Құзыреттілікті қалыптастыру – жеке тұлғаны дамытудың кепілі
Құзыреттілік – білім мен тәрбиенің тұтастығын сақтап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуын жүзеге асыратын, өмір сүрудің бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік беретін білім, білік, дағдылардың түпкі нәтижесі. Жалпы орта білім беретін мектептерде тұлға құзыреттілігі баланың өзін –өзі дамытуынан, өзінің қызметін бағамдай алуынан, көкейтесті мәселелерді тиімді жолмен шешу тәсілдерін меңгеруінен, алдына мақсат қойып, оны жүзеге асыра алуынан, өз бетінше алынған ақпаратты талдай білуінен, әртүрлі өмірлік жағдайларда пайдалы шешім қабылдауынан көрінеді.
Тұлға құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқушының жеке дара ерекшеліктеріне мән беріп, бәсекеге қабілеттілігі мен өзгерістерге бейімділігін шыңдау қажет етіледі. Бұның барлығы мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеуге қол жеткізе аламыз.
Сабақтың өн бойында, сабақтан тыс жұмыстарда ұлттық педагогика элементтерін қолдану арқылы оқушы бойына ұлттық рухани және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, құзыретті тұлға қалыптастыруға болады.
«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген дана Абайдың сөзі өз құнын қай заманда да жоймақ емес. Өскелең ұрпақ осы асыл қасиеттерді санасына бекіту үшін білім алумен қатар, ұлттық тәрбиеден мейірлене сусындауы қажет. «Адамның адамшылығын жақсы ата-ана мен жақсы ұстаздан болады» дегендей, бала алатын тәрбие-таразының екі басының тең болуына мән берген абзал. Сабақ үстінде мұғалім әр сөзінде рухани құндылықтарды теориямен байланыстырып, кіріктіре түсіндіруі жақсы нәтиже береді.
Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек, адамның өмірде өз жолын таңдауда нәтижелі әрекет ету қабілеті, қай мәселеге болсын сын тұрғысынан ойлай алуы, тиімді де пайдалы шешім қабылдау қабілеті - тұлға құзырлылығының негізгі белгісі болып табылады.
Ақын М. Шаханов «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек» деген сөзін жадымызда ұстап, елдің жарқын болашағы үшін ұрпақ тәрбиесінде аянып қалмау керек. Ол үшін салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тәлім-тәрбиені үйретіп қана қоймай, оның түп-тамырын, мәнін түсіндіре алу - мұғалімнің парызы. Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді, дәстүріміз бен тіліміздің орасан зор байлығын оқушылардың санасына жеткізе алу арқылы әлемдік рухани өркениет өріне шығу ел тізгінін ұстауды сеніп тапсыратын жас өрендердің міндеті болмақ.
Бірнеше жылғы мұғалімдік тәжірибемде құзыретті тұлға қалыптастыру үшін оқушылармен түрлі тақырыптарда пікірсайыс, дөңгелек үстел, дебат өткізудің тиімді екеніне көз жеткіздім. Өз ойын еркін, анық жеткізу, өз пікірін ұжым пікірімен ұштастыра отырып, дұрыс шешім қабылдау – оқушының құзыреттілігін шыңдай түседі.Сабақтағы айтылым әрекетіндегі ең маңыздысы сөзді дұрыс айтып, құрай білу. Ауызша сөйлеуге үйрету арқылы мұғалім оқушыны пікір айтуға, көзқарасын білдіруге тәрбиелейді. «Болжау», «Керемет пікірталас», «Соңғы сөзді мен айтайын», «Автор орындығы» әдістері арқылы оқушы ойын жеткізуге, ойлау қабілетін кеңейтіп, жетілдіруге болады.
Сабақ өту процесінде көрнекіліктің маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тиімді жасалған көрнекілік – жүйелі де сапалы білім берудің бірден-бір жолы. Ал көрнекіліктер ата-бабадан қалған мұраға негізделіп, ұлттық нақышпен жасалса, шәкірттерге біліммен бірге ұлттық құндылықтарды сіңірудің таптырмас құралы болады. Қайталау сабақтарында «Бәйге», «Ақсүйек» ойындары арқылы, жаңа тақырыпты «Алтын сақа» ойынының ережесімен меңгертуге болады. Осылайша оқушы өз ұлтының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына қанығады, бойын мақтаныш сезімі кернейді. Адами құндылықтарды бойына сіңіріп, ұлтжанды азамат болып қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды беруде қазақ әдебиеті сабағында оқытылатын халық ауыз әдебиеті үлгілерінің әсері мол. Халық ауыз әдебиетінің қай түрі болмасын, асыл ойлар, адамгершілік идеялар, ұлттық мінез ерекшеліктеріне тұнып тұр.Ұлттық тәрбиенің қайнар тұмасын батырлар жырынан көруге болады. Тақырыбы – ерлік, идеясы – ел қорғау болған батырлар жырындағы кейіпкерлер арқылы ерлікті әспеттеу, бас қаһарманның күш-қайраты, ептілігі, мергендігі, қылыштасуы, найзаласу өнері, күрес тактикасын меңгеруі дәріптеле суреттеледі. Мұның барлығы баланың батырға еліктеуін туғызып, ұлттық құндылықтарды бойына дарытады, жалпыадамзаттық құндылықтарға назар аудартады. «Ақыл-ой картасы», «Балық қаңқасы», «Кубизм», «Қазына іздеу» т.б. әдістер арқылы жазылым тапсырмаларын ұтымды ұйымдастыруға болады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері – оқушы бойындағы азаматтық, адамдық қасиеттерді дамытатын, шығармашылық қабілетін оятып, ойлау дағдысын жетілдіретін пәндер. Осыған орай батырлар жыры сабақ барысында тәрбиені қатар жүргізетін әр мұғалім үшін қайнар бұлақ болады. Мұғалімнің басты ұстанымы халқымыздың атадан балаға мұра ретінде қалдырған асыл жауһарларын ұтымды пайдалану болмақ.
Бұл күнде әлем халқы жаһандану жағдайына бейімделе түсті. Жаһандану халықтың ұлттық сипатының жоғалуына, жұтылуына себеп болмауы тиіс. Әлем өркениеті қарыштап дамыса да, ізгілік, кісілік, адамгершілік, имандылық, бауырмалдық, мейірімділік, ұлтжандылық секілді жалпы адамзатқа тән құндылықтарды сақтап қалу маңызды. Әр ұлт өзіне тән менталитетін ұстап қалуға тырысады. Біз де осы үдерістен алып шығатын - ұлттық құндылықтарымыз бен білімге құштар ұрпағымыз. Сондықтан ұлт болып ұйысып, ел болып еңсе көтеріп жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұстанар бағытымыз ұлттық құндылықтар болуы керек. Ғаламтормен, озық технологиямен ғаламды таңғалдыра алмаймыз. Тек ұлттық мәдениетімізбен, әдет-ғұрыптарымызбен, тілімізбен, ділімізбен ғана ерекшеленеміз. М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов секілді Алаш арыстарының педагогикалық еңбектерін зерделеп, тәжірибемізде қолдану арқылы құзыретті тұлға, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» адам тәрбиелей алатынымыз даусыз.
Қоғам қайраткері М. Шоқай «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» дейді. Жастарды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыра отырып тәрбиелегенде ғана құзыретті тұлға қалыптастыра аламыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз