Тақырыбы: «Ел жүрегі –
Астана» ашылу салтанаты.
Жүргізуші:
Армысыздар! Құрметті
көрермендер!
Бүгін біз «Ел жүрегі – Астана»
атты Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20
жылдық мерейтойына арналған кешімізді «Жаңаөзен арнайы жалпы білім
беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ шаңырағында өткізгелі
отырмыз.
Жайғасып отырыңыздар бірер
сағаттарыңызды бізбен бірге, көтеріңкі көңіл күймен, өткізесіздер
деген ойдамын.
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Көрермен! Көңіл
күйлеріңіз қалай? Бүгінгі кешімізді тамашалауға дайынсыздарма?
Сіздер дайын болсаңыздар, онда біз
бастаймыз!
Бүгінгі біздің кешіміздің
барысында: Еліміздің бас қаласы Астана қаласының жиырма жылдық
мерейтойына дайындалған іс-шаралар жоспарымен таныс боласыздар.
Сонымен қатар Астананың туған күніне арналған би, ән шашу, сонымен
қатар викториналық сұрақтармен қызықты ойындарда
өтеді.
Жүргізуші:
Елбасымыз 1997 жылы
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру жайлы жарлыққа
қол қойды. Ал 1998 жылы Шаһардың атауыда өзгеріп Астана қаласына
айналды. Міне содан бері жиырма жылдай уақыт өтіп Астанамыз Арман
қала болып бой көтерді. Міне бүгін ерекше күннің бастауы, яғни
еліміздің бас қаласы Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына
дайындалған іс-шаралар жоспарымен таныс
болыңыздар!
Р/с
|
Тақырыбы
|
Уақыты
|
Жауапты
|
1
|
«Ел жүрегі -Астана»
ашылу салтанаты.
|
11.12.2017
|
Тәлімгер Мусаева
М.
|
2
|
«Менің сүйікті
Астанам»
сурет көрмесі. /1-4
сыныптар/
|
20.12.2017
|
Бастауыш сынып
мұғалімі Адайханова Г.
|
3
|
«Асқақта мәңгі
Астана»
мерекелік
әдеби-сазды кеш.
|
19.01.2018
|
ПБЖ Лекерова
Г.
|
4
|
«Спорт – біздің
серігіміз»
асық ату
сайысы.
|
15.02.2018
|
Дене пән мұғалімі
Каракулова Б.
|
5
|
«Ел жүрегі -Астана»
тәрбие
сағаттары.
|
Ақпан
айы
|
Сынып жетекшілер,
тәрбиешілер
|
6
|
Отбасылық спорттық
сайыс
«Біз мейірімді
отбасы»
|
16.03.2018
|
Дене пән мұғалімі
Каракулова Б.
|
7
|
«Асқақта, айбынды
елдің Астанасы» кітаптар
көрмесі.
|
Наурыз
айы
|
Кітапханашы
Жарасова
Т.
|
8
|
«Туған күніңмен,
Астана»
қолөнер
көрмесі.
|
13.04.2018
|
Еңбек
пән
мұғалімдері
|
9
|
«Астана-арман қала»
ән байқауы. /мұғалімдер, мамандар
арасында/
|
21.04.2018
|
Музыка жетекшісі
Кажыгалиева М.
|
10
|
Волейбол ойыны
мұғалімдер арасында.
|
26.05.2018
|
Дене пән мұғалімі
Жайладова Г.
|
11
|
«Сүйікті қалам Астана» асфальтка сурет салу
сайысы
/тәрбиеленушілер
арасында/
|
01.06.2018
|
ПБЖ Аманова
Ж.
|
12
|
«Ел жүрегі -Астана»
мерекелік
бағдарлама.
|
06.07.2017
|
ТЖО,
тәлімгер,
музыка
жетекшісі
|
Жүргізуші:
Осынау ерекше күнді мінекей
бізде бастап кеттік. Бүгінгі кеште бізге мектебіміздің ардақты
ұстаздары және өнерлі оқушылары қонаққа келіп
отыр.
Құрметті көрермендер енді
бүгін біздің кешімізге қонаққа келіп отырған қонағымызды
таныстырсам деп отырмын! Үлкен қошеметпен қарсы алыңыздар бүгін
ортамызда мектебіміздің алғашқы деректоры, казіргі таңда мектеп
әдіскері Қайрлиева Рабиға Мұратқызын
ду қол қошеметпен қош келдіңіз
ортамызға мереке құтты болсын!
Ал мереке құтты болсын!
Көңіл күйлеріңіз қалай? Мінекей бүгінгі кешіміз ерекше форматта
өткелі отыр.
Ал енді бүгін үлкен мерекенің
бастауы, яғни Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойының бастауы.
Өздеріңізден бір жылы тілектеріңіз болса?
Ән: «Тәтті ару»
орындайтын Құрбанғалиев Азамат қарсы
алыңыздар!
Ия 20 жылдың ішінде Елорда
еңсесін тіктеп әлемнің алпауыт шаһарларымен иық теңестірді, ақылды,
зияткер қалалардың тізімінде аталып жүр. Тұрғындары Миллионнан асып
Донр қалаға айналды. Бұл сіздер естіп, көріп жүрген мәліметтер. Ал
мен Елордасы Астана қаласының жиырма жылдық мерей тойына орай біраз
ізденіп, көпшілік біле бермейтін деректер жинадым. Сіздер мен
біздер білмейтін қызықты мәліметтер жетерлік солардың бір қатарымен
бөліскім келіп отыр. Ендеше назар
аударыңыздар!
Астана қаласының атауы парсы
тілінен аударғанда «Киелі орын – босаға» деген мағынаны
білдіреді.
Астана әлемдегі Ұланбатырдан
кейінгі суық Астана болып саналады. Астана тіпті Канаданың астанасы
Оттаваданда салқын екен.
Ал ДУМАН ойын-сауық
орталығының мұхит аралы ТМД-да ашылған бірден-бір нысан. Бұл
әлемдегі көк мұхиттан 3 мың шақырым қашықтықта орналасқан жалғыз
мұхит аралы. Думандағы су қоры 3 миллион литр. Оны дайындау кезінде
120 тонна теңіз тұзы кеткен екен. Сондай-ақ бұл жерде қазір 2000
теңіз жәндігі мекен етеді.
ХАНШАТЫР ойын-сауық орталығы
шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар
кітабына еңгізілген. Оның биіктігі 150
метр.
ӘЗІРЕТ СҰЛТАН МЕШІТІ орта
Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі. Оның аумағы 11 гектар, ал ішіне
10 мың адам еркін сияды.
Ал Елордадағы Ұлттық
Академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап бар. Сонымен
қатар Қазақстандағы ең үлкен ту Астана қаласында орналасқан. Оның
көлемі 15/30 метр. Ту 111 метрлік биіктікте тұрғандықтан, қаланың
кез-келген жерінен көзге ілінеді. Елордадағы жастардың орташа жасы
30 жас, яғни қалада жастардың қарасы басым деген сөз. Астанадағы ең
қысқа көше «Біржан сал» көшесі оның ұзындығы бар болғаны 359 метрге
жуық.
Елордадағы ұзынан ұзақ созылып
жатқан ғимарат Министрліктер үйі, ол шамамен 2 шақырымды
құрайды.
Әзірге менің жинаған қызық
деректерім осы келесі жылы бұданда көп болады деген
сенімдемін.
Ән: «Қазақ қызға
үйленем» орындайтын Биримбаев Қуаныш қарсы
алыңыздар!
Викториналық
сұрақтар:
-
Ал енді сұрақ бұл ежелгі
қалашық шамамен ҮІІІ ғасырда өмір сүрген қалашық, Нұра өзенінің
Есіл өзеніне өте жақын ағып келетін тұсында орналасқан. Елбасымыз
Нұрсылтан Назарбаев өз еңбектерінде, орта ғасырлық бұл қаланы
Ақмоланың түпкі атасы деп санауға болады. Ал оның соңғы мұрагері
қазіргі Қазақстанның астанасы Астана қаласы деп жазған. Бұл қай
қалашық? (Босоқ)
-
1876 жылы АҚШ-та яғни
Филадельфия қаласында өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінде тамаққа
қосатын бір зат әлем назарына ұсынылды. Бүгінде оны кез келген
азық-түлік дүкендерінен сатып алуға болады. Ал енді сұрақ бұл
қандай зат. (Кетчуп)
-
Ең алғашқы көрме 1851 жылы
Ұлыбританияда Альберт ханзаданың бастауымен ашылған болатын,
көрменің басты ғимараты неден салынған еді?
(Хрусталь)
-
Бұл ғимарат 1889 жылғы ЕХПО
көрмесіне арналып салынған болатын. Көрмеден кейін ол қала сәнін
кетіреді деген желеумен бұзылмақшы болды. Алайда жергілікті
радиостанцияның арқасында бұзылмай сақталып қалған еді. Бұл қай
ғимарат? (Эфиль)
-
Екібастұзда бір нысан дүние
жүзілік рекордтар кітабына енген, яғни ұзындығы жағынан оның
ұзындығы 418 метрден асады. Сонымен бұл не?
(Мұржа)
-
Елордалық бір жасар Саида
есімді қызды Астана қаласымен бір нәрсе байланыстырады, оның өз
атағы да бар. Оны әлі білмейді, есесіне оның ата-анасы жақсы
біледі. Саиданы Астана қаласымен не байланыстырады деп ойлайсыздар?
(Милионыншы тұрғын)
-
Ол 1888 жылы Шығыс Қазақстан
облысында дүниеге келген дарынды әнші, сонымен қатар актёр, әншілік
қабілетін кезінде қазақ әдебиетімен өнерінің көрнекті өкілдері
Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфулин, Иса Байзақов, Әлкей Марғұлан,
Жүсіпбек Елебеков, Құрбанбек Жандарбеков пен Ахмет Жұбанов өте
жоғары бағалаған, әнші әрі актёрдың атын атаңыз? (Әміре
)
-
Астана қаласының рәміздерінің
бірі, яғни «Бәйтеректің» ұзындығы неше метр? (97
метр)
-
Астана қаласының рәміздерінің
бірі, яғни «Бәйтеректің» ұзындығы не себептен 97 метр?
(Бұл
сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне
байланысты)
Поэзиялық өлең:
Желтоқсан желі оқыған Айғаным
Аралбайқызы
Қанекей көрермендеріміз
зерігіп кеткен болса биге дайынбызба?
(сахна сыртында ән ойнайды
«Макарена» сол кезде мектебіміздің музыка жетекшісі Мархаба
Қажығалиева билеп шығады.)
Құрметті көрермендер енді
бүгін біздің кешімізге қонаққа келіп отырған мектебіміздің музыка
жетекшісі Мархаба Қажығалиевамен таныс болыңыздар! ду қол
қошеметпен қош келдіңіз ортамызға мереке құтты болсын! Байқаймын
бүгінгі біздің кешімізге көтеріңкі көңіл күймен келіп отырған
сияқтысыз?
Ал енді бүгін үлкен мерекенің
бастауы, яғни Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойының бастауы.
Соған орай өзіңізден бір жылы тілек болса?
Би:
«Макарена»
Атақты айтыскер ақын Сара
Тоқтамысованың өлең жолдарын еске түсіре кетсем деп
отырмын:
Әкем қымбат, аяулы анам
қымбат!
Ар қымбат, жарымменен, балам
қымбат!
Ел бастаған көреген
көшбасшыммен,
Қазақстан байтағым далам
қымбат!
Астанадай ордалы қалам
қымбат!
Береке бірлік берген заман
қымбат!
Жер бетін мекендеген әр
қазақтың,
Бас түгіл, бір тал шашы маған
қымбат!
Сарыарқаның даласында Есілдің
жағасында бой көтерген Айбынды Астанамыз бейбітшілік бесігі болып
тербеле берсін! Айбынды Ақордамыздың мерейі жылдан жылға асқақтай
берсін!
Ән: «Елімнің жүрегі –
Астана» орындайтын Айғаным
Аралбайқызы.