Құқықбұзушылықтың алдын алу
бойынша 2 тоқсанда жүргізілген жұмыстар
қорытындысы
Сүйінбай атындағы орта
мектебінде «Заң және тәртіп» құндылығы негізінде «Бала қауіпсіздігі
басты назарда» тақырыбын негізге ала отырып, кәмелетке толмаған
жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу
бойынша аудандық полиция бөлімінің жұмыс жоспары жасалынып, жоспар
бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілді.
Құқықбұзушылықтың алдын алу
бойынша 04-08 қарашада есептегі оқушы әлеуметтік тұрмыстық жағдайы
мен психологиялық әл ахуалы бақыланды. Мектепте өгей әке-шешемен
тұратын оқушылар бар. Оқушылардың үйлеріне рейд жұмыстары
жүргізіліп, өгей әке-шешемен тұратын оқушыларда қамтылды. 12-13
қараша отбасындағы зорлық-зомбылық жайсыз бақылауды талап ететін
отбасыларға психологиялық қолдау жұмыстары
жүргізілді.
13 қараша күні мектеп
инспекторы оқушыларға «Құқық бұзушылықсыз таза
қоғам» тақырыбында 9-11 сыныптар
арасында кездесу өткізілді. Тілдесу барысында кәмелетке
толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы пікір
алмасты.
18 қараша
«Менің сыныбым буллингке
қарсы» тақырыбында челлендж
өткізілді. Челлендж барысында оқушылардың зорлық- зомбылықтың алдын
алу өздерінің пікірін білдіріп, видеоматериалдар
көрсетілді.
19 Қараша
«Отбасы-мейірім
мекені» тақырыбында сурет коллаждары
бастауыш сыныптарда өткізілді.Оқушылар өздерінің отбасылық құнды
фото суреттерінен колладж жасап, сыныптарда тәрбие сағаттары
өткізілді.
26 қарашада
ата-аналарға «Баламның мінезіндегі
өзгерсістер» тақырыбында сауалнама
жүргізілді.
28 қараша
«Буллинг және
кибербуллингтің алдын алу» мұғалімдерге құқықтық оқыту
жүргізілді. Құқықтық оқыту кезінде оқушылар арасындағы келеңсіз
сайттар, келеңсіз сайттарда қорғау тәсілдері мен анықтау әдіс-
тәсілдері, ата-ана бақылауын қалай орнату туралы дәрістер
жүргізілді.
29 қарашада
«Мен және
заң» тақырыбында ИДН инспекциясымен
бірлескен ауыл көшелеріне рейд жасап, буллингтің алдын алу
шараларының жаднамаларын ілді.
Жоспарға
сай «Сенім
телефоны» және
«Сенім
жәшігі» 111 сенім телефоны туралы
оқушыларға ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, оқушыларға сенім жәшігі
жұмысымен мектеп психологтары таныстырды. Оқушыларға «сенім
телефоны» туралы жадынамалар таратылды.
10
желтоқсанда «Бала қоғамның басты
байлығы» тақырыбында 1-4 сыныптармен,
13 желтоқсан «Отбасындағы ынтымақтастық» 5-8 сыныптармен,
«Қылмыстық Кодекстер» 9-11 сынып құқықтық оқытулармен
жүргізілді.Құқықтық оқытудың жүргізілу мақсаты оқушылардың құқықтық
сауаттылықтарын дамыту. Құқықтық оқу жұмыстарын «Құқық»
фракциясының мүшелері мен жетекшісі жүзеге
асырды.
Жыныстық тиіспеушіліктің алдын
алу мақсатында желтоқсан айының 10 күні ДТІЖО, мектеп
медбикесі «Салауатты өмір салты сапалы болашақ
кепілі» тақырыбында ұлдар клубы мен
қыздар клубының жиынын өткізді.
«Түнгі бала» рейд кезекшілігі
жұмысы жүйелі атқарылды.Түнгі жүріс, қаңғыбастық пен қараусыздықтың
алдын алу мақсатында рейд жұмыстары жоспарға сай, 20.00-24.00
аралығында жедел-профилактикалық жоспар түрінде кәмелетке толмаған
оқушылар арасында құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында кешкілік
рейд жұмыстары жүргізілді.
Есептегі оқушы жоспарға сай
сабаққа қатысуы, үйірмеге қамтылуы, мәдени іс шараларға тартылуы
бақыланып, жасалған жұмыстар жеке құжат жинақтамасына
жинақталды.
Мектеп
директоры
ДТІЖО