адамның өмірін жеңілдететін технологияларын пайдалану керек. Бірақ, технология дамуының жемісі болып табылатын атом бомбасының адамзатқа тигізген зияндарын айтып жеткізу қиын. Осындай технологияның зиянды жемістерінің бірі интернет болып табылады. Интернет дүние жүзінің қай жерінде не болып жатқанын білу, қажетті мағлұматты керек уақытта алу және біздің қолымыздағы мағлұматтың басқа жерге жетуін қамтамасыз етеді. Бұл шынымен де үлкен жеңілдік және бұл жеңілдікті адамдар барынша көп пайдалануда

Бұл құралдарды мағлұмат алу және ойын-сауық үшін қолдану да тәуелділікке әкеліп соғуы мүмкін. Тәуелді адамдардың интернетке кіру немесе компьютер ойындарын ойнау әдеті күнделікті өмірін ұмыттыратындай дәрежеге дейін жетеді. Адам көп уақытын компьютермен өткізіп, компьютер қолданбаған кезде мазасызданады, оны сағынып, бұл істі тастау немесе азайту шаралары нәтижесіз болып шығады. Бір мезгіл ойын ойнамаса, немесе аз ойнаса, бәрібір ойнауды арттырады.

Егер де адам пайдалана алатын кәсіби немесе басқа бір қажеттіліктерін қамтамасыз ететін істерімен айналыспай ұзақ уақыт отырса, «электрондық поштамды қарап шығамын» деп интернеттен сағаттар бойы шықпай қойса, демек ол адам интернет-тәуелділігіне шалдыққан болу керек. Егер де бұл адам интернетте аз уақыт отырдым деп уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей, кеш жатып, кеш тұрса, сабаққа немесе жұмысқа кешіксе, өзін тоқтату үшін интернетті жаптырып тастап, кейін шыдамай қайтадан аштырса, бұл туралы басқа адамдардың айтқан сөздеріне ашуланса, интернетке тәуелді болды деген сөз Тәуелділік, жалпы алғанда, өмірдің басқа салаларына қанағаттанбауды білдіреді. Адамды қоғамдық өмірден басқа белсенділіктен алыстатып, шын өмірді ұмыттырады. Интернет пен компьютерге тәуелді адамдар интернет қолданбайтын адамдардың қасында өздерін мазасыз сезіне бастайды. Қоғамға жабайы тұлға болу көбінесе компьютермен көп уақыт өткізетін балаларда байқалады. Мысалға, мектеп немесе достарының ұйымдастырған саяхат, пикник және әртүрлі іс-шараларға қатыспайтын балалардың ең жақсы досы компьютер болып табылады .Ол балалар әрдайым интернетті немесе компьютер ойынын ойлап, проблемаларды ұмыту үшін немесе көңіл-күйлері нашар болғанда компьютердің басына отырады. Бұл үшін көп ақша жұмсаулары да мүмкін. Ұйқылары бұзылып күндіз бен түні ауысып кетеді. Ұйқысыздықтан денсаулық проблемалары, ұмытшақтық пайда болады. Интернет тәуелділігінің карта ойындарындағы құмарлыққа ұқсас жақтары көп болады. Бір ғана маңызды айырмашылығы материалдық шығынының болмауы. Сонымен қатар, интернет арқылы, материалдық зиянға ұшыраған адамдар да баршылық. Аддиктивті әрекет–қылықтың белгілі бір түрі бола отырып, интернет тәуелділік өз эмоционалды–психикалық көңіл–күйін трансформациялау әдісі арқылы күнделікті өмірден кетуге деген бағыттылықпен сипатталады. Бұл сәтте адам тек өз жұмыстарын артқа қарай итермей, сондай–ақ оның психикасының жұмысы бәсеңдейді, кейде дербес жеке тұлғалық дамуы тоқтатылады. Адамдар өз өмірінің түрлі проблемаларын шешуден құтылғандай болады.

Ресей психологтарының мәліметтері бойынша компьютерлік ойын ойнайтын адамдардың 10-14% оған тәуелді болады екен. Бұл тәуелділік кез–келген шақта пайда болуы мүмкін, алайда жасөспірімдер оған әлде қайда бейімдірек болып табылады. Себебі жасөспірімдер дара ерекшеліктеріне сәйкес, кез келген жағдайға тез бейімделгіш болып келеді. Бірақ жасөспірім қандай да болмасын іс-әрекетке түрткі арқылы барады, яғни оның белгілі бір іс-әрекетке баруына өзіндік мотив әсер етеді.

Бала виртуалды реалдылыққа қай себептермен енеді? Себептердің бірі көңіл көтеруге деген құмарлық, оның балалар түрлі компьютерлік ойындардан ала алады. Басқа себеп баланың қараусыз қалуы, яғни ата–ананың бос еместігі соншалықты, тіпті өз баласына да уақыты жетпейді. Мұндай ата–аналар баланың сезімдері, күйзелістері, мектептегі жоғары нәтижелерімен қызықпайды, өз баласының не қалап, қандай өмір сүріп жүргендігі жайлы білмейді. Олар жай ғана балаға компьютер сатып алады, бұл арқылы олар ата–аналық парыздан құтылғандай сезінеді. Бала болса, толық еркіндікте, өзімен–өзі.

Келесі себеп ата–ана немесе оның орнындағы адамдар арасындағы үнемі ұрыс–керістер. Мұндай жанұяларда эмоционалды–психологиялық күйзеліс орын алған. Виртуалды реалдылыққа қашудың тағы бір себебі сыныптас немесе құрдастары жағынан көрсетілетін физикалық, эмоционалды–психологиялық зорлық көрсетулер. Ата–ананың айырылысуы да бұған себеп бола алады. Ата–анамен, құрдастарымен, кластастарымен немесе өзі үшін маңызды адамдармен қарым–қатынастың жетіспеуінен де Интернет тәуелділік пайда болады. Баланың өзін–өзі бағалау деңгейінің төмен не жоғары болуы виртуалды реалдылыққа жүгінудің себебі болуы мүмкін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2022
1993
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі