2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Сабақ тиімділігін арттыру

Сабақ тиімділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге білім алушылардың қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу, оның жолдарын анықтай білуге баулу.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

















ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК


«Сабақ тиімділігін арттыру жолдары »













Дайындаған: Назанова П.С.









Шымкент 2024 ж.



Тақырыбы:  Сабақ тиімділігін арттыру жолдары

Жалпы мақсаты: Қазақстан Республикасындағы орта білім мазмұнын жаңарту туралы түсіндіру. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру туралы бағыт беру.

Міндеттері

1.Пән бойынша мұғалімдерге студенттермен жұмыс істеуде білім, білік, икем дағдыларын қалыптастыруға бағыт беру.

2 Тапсырманы орындауда қорытынды жасай білуге үйрету.

3 Мұғалімдерге білім алушылардың қызығушылығын арттыру бойынша шығармашылық ізденістеріне көмектесу, оның жолдарын анықтай білуге баулу.

Күтілетін нәтижелері:

Тапсырмаларды орындау барысында жаңа білім мазмұнына сай жұмыс бағытын меңгереді.

Түйінді идеялар:

Жаңа білім мазмұны арқылы табысты оқытуға қол жеткізеді.


Дереккөздер және құралдар:

Ғаламтор, слайд, бейнебаян, интерактивті тақта, постерлер, маркерлер, стикерлер/түрлі-түсті.


Өту барысы


Ұйымдастыру

1 мин

Қатысушыларды қарсы алу, олармен амандасу.

 



Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Білім беру ұйымы – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , оқу орнын шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,  коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.


Тренинг

«Мұғалімге қажет...» тренингі арқылы мұғалімдерге 5 қажеттілік туралы жазу ұсынылады. Мұғалімдерге 5 қажеттіліктің ішіндегі бүгінгі білім жүйесіндегі өзгерістер, яғни өзгеру қажеттігін жазған мұғалімдердің пікірлерін тыңдау.


 Презентация: Блум таксономиясы



Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы.

Таксономия - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. Блум таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама – қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру

Мақсаттар жүйесі: Білім алушылардың іс-әрекеті

Білім

Білім алушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері

Түсінік

Білім алушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды

Білім алушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы білім алушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады.

Мәтінмен жұмыс

Бақыт

Бір күні Бақыт орманда келе жатып байқаусызда шұңқырға құлап кетті де жылай бастады.

Жақын маңда адамның өтіп бара жатқан дыбысын естіген бақыт көмек сұрап айқайлады: «Қайырымды адам! Менің мына жерден шығуыма көмектесші».

«Сен маған бұл үшін не бересің?» - деп сұрады адам.

«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.

«Мен теңізге қарап тұрған зәулім, қымбат үйім болғанын қалаймын».

Бақыт адамға үй берді, ал адам үйіне қарай жүгіре жөнелді де, Бақытты ұмытты.

Бақыт шұңқыр ішінде жылап отырды.

Жанынан екінші адам өтіп бара жатқанын естіп, айғай салды:

«Қайырымды адам! Маған көмектесші».

«Сен маған не бересің?»

«Сен не қалайсың?» - деп сұрады Бақыт.

«Мен бірнеше әдемі де қымбат машиналарым болғанын қалаймын».

Бақыт адамға қалағанын берді, адам қатты қуанғанынан Бақытты ұмытып, өз жөніне кетті.

Бақыттың үміті мүл

дем үзілді.

Кенет үшінші адамның аяқ басқаны естіліп, Бақыт айғай салды:

«Қайырымды адам! Мені мына жерден шығаршы!».

Адам Бақытты шығарды да өз жөніне кетті. Бақыт қатты қуанып, адамның артынан ілесті:

«Адам! Маған көмектескенің үшін не қалайсың?»

«Маған ештеңе керек емес» - деп жауап берді адам.

Содан бері Бақыт адамның артынан ешқашан қалмастан ілесіп келеді.



1.Тапсырма Мәтінді оқып, түсіну.

2.Мәтінге жіңішке және жуан сұрақтар құрастыру.

3.Мәтінге байланысты мақалдар жазу.

4. Бақыт жайлы жағдаят құрастыру.


Сергіту сәті:

Додекаэдр әдісі: Қатысушылардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастыру мақсатында және бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлау үшін қолдану.


Презентация: Фишбоун әдісі



Топтарда қолдануға болатын әдістемелік әдістердің бірі - "Фишбоун" техникасы. 

Ол ағылшын тілінен сөзбе-сөз "Балық сүйегі" немесе "Балық қаңқасы" деп аударылады

және білім алушылардың сыни ойлауын көрнекі-мазмұнды түрде дамытуға бағытталған.


«Фишбон» әдісі Бұл стратегия – проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады.Бұл сызбаны алғаш болып Каора Исикава ұсынған. Оқыту процесінде бұл әдіс білім алушылардың ортақ тақырыпты талқылауына септігін тигізеді.Бұл балық сүйектерін тігінен және көлденең орналастыруға болады.Жазылым қысқаша жазылуы тиіс. Балықтың басына: зерттелетін , қаралатын, талқыланатын тақырып жазылады. Оң жақ қабырға сүйектеріне: анықтаған проблема себептері, тақырыптың негізгі мазмұндары мен түсініктері жазылады. Сол жақ қабырға сүйектеріне: проблемаларды шешу жолдары, қарама-қайшылық тудырушы кедергілер жазылады. Балықтың құйрығына: анықталған жұмыстың нәтижесі мен талданған тақырыптың қорытындылау сұрағына жауап жазылады.

"Фишбоун" әдісі қалыптасу мен дамуға ықпал етеді. Оны іс жүзінде жүзеге асыру білім алушылардың талдау, синтездеу, жалпылау, қорытынды жасау, мәселелерді шешудің сан алуан, тіпті шындыққа жанаспайтын себептерін іздеу, проблемаларды шешу фактілерін іздеу, себеп-салдарлық байланыстарды орнату қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Фишбоун» әдісінің тиімділігі – берілген мәлімет бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.





Мәтінмен жұмыс


Кері байланыс: «Ғажайып ағаш» әдісі арқылы бағалау.

 Өз көңіл күйлерін, алған әсерлері мен ұсыныстарын стикер арқылы білдіру.

 

 

















09 Желтоқсан 2024
112
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі