Қысқа мерзімді жоспар 4-сынып дене шынықтыру --Ұзындыққа секіру негіздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қысқа мерзімді жоспар 4-сынып дене шынықтыру --Ұзындыққа секіру негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ мұғалімге сабақ жоспары ретінде керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Мектебі:Қаржан жоббм

Күні :


Мұғалімі: Махмұт Руслан


Сынып 4-сынып


Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ұзындыққа секіру негіздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

4.3.2.2 Дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсетеді және талқылайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ұзындыққа секіруді біледі

Оқушылардың басым бөлігі: Негізгі дене жаттығуларын орындай алады

Кейбір оқушылар: Ұзындыққа секіру жаттығулармен байланыстыра алады, жүру және жүгіру әдістерін түсінеді

Бағалау критерийі

Дене қызметімен айналысқан кезде, денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсетеді және талқылайды

Құндылықтарды дамыту

Денсаулық , достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Видео. Интербелсенді тақта.Музыка

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Оқушыларға денені қыздыру және босаңсыту қажеттілігін көрсетеді және талқылай алады

  • Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: түзел, дайындал, мәре,сөре.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қандай секіру ойындарды білесіздер?

  • Секіру дегеніміз не?

  • Ұзындыққа секірудің қарапайым ойыннан айырмашылығы неде?

Не себепті .....деп ойлайсыз?

Не себепті сөре болады деп ойлайсыз?

Не себепті мәре болады деп ойлайсыз?

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут


Сапта тұру сәлемдесу кезекшінің баянаты қәуіпсіздік ережесімен сабаққа дайындығын ескеру Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Қауіпсіздік ережесі. Секіру жаттығуларын өткізу барысында сақталатын қауіпсіздік ережелері: спорттық аяқ киіммен секіру,секіріп жерге түсу барысында гимнастикалық төсеніштерге, спорт алаңында құм төселген жерге түсу.Ұзындыққа,биіктікке секіру барысында бірінен соң бірі секіруге рұқсат етілмейді.  Сапттық жаттығулары: түзулен, тіктен, оң-ға, сол-ға,ай-нал, адым-да, т.с.с. Арнайы жүру, жүгіру жаттығулары.

Жалпы денені дамытуға арналған жаттығуларын орындату.



Сұрақтар

Сабақтың ортасы

35 мин











Белсенді оқу әдістер бойынша

Жарыс сабағы

Ұзындыққа секіру тәсілімен таныстырылады.

Ұзындыққа секіру жайлы сұрақтар қою осы сұрақтар арқылы жарыс ұйымдастырамын.

Диалог сабағы бойынша

  • Ұзындыққа секірудің пайдасы неде?

  • Ұзындыққа секіру басқа ойндардан айырмашылығы неде?

«Жаңа сабақ» Ұзындыққа секіру негіздері

  1. Орында тұрып алға секіру

  2. Орнында ұзындыққа секіріп жаттығу

  3. Орнынан ұзындыққа секіру.

Секірудің көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы-бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе-тең қозғалыстар жасайды. Аяқ алдын ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады.

Кеңес сабағы. Бұл сабақта негізнен мұғалім оқушылардың өзін – өзі дайындау бойынша, белгілі бір жаттығуларды орындау туралы сұрақтарына жауап береді, оқушылармен бірлесіп жалпы және арнайы бағыттағы жаттығулар таңдалады.

Қ.б арналған тапсырмалар: .

Ұзындыққа секіру негіздері атаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- қозғалыс түрін (секіру) анықтайды;

- секіру (жүгіру, серпілу, ұшу, қону) техникасын орындайды;

- секіру кезіндегі (екпінмен жүгіру, тізесін ішке алмауы,жарақат алып қалуы т.б) тәуекелдерді анықтайды.


Ысқырық




Спорт алаңы





Уақыт өлшегіш




Жалауша










Сабақтың соңы

Қорытынды:

Кері байланыс: Бүгінгі сабақта болған көңіл – кйді смайлик арқылы бағалаймын.

Рефлексия: БББ кестесін пайдаланамын

Білемін Білдім Білгім келеді

БББ кестесі

Қосымша ақпарат

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Ұзындыққа секіру негіздері тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеймін.

Уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, ұзындыққа секіру негіздері кезінде оқушының мүмкіндігін ескеріп деңгейлік жатттығулармен жүктеймін.

Сәл әлсіз оқушыларға көмектесу үшін жеңілдетілген тапсырмаларды беремін.

Байқаймын, тыңдаймын, сұрақ қоямын.

Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырамын.

-Мақтау, мадақтау әдісімен бағалаймын.

-Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын және оқуға уәждеймін.


Окушыларға ұзындыққа секіру кезінде техникалық кауіпсіздік ережелерімен таныстырамын



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2019
12106
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі