Ұйымдастыру
кезеңі. Қазақстан республикасының
мемлекеттік гимнімен бастау.
Психологиялық
дайындық:
Қ А З
А Қ С Т А Н сөзінің әр әрпінен басталатын
патриоттық сөздер айту.
Мысалы:
Қ-Құрметті
А-арманшыл
З-Заманауи
А-адал
Қ-қуатты
С-салмақты
Т-тату
А-адамгершіл
Н-намысшыл
Оқушыларды үш топқа бөліп
отырғызамын.
1-топ Тапқырлар
2-
топ Ойшылдар
3-топ Шешендер
1-топқа тапсырма
: Қазақтың жеті кереметін атап
беріңдер? Оқушылар топпен жұмыс жасап
табады.
1.
Таңбалы тас
суреттері
2.Алтын
Адам
3.
Қазақтың киіз
үйі
4.
Домбыра
5. Ясауи
кесенесі
6.
Маңғыстау жерасты
мешіті
7.
Астана -
Бәйтерек


2-топқа
тапсырма
Қазақстанның картасын
«Мазайка» әдісімен құрау, пайдалы қазбаларын, көршілес
мемлекеттерін, Қазақстан облыстарын ретімен орналастырып, айтып
беру.

3-топқа
тапсырма
«Жылдар сөйлейді» әдісі. Осы
бойынша берілген әр түрлі жылдар қайсы, жылда не болғаннын, не
жарияланғандығы туралы тауып қасына жазып, қорғап
шығу.
Осы үш тапсырманы үш топ
орындап шығып постерге жабыстырып, қорғап шығу
керек.
Мысалы:
-ҚР-ның Конституциясы қашан
қабылданды?
(1995 жыл 30
тамыз)
-ҚР-ның рәміздері қашан
қабылданды?
(1992 жыл 4
маусым)
-
Семей полигоны
жабылды
1991 жыл 29
тамыз
теңге айналымға
шықты
1993 жыл 15
қараша
Тұңғыш Президент
сайланды?
1991 жыл 1
желтоқсан
БҰҰ
енді
1992 жыл 2
наурыз
ҚР 2030 бағдарламасы
жасақталды
1997
жыл
Т.Әубәкіров ғарышқа
ұшты
1991 жыл 2
қазан
Астана
күні
2006 жыл 6
шілде
Жастар
жылы
2019
жыл
Қ.К.Тоқаев президент болып
сайланды
2019 жыл 9
маусым
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
.
- Баршаңызды айтулы мереке –
Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұл күн ұлттық мерекелер
тізбесіне еніп, тарих беттеріне алтын әріптермен жазылады. 1990
жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация
қабылданып, елдің егемендігі, тәуелсіз мемлекет ретіндегі
саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Сондықтан да, бұл күн аса
мәнге ие. Ел Президенті өз жолдауында қоғам болып оң саясатты
жүргізе отырып, бірлік пен ынтымақтастықты ту етіп, әлемдегі үздік
жетістіктерді алуымыз қажеттігін айтты. Бүгінде Президенттің берген
тапсырмасына сәйкес, аймақта барлық салада оң нәтижелер іске асуда.
Бұл - барлығыңыздың еңбектеріңіздің ортақ жемісі. Осы орайда,
еліміздің әл-ауқаты күн сайын артып, әр шаңырақта бейбітшілік пен
бақыт салтанат құрсын дегім келеді. Мереке күні баршаңыздың
отбасыларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілеймін. Тәуелсіз
Қазақстанның өркендеу жолында жасап жатқан игілікті жұмыстарыңызға
табыс тілеймін,
Видеоролик
көрсету.
https://youtu.be/dtuvsMJWzEs?si=OBXEG5gflwBgoo4K
Оқушыларға Республика күні
тәрбие сағатына видеоролик көрсетіп, білмегендерін
толықтыру.
Кері байланыс:, Бүгінгі
сабаққа кері байланыс беру.

|