Астана қаласының әкімдігінің
№33 «Алтын дән» балабақшасының
Тәрбиешісі:Халмуратова Венера Ергалиевна
Рефлексиялық есеп
Жоспарлау
Өз тәжірибиемді талдап, қаншалықты сапалы жұмыс жасап жүргенімді біраз рефлексиядан өткіздім, менің түсінгенім «бала үнін», оның жеке қызығушылығын, қажеттіліктерін ескеру маңызды, ойынның үш тәсілін (жетекшілігімен,құрылымдалған, еркін), Смарт мақсат пен бақылауды, танымдық оқиғаны жазуды, өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға бағытталғаннын біліп, циклограммаға жоспарладым.
Тобымда «С» есімді бала ізденімпаз, қызыққан объектілер бойынша көп сұрақ қояды,тұлғалық ерекшелігіне қарай гипербелсенді, бір орында тұра алмайды, өте шапшаң. Әлеуметтік эмоционалдық дағдысы жақсы қалыптасқан.Барлығын ескеріп, ұйымдастырылған іс-әрекетте құрылымдалған Триз әдісі бойынша «Көбелек жасау» үстел үстінде ойынды жоспарладым.Себебі, бала визуалды өз нәтижесін көріп тынышталады, аяқтауға тырысады, танымдық (сол, оң жақ, төмен, жоғары) білім алады, креактивтік, өзін -өзі реттеу дағдылары, балалармен жағымды қарым-қатынасы жақсарады. Ойынға саралап ресурстарды (көбелектің үлгі суреті, моншақтар, ине жіп, синтепух ,фетр). «С» есімді баланың гипербелсенді шапшаңдығын бәсеңдету үшін , құрылымдалған қысқа мерзімді бақылау арқылы, дер кезінде балаға смайлик беріп қолдау көрсетемін.
Серуен кезінде «М» есімді баланы бақылауды жоспарладым. Баланың қимыл -қозғалысы баяу. Үнемі жеке ойнайды, мультфильм кейікерлерінің әнін айтуды ұнатады. Шығармашылық қабілеті жоғары. Қозғалыс әрекетін шапшаңдату үшін педагог жетекшілігімен алаңда «Қыз қуу» ұлттық ойынын топпен ойнауды жоспарладым.Ойынға саралап ресурстарды( аттың макеті,қыздың ұлттық киімі, ұлдың ұлттық киімін) пайдаланамын.Топтық жұмыс түрі арқылы танымдық белсенді әрекетке тартамын «М» есімді бала қалғандарымен ілесіп, рөлге кіріп (жүгіреді, секіреді) жылдамдығы қалыптасады, ортақ мақсатқа жету үшін, жұлдызша беріп қолдау көрсетемін.
Жүзеге асыру
«С» есімді бала танымдық іс-әрекетке тарту үшін, триз әдісі бойынша «Көбелек жасау» ойынын жұппен өткізідім, себебі бір-бірімен қарым қатынасқа түседі, көмектеседі.Баланың ойындағы іс-әрекетін құрылымдалған қысқа мерзімді түрі арқылы даму деңгейін бақыладым. Бақылауымды талдасам, саралап ресурстар бергенім сәтті болды, себебі шығармашылығын дамытуға таңдау болды (көбелектің үлгі суреті, моншақтар, синтепух, фетр), солардан «С» бала қағаздағы үлгі көбелекті фетрды таңдап беттестіріп, көбелек қиып алды. Оны түрлі моншақтармен қанатын әсемдеп тіктік, сол жерде қызығушылық танытып, асықпай ойлана отырып, көбелектің шеттерін көктеп шығып, ортасына синтепух салды.(сурет 1) Осы жері сәтті болды деп бақылау парағымда белгіледім, себебі гипербелсенділікке ұшарамады, жұмысын аяқтауға тырысты.Алайда сәтсіз тұсы да болды, қасында отырған балалар «қызыл түсті моншақты алайыншы, қайшы алсам бола?», сұраған сәтте «өзіме керек»-деп, ашуланып, жағымсыз эмоциясын білдіріп, орнынан тұрып кетті, осы тұсы сәтсіз деп, бақылау критерийге белгіледім.(сурет 2) Ойынға «С» баланы қарату үшін, жетелеуші сұрақтар арқылы «егер де көбелегінді аяқтасаң, кімге сыйлар едің?» деп қызықтыра отырып, ойынды жалғастыруға тартып алдым, сөйтіп белсенді әркетке жұмылдырдым.
«М» есімді баланың баяу қажеттілігіне қарай «Қыз қуу» ойынын топпен өткіздім. «М» баланың қызығушылығын арттыру үшін аттың макетін, ұлттық киімдерді (қыз және ер баланың) ортаға шығарып көрсеттім «балалар, кім осы атқа мінгісі келеді? Кім осындай әдемі киімді кигісі келеді» деп сұрақтар арқылы диалогқа тарттым. Сол жерде «М» бала үндемей, жай ғана ұялып қолын көтергенін бақылап отырып, байқап қалдым, сөйтіп ойынға кірісіп кетті. Атқа мініп қызды қуып жетіп бетінен сүйді, себебі балабақша алаңында заттық кеңістік орта бұл ойынға жүгіруге қолайлы болды.(сурет1) Сәтсіз кезеңдер де кездесті. «М» есімді баланың ойнағысы келіп тұрғанда, жігіттен қашатын қыз жүгірмей орнында тұрып алды «мен қайда барамын?» деп үндемей тұрды.(сурет 2) Ойын барысында бұл сәтсіздіктің себебі, ойын шартының дұрыс түсіндірмегенімді сол жерде бақылап түсіндім . Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін (суреттер таратып беріп) қолдау көрсеттім де, «М» баланың қызығушылығын ескеріп, сүйікті мультфильмдегі музыканы қосып, «қане, біздің жүйрік атымыз қалай жүгіреді екен» деп жүгіруге жол аштым, сол сәтті болды деп бақылауымның нәтижесінен білдім.
Рефлексия
Мен курстан алған біліміме, «Бала үнін» ескеріп, баланың бойына өмірлік дағдылар қалыптастыру үшін анализ жасадым.
«С» есімді баладағы гипербелсенді әрекетті тынышталдыруға тапсырмалар беру нәтижесінде оның тұлғалық ерекшелігін, креативтілігін қысқа мерзімді бақылау арқылы бақылап қорытындыға келдім. «С» балаға заттық кеңістік ортада дайындаған ресурстар ұнады, себебі оның жұмысын бақыладым, сонда байқағаным: фетрдан көктеп тігіп, моншақпен безендіріп, көбелекті қызығушылықпен жасады.Өзіне деген күшті сенімділік сезімі оянды.Үлгіні көріп , ине жіпті ұстап, өзі тігіп үйренді.Алдағы уақытта топтың балаларымен осы дағдыларды икемдей алатындай жұмыс жүргізуім керек.
«М» есімді баланы бақылау нәтижесінде, жігерлендіріп, жарыс ұйымдастырып жылдам қозғалысқа үйреттім. «Қыз қуу» ойынында басты рольде болған соң, қызығушылығын таныттым.Сондықтан оған шапшаң қимылдап, тез жүгіріп қарсыласын ұстап алатын ойындарды жоспарлаймын, себебі физикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталғанын бақылау нәтижесіне сүйеніп айта аламын.
Келешекте дене шынықтыруда қимыл әрекетті жылдамдату жаттығуларын ұсынамын, әрбір режимдік сәтте бақылау үдерісін іске асырамын, саралауды циклограмманы жазғанда алдын ала ескеріп енгіземін, себебі саралау барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Сурет 1. «М» есімді бала «Қыз қуу» ойынында қызды қуып жетіп бетінен сүйген сәті.

Сурет 2. «Қыз қуу» ойынында, «М» есімді бала қызды қуғанда « мен қайда барамын»? деп жүгірмей тұрған кезі.

Сурет 1. Құрылымдалған бақылау түрі. «С» есімді бала триз әдісімен фетрадан,моншақтап көбелек жасады

Сурет 2. «С» есімді баладан моншақты ,қайшыны сұрағаны үшін ашуланған кезі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз