Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Рухани тәрбие
Материал туралы қысқаша түсінік
баяндама құнды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
28 Қырқүйек 2018
176
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Рухани жаңғыру – Елорданың еңселі белестері»Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, ез елін, тарихын білуге, жалпы адамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным-белсенділіктерін арттыруға бағыттауСабақтың көрнекілігі: Бүктеме, суреттер, нақыл сөздер Сабақтың барысы: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық дамуының әрбір баспалдағын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ғылыми негізделген теориялық тұжырымдарымен, сындарлы саясатымен және қажырлы саяси қызметімен қабысып жатқан, біртұтас даму үдерісі деп атауға болады. Елбасының кеше жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – елінің ертеңгі күнін бүгіннен күйттеген, Қазақ елінің ғұмырын қайтсем мәңгілік етем деген кемеңгер ұлдың тынымсыз қажыр-қайратының көрінісі. Мақала терең ойларға шомдырып, салмақты, салиқалы әрекеттерге жетелейді, халықтың рухын тіктеп, қазіргі қым-қуат қарекетімізге биік рухтың деңгейінен қарауға шақырады. Біз ел болып, етек жапқалы бері толағай табыстарға жеттік. Жетістік бар жерде кемістік те бар. Сол кемшін соғып жатқан жерлеріміздің түбіне үңілсеңіз, оның басты кінәрәті – рухсыздық, рухани жұтаңдық немесе сауатсыздық боп шығады. Нұрсұлтан Әбішұлының бұл мақаласы қоғамның осы дертін дөп басып, оның дауасын тауып, елді түзеуге арналған. Елбасы мақаласында ұлт руханиятының барлық салаларындағы терең зерттеулерге азық боларлық ойлар жатыр. Ол ойлардың тереңіне үңіліп, жүзеге асырар жолдарын жіліктеуге бір мақаланың шамасы жетпесі айдан анық. Сондықтан өмірін ұлт руханиятына арнап жүрген, Елбасы «бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет» деп ерекше атап өткен қоғамдық ғылымдар саласындағы зиялы қауымды Елбасы идеяларын қолдауға шақырғым келеді. Мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын екінші бөлімі гуманитарлық ғылымдардың алдына үлкен міндеттер қойып, оны жүзеге асыруды қолдаудың мемлекеттік тетіктерін анықтап беріп отыр. Бұл салада үлкен қозғалыстардың болары сөзсіз. Гуманитарлық ғылымдар ішіндегі ерекше орны бар заң ғылымдары үшін де жауапты кезең туғандай. Адамзат қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етуде құқық сияқты, көпшілігінде оның көрінісі ретіндегі заң сияқты пәрменді құралды әлі ойлап тапқан жоқ. Құқық адамзат қоғамының қат-қабат күрделі қатынастарын реттеп, қатігездік пен жауыздыққа тыйым салып, ізгілік пен жасампаздықты қолдап, әділеттілік пен теңдікті, заңдылық пен тәртіпті ту етіп, адамзат қоғамын өркениет жолына жетелеп келеді. Заңгер-ғалымдар Елбасы мақаласында қозғалған ойлар мен одан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолында қажырлы еңбек етуі тиіс. Құқықтың ел таныған ізгі қағидаларының бүкіл құқықтық жүйенің, саяси жүйенің темір қазығына айналуы үшін Елбасы ұсынған жолмен ізденіс жасап, жаңғырудың жаңа жолдарын ұсынуымыз қажет деп ойлаймын.Қорыта айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының терең ғылыми еңбектері мен ғылымның әр саласындағы концептуалдық ойлары кешенді зерттеуді талап етеді. Президент Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары, мақалалары мен айтқан сөздерінің мазмұны сырттай көрініс беретін «нақтылыққа» қарағанда әлдеқайда тұңғиық және ауқымды, сансыз ұқсас құбылыстарды қамтиды және уақыт тезіне төзімді. Толғағы пісіп айтылған айшықты ой уақыт қойнауын бұзып өтіп, басқа ұрпақтың алдынан есік ашып, сол ұрпақпен біте қайнасып, оның бүгінгі күнгі нақты қызметі мен ұнамына, оның философиясы мен мораліне, қам-қарекетінің өзегі мен тұрмысының мәніне айналады. Назарбаевтың стилистикалық жағынан таза, бос сөздер өрнегінен ада мақалалары - қазақтың жоғын жоқтап, мұңын шаққанның ойы, терең ізденіске толы және сөздің жақсы мағынасында философиялық. Нұрсұлтан Әбішұлының барлық жолдаулары мен сөздеріндегі, мақалалары мен кітаптарындағы ойлар болашаққа меңзейді, біздің мемлекетіміздің жолын айқындайды, сондықтан да олар өміршең және ойлануға мәжбүрлейді. Ұрпақтар оның осындай еңбектері арқылы ел өмірінің дербестіктегі күрделі кезеңі жайлы, оның рухани, этикалық және эстетикалық өмірі туралы төрелік айтатын болады. Әркімнің туған жері жүрегінің түкпірінде емес пе? Сыртта жүрген азаматтар елге, ауылға барып, өздерінің болмысын көрсетсе, елге сәлемдессе, елмен байланысса нұр үстіне нұр болар еді. Араласып қана қоймай, ауыл жастарын игі істерге бастап, соларға үлгі-өнеге көрсетіп, жолбасшы болып, бағыт-бағдар берудің өзі рухани тұрғыдан жаңғырудың бір көрінісі дер едім. Мәселен, ауылда жоғары оқу орнын оқуға мүмкіндігі болмай қалған қыз-жігіттер бар. Міне, оларға да қолдау көрсетіп жіберсек, қандай керемет. Ол дегеніміз – алдынан айқара ашылған жаңа әлемнің есігі, бастауы болмай ма? Елбасының осы аталған мақаласы аясында бүкіл еліміз бойынша кереметтей кездесулер, жиындар мен шаралар ұйымдастырылуда. Соның ішінде өнер адамдары да қалыс қалып жатқан жоқ. Бұл да болса елмен етене болудың бірегей үлгісі іспетті. Халық та елім, жерім деп жомарт жүрегімен келіп жатқан азаматтарын құр қол қайтармай, барынша құрмет көрсетуде. жерің мен халқыңның пейілінен, ықыласынан асқан марапат жоқ деп ойлаймын өз басым. Еңбегің еленіп, ескеріліп жатса, онда бейнетіңнің жемісі деген сөз. Сол жемістің ең асылы мен қымбаты туған жерден болса, онда оның орны да, дәмі де бүкіл тұла бойыңа таралып, нәр береді, шабыт сыйлайды, қанат бітіреді. Ал, біз сол қанатымыз арқылы туған топыраққа, туған жерге, елге талмай, табан тіреп отырамыз.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)