Салтанатты жиын "Елбасы еңселеткен Елорда"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Салтанатты жиын "Елбасы еңселеткен Елорда"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материял мектептің МЖО және ТЖО қызметкерлеріне дайын мерекелік бағдарлама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Елбасы еңселеткен Елорда»

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру, білім алушыларға өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға құрметтеуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! 1 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы еңселеткен Елорда» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

(Гимн орындау)

Алғашқы құттықтау сөзді мектеп директоры Жалмуханова Аксауле Есбайқызына береміз.

Жүргізуші: «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.

Жүргізуші: Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын Адайханова Гүлзира

Жүргізуші:

Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.


Жүргізуші: 1991 жыл 1 желтоқсан. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтім, бүкіл дүние жүзіне Қазақстан елін таныты десе болады.

Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстау керек. Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай!
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер, желбіретіп, нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата – баба рухына.

Балабақша тәрбиеленушілерінің орындауында би «Джентельмен»



Жүргізуші:

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!


Жүргізуші:

Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән
.


Ән «Тәуелсіздік» орындайтын 9-сынып оқушысы Айтжанов Бакдаулет


Жүргізуші:

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Жүргізуші:

Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін
Тұңғыш Президенттің күнінде
әнде салып, биде билеп шырқатсын! – дей келе
7 – сынып оқушыларының орындауында «Вальс» биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.


Тұңғыш Президент күні баршаңызға құтты болсын! Тәуелсіздіктің 26 жылдығы құтты болсын!
«Елбасы еңселеткен Елорда» салтанатты жиынын жабық деп жариялаймыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2018
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі