Сабақ жоспары Ұлттық ойын - ұлт қазынасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Ұлттық ойын - ұлт қазынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін колледж оқытушыларына көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ


Оқыту мақсаты, осы сабақта қол жеткізетін (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.3.3 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау

Сабақ мақсаты

Әр-түрлі физикалық әрекеттерді пайдаланып, қазақтың ұлттық ойындарды ойнай алады

Бағалау өлшемдері

Қазақтың ұлттық ойындары ережесін біледі

Біріккен әрі тиімді жұмыс көрсетеді

Ойын кезінде әр-түрлі физикалық әрекеттерде дағдыларды түсініп қолданады

Тілдік мақсаттар


Мыналарды қамтиды:стратегия, тактика, жүріс

рөлдер: ойыншы, төреші команда, қарсылас, шабуылдау, қорғаныс ережелер, бағалау, адал ойын

«Көкпар», «Ақсүйек»

Тәрбиелеу құндылықтар

Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу

Пән аралық байланыс

Математика, Қазақстан тарихы

АКТ қолдану

Ғаламтордан мәліметтер алу

Бастапқы білім

Білім алушылардың мектеп қабырғасында алған білімін сұрау не білетінін сұрақ арқылы анықтау.

Сабақ барысы


Жоспарланған кезеңдері

Сабақ барысында жоспарланған іс-шаралар


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Білім алушылармен сәлемдесу, бүгінгі сабақтың тақырыбымен және бағалау критериімен таныстыру.

Сабақ барысындағы немесе дене жаттығуларын орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда, активити «соқыртеке»,

 «сақина салу» ойынын ойнату.

Жүгіріп орындалатын жаттығулар жиынтығы.

Бірінші топ құрал жабдықсыз орындалатын қарапайым жаттығулар кешенін құрады, топ болып орындайды. (қол мен иық буындарына, мойынға және денеге, аяққа және жалпы денеге арналған);

Екінші топ құрал жабдықпен орындалатын жаттығулар кешенін құрады, топқа ұсынады (нығыздалған доппен, гантелмен, секіргішпен,

гимнастикалық орындықта, гимнастикалық қабырғада, акробатикалық жаттығулар).

Білім алушылардан сұрау:

 - Әр түрлі бұлшық еттер топтарын жаттықтыратын жаттығуларды неліктен орындау қажет? (жауаптарын тыңдау, жауаптарына қарай бағалау)

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік.

Оқытушыға арналған ысқырық.

Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.

Негізгі бөлім

1-тапсырма

(Т, Тәж, Ф)

 Білім алушыларға теориялық мәліметтер беру. Мынадай ойын түрі бойынша: Жаяу көкпар, ақсүйек, аңшы мен үйрек, жеті тас, бес тас, арқан тартыс, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, ләңгі осы ойындарды түсінгенін басмармақ әдісі арқылы бағалау.

«Көкпар»

2-тапсырма

(Ж, Т, Ф) 

Ойынның алғашқы балама нұсқасы: ойынға - екі команда қатысады. Ойын алаң ортасынан басталады. Қарама - қарсы жақта қазандық орналасқан. (қаз т. аудармасы. «котел»). Ысқырық бойынша «көкпар» ие болу жарысы басталады.Жеңіске жеткен капитан, ойынды бірінші болып бастайды. Ол өзінің командасындағы мүшелерге «көкпарды» беріп, «қазандыққа» жүгіріп барып, оны «қазандыққа» лақтыру керек.

Команда бір ұпай алады. Қарсылас команда қарсыластардың жолын жауып, қарсылас командаға «қазандыққа» өтуге мүмкіндік бермей кедергілер құрастыруы қажет. Адал ойындағы адамгершілік құндылықтары туралы шағын топтарда талқылау.

Ойыншыларды қошеметтеу, сырттай бақылау

3-тапсырма

«Ақсүйек»

Бастаушы ақсүйекті басқаларға көрсетпей жасырады. Ойыншылар қай жаққа жасырғанын көрмей тұрады. Жасырып болғаннан соң, бастаушы: «Ал, іздеңдер»  деп бұйырады. Бәрі іздейді. Ақ сүйекті тапқаны: «Мен таптым!» деп айқайлайды да, ақ сүйекті жоғары көтеріп көрсеткеннен кейін сөреге қарай жүгере жөнеледі. Қарсыластары оны қуып жетіп ұстап алуға тиіс. Ұсталып қалса, ол ақсүйекті өзін ұстаған ойыншыға береді. Ол әрі қарай жүгіреді. Сөйтіп ақ сүйекті қай топтың ойыншысы сөреге жеткізсе, қарсы топтағылар жеңілген  есебінде ән салып береді. Ойын осылайша жалғаса береді.

Сұрақ-жауап

Қандай қиындықтар болды?

Шешу жолдары?

Білім алушыларды орындаған жаттығуларына қарай талдау және бағалау.

Өзін-өзі бағалау парағы.

Жүгіруге арналған жол және кең таза кеңістік.

Фишкалар конустар,оқытушыға ысқырық, бор, секундомер

Әрбір тапсырма үшін үлкен бос кеңістік. Оқытушыға арналған ысқырық.

Аумақты белгілеу үшін фишкалар/конустар.




«Көршіңізге айтыңыз стратегиясы»

Қорытынды


Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында ПОПС – формуласын қолдану арқылы білім алушылармен кері байланыс, ол ПОПС – формуласындағы белгіленген төрт жағдаят бойынша білім алушылардан бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазу сұралады

ПОПС – формуласы


П

позиция


О

негіздеме


П

мысал


С

Ой тастау



Саралау – білім алушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары білім алушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Нәтижесін есепке алу арқылы

Бағалау – білім алушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бақылау парағы, сұрақ жауап , бақылау,кері байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
ұлттық ойындар сабағындағы қауіпсіздік ережелері





Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында топ туралы немесе жекелеген білім алушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.05.2021
486
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі