Материалдар / Қызыл алма – опасыздықтың символы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қызыл алма – опасыздықтың символы

Материал туралы қысқаша түсінік
шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
351
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы

«№27 орта мектеп-гимназия» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары: Қызыл алма – опасыздықтың символы

Пәні:

қазақ әдебиеті

Тоқсан:

ІІ

Бөлім:

IІ БӨЛІМ. Прозадағы көркем ой

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

19.12.2023

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шығарманың тарихи оқиғалары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

Сабақтың мақсаты:

Шығарманың идеясын анықтап, өмірмен байланыстырады.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.

Қызығушылықты ояту.

  1. Романда қандай кезең суреттелген?

  2. Жазушының негізі айтар ойы, көтерген мәселесі не?

  3. Әңгіме өзіңе қандай ой салды? Алған әсерің қандай?

Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

- сұрақтарға нақты жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.

Оқулық авторлары: С.Тұрсынғалиева, Г.Рыскелдиева «Арман-ПВ» баспасы 2019


жұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

1-тапсырма. «ЖАК» әдісі

Оқушылар алдын ала М.А.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастанын оқып келеді. Дастан үзінділері бойынша жеке ауызша комментарий жүргізу.

Тапсырманы орындау жолдары:

  • мұғалім ауызша комментарийді әр оқушыдан жекелеп сұрауына болады;

  • оқушыларды жұптастырып, бір-біріне айтқызуға болады;

  • әр оқушы аудиоға жазып, мұғалімге жіберулеріне болады; жеке ауызша комментарий әдісі бойынша оқушыларға дастаннан үзінділер беріледі.

Қадамдары:

  • өзін таныстыру;

  • шығарма, автор;

  • үзіндінің тарауы, үзіндіге дейін, үзіндіден кейін болатын оқиғалар;

  • үзіндінің шығармадағы алатын орны;

  • комментарий кезінде үзіндінің мазмұнына емес, ондағы көтерілген мәселелерге тоқталыңыз;

  • кейіпкерлер, жер-су т.б. атаулары;

  • автор көп қолданған сөздер.

Оқушылар алдын ала М.А.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастанын оқып келеді. Дастан үзінділері бойынша жеке ауызша комментарий жүргізеді.


Дескриптор Жалпы

2 балл

  • М.А.Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастанына комментарий жасайды. 1 балл

    «Аңыздың ақыры» романы мен «Медғат-Қасым» дастанының идеяларын салыстырады.1 балл

Слайд




2-тапсырма. 2-тапсырма. Т. «Индекс карточкалары» әдісі

1-топ.

1-беті: «Аңыздың ақыры» романы және «Медғат-Қасым» дастаны бойынша негізгі идеяларды атап, оларды жинақтаңыз.

2-беті: Аталған екі шығарманың қай түсініксіз болған тұстары? Нені түсінбегеніңізді тізбектеп, сұрағыңызды жазыңыз.

2-топ.

1-беті: «Аңыздың ақыры» романының «Аңыздың ақыры» бөлімі мен «Медғат-Қасым» дастанының көркемдік құндылықтарын анықтаңыз. Шығармалардың тарихи құндылығы бойынша сұрақ дайындаңыз.

2-беті: Шығармалардан алынған үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырыңыз.

3-топ.

1-беті: «Аңыздың ақыры» романының «Аңыздың ақыры» бөлімі мен «Медғат-Қасым» дастаны қандай сарынға құрылғанын анықтаңыз. Шығармалар мазмұнына сәйкес афоризмдер мен мақал-мәтел айтыңыз.

2-беті: Ә.Кекілбаев пен М.А.Құнанбаевтың шығармаларының тарихи және көркемдік құндылығын салыстырып, баға беріңіз.

Оқушылар Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы мен Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың «Медғат-Қасым» дастаны бойынша тапсырмалары орындайды.


Дескриптор: 3 балл

  • шығармалардың көркемдік құндылығын салыстырып талқылайды. 1 балл

    тарихи құндылық бойынша сұрақ дайындайды. 1 балл

    үзінділердегі тарихи шындықты өмірмен байланыстырады. 1 балл



3-тапсырма. С. «Шеңбер бойынша жазу» әдісі

Жазушының «Аңыздың ақыры» романы философиялық толғаулардан сыр шертер шығармалар қатарынан орын алады. Романда стильдік өрнек психологтық өнермен сабақтастық табады.

Романның көркемдік болмысын, идеялық қазығын

 айқындап тұрған қасиеттер жазушының сирек сезімі мен ауқымдылыққа құштар ойы, айшық-бедерге үйір қою тілі...

Оқушыларға жоғары берілген «Аңыздың ақыры» романының тарихи және көркемдік құндылығына қатысты тұжырым жазылған парақ таратылады. Әр оқушының өз парағы болады.

Оқушылар 2 минут ішінде тұжырымға байланысты 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойында келесі оқушыға жылжытылады. Олар алдыңғы сөйлемді оқып, өз ойын қосып жазады. Осылай парақтар жылжып, ең соңында әркімнің өз парағы өзіне келеді. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқиды. Егер маңызды деп табылған ақпарат қалып қойса, онда жазулар толықтырылады.

шығармалардың тарихи және көркем құндылығын айтып, баға береді. 1 балл

Ұсынылған тұжырымға байланысты 1-2 сөйлем жазады.1 балл

сөйлемдерді маңызды ақпаратпен толықтырады.

1 балл


Дескриптор 3 балл


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия. «Ашық микрофон» әдісін сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын білу үшін қолданамын.

Үйге тапсырма: «Махаббат» бөлімін оқып келу


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.










Тірлігі басқа, тіршілігі бір...

(Жазушы, драматург Дулат Исабековтың «Тіршілік» повесті бойынша)

«Қу тіршіліктің қамы» дегенді қай қазақтың аузынан да естіп қалып жатамыз. «Тірі адам тіршілігін» жасайды» деген тағы бар. Дулат Исабековтың «Тіршілік»атты шығармасын оқымай тұрғанда, жазушының тақырып таңдауына қарап қызықты жағдайды күткенім рас. Алайда, көзіме жас үйіріледі деген ой келмеді. Бұл шығарманың қуаты, жазушының шеберлігі. Атынан танылатын бір шығарма бар, енді біреуі жазушымен танылады. Дулат Исабеков «Тіршілік» аталатын шығармасы арқылы өзін де, шығармасын да таныта алды. Дулат Исабековке бір кездері Асқар Сүлейменов: «Арыстың суынан акула іздейтін жазушы», деп баға берген екен. Сол акуласының ірісі «Тіршілік» болса керек.

Тіршілік шығармасының өн бойында шынайылық байқалады. Сонысымен де оқырманнын елітеді. Қыжымгүл деген кемпірдің беймаза тірлігін суреттеумен басталатын шығарманы бірден түсіну қиын. Көкнәр іздеп кеткен шалы Киеваның келе салысымен қара шайды сұрайтын әдеті. «Келе қалса мына самаурын құрғыр да қайнамай кетті, қайтер екенмін» деуімен, күйбеңдеп жүрген жайы бар. Осыны айтып үлгергенінше Киеван да жетіп келіп, әдепкі әдетіне басып кемпіріне жекіре бастайды. Ылғи да солай. Кәрі кемпір шалы жантайып, көкнәрдің уыты тарағанша тіршілігін бір жаққа шығаруға асығатын. Шалының «Киеван» аталуының да сыры қызық. Еліне қай кезде де қамқорлығын аямайтын жас жігіт Молдарәсілжан отыздан асқан шағында үйленбекші болып ел ақсақалдарынан көмек сұрайды.Тоқ кездері жағалап жүретін ел ағалары, басына күн түскенде жігіттен теріс айналады. Одан беті қайтқан Киеван жоқ. Таңатар ақсақалдың қызын алып қашқандардан құтқарғаны үшін үш жігітке сыйға жылқы сұрайды. Ел ішіне көкнәрге құмарлығымен таныла бастағаны ма, Молдарәсілжанға бір қап көкнәр қоса береді. Көкнәрге құмарлығы қатты ауруынан айықпақша болып тоғызыншы кесеге дейін тартқанынан басталып еді. Ес - түссіз ел алдында құлап жатқан көкнәрші осы күннен бастап «Киеван» аталып кетеді. Кемпірі болса жастайынан тауқымет тартпағанымен, бойжеткен шағында әкесі Дәулетбай мен ағасының аяусыздығының арқасында елден аласталып, төрт ұл, бір қызымен жесірліктің зардабын шегіп, айдалада күн көрудің қамын жасап жүрген Қымқаны келіп паналауымен оқиға өрбиді.Жалған намыспен туғандарынан безіндірген әке мен баланың қатыгездігі жан түршіктірерліктей. Әкенің зілді сөздері он жеті жасар абыройы аяқ асты ойран болған сұлудың жүрегіне сызат, көңіліне кетпес қаяу түсірген еді. Жылаған ананың көз жасын елеп жатқан ешкім жоқ. Жалғыз қызының азабы жанын жегідей жеген анасы қыз кетісімен қайтыс болады. Қыжымгүлдің бейкүнә тұрмысына таңба салған аюдай айуанның қызды осынша қорлыққа тастап кеткені аянышты суреттеледі. Қара бет болған қызда шара жоқ, елінен пана іздеп келгенде көргені әкенің ашуы болды. Қыз жоғалып бұрын жанында болған жеңгесіне кінә тағады. Ел ішіндегі қауесет былай тұрсын «шашынан шыңыраққа байлап»тастаған күйеуінің ұдайы да оңай болмай, азаптанып қаза табады. Үш жігіт жігіт қосып ауылдан айдап жіберген Қыжымгүл әкем мені қуды деп келе жатқан жоқ, тек тағдырына налиды.Әлі де әке намысына дақ түсіргісі келмейді. Жазушы оны былай көрсетеді:

«Жауын жауса жауар, - деді қыз да аспанға қарап. Үстеріңіз су болып қалар, қайта беріңіздер. Ары қарай өзім кетермін. Бірақ әкем тереңнен ойламады. Егер сүйегіне таңба түсіргісі келмесе екеуіңе: «Ен далада қаңғып жүріп ел кезіксе, кімнің қызы екенін айтпайсың деп тапсырар еді. Мен кім екенімді тірі жанға айтпаспын. Оған осы сөзімді жеткізгейсіңдер».

Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілегі секілді, Дулат Исабековтың Қыжымгүлі де айдалада сасып, пана таппай жаны жалғыздықтан жаурайды. Айдалада Қымқаның қорасына бүрісіп кіріп, ақырында сол үйдің алтыншы перзентіне айналады.Қымқаның әрең көріп отырған тұрмысын тарылтқандай, ыңғайсыз күн кешумен ақыры сол үйге сіңіп кетеді.Соңғы сәулесі үзіліп түсерде сәби сүйіп атын «Тоқсан» қояды. Арада бір жарым жыл уақыт өткеннен кейін әкесі Дәулетбай болыстық сайлауға түспекші болып, өткенін еске алады ау ақыры. «Ел бетіме басар» деген жалған намыспен үш -төрт күн жол жүріп, сұрастырып Қыжымгүлді табады. Іздеп шыққандағы ниеті баласына деген сағынышы болсашы. Сәбиі барын білгеннен кейін бірден бас тартады. Күндер өте нағашысын іздеп келген Молдарәсілжанмен танысып бас қосады. Бұл уақытта ел ішінен «солдат» алып жатқын болатын. Молдарәсілжан солдаттықтан қашып ел кезіп жүрген шағы еді. Баласы Тоқсанды Қымқаға табыстап, өзі жарымен кетеді. Кейіннен ел ішінде байларды «кәмпескелеу»жүріп әкесінің соған іліккенін, кейін қайтыс болғанын естиді. Қазақ басындағы көші қон салдарынан кейіннен Қымқаны да таба алмай қалады. Молдарәсілжан сүйген екі баласы соғыста қайтыс болған. Қу бастарын құшақтап өмір кешіп жатқандарында, жаңа хабар келеді. Бұл Қымқаның қызы, кезінде «әпке» деп артынан қалмайтын Жамиғаның хаты болатын. Бәрін баяндаған Жәмиға ұлының қайтыс болғанын, одан бұрын соғысқа кетпей тұрып үйленіп артында «Қуаныш» есімді баланың қалғанын жазған екен. Қорқынышы мол хаттың соңында жақында Қуаныштың солдаттан оралып, әжесіне баратыны жазылыпты. Міне,Қыжымгүлге соңғы үміт сыйлаған да осы болды. Алайда, көп қиындықты жеңіп, енді езуіме күлкі оралып, туғанымды бауырыма қысам ба деп жүргенінде беймезгіл қайтыс болады. Артында қалған Киеван өле өлгенінше көкнәр себетін жерді орамын деген басшылармен тайталасып ол да өтіпті. Сорлаған қыз тағдыры, әке мен ағаның қатыгездігі, ананың көз жасы, жазықсыз жеңгенің өлімі өзге ортаға үйрену, бар оқиға бір-біріне себепші болып тұрғандай. Ауыр азапты әке сыйлады ма, әлде қыздың сормаңдай тағдыры себепші болды ма? Шығарма аяқталған кейін осындай сұрақтардың шешімін таппай қиналатынымыз рас. Билік басындағы әкеге ел алдындағы абыройы маңызды болғандықтан осындай қадамға барды, мүмкін, Қыжымгүл әлгі оқиғадан кейін ауылына қайтып бармай ақ қаңғып кетпеді ме екен, айдалада сүйген сәбиін өзі өсіргенде қандай болар еді деген шым-шытырық ойлармен шығарманы өзімізше топшылауға тырысып та жатамыз. Қыжымгүл бойындағы нәзіктік, төзімділік, қайсарлық, сыпайылық шығарманың әр қадамында байқалады.Жазушы қазақ қызына тән осы мінездерді жинақтап, Қыжымгүл арқылы танытқысы келгені анық. Әр кейіпкерді даралап көрсетудегі тапқырлық жазушы үшін уақыт пен кеңістікті танытуға жәрдемдескен. Қамқа бойындағы бауырмалдық, мейірімділік, еңбекқорлық қазақ әйелінің бейнесін танытады. Дәулетбай мен ұлы - қара бастарын байлыққа байлаған сол замандағы байлардың кейпі. Киеван көкнәрші болуымен-ақ ерекше. Кейіпкері дара жазушы, солардың тіршілігі арқылы бір заманның оқиғасын, тарихты өзінше танытты. Сонау жетпісінші жылдары жазылса да, шығарманың әлі де қуатынан айырылмағаны сондай-бізден кейінгі оқырманды да таңғалдыра отырып елітетіні, оқырманға жаңа ой салары күмәнсіз. Әрине,қу тіршілік қай күні тынарын кім білсін... Пендешілдікпен біреуге ауыр, біреуге жеңіл көрінетін өмірдің күре жолы ғой... Кейде шым -шытырық тірлікпен жүріп маңыздысын ұмытып кетіп жатамыз. Кейде ширығып жатқанын байқай да алмаймыз. Дулат Исабековтың шешімі де осы. Дулаттың «Тіршілігін» енді кім өңдеп көрсетер екен, бүгінгі ширыққан тіршілікті қалай өңдей алары әлі құпия.Тіршілік кімге қанша бұйырарын... Жазушы шығармады осыны көркемдікпен шеше алды. Бұл - жазушы үшін шеберлік, тапқырлық, оқырман үшін таңғаларлық туынды болып қала бермек.

Алматы қаласы, Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сенбай Тұрсынбүбі Серікқызы

Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы тарихи тақырыпта жазылған, бірақ қалыптасқан ұғымдағы тарихи роман емес. Шығарма тарихи фактілерге негізделмеген, оны автордың көркем әдебиетінен, қиялынан туған деп айтуға болады. Сюжеттің романтикалық сипаты, кейіпкерлердің қарым-қатынасының моральдық аспектісіне назар аудару, оқиғаларды философиялық түсіну, кейіпкерлердің ішкі өмірін психологиялық талдау романның мифопоэтикалық табиғатын көрсетеді. Жазушы өзінің жеке «авторлық» мифін жасайды және сол сюжетті баяндау ерекшелігінен автор тұжырымын, белгілі бір жағдайға деген көзқарасын, танымын, яғни автор модальдылығын байқай аламыз. Оның басты кейіпкерлеріне авторизация жасалады. Әмірші, Кіші ханым және шебер ‒ автор идеясын тасымалдаушылар.

Мұнара ‒ романның негізгі символы. Мұнара романның негізгі идеяларын: күш, даңқ, махаббат, өнер, әлемнің құпиясы мен адамдардың тағдырын көрсетеді.

Ү. Әнес символдар хақында: «Символдың басты қасиеті ‒ оның образдылығы. Көптеген ғалымдар символ ұғымын бейне арқылы анықтайды. Көптеген анықтамаларда «образ ‒ символ ‒ таңба» концептілеріің жиынтығы беріледі. Символ ‒ сөз қолданудағы шеберліктің бір қырын көрсете отырып, стильдік қызмет атқарады. Жазушы сөзді символдық мәнде қолданғанда, белгілі бір стильдік мақсатты, шығармадағы мотивті жеткізуді көздейді», ‒ деп тұжырымдайды [256, 52 б.].

Мұнара, күмбез өте биік етіп тұрғызылған сәндік, әшекейлі құрылыс (Қазақ тілінің синонимдер сөздігі 2005) [257, 421 б.].

Түркі санасында мұнара полисемантикалық бейненің поэтикасын ашатын медиацияның символдық және архитектуралық бірлігімен байланысты. Сондай-ақ, романда мұнара романның композициялық бағытын да айқындайды, өйткені барлық оқиғалар осы мұнарамен байланысып, соның айналасында өтіп жатады. Жазушы мұнараны тірі жандай суреттейді, шығармада мұнара бейнесі гротеск болып табылады. Оның бейнесі арқылы екі әлемнің ‒ жоғарғы және төменгі қарама-қайшылығын шебер суреттейді. Жоғарғы әлем аспан бейнесімен, сұлулықпен, батырлардың армандаған әлемімен, ал төменгісі ‒ қаланың ішкі тауқыметімен, құмырсқадай тынбай еңбектеніп жатқан адамдар, қайнаған тіршілік, күнделікті күйбең тіршілік әлемімен байланысты.

Автор биікке өрлете салынатын құрылыс ‒ мұнараны, адамның бойында түрлі сезімдерді оята алатын биік сезім махаббаттың символы ретінде суреттеген (66), (67):



(66) ... Ханым енді түсінді ‒ шебер мынау сиқыр мұнараға өзінің өліп-өшкен соқыр махаббатынан басқа ештеңе бейнелемепті. Шебер мына мұнараға алыстаса қиып кете алмайтын, жақындағанмен бәрібір қолы жетпейтін үмітсіз махаббатын бейнелеген, өлімге де разы есірік дәмесін, ессіз құштарлығын бейнелеген, ол мына кетік мұнараның басынан өздігінен түспейді (Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры»).



Романда мұнара – шебер махаббатының символындай. Үзіндіден көріп отырғанымыздай, автор шебер махаббатын өзі қалаған мұнара арқылы көрсеткенін шебер өрнектеген. Автор стилінде келесідей эпитеттер кездеседі: «соқыр махаббат», «үмітсіз махаббат», «өлімге де разы есірік дәмесі», «ессіз құштарлығы».



(67) ... Иә, көк мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махаббатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ сол кімнің кімге махаббаты? Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған жар ма, жоқ алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқыр сұлу ма, қайсысы? Мана бұл қасынан көзі қиып кете алмай көп қараған жоқ па еді, сонда сиқыр мұнара өзіне тартып тұрмап па еді? Сонда оны салған шебер нені бейнелеген болды?Алыстағы жарын күткен сағынышты бейнелесе, қасына барғанда, асқақтап аспанға қарап жатып алатыны несі, сәл алыстасаң болды, қайтадан өзіне байрап, қараған көздің шырқ айналып шыға алмайтыны қалай? Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымның алыс жорықтағы жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген... Өліп-өшкен махаббатын бейнелеген... Иә, солай. Көк мұнараның сиқырына ол енді түсінді (Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры»).



Берілген үзіндіде Ә.Кекілбаев күмәнділікті кейіпкердің өзіне-өзі сұрақ қоюы арқылы, пікірін «иә», «жоқ» деген грамматикалық тұлғаларды шендестіріп те қолданған. Күмәнділік реңкті үстеу мақсатында көп компонентті салалас құрмалас сөйлемді қолданған: «Көк мұнара алыс жорықтағы еріне ынтыға қол созған сағынышты жар ма, жоқ, алыстан қол созған ғашық жүректі мен мұндалап қасына шақырған сиқырлы сұлу ма, қайсысы?». Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің үшінші компоненті ‒ ықшамдалған сөйлем, баяндауыштық қызметте «қайсысы» деген сұрау есімдігі жұмсалған. Сондай-ақ, сөздердің қайталануы, сұраулы сөйлемдер, сол сияқты графикалық таңбаның бірі ‒ көп нүктені қолданған. Автордың көп нүктені пайдалануының өзіндік себебі, әрі көп нүктенің сөйлем ішінде атқаратын функциясы бар. Біріншіден, автордың айтар ойының аяқтамағанын, екіншіден, оқырманға ой салу мақсатында қолданылған графикалық таңбалардың бірі ретінде жұмсаған. Автордың шеберлігі сол ‒ белгілі бір контексте вербалды амалды ғана емес, сонымен бірге бейвербалды амалмен де мәтінді ұтымды, шебер өрнектеген [258, 27 б.].

Автор белгілі бір контекстке күмәнділік модальдылығын үстеу үшін модаль сөздермен (мүмкін, тәрізді) қатар, пунктуацияны да ақпаратқа белгілі бір модальдылық реңк үстеуде қолданады (68):



Балаларынан қандай мінез шығуы мүмкін... Жаман айтпай жақсы жоқ деп, көзі жұмыла қалса, орнына кім болатынын әлдеқашан өз аузынан айтып қойған-ды. Мұрагерінен әзір сұрқия ой шыға қоюы мүмкін емес. Апыр-ау, сонда не болғаны... (Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры»).



Үзіндіде автор күмәнділікті білдіру үшін аналитикалық етістік құрамындағы: шығуы мүмкін, шыға қоюы мүмкін емес модаль сөздерді, әрі «апыр-ау» одағайы мен көп нүктені қолданады. Шығарманың өн бойында түркі халықтарының моральдік құндылықтарын танытатын ақпарат имплицитті беріліп отырады. Берілген үзіндіде (3) «жаман айтпай жақсы жоқ» мәтелі қолданылып, жақсылық пен жамандық параллель қойылып, салыстырылған.

«Жақсылық» концептісі түркі халқында қандай ұғымдармен байланысты екенін талдай кетейік. Аталған тілдік бірлікке төмендегідей анықтамалар береді:

Жақсылық зат.е.

1. Қайырымды, ізгі іс, рақымдылық.

2. Кісінің я заттың бойындағы тәуір сапа [176, 550 б.].

«Жақсылық» лексемасының синоним қатары келесідей:

Жақсылық, мейірбандылық, қайырымдылық, рақымдылық, мейрімділік, имандылық.

Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде «жақсы», «жақсылық» лексемалары төмендегідей тұрақты сөз тіркестерінде кездеседі: Жақсы аты келеді. ‒ Абырой-атағы, мақтауы саған болады. Жақсы-жаманды ажыратты. ‒ Өлер жерін білді, оң мен солын таныды. Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз. ‒ Ұйықтар кезде, жатар алдында айтылатын тілек. Жақсы ит өлігін көрсетпейді. ‒ Өзін ешкімге қорлатпайды, көзге түрткі болмай, шетке кетеді. Жақсы көрінді. ‒ жағынды, жағымпазданды. Жақсы сөз ‒ жарым ырыс. ‒ Жағымды сөз жанға демеу. Жақсылығың алдыңнан шықсын. ‒ Өзгеге істеген жақсылық істерің өзіңе біреуден қайтсын. Жақсының шарапаты. ‒ Жақсы адамның тигізген пайдасы, көмегі, қайырымы. Жақсысын асырды, жаманын жасырды. ‒ Жұрт көзінше намысын қорғады, сыр бермеді, көтермеледі, қолдады және т.б. тіркестер [259, 228 б.].

Сөздіктердегі деректерге сүйене отырып, «жақсылық» лексемасы моральдық тұрғыдан дұрыс деп танылатын, пайдалы, игі, жағымды іс; адамдарға үміт сыйлап, бостандық пен бақытқа кенелтетін іс деген мағынаны білдіреді деп тұжырымдай аламыз.

Романның символикасы тек мұнара ғана емес. Сатқындықты, алауыздықты, бейнелейтін өзегінен құрт шыққан қызыл алма да символикалық белгі болып табылады (69):



Сонда өзегінен құрт шыққан алма... Ол қастандыққа емес, сатқындыққа, опасыздыққа меңзеуге тиісті ғой. Ол не қылған опасыздық! (Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры», 26 б.)



Үзіндіден көріп отырғанымыздай, автор жақсылық концептісіне қарама қайшы қолданылатын қастандықтың, сатқындықтың, опасыздықтың белгісі ретінде «өзегінен құрт шыққан қызыл алманы» қолданған.

Ә.Кекілбаев шығармаларындағы қазақ дүниетанымының тұрақты элементі болып жиі кездесетін құбылыстың бірі – түс. Түстің қазақ менталитетінде танымдық сипаты ерекше. Түске байланысты іс-әрекет, әдетте, екі кезеңнен құралады: а) түсті көру; ә) түстің сырын аштыру (жору).

Ә.Кекілбаев – түсті көруші мен оны жорушының көңіл-күйін, психологиясын ұлттық таным тұрғысынан жан-жақты аша білген философ жазушы. Соның ішінде дәстүрлі дүниетанымда түс жорушылардың құдіреттеріне байланысты «құмалақ ашу, жауырын қарау, бал ашу» сияқты ұғымдарды қолданады.

Түс жорыды ‒ көрген түске болжам айтты [ 259, 528 б.].

Құмалақ ашты [салды, тартты] ‒ жорамалдады, сәуегейлік жасады [259, 363 б.].

Бал аштырып, бақсы ойнатты ‒ бақсы-балгерге «сәуегейлік» жасаттырды, тағдырын сынатты [ 259, 92 б.].

Әбілхайыр ханның келу себебін Тайлан өзінше жорамалдайды (70):



«Шамасы, мұның құмалақ шашып, жауырын қарайтын шайқы-бұрқылынан дәметіп келген шығар. Кешелі-берлі арқасы құрыстап жүргізбей жүр еді. Біреу-міреу бал аштыра келеді-ау деп, таң атқалы бері жан-жаққа көзі боталап көп қарап еді. Осыған көрінген ғой. – Бал аштырғалы келдің бе, жоқ түс жорытқалы келдің бе? – деді Тайлан» (Ә.Кекілбаев «Аңыздың ақыры»).



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!