Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Шахмат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қаралды пед.кеңесте Бекітемін________Утегенова А. Келісілді: ________C.Б.Биртаева
№__ «__ » ___2024 ж. Сұлукөл ЖОББМ-нің директоры Аудандық білім бөлімі басшысы
Тақырыбы:
Шахмат
(белсенді қозғалмалы сипаттағы жеке және топтық сабақтар)
1-сынып
Орындады:Саткаров А.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Ә/Б отырысында қаралды: ________
(Ә/Б жетекшісі)
№____хаттама _____күні_____айы 2024
Тексерілді: ___________Ақылбекова А.
Оқу ісінің орынбасары
Түсінік хат
Жалпы білім берудің заманауи тұжырымдамасы баланың жеке тұлғалық дамуын, оның шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыруды, жеке қасиеттерін тәрбиелеу идеяларын жоғары қоюда. Осының барлығы шахмат ойындарын үйретуде белгілі бір дәрежеде қалыптасады.
Егер осы уақытқа дейін ғалымдардың басты назары мектеп жасындағылардың қабілеттіліктері мен әрбір қажетті білімді және шеберлікті қалай меңгеруінде болса, ал енді жағдай түбегейлі түрде өзгерді. Қазіргі заман талабына сай, мұнда "ақпараттық үрдіс" айтарлықтай мәнге ие болды. Бұл бірінші кезекте бұқаралық ақпарат құралдарымен, танымал әлем арналарында күні бойы берілетін балалардың ақыл-ойына әсер ететін түрлі бағдарламалармен байланысты. Қазіргі күрделі әлемді түсіну үшін бүгінде басым көпшілігі 3-4 жастағы балаларды жан-жақты интеллектуалды дамытуды қолға алуда.
Н.Ә Назарбаев өзінің 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан - 2050»: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен: «бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек....» нұсқауы мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа бағыт береді.
Мектепке дейінгі балалық шақ - адам өмірінің кішкене бір бөлігі. Бірақ осы уақыт ішінде бала айтарлықтай мәлімет алып шығады. Кішкентай балалардың мүмкіндіктері зор және бұрын тек ересек жастағы балаларға ғана тиесілі деп саналған арнайы ұйымдастырылған оқытумен мектепке дейінгі балалардың білімдері мен икемділіктерін қалыптастыруға болады.
Мектеп табалдырығын аттағалы тұрған балалар үшін көптеген қиыншылықтар кездеседі. Мектептің алғашқы күнінен бастап-ақ бірінші сынып оқушысы мектептің тәртібіне, талаптарына бағынып оған жауапкершілікпен қарауға міндетті және еріктік сапаларын дамытып, оны оқу тапсырмаларына бағындыра отырып сабақта өзін дұрыс ұстау керек, онсыз өзінің тәртібін саналы түрде реттей алмайды. Тек сыртқы тәртібі ғана емес, сонымен бірге баланың ой әрекеті, оның зейіні, есі, есте сақтауы, байқағыштығы, ойлауы өз еркімен меңгерілуі тиіс. Балаға мұғалімнің берген тапсырмасының қорытындысына жете білуі қажет. Және тағы да түсінік жүйесін дәйекті түрде меңгеру керек, ал ол үшін логикалық ойлаудың дерексіз дамуы талап етіледі. Оның үстіне бастауыш сыныпта кездесетін қиындықтардың көпшілігін мектепке дейінгі жастың соңында білім көлемі және дағдылары жеткіліксіз балалар емес, тапсырманы шешуде интеллектуалды әрекетсіздікті көрсететін, ынта-ықыласы жоқ балалар көруде. Ал бұл ерте жастан қалыптасады.
Шахмат – бұл тек ойын емес, балаларға көп қуаныш, ләззат сыйлайтын, ой санасының жетілуіне өте пайдалы құрал. Шахмат ойынын оқытудың бастапқы даму үдерісі балалардың даму қабілеттіліктеріне деген кеңістікті қалыптастыру (бұл мектеп үшін аса маңызды), аналитикалық-синтездік қызметті, бағдарлау зейінін, ой-пікір қорытындысын қалыптастырып, баланы есінде сақтауға, салыстыруға, жинақтауға, өз қызметінің нәтижесін алдын ала болжауға, қажымаушылық, зейінділік, шыдамдылық, дербестік, икемділік, жинақылық, тапқырлық және т.б сияқты бағалы қасиеттерді қалыптастыруға үйретеді және көмектеседі. Балалардың шығармашылық элементтерін енгізу үшін, олардың қазіргі шығармашылық білімінің даму деңгейін әзірлеп, өз білімін меңгеру керек. «Мектепке дейінгі» қызмет түрлерінің құрылуы мектепке дейінгі балаларға тән қажетті және қызықты болуы тиіс, ал бұл сабақты қолдануда балаларды қызықтыратындай мәнді болуға міндетті. Нақты әрекет – балалармен қоршаған әлемді тану әдісі. Егер біз баланың бірдеңені байыпты меңгергенін қалайтын болсақ, онда біз баланың өзінің қызметін іске асыруымыз керек. 3-жастан бастап ойын әрекеті жүргізілетін болады, бұл біздің мақсатымыз үшін маңызды. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балалармен шахматтық сабақтар өткізудің тұтас әдістемесі Ресейде де, басқа да шет елдерде жоқ екендігін ескерген жөн.
Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықтың мазмұнында берілген материалдар мектеп жасына дейінгілердің бастапқы көне ойындарына 5-6 жастағы балаларды қатыстыру көрсетілген. Мақсаты – балдырғандардың даналық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, баланы зеріктірмейтін, өзі реттей алатындай пішіндерді салыстыруға көмектесу, мектепте жақсы оқуы үшін, баланың мектепке психологиялық дайындығын қалыптастыру керек.
Үйірменің мақсаты:
Шахмат, дойбы ойндарының ережесін, техникасын және тактикасын үйрену. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Өзін-өзі тәрбиелеу жүйелі түрде белгілі бір мақсатта, өзінің қабілетін дамыта отырып, мақсатқа жетер жолдағы кедергілерді жеңе білу. Жас ұрпақты ынтымақтастыққа, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу. Өзара тәжірибе алмасу. Оқушылардың спорттық қабілетін арттыру, салауатты өмір салтын насихатау. Оқушыларды топта жұмыс істеп үйренулеріне бағыт беру. Оқушыларды адамгершілікке, тез шешім қабылдауға, ойлау қабілеттерін арттыруға, ұстамды болуға, төзімділікке тәрбиелеу. Шығармашылық жұмыс жасауларына бағыт беру.
Оқушылардың шахмат, дойбы ойындарына қызығушылығын арттыру және осы ойынға балаларды арттыру.
Курстың міндеттері:
-
Оқушыларға практикалық ойын кезінде шахмат тактикасының элементтерімен және жүріс түрлерін есептей білуге үйрету.
-
Оқушыларға бір дүркін шахмат ойнау барысында жүрістің жоспарлау әдісін, шахмат ойынының стратегиялық негіздерін игерту.
-
Типті жағдайда шахмат тақтайы бетінде негізгі стратегиялық тәсілдерді және шахмат позициясының стратегиялық элементтерін білуге үйрету.
-
Оқушыларға ең нашар позиция кезінде теңбе-тең жеңіліссіз ойын үшін шахмат тайталасындағы күрес әдістерін, шахмат ойыны аяқталған кездегі материалдық және позициялық басымдыққа қол жеткізу тәсілдерін меңгерту.
-
Оқушыларды шахмат ойынында кездесетін және көбінесе өзінің бастапқы жүрісті құра білу дағдысын (дебют) көрсете алатын негізгі стратегиялық және тактикалық білімге оқыту.
-
Шахмат ойнау мәдениеті негіздерін қалыптастыру.
Оқушылардың меңгеруге тиіс білімдері мен дағдылары:
1. Ойын ережелерін меңгереді
2. Тактикалық және стратегиялық тәсілдерін үйренеді
Оқу жылының аяғындағы оқушыдан күтілетін нәтижелер:
-
Шахмат тарихы туралы түсінігі болады;
-
Ойын ережелерін біледі;
-
Тактикалық және стратегиялық тәсілдердің негізін біледі;
-
Эндшпиль мен дебютті ойнаудың тәсілдерін нық меңгерген;
-
Шахматты қызығып ойнайды, өз қателерін көреді және түзете алады;
-
Ойын этикасын біледі
Шахмат ойынының жоспары
аптасына 1 сағаттан
№ |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат саны |
Күні, уақыты |
1 |
Шахмат ойыны. Кіріспе бөлім |
1 |
02.09.2024 |
2 |
Шахмат тақтасымен танысу |
1 |
09.09.2024 |
3 |
Пешка. Оның қасиеті |
1 |
16.09.2024 |
4 |
Пешка (жалғасы) |
1 |
23.09.2024 |
5 |
Пешка (соңы) |
1 |
30.09.2024 |
6 |
Жаңа фигура – турка (ладья) |
1 |
07.10.2024 |
7 |
Турка (жалғасы) |
1 |
14.10.2024 |
8 |
Жаңа фигура – офицер (слон) |
1 |
21.10.2024 |
9 |
Офицер (жалғасы) |
1 |
04.11.2024 |
10 |
Жаңа фигра – ферзь |
1 |
11.11.2024 |
11 |
Ферзь (жалғасы) |
1 |
18.11.2024 |
12 |
Ферзь және офицерлер. Екі жақты соққы |
1 |
25.11.2024 |
13 |
Жаңа фигура – ат (конь) |
1 |
02.12.2024 |
14 |
Ат (жалғасы) |
1 |
09.12.2024 |
15 |
Ат (соңы) |
1 |
18.12.2024 |
16 |
Ат жүрісінің шектелуі |
1 |
23.12.2024 |
17 |
Фигуралардың құндылығы |
1 |
13.01.2025 |
18 |
Жаңа фигура – король |
1 |
20.01.2025 |
19 |
Король (жалғасы) |
1 |
27.01.2025 |
20 |
Жүріспен ойнау тәсілдері |
1 |
03.02.2025 |
21 |
Қарсы әрекет. Ойынның қайнар алаңы |
1 |
17.02.2025 |
22 |
Ферзамен мат қою. Ферзамен екі жақты соққы |
1 |
24.02.2025 |
23 |
Корольмен ойнау |
1 |
03.03.2025 |
24 |
Туркамен мат қою |
1 |
10.03.2025 |
25 |
Пешкамен корольдің корольге қарсылығы |
1 |
17.03.2025 |
26 |
Пешкамен екі жақты соққы немесе пешкамен екі фигураны бірдей жеуге жүрілген жүріс |
1 |
07.04.2025 |
27 |
Атпен екі жақты соққы немесе атпен екі фигураны бірдей жеуге жүрілген жүріс |
1 |
14.04.2025 |
28 |
Ферзамен екі жақты соққы Офицермен екі жақты соққы |
1 |
21.04.2025 |
29 |
Туркамен екі жақты соққы |
1 |
28.04.2025 |
30 |
Шахмат сағатымен танысу және қолдана білу |
1 |
05.05.2025 |
31 |
Шахматты сағатпен ойнауды үйрену |
1 |
12.05.2025 |
32 |
Шахмат ойнау және ойнау тәсілдерін жетілдіру |
1 |
19.05.2025 |
33 |
Қорытынды ойындар және жарыстар |
1 |
20.05.2025 |
|
Барлығы |
33 сағат |
|
Ақпараттық-әдістемелік бөлім
-
БАҚ мультимедиалық құралдарды пайдалану;
-
дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
-
электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу.
- топтап оқыту әдісі;
- жеке-дара оқыту;
-
өзін-өзі бағалау;
-
критериалды бағалау
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалім үшін:
-
Сухин И.Г. “Тек кішкентайларға арналған шахмат” Москва, 2013
-
Селиванов А.В. Яков Владимировтың гросмейстердің таңдаулы тапсырмалар жинағы
-
З. Тарраш «300 шахматных партий» Москва 1988
-
“Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ” Талап Сұлтанбеков Алматы, «Қазақстан», 1967.
Оқушы үшін:
-
Шахмат оқулығы Ақтөбе 2002Авторы: Қуандық Әлішев, Серғазы Сауқанұлы
-
Шахмат мектебі. Авторы: М. И. Қапбасов. Көкшетау.
-
Т. Петросян «Стратегия надежности» Москва 1991
-
Девид Придчард “Үйренушілерге арналған шахмат”