Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қыз балалармен жұмыс жоспары, анықтама, хаттама 1- 2 тоқсан толық
«Қарлығаш» қыздар клубының
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
«Қарлығаш» клубының тұжырымдамасы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) – бұл білім алушы қыз балаларды ұлттық санада тәрбиелеуді, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауды, болашақ ұлт аналары ретінде дайындауды мақсат ететін, олардың діни ұстанымдарын таңдауға кеңес беретін, еліміздің тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамды әлеуметтендіруге үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат.
Тұжырымдама ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әрі нығайту, қазақ қыздарының мүддесін көздеу бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.
Бұл құжат қыздардың бүгінгі қазақ аруы, ертеңгі адал жар, болашақтағы ұлт анасы ретінде қалыптасуының мәдени, рухани негіздерін анықтауға бағытталған.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясын, дүниежүзілік құқық талаптарын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы нақты міндеттерді назарға ала отырып, Білім және ғылым министрлігінің іс-шаралар жоспары, «Білім туралы» заңы, Тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2011-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары, әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі жылдық жоспарына негізделіп дайындалды.
Қазақстан мемлекетінің алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтума болмысын, әлемдік дамуда ұлттық дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, еліміздің жастарына барынша қолдау көрсету, қыздарымызды саналы тәрбиелеу бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін тәрбие саласының күн тәртібіне қойды. Бұл – тарихи және рухани қажеттілік.
Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды және басқа нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.
-
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттаған бүгінгі қазақ халқының мақсаты – қазіргі жаһандану үдерісіндегі өзінің ұлттық құндылықтарын сақтау, жастарын әлемдік деңгейде таныту, инновациялық өркендеу, ұлттық ғылымды дамыту, білім беру жүйесін бүкіл әлемдік стандартқа сәйкестендіру барысында қазақ тілі құнарында өркендету, дәстүрлі еңбек тәрбиесінің дербестігіне кепілдік беру, қоғамды әлеуметтік модернизациялау. Бұл бүгінгі еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының біріне айналған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті үшін болашақтағы ұлт анасын тәрбиелеуде үлкен жауапкершілікті, ауыр миссияны міндет етеді. Тәрбие жұмыстарының басым бағыттарының бірі – тәрбие ұлттың рухани тамыры екендігі басты назарға алу.
Қазақ қызы дегенде ойға ең алдымен инабатты, ибалы, «сыпайылық» деген сөзді мәңгі жадында сақтаған қазақтың нәзік, аяулы ару қызы елестейді. Ата-бабамыз «қыз» деген қасиетті ұғымды өте бағалап, қыз баланы еркелетіп өсірген, «Қыз өссе елдің көркі» деп ерекше аялаған.
Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп» деген мақал сөз осыдан туса керек. «Қыз Жібек» клубының мақсаты – қазақ қыздарының адал, пәк, шешен, парасатты, инабатты, ұлтжанды, отаншыл және заманға сай іскер екенін бүкіл әлемге мойындату, қыздардың тұлға ретінде қалыптасуына көмек көрсету.
IІ. «ҚАРЛЫҒАШ» ҚЫЗДАР КЛУБЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫ
-
Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени, ұлттық құндылықтарын сақтау, тән саулығын, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, адамгершілік және рухани дамыту, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
-
қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, өткен тарихымызды білуге, адал достықты түсінуге, өнерге, мәдениетке, отан сүйгіштікке тәрбиелеу;
-
мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың болашағы үшін үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру. Әдептілік пен сыпайылық, ибалылық, инабаттылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындату;
-
үлкенді сыйлайтын, кішіге қамқор болатын, білікті, білімді қызды қалыптастыру.
IІІ. «ҚАРЛЫҒАШ» ҚЫЗДАР КЛУБЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Негізгі идеясы: Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле.
Әдісі: Сырласу, пікірлесу, талдау, дөңгелек үстел, шебер-сынып, кештер өткізу.
Университеттің тәрбие үдерісіне өзгерістер енгізу студент-жастардың ұлттық келбетін қалыптастыру қажеттілігінен туындап отыр. Еліміздің болашағы қазіргі жастардың қолында екенін білген Елбасымыз өз сөзінде: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде – оларға жастайынан имандылық пен салауатты өмір сүруді саналарына сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз» деген сөзінен жастардың тәлім-тәрбиесіне бірден-бір жауап беретін республикадағы қазақ қыздарының қара шаңырағы аталатын университетімізге қойылатын талаптың салмақты екендігі аңғарылады.
«Қарлығаш» қыздар клубының негізгі мақсаты:
- қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру және университет білім алушыларының сырласатын, ой бөлісетін, қажетті кеңестер ала алатын текті қыздар ортасын құру.
«Қарлығаш» қыздар клубының негізгі міндеттері:
-
тарихи дара тұлға – арулардың ерекше қасиеттерін талдау арқылы қазақ қызының жиынтық бейнесін қалыптастыру;
-
ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіруші ретінде даярлау;
-
кез келген ортада тіл мәдениеті мен шебер сөйлеуді дамыту;
-
сұлулық пен денсаулықты сақтаудың, салауатты өмір сүрудің басты қағидаларын ұстануды үйрету;
-
қоғамдағы білім беру және тәрбие мәселелерін ұлттық құндылықтармен сабақтастыру;
- болашақ ұлт анасы ретінде қыздарды отбасы өміріне даярлау;
- ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптеп, жүзеге асыруға баулу;
- отбасы тұрмысына, үй шаруашылығына қатысты өмірлік қажеттілік дағдысын қалыптастыру.
ІV. «ҚАРЛЫҒАШ» ҚЫЗДАР КЛУБЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
-
Тарихи тұлғалардан өнеге
«Қыз» - ардақты ана, аяулы жар, ұрпақ жалғастырушы, яғни «қыз» деген ұғымға толассыз теңеулер көп екені айдан анық. Қыз бала – болашақ ана, инабатты келін, ана-әже. Осы арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Мұхаммед пайғамбардың қыз баланы қатты қастерлеген мынадай хадисі бар: «Қандай отбасында болмасын, қыз бала дүниеге келсе, сол күннен бастап, сол отбасының тілеуін періштелер үздіксіз тілеп отырады». Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін баласына, немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, жалғастырушы, дамытушы – әйел-ана.
Сонымен бірге тарихымызда өткен аяулы аруларымыздың бейнесі де үлгі тұтарлық, өнеге аларлық болып табылады. Томирис – Тұран патшасы Афрасиябтың қызы, патшайым болып ел басқарған батыр қыз. Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі. Гауһар – Қабанбай батырдың жары. Домалақ ана (Нұрила) – Бәйдібек бидің әйелі. Қыз Жібек – мәңгілік махаббат символы, Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы. Қарашаш – Жиренше шешеннің жары. Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған қазақтың ер жүрек қыздары – Мәншүк пен Әлия, Желтоқсан оқиғасының батыл қыздары – Ләззат Асанова мен Сәбира Мұқаметжанова.
-
«Қыз Жібек» клубының мүшелерінің бейнесін қалыптастыру
Қазақтың ежелгі салт-дәстүрлеріне жүгінсек, қазақ қыздары ешқашан ер-азаматпен бедел таластыруға ұмтылмағаны белгілі. Әріден келе жатқан әдепті берік ұстанған халық қызын ешкімге қорлатқан емес. Қазақ қашанда қызын әлпештеп өсіріп, оң жақта отырған қызға аңдап қарап, оның «ақылына көркі сай» болуын қадағалаған. Халықтың ұғымында «қыз бала – елдің көркі, халықтың гүлі, өмір-тіршілігі» делінеді. Қазақ халқында қызға берілген анықтама, оларға қойылған талап-тілектер қызды аялаудың, оны тәрбиелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді.
Ата-бабамыз қашанда қыз балаға ерекше қараған. «Өмірдің ащы-тұщысын көріп ысыла берсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер» деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын «аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы» деп, бөркінің төбесіне үкі қадап үлпілдетіп өсірген. Оны аялап, мәпелеген. Өйткені, «жұмақ – ананың табанының астында», «ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деп, қыз бала тәрбиесіне ертеден-ақ мән берген.
«Қарлығаш» қыздар клубының мүшелері қоғамда өшпес із қалдыратындай үлкен ерекшелікпен қалыптасуы тиіс:
- Жан жақты білімді;
- Сыр-сымбатын сақтай білетін, өзін сұлу ұстауға үйренген;
- Ұлттық өнерді дәріптейтін;
- Шебер сөйлеп , салт дәстүрді сақтай білетін;
- Жаңашылдыққа жақын;
- Шетел тілі мен іскерлік қарым-қатынас әдебін игерген;
- Бұрынғы қазақ аруларының асыл қасиеттерін дәріптейтін;
- Қазіргі сәндік киім үлгілерін талғаммен үйлестіре білетін;
- Сан өнерді тал бойына тоғыстыра білген бойжеткен.
Осы тұста «Қыз Жібек» жырындағы Қыз Жібек бейнесі қыздарымыз еліктер шынайылық белгісіне айналуы керек:
Қыз Жібектің дидары -
Қоғалы көлдің құрағы,
Көз сипатын қарасаң -
Нұр қызының шырағы,
Дүри гауһар сырғасын,
Көтере алмай тұр құлағы,
Бой нұсқасын қарасаң
Бектер мінген пырағы.
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай,
Білегінің шырайы
Айбалтаның сабындай.
-
Қыздарды тектілікке тәрбиелеу
Ақын Абай: «Жаман тәрбие –
болашақтағы қайғыңыз» деген. Қыздың абыройы мен ары – бүкіл елдің
абыройы мен ары. Қыз – әдемілік пен іңкәрлік символы. Жібектей
мінезімен уыздай тәтті қылығымен, іскерлігімен, ұқыптылығымен,
ізеттілігімен, иманды, инабаттылығымен сыйлы. «Қызға қырық үйден
тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген аталы сөз желкілдеп өскен
қыр қызғалдағына көрсетілген қысым емес, қайта пәк күйінде құлпырып
өссін, жаман аттан аулақ болсын деген ниеттен туған.
Қазақ қыздарынан қаншама ақылгөй даналар, мейірімді аналар,
отбасының құты мен берекесі бола білген тұлғалар шықты. Азуы алты
қарыс Шыңғыс ханның жары Бөртенің текті анадан туған төрт ұлы
дүниенің төрт бұрышын биледі. Кешегі «Жетімдеріміз, жетім болып
жүріп-ақ жетілгенбіз» деген ақиық ақын Мұқағалиды, «Маңғыстаудың
әулиесі» атанып жүрген Әбіш ағамызды тәрбиелеп өсірген
аналарымыздың өмір жолы кейінгіге өнеге. Тәрбие көрген қазақ
қыздары ерлерін пір тұтып, оның ата-анасы мен бауырларын құрметтеп,
үлкеннің алдын кесіп өтпей сыйлап, қадірлеген. Бұндай әйелдерді ер
азаматтар да қатты құрмет тұтқан. Бір дуан елді ашса алақанында,
жұмса жұдырығында ұстаған атақты аға сұлтан Құнанбай да анасы
Зеренің алдын кесіп өтпеген.
Ұрпақ тәрбиесіне халықтық педагогика мен ұлттық психология көмектеседі. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін қыз бала тәрбиесіне пайдалана білуге тиіспіз.
-
Отан отбасынан басталады
Көп ұлтты тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің беріктігі, өркендеп нығаюының негізгі жолдарының бірі – студенттер санасында тәрбие рухын қалыптастыру. Өз Отанын сүю, Ата Заңды білу, еркін өмір сүруін қамтамасыз ету – ел мақсаты. Бұл қасиеттерді орындау үшін әрбір студент оны бойына сіңіріп, дамытуы тиіс.
Отбасы – адам дүниге келгеннен бастап, оның өсіп жетілуіне, қатарға қосылуына ықпал ететін басты факторлардың бірі. Мұнда ол қоғамдық өмірге араласуға, мәдениетті меңгеруге, мінез-құлық нормаларына, өзін тұлға ретінде көрсетуге және әртүрлі әлеуметтік ролдерді атқаруға бейімделеді. «Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің» демекші, бала – отбасының айнасы.
Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орнын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылғаны жөн. Қыз балаларды тәрбиелеудің маңызы оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында ерекше танылады. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу жөніндегі жұмыс оларды нәзіктікке баулу, ептілік пен шеберлігін қалыптастыруға, сондай-ақ қыздарды отбасылық қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталуы қажет.
-
Болашақ ұлт анасы
Мұхаммед пайғамбар: «Жұмақ аналардың аяғының астында», «Үш қыз тәрбиелеп кемеліне келтірген ата-ана жұмаққа барады» деп, ана тәрбиесін жоғары бағалаған.
«Асыл анадан, ат биеден туады» дегендей, нағыз ана тәрбиелеген ердің намысын, елдің тыныштығын қорғайды. «Аталар сөзі – ақылдың көзі», бұрынғы өткен ұлыларымыздың әйел затының тәрбиесіне байланысты төмендегідей түйінді сөздер қалдырған: «Әйелі ақылдының еркегі бақырлы болады, береке мен бірлікке шақырғы болады. Алысты жақын, дәмсізді дәмді етеді. Берекесіз әйел байды жарлы етеді, жарлыны сорлы етеді. Ұйқышыл жалқау келеді, тілі ащы шайпау келеді. Ердің қосағы түзелмей қосы түзелмейді. Әйелің адал болса – алаңың жоқ, арам болса – амалың жоқ. Қанаттандыратын да, қанат талдыратын да әйел. Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор етеді. Ақылды жарың – байлығың, барың. Жақсы қыз ибалы келін болады. Жақсы келін – келін, жаман келін – өлім болады. Еркек – түздің қыраны, әйел – үйдің шырағы. Әйел – үйдің туы, оттың қуаты» деген ата-бабамыздың мағыналы да маржандай асыл сөздерін бойына сіңіріп, ақылымен елді аузына қаратқан, тәрбиелі де үлгілі ұрпақ таратқан, аты аңызға айналған, адалдығынан әулие деген атақ байланған ару қыз, опалы жар, қасиетті аналар қазақта көп болған. Олар ерін «пірім» деп сыйлаған. Ұрпағының басына адамдық қасиет жинаған, ұлын ұлағатты, қызын парасатты етіп тәрбиелеген.
-
Дәстүрлі діни танымдар
Бүгінде Қазақстанда ұлттық діни қайта өрлеу кезеңі белең алуда. Дін халықтың мәдени дәстүрлерін сақтаушы және рухани-адамгершілік идеалдардың қозғаушы күші ретінде біздің отандастарымыздың көз алдында зор құндылықтарға ие. Осыған байланысты діни этиканың күші өскелең ұрпақтың адамгершілік және рухани дүниетанымын қалыптастыруда барынша белсенді қолданылуда. Дәстүрлі діни танымдардың сенім үдерістері ғасырлар бойы адамдардың өз ұрпақтарын тәрбиелеуіне, еңбек етуіне, кітап жазып, ұлы өнер туындыларын жасауына ықпал етіп келді. Басқаша айтсақ, дәстүрлі діндер қоғамдық өмірдің және мәдениеттің ажырағысыз бір бөлшегіне айналды.
Мұсылмандық Шығыс мәдениетіне тарихи жақындасу Қазақстанда ғылым мен мәдениеттің дамуына барынша зор қозғау салды. Бір жағынан, көне діни нанымдардың орнына келген ислам қазақ халқының адамгершілік жағынан өсуіне интеллектуалдық және мәдени дамуына ерекше ықпал етті. Екінші жағынан алғанда, мемлекеттіліктің, этностық және мәдени ерекшеліктердің сақталып қалуының шешуші факторларының бірі де ислам болды. Көптеген дәуірлердегі түркі дүниесі және қазақ ойшылдары элитасының ұлы өкілдері – Қожа Ахмет Ясауи және Асан Қайғыдан бастап Абай мен Шәкәрімге дейін ислам рухани құндылықтарын таратушылар болды. Қазіргі қазақ қоғамы да сол ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды қастерлеп, өмірлік ұстанымдарына айналдыруы қажет.
V. «ҚАРЛЫҒАШ» ҚЫЗДАР КЛУБЫНЫҢ ҰСТАНЫМДАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ
«Қарлығаш» қыздар клубының Тұжырымдамада белгіленген мақсаттары мен міндеттері оларды орындауға арналған нақты шешімдерді қабылдап, тиісті іс-шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тұжырымдамада айқындалған басымдықтарды іске асыру үшін тәрбие беру ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, басқа жоғары оқу орындары клубтарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Осы Тұжырымдаманың орындалуын университеттің тәрбие беру саласы үйлестіреді.
Тұжырымдаманың орындалуы үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңінде университет арнайы бағдарлама қабылдайды. Оған қосымша жоспарда нақты іс-шаралардың, қажетті жобалардың тізімі, жауапты орындаушылар мен орындау мерзімдері көрсетіледі.
Екінші кезеңде қажетті жобалардың талқыланып, қабылдануы қамтамасыз етіледі.
Үшінші кезеңде университеттің тәрбие беру саласы Тұжырымдаманы орындауға бағытталған нормативтік құқықтық құжаттардың кешенін бекітіп, оларды жүзеге асыруды бастайды.
Университеттің тәрбие беру саласы жылына бір рет осы Тұжырымдаманың орындалуы туралы жылдық есепті дайындап, мерзімді басылымдарда жариялап отырады.
Бекітемін»
Мектеп директоры: М.Рахымбаев
«Қарлығаш» қыздар ұйымының жүргізілетін жылдық жоспары.
№ |
Атқарылатын іс- шаралар
|
Мерзімі |
Жауапты |
1 |
«Қызғалдақ» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту. Жаңа жетекші, құрам сайлау |
14. 09.2024ж. |
Ұйым жетекшісі |
|
"Бұрым trend" тик -ток байқауы |
28.09.2024ж. |
|
2 |
«Тазалық, тәртіп басты талап» жеке бас гигиенасы туралы кеңес жұмысын жүргізу |
21.10.2024ж. |
|
|
«Қыз еркем-кестесімен көркем» танымдық сабақ |
27.10.2024ж. |
Ұйым жетекшісі |
3 |
«Жат діни ағым және қазақ қыздарының тағдыры» дөңгелек үстел |
07.11.2024ж. |
ДТІЖО Тәлімгер |
4 |
«Қыз бала тәрбиесі ұлт тәрбиесі» ток шоу |
10.12.2024ж. |
ДТІЖО Тәлімгер |
5 |
«Бүгінгі бойжеткен, ертенгі асыл жар» дөңгелек үстел |
15.01.2025ж. |
ДТІЖО Тәлімгер |
6 |
«Ойымды ашық айтсам деп едім…» сырласу |
11.02.2025ж. |
Психолог |
7 |
« Мәңгілік елдің қыздары ибалы келеді» пікір алмасу |
29.03.2025ж. |
Психолог |
8 |
«Қыз еркем – анасымен көркем» аналардың қыздармен әңгімесі |
12.04.2025ж. |
ДТІЖО Тәлімгер |
9 |
«Қарлығаш» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы |
11.05.2025ж. |
Ұйым жетекшісі |
Ұйым жетекшісі:
2024-2025 оқу жылындағы «Қарлығаш» қыздар ұйымы
жиналысының жоспары
р/с |
Жүргізілетін іс-шаралар |
Өткізу мерзімі |
Жауаптылар |
1 |
Кеңестің № 1 отырысы 1.Қыздар кеңесінің құрамын сайлау 2.Кеңестің міндетімен таныстыру 3.Әр түрлі мәселелер |
қыркүйек |
Қыздар кеңесі жетекшісі |
2 |
Кеңестің № 2 отырысы 1.Қыздардың тазалығы мен тәртібі, күнделікті сабаққа қатысуы. /Мектеп медбикесімен әңгіме/ 2. «Өмір, қымбат маған!» /әңгіме сағаты/ |
қазан |
Медбике Қыздар кеңесі жетекшісі |
3 |
Қеңестің № 3 отырысы 1. «Салауаттылық – салтымыз» 2. Бойжеткенің жыныстық жетілуі /мектеп медбикесімен әңгіме/ |
қараша |
Қыздар кеңесі жетекшісі Медбике |
4 |
Қеңестің № 4 отырысы 1. Оқуға деген қызығушылығын қалай арттыру керек. 2. «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» /пікірталас/ |
қаңтар |
Қыздар кеңесі жетекшісі Аға тәлімгер |
5 |
Кеңестің № 5 отырысы 1. «Әдеп пен ар – ұят қыздың көркі» /Қыздардың жүріс-тұрысы, көпшілік ортада өзін-өзі ұстауы./ 2. «Бүгінгі бойжеткен – ертеңгң асыл жар» |
Наурыз |
Қыздар кеңесі жетекшісі |
6 |
Кеңестің № 6 отырысы 1. «Қызға-қырық ұйден тыйым» /Қыздардың жүріс-тұрысы, көпшілік ортада өзін-өзі ұстауы./ 2. Қыздар кеңесінің атқарған жұмыстарының қорытынды есебі |
Мамыр |
Қыздар кеңесі жетекшісі |
Анықтама
Мектебімізде "Қарлығаш" қыздар клубы мүшелерінің қатысуымен танымдық сабақ өтілді.
Тақырыбы: «Қыз еркем-кестесімен көркем» "
Мақсаты: Қыз балалар тігістің түрлерін, әр түрлі бұйымдар жасауды қазақтың қолөнеріне деген шеберліктерін сайысқа қатысу арқылы көрсету. Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Жұмыс барысында "Қыз бала - ұлттың ұяты, ел болашағы", "Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында дәрістер, "Мен қандаймын?" психологиялық тренинг, "Қызды қырық үйден тыйым" сөзінің астары қандай?, "Қыз балаға не жарасымды" тақыбында топтық жұмыстар жүргізілді. Оқушылар қыз тәрбиесі, жан тазалығы, тән тазалығы, жасөспірімдік шақ тақырыбы өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.
Қыздармен жүргізілген жұмыстың мақсаты қыз балалармен әңгімелесе отырып, ар-намысын, сұлулығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту, кеңестер беру. Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін. Олай болса, алған білімдерімізді күнделікті өмірде қажеттерімізге жарата білсек, еңбектеріміздің еш кетпегені.
Анықтама
Өзін өзі басқару ұйымы мен Жас ұлан ұйым басшылары ұйымдастыруымен жоспардан тыс "Бұрымtrend"акция челллендж ұйымдастырылды.
Мақсаты:Мектепте бұрымымен көз тамсандырар, білімімен көңіл сүйсіндірер қыз балаларды насихаттау. Инабатты, ибалы, әдемі бұрымымен жан-жағына шуақ сыйлар қыз балаларды үлгі ретінде көрсету.
Бұрымымен көз тамсандырар қыз балаларды насихаттау мақсатында бұрымды аруларымыз “Бұрым trend”байқауына қатысып,инстаграм желісі арқылы бейнероликтерін жариялады.
Қазақ қызының басты сұлулығы -бұрымында. Ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізге сай қыз бала шашын өріп,шолпы немесе шашбау тағатын болған.Осы қос бұрым көздің жауын алып,таңдай қақтырған.Нәзік болмысын айшықтауға көмектескен.Мұнымен қатар шаш өру-халқымызда ежелден келе жатқан өнер түрі.
Қазақ xалқының дүниетанымында бұрым — сұлулықтың белгісі,қылықты қыздардың ары,абыройы. Ертеде әрбір қыз баласын белінен төгілген бұрымы мен ақылына қарап бағалаған.
Анықтама
2024 жылдың 26 қазан күні мектеп психологы А.Сукурлукованың ұйымдастыруымен мектептегі “ҚАРЛЫҒАШ” қыздар ұйымының жиналысы өткізілді.
Бүгінгі қозғалған тақырып:"Қызға қырық үйден тиым".
Іс-шараның негізгі мақсаты оқушыларға ерте жүктілік немен қауіпті қалай сақтануға болады тақырыпта сауал төңірегінде ой қозғап,қыздармен пікір алмасты. Қыз балаларда өтпелі кезең басталып, гормондық өзгерістер болатынын түсіндірді. Қорытындылай келе қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі-келешек аналардың қолында,қыз баланың тәрбиесіне байланысты екенін түсіндіріп өтті. Оқушылар өз көкейлерінде тұрған саұрақтарына жауап алып, ақпараттық танымдық түсіндірме үнпарақшалары мен видеороликтер көрсетілді.
Кыздар ұйымының жетекшісі, педагог-психологы, мектеп аяжаны мектеп ережесі, мектеп формасы, қызбала тәрбиесі тақырыбында баяндама жасап, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы, өзін-өзі реттеуі, қыздардың жүріс-тұрысы, денсаулығы туралы түсіндіріп өтті. Ерте жүктіліктін алдын -алу, зорлық- зомбылықтан сақтану жолдары мен қазіргі таңда өршіп тұрған түрлі вирустардан сақтану жолдарын туралы айтып, оқушыларды жылы киініп, дұрыс тамақтанып жүруге шақырды.
Жиналыс барысында оқушыларға бүгінгі танда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғалар, әлімжеттік пен бұзақылық, суицид, ерте жүктілік, зорлық-зомбылықтың көбейіп жатқандығын айта келіп, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, мектептің ішкі тәртіп ережесін катаң сақтау, мектеп формасын сақтау, бала еңбегін канаудың алдын алу мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Хаттама №1
19.09.2024 ж. «Қарлығаш» қыздар клубының жоспарлы жиналысы болып өтті.
Қатысқаны: 57
Қатыспағаны: 6
Күн тәртібінде:
-
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспарын жасау, бекітуге ұсыну
-
Тазалықшыларды, газет шығарушыларды, оқу секторын сайлау
-
Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша, мектеп психологы А. Сукурлукова:
Мектебімізде «Қызғалдақ» қыздар клубы жұмыс жасап келеді. Бұл клубты құруымыздың негізгі мақсаты, қыз балаға қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты түсінуге, мәдениетке, өткен тарихымызды білуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттық болашағы және үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын ұғындыру болып табылады. Бұл клубтың жетекшісі етіп Б.Әскербекова бекітіп отырмыз. Қазіргі таңда «Қызғалдақ» қыздар клубының жоспары талапқа тәрбиесіне қатысты барлық тақырыптар қамтылған. Енді ары қарай осы клуб мүшелерінен тазалықшыларды, газет шығрушыларды, оқу секторларын сайлап алуымыз қажет.
Ағымдағы мәселеге келетін болсақ, ең бірінші тазалық мәселесі дер едім. Сіздер білесіздер, қыз баланың тәрбиесі ұлт тәрбиесі. Сіздер, қыздар, біздің мектебіміздің айнасысыздар. Сіздерге қарап, өздеріңізден кейінгі сіңлілеріңіз бой түзейді. Сондықтан, құрметті қыздар, ең бірінші жан тазалығын қолға алайық. Әдепсіздіктенғ арсыздықтан аулақ болайық. Ұлт мақтанышы деген атқа лайық болайық дегім келеді.
Шығып сөйлеушілер:
– клуб жетекшісі:
Маған осындай сенім артып отырғандарыңызға көп рахмет. Сенімдеріңізді ақтайын деп ойлаймын. Енді күн тәртібіндегі екінші мәселеге келетін болсақ, өз тарапынан тазалыққа жауапты етіп, ...... ұсынғым келеді. Ал, оқу секторына ......., газет шығарушыға, яғни редколлегия мүшелері етіп ...... ұсынамын.
..... - клуб мүшесі:
Мен мектебімізде осындай қыздар клубының ашылып жатұанына өте қуаныштымын. Клуб жетекшісіне және клуб мүшелеріне тек қана алға дегім келеді. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі. Екінші мәселе бойынша, мен Дәметкен апайдың ұсыныстарына келісемін дегім келеді.
........ - клуб мүшесі:
Ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. Сондықтан, осы құрылып жатқан клубтың біздерге берер пайдасы шаш етектен дегім келеді. Екінші мәселе бойынша, мен Дәметкен апайдың ұсыныстарына келісемін дегім келеді.
Жиналыс қаулы етеді:
-
«Қызғалдақ» қыздар ұйымының жылдық жұмыс жоспары бекітуге ұсынылсын.
-
Тазалықшы: ......
Оқу секторы: .......
Редколлегияға жауапты: ...... жауапты болып бекітілсін.
Жиналыс төрайымы: А.Сукурлукова
Жиналыс хатшысы: Б.Әскербекова
Хаттама№2
10.10.2024 ж. «Қарлығаш» қыздар клубының жоспарлы жиналсы болып өтті.
Қатысқаны:50
Қатысқаны:16
Күн тәртібінде:
-
«Өмір, қымбат маған!» тренинг
-
Ағымдағы мәселелер
Тыңдалды:
А.Сукурлукова – мектеп психологы:
Жан-жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы –мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін білмейді, бұлардың бәрін бір сөзбен айтатын болсақ өмір деген ойға тоқталамыс. Бүгінгі сендермен өткізгелі тұрған тренингіміз «Өмір сен маған қымбатсын» деп аталады.
Шығып сөйлеушілер:
Өмір өзен ағып жатыр тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз мұң қайғы. Сондықтан да өз өзіңе абай бол, өмір сені сонда ғана шыңдайды. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп не істесең де ойланып істеуге үйрену керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтін не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйренейік. Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпаңыздар. Мысалы: Дінде «Алла Тағала сіздерге өмір берді, сол Алланың бұйрығымен өміріңді Алла ғана алады» - делінген. Өз-өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді. Міне сондықтан ондай ойларын аулақ болайық. Әр бір атқан таңымызды қуанышпен қызықты етіп өткізейік.
Ж.Саматова -клуб мүшесі:
Өмір деген – Алланың берген сыйы. Өмірдің ащы да, тәтті кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді жеңе білу керек. Адамзат өмірге келгеен соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не ісиесеңде ойланып істеуге үйрену керек Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрендер едім.
Ағымдағы мәселелер бойынша, клуб жетекшісі Б.Әскербекова:
Біз жылдың басында клуб мүшелерінің құрамынан арнайы тазалықшыларды, оқу секторлары, редколлегия мүшелері де бар. Бірақ, сонда да сыныптардағы кейбір қыз балалардың тазалығы көңіл көншітерлік болып тұрған жоқ. Әсіресе, жеке бас гигиенасы, соның ішінде қыз балалардың шаш күтімі ерекше алаңдатып отыр. Медбикемен бірігіп тазалық тексеру барысында, шаш күтіміне байланысты біршама кемшіліктер орыналғаны анықталып, сол оқушыларға ескерту жасалды. Сондай-ақ, мектептегі қыз балалардың, әсіресе жоғары сынып қыздарының оқу формасын сақтамауы орын алып отыр. Қазақстан Республикасының білім заңына сүйене отырып жасаған мектептің ішкі ережесі бар екенін білеміз. Сол себебті, мектеп формасын сақтап жүрейік қыздар. Мектеп формасы дегеніміз, тек қана сұр көйлек, ақ фартук немесе ақ кофта мен қара белдемше емес, сонымен шашымызды жинақы етіп жинап бантик тағып жүрсеңдер деймін.
Жиналыс қаулы етеді:
-
Аталған тақырыптағы тренигтер, іс-шаралар ата-аналар арасында да өткізілу жолға қойылсын.
-
Оқушы қыздардың тазалығы, мектеп формасының сақталуы сынып жетекшілерге ескертіліп, жұмыс жасалынсын.
Жиналыс төрайымы: А.Сукурлукова
Жиналыс хатшысы: Б.Әскербекова
«Жат діни ағым және қазақ қыздарының тағдыры»
«Жат діни ағым және қазақ қыздарының тағдыры» тақырыбында клуб жетекшісі Б.Әскербекованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтілді.
Мақсаты:
-
Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларына ислам діні туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, қоғамдағы ислам дінін жамылған және өзге діндердің ұстанымдарының бағытына түсіп кетуден сақтануға үйрету.
-
Отанымызды сүю, ата – бабаларымыздың рухани сенімін құрметтеу, имандылық, адамгершілікке тәрбиелеу.
Бала өмірге келген соң, періште, пәк жасына дейін ата-анасының мейіріміне бөленіп өседі. Қыздың бой жетуіне, ұлдың азамат болуына көңіл бөлінеді. Табиғаттарына тән кәсіпті, мамандықты үйренуіне, игеруіне көмектеседі, өмірдің қиындығын білуге баулиды. Қыздың жанұя құруына, ұлдың ата-анасына, іні-қарындасына, туыстарына, еліне, халқына қамқоршы болуға баулып, тәрбиелейді. Халық «Баланы бастан» деп бекер айтпаған, әр түрлі отырыстарда, бас қосуларда сіңірген еңбегін, мінез-құлқын өнеге етіп отырған.
Шара барысында қоғамдағы дін мен әйел адамның рөлі және қыз-балалардың тәрбиелік ерекшелігі туралы, мемлекеттің дін саласындағы саясаты, дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, дәстүрлі діни танымның құндылықтары мен қазақ қыздарының дәстүрлі киім үлгілерін насихаттау мәселелері тереңінен айтылып, отбасы құндылықтарының бірі қызды қырық үйден тыю, бала тәрбиесі, үлкенге құрмет кішіге ізет туралы толық түсіндірулер берілді.
Жиынға қатысушы жастар мен сала мамандарына діни экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алу үшін үгіт-насихат, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды дәріптеу, түсіндіру, ұлттық тәлім-тәрбие беру, діни ағымдар туралы мәлімет бере отырып және олардан аулақ болуы жайлы айтылды.
"ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ ТӘРБИЕСІ"
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында клуб жетекшісі Б.Әскербекованың ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты тақырыпта қыздар жиналысы болып өтті.
Жиналыс барысында қыздардың тәртібі, сабаққа қатысуы, мектеп формасы, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы айтылды.
«Қыз бала қандай болуы керек?» тақырыбында бейнеролик көрсетіліп. Қыздар өз пікірлерімен бөлісті.
"Біртұтас тәрбие бағдарламасын" іске асыру мақсатында ата-ананың өсиетін тыңдауға, жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу, денсаулықты қадірлеу, ойдың тазалығын тұрақтылыққа, әдеп нормаларын ұстануға баулу.
"Қыз-қонақ" деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз "Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю" деген мақалға қанша ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек ата-анасы жауапты емес, бүкіл ауыл, ел жауапты болып отыр.
Әрбір баланың өмір жолы, тәрбиесі отбасынан, одан соң мектеп қабырғасынан бастау алары сөзсіз. Сондықтан да, мектепте оқып жүрген қыз бала, ол − үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс. Қыз бала үйден шыққанда тап-таза киініп, шашын таранып, әсем күлкісімен айналаға нұрын шашып жүруімен қатар сабағын да жақсы оқуы тиіс. Қыз баланы тәрбиелей отырып, отбасындағы одан кейінгі ұлдарға үлгі етеміз, яғни бұл жерде ұлт тәрбиелеу − бұл қазақтың ежелден келе жатқан философиялық даналығы деп білемін.
Хаттама №3
21.11.2024 ж. «Қарлығаш» қыздар клубының жоспарлы жиналсы болып өтті.
Қатысқаны:50
Қатысқаны:16
Күн тәртібінде:
1. «Салауаттылық – салтымыз»
2. Бойжеткенің жыныстық жетілуі /мектеп медбикесімен әңгіме/
Тыңдалды:
А.Сукурлукова – мектеп психологы:
Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың
тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына
барып тіреледі...» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып
тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған
міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын
қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза
ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі
өмірінде пайдалана білуге
тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс
уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте
зор болып келеді.
Шығып сөйлеушілер
Клуб жетекшісі Б.Әскербекова:
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру
мәдениетін қалыптастыру
бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған
жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз
ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу
дағдысын
қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол
денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету
мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды
жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен
қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл
әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп,
гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке
бас тазалығын жете
түсіндіру;
Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық
тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын
сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын
қалыптастыру болып табылады.
А.Кокенова -клуб мүшесі:
Денсаулық адам бақытының бірінші байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін,күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі,белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Денсаулық - салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сол тәрбиенің бір түрі рухани байлық десек, артық айтқандық емес. Адам бойындағы жақсы қасиеттері мен игі істерінің қайнар көзі осы рухтан бастау алады.
Ағымдағы мәселелер бойынша, клуб жетекшісі Б.Әскербекова:
Салауатты өмір сүрудің мақсаты, қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
Жиналыс қаулы етеді:
-
Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында қыз балалармен сыныптан тыс жұмыстар жүйелі жоспарлансын.
-
Сыныптан тыс уақытта оқушылардың спорт үйірмесіне қатысуы қадағалансын.
Жиналыс төрайымы: А.Сукурлукова
Жиналыс хатшысы: Б.Әскербекова

