Материалдар / Секіру және оның техникасы

Секіру және оның техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Секіру кезінде не істеу керектігін айтты деп ұқ мен дтаской мен справкамен да есть возможность международного права на хюндай акцен да бампер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
645
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биіктікке секіру техникасын үйретудің әдістемесі

Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.

Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі “аттап”секіру,екіншісі-алдыға қарай “аунап”секіру,үшіншісі- “шалқадан жатып өту”. Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткіш- “шалқадан жатып өту” әдісімен орындалып отыр.

Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі “аттап” секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы “аттап” секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат-итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ өткеннен кейін, итерілетін аяқ мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі.

Аударылып түсу” әдісін үйрену, атап айтқанда “аяқты жиып секіру” әдісінің одан әрі жетілген түрі болып табылады. Аяқты жиып секіру әдісін меңгергеннен кейін, тура тіке жүгіруден қиғаш жүгіруге көшу қажет. Осылай жүгіру арқылы аяқты жиып секіруді орындау керек. Бұл жаттығу кергіге жақын тұрған аяқты жерге тіреп секіруді меңгеру үшін қажет. Осы әдісті меңгерген сайын кедергіден асып түсіп бара жатқанда,денені көлденең қалыпта, жерге тіреген аяққа қарай ұстауға үйренулері керек. Оны үйренген соң кедергіден асып түсудің мейлінше жетілдірілген түрін үйренуге көшу қажет, ал бұл көбінесе секциялық сабақтарда өткізіледі.

Ептіліктің әдеттегі жаттығулары болып табылатын секіру алуан түрлі. Жеңіл атлетикада биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш аттап секіру және сырықпен секіру секілді төрт түрі өте кең тараған. Секіру оқушылардың дене тәрбиесінде күшті, жылдамдықты, икемділікті, батылдықты, секіргіштікті дамытып, қозғалыс үйлесімділігін жетілдіреді. Өз денесін меңгере білуге баулиды. Оның қай қай түрі де жалпы дене, аяқ, сан бұлшық еттерін нығайтып, дамытады. Тыныс алуды және дененің басқа да мүшелерінің жұмысын жақсартады. Секіру жаттығуларын орындағанда мына төмендегілерді есте сақтаған жөн.

Екпіндей жүгіретін жолдың үстінде бөгде заттар болмауы, секіретін шұңқырдағы құм секірер алдында қопсытылуы, тас, әйнек, ағаш т.б. денеге зақым келтіретіндей заттардан тазартылуы керек. Егер биіктікке секіру залда өтетін болса, секіріп түсетін жерге гимнастикалық төсеніштер қалың, кең етіп төселуі тиіс. Секіретін кергіні (планканы) дайындап тұратын оқушылар кергі өздеріне тиіп кетпеу үшін секіретін бағандардың алдында тұруы тиіс. Биіктікке секіруде оң және сол жақтан секіру кезектерінің сақталуын қадағалау керек. Ұзындыққа секіргенде шұңқырда секірушілер бір-бірімен соқтығысып қалмау үшін, әрбір секіру арасында белгілі бір уақыт белгіленуі қажет.

Екпінді жүгіру кезінде мынадай қателер жіберілуі мүмкін: серпілер алдына шапшыңдықты баяулату, соңғы адамдарды тым созып аттау. Серпілуде кездесетін қателер: денені жеткіліксіз мөлшерде жиыру, дененің алға қарай тым еңкеюі не шалқаюы. Ұшу кезіндегі қателер: денені жеткіліксіз мөлшерде жиыру, дененің алға қарай тым еңкеюі, аяқты ертерек түсіруге мәжбүр ететін дененің алға қарай көбірек ауытқуы. Жерге түсудегі қателер: артқа құлау, екі аяқты теңдей ұстамай түсу. Жалпы ұзындыққа секіру нәтижесі жүгіру жылдамдығы мен серпілуге байланысты болады. Жүгіру қажетті жылдамдыққа жетуге мүмкіндік береді. Жүгірудің екі түрі бар: жылдамдықты бірте бірте арттыра жүгіру, ол барынша қатты серпілуге қол жеткізеді және жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп, сол жылдамдықты серпілуге дейін сақтау.Жүгірудің бірінші сатысында кеудені алға қарай еңкейтіп, қолды барынша сермеу керек. Жүгіру жолының ортасына келгенде кеуде сәл көтеріліп, соңғы адымар жасайтын кезде тік ұсталады. Жүгірудің соңында жылдамдықты сақтап, тіпті оны біраз арттырып, секіру қимылын еркін орындауы керек. Бұл секірушінің аяғын тез, қатты серпуіне мүмкіндік береді.

Жүгіріп келіп биіктікке секірудің әр түрлі әдістерін үйрену мынадай жүйеде өтуі керек: үйренуді “жиырылу әдісімен” секіруден бастау қажет, яғни секіруді онша қашық емес жерден еркін жүгіріп келіп, шағын биіктіктен бастаған жөн. Алғашқы үш төрт секіруден кейін-ақ жерден серпілетін аяқты анықтап алу керек. Жерден серпілетін аяқты белгілеп алған соң әрбір оқушы үшін 7-9 адым жүгіретіндей, өзіне қолайлы екпін алу қашықтығын айқындап алған жөн болды. Жүгіріп кпін алатын жердің ұзындығын белгілеген кезде аяқты тірейтін жерден секіруді бастайтын жерге дейінгі бағытқа қарай әдеттегі жүру адымындай етіп 14 адымнан 18 адымға дейін санап жүріа, әр қадамды белгілеу керек. Ал жүгіру басталатын жерді көлденең сызықпен белгілеу қажет. Осы көрсетілген белгіден алғашқы адымды серпілетін аяқтан бастап жүгіру керек.

Биіктікке секіруде жүгіріп екпін алған кездегі жүгіру адымы әдеттегі жүріс адымынан, шамамен алғанда, екі есе үлкен. Сондықтан 14 жүріс адымына тең жерді жүгірген кезде 7 жүгіру адыммен өтіп шығуға болады. Кейбір балалар адымдап белгіленген жүгіру қашықтығын дұрыс өтіп шыға алмайды, яғни олар жерге тірейтін аяқтарын тура, дәл қоя алмайды. Осыны ескеріп, алғашқы үш-төрт секіруден кейін мұғалімнің көмегімен аяқты тірейтін жерді нақтылап алулары керек. Серпілетін аяқ серпілу нүктесіне жетпесе кергіні жақындатып, ал серпілетін аяқ бұл жерден асып кетсе, адымды қысқарту қажет. Жүгіріп екпін алу қашықтығын анықтаған кезде кергісіз секіріп үйрену керек. Өйткені кергінің жоқтығы оқушыларға еркін жүгіріп келуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл жаттығуларды аса көп қолдануға болмайды. Әрбір оқушы табанымен өлшеп,өзінің жүгіріп екпін алатын жерінің ұзындығын біліп алғаны жөн. Өлшеу кергіден басталып, жүгірріп екпін алу нүктесі басталатын жерге дейін жүргізіледі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ