ШЕТЕЛДІК ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМА: ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
«7М01601 – Тарих» білім беру бағдарламасының
2 курс магистранты Ахмет Самал Дауренқызы
Алматы қаласы, Қазақстан
Жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми тағылымдамадан өтуі оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Бұл тәжірибе студенттерге теориялық білімді практикада қолдануға, ғылыми зерттеу дағдыларын жетілдіруге және халықаралық деңгейде тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында студенттердің шетелдік ғылыми тағылымдамаға шығу мүмкіндіктері соңғы жылдары айтарлықтай кеңейіп келеді. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары студенттердің академиялық тәжірибесін арттыруға, халықаралық байланыстарын нығайтуға және заманауи ғылым саласындағы тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.
Қазақстанның білім және ғылым саласындағы стратегиялық бағдарламалары, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы мен университеттердің академиялық алмасу жобалары студенттердің шетелдік оқу орындарында ғылыми тәжірибе жинауына зор мүмкіндік береді. Бұл бағдарламалар тек білім алушылардың ғылыми құзыреттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар олардың халықаралық деңгейде кәсіби байланыстарын кеңейтуге де септігін тигізеді. Студенттер шетелдік университеттерде білім алумен қатар, ғылыми жобаларға қатысу, конференциялар мен семинарларда тәжірибе жинау арқылы өздерін кәсіби ортада сынай алады.
Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, мен өз тәжірибемді сипаттайтын болсам, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенті ретінде шетелдік ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында Баку мемлекеттік университетіне (БМУ) бардым. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін бұл тәжірибе мемлекеттік деңгейде қолдау тапқан маңызды процесс болып табылады. Университет студенттерін ғылыми тағылымдамаға жіберу олардың зерттеу қабілеттерін жетілдіруге, шетелдік ғылыми орталармен танысуға және кәсіби тәжірибесін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе студенттерге халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кірігуге, ғылыми байланыстар орнатуға және академиялық жобаларға қатысуға жол ашады.
Баку мемлекеттік университетінің тарих факультеті студенттердің ғылыми қызметіне ерекше мүмкіндік береді. Университеттің факультеті бірнеше кафедрадан тұрады, олардың әрқайсысы өз саласында маманданған. Факультет құрамындағы кафедралар мыналар:
-
Ежелгі және орта ғасыр тарихы кафедрасы – ежелгі дәуір мен орта ғасырларды зерттейді;
-
Еуропа мен Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы – батыс тарихын терең зерттейді;
-
Азербайжан тарихы кафедрасы – ел тарихы мен мәдениетін зерделейді;
-
Кавказ халықтарының тарихы кафедрасы – Кавказ аймағының тарихи дамуын зерттейді;
-
Тарих дереккөзтануы, историография және әдістеме кафедрасы – тарихи деректерді талдау және зерттеу әдістерін үйретеді;
-
Түркі халықтары тарихы кафедрасы – түркі елдері тарихын зерттейді;
-
Славян елдері тарихы кафедрасы – славян елдері тарихына маманданған;
-
Азия және Африка елдері тарихы кафедрасы – Азия мен Африка елдерінің тарихын зерттейді.
Әр кафедра студенттерге терең ғылыми зерттеу жүргізуге, деректерді талдауға және өзекті тарихи мәселелерді зерделеуге жағдай жасайды. Мен осы кафедралармен танысып, олардың ғылыми ресурстарымен жұмыс істедім. Бұл тәжірибе менің зерттеу әдістемелік құзыреттілігімді арттыруға ғана емес, сонымен қатар халықаралық ғылыми стандарттарды түсінуге де септігін тигізді.
Баку университетінде тарих факультетінің деканы Ибрагим Зейналовпен кездесуіміз есте қаларлықтай өтті. Кездесу барысында декан мемлекеттер мен университеттердің арасындағы академиялық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Ол студенттердің халықаралық тәжірибесі олардың ғылыми және кәсіби дамуы үшін өте маңызды екенін, сондай-ақ университеттер арасындағы ынтымақтастық екі елдің білім беру жүйесін жақсартуға жол ашатынын айтты. Бұл кездесу мен үшін академиялық көзқарасты кеңейтуге, шетелдік университеттің ішкі құрылымын түсінуге және ғылыми байланыстарды дамытуға нақты бағыт берді.
Тағылымдама барысында біз Ұлттық музейге барып, тарихи деректерді жинадық, мәдени және тарихи материалдарды зерттедік. Музей қорындағы материалдар бізге факультет зерттеу бағыттарына сәйкес қосымша деректер алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, университет кітапханасының қоры мен ресурстарымен танысып, онда ғылыми жұмыс жүргізудің ерекшеліктерін үйрендік. Кітапхана студенттер мен зерттеушілерге халықаралық ғылыми әдебиетке қол жеткізуге мүмкіндік беріп, зерттеу жұмысының сапасын арттырды.
Сондай-ақ біз ғылыми конференцияға қатысып тәжірибе жинадық. Конференцияда тарих демографиясы саласының маманы, философия докторы, «Тарихнама және әдістемелік зерттеулер» кафедрасының доценті Айдын Мамедов өз тәжірибесімен бөлісті. Конференция тақырыбы – «Тарих методикасы». Бұл іс-шараға БМУ магистранттары да қатысты. Конференцияда ұсынылған ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдері мен үшін маңызды тәжірибе болып, зерттеу дағдыларымды жетілдіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, біз Мемлекеттік кітапханада жұмыс істеп, қосымша тәжірибе жинадық. Бұл тәжірибе деректерді іздеу, талдау және ғылыми жобаларға қолдану дағдыларын дамытуға септігін тигізді.
Осы тәжірибе Қазақстан студенттері үшін шетелдік ғылыми тағылымдамалардың маңыздылығын айқын көрсетті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерін ғылыми тағылымдамаға жіберуі, Баку мемлекеттік университетінің ғылыми ресурстары мен академиялық ортасына қол жеткізу мүмкіндігі, конференциялар мен зерттеу тәжірибесі студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, халықаралық деңгейде өздерін көрсетуге жол ашады. Мұндай тәжірибе студенттердің ғылыми қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың академиялық, мәдени және кәсіби дамуына зор әсер етеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз