Материалдар / Синонимдердің қолданылу өрісі
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Синонимдердің қолданылу өрісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми-әдістемелік мақала синонимдердің тіліміздегі қолданылу өрісін жеткізеді.
Авторы:
20 Наурыз 2025
151
0 рет жүктелген
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы

Синонимдердің қолданылу өрісі

Аты-жөні, тегі

Сақауова Жұлдыз Болатқызы

Жұмыс орны


Жаңаарқа ауданы

О.Жұмабеков атындағы ЖОББМ


Байланыс телефоны, е-mail

87083083743

zhuldyz.bolatovna@bk.ru











































Синонимдердің қолданылу өрісі




Ұлттың ұлылығын, парасат, дүниетанымын танытатын алып күші, ол – тілі.Түркі тілдерін зерттеуші орыс ғалымы В.В.Радлов тілімізді «..сөз оралымдары көркем, тілі өткір, майда, шешен де тапқыр» деп баға берсе, татар ғалымы А.Саади «...ең таза, ең бай, табиғи тіл» деп қазақ тілінің сөздік құрамының синонимдерге толы екендігін дәлелдей түсті. Тілге көрік беріп, әр қырынан әрлендіріп, ұғымын кеңейтіп тұратын тілдік құралдар – синонимдер.Тіл білімінде синонимдердің алатын орны ерекше. Қызметі мен қолдану аясы кең. Синонимдер – халық тілінің даму деңгейінің, ұлттық ерекшелігінің көрінісі. Орнымен жұмсалған синоним сөздер шебер сөйлеуге, шешендікке төселдіреді, ойды әсерлі етеді. Еркін қолданыстағы синонимдер ойды дәл, ұтымды жеткізуге септігін тигізеді. Ойды сан саққа жүгіртіп, сөйлеу, жазу барысында тілдегі синонимдердің молдығы байқалады.

Бірнеше синонимді пайдаланып, мәтін құрастырып, сөйлем құрау кезінде әр тапсырма орындаушы берілген бірдей синонимдерден нысаналы мақсатына қарай түрлі көңіл күй, көзқарас әуені бойынша көркем жеткізуге тырысады, атқаратын қызметінің ауқымды екеніне көз жеткізеді. Жақсы тәртіп әдетке айналса, ырыс, Жаман тәртіп әдетке айналса қырсық. Ашулы ма, әлде, дағдысы ма, қабағын түйді.(Ғ.Мұстафин) Құнанбайға жұрттың көңілі әр алуан болғанымен, ежелгі салт, машық бойынша бұл өңірдегі ағайын Зере отырған үйді жатсынған жоқ (М.Әуезов) Таппадым көмек өзіме, Көнбейді ешкім сөзіме, Әдетіне қарысып(Абай) Ас қайнап, пісуге айналғанда ожаумен іліп ап дәмін көру Дәметкеннің дағдысы еді.(С.Мұқанов) Ертемен тұрып, айналаға зер сала қарап, жаяу жүріп, серуендеуді машық еткен.(«Салауатты өмір салты»)

Синонимдер қатар келгенде, айтар ой нақтылана, айқындала береді. Ерекең – көңілшек, қайырымшыл адам. (Б.Майлин) Бұдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеден өткен Шоқан есімін қазір әрбір ұлт қасиеттеп, қастерлеп атайды(С.Мәуленов) Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса, үлгі, нұсқа(Мақал)

Сөздің мән - мағынасын танып, синонимдерді дұрыс пайдаланғанда ғана тілге жетік болып, сөзді дәл, орынды қолдануға дағдыланады. Лайықты пайдаланылған мәндес сөздер әсерлі әрі тартымды ой тудырып, айтылым, жазылым материалдары көркем, құнды болмақ. Біздің мақсатымыз – айқын, бағытымыз – анық.(«Егемен Қазақстан»)

Азат басың болсын құл, Қолдан келмес іске ұмтыл. (Абай) Еркін елдің Еркебұланысың.(«Ұлан» газеті) Қазақ бұл күнге дейін солдатқа бармай бостан өсіп еді. (І.Жансүгіров) Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы жүзеге асып, әлем таныған тәуелсіз мемлекет болдық.(«Егемен Қазақстан»)

Синонимдер мәтіндегі не сөйлемдегі сөздердің қайталанбауын қамтамасыз етеді. Мысалы, Өмірімнің қаһарманы сен болсаң, Жүректегі кейіпкерің болайын. (Өлеңдер жинағы) Құрметті тыңдармандар, қадірлі қонақтар, қадірменді зиялы қауым, қош келдіңіздер! Немесе , Ардақты аналар, аяулы арулар, сіздер бір қолмен бесік, екінші қолмен елді тербетесіздер. Ел аман, жұрт тыныш болсын.

Мағыналары қарсы ұғымды білдіретін сөйлемдерде де синонимдер бір ұғымның түрлі белгілері мен сан қырлы жағын байқату мақсатында қолданылады. Болашақтың иесі, Сендердікі келешек. (О.Шипин). Бет көрсе, жүз ұялады (мақал).

Синонимдердің қосарланып қолданылатын түрлері де кездеседі. Мағыналары жалпыланып, ұғымы кеңейе түседі. Адамгершілік , ар-ұят – адамдықтың белгісі (Абай). Күш – қуат бірікпей, өсіп -өну жоқ.

Тіліміздегі тұрпайы, дөрекі мәнді білдіретін сөздерді сыпайылап жұмсартып жеткізу тәсілі ретінде алмастырып қолдануға болады. Мылжың деудің орнына сөзшең, сөзі көп, сөзуар, айқайлады дегеннің орнына дауыс көтерді деп те жұмсауға болатыны байқалады.

Сөз жаңалау мен ой еркіндігіне жетудегі тілдік құрал – синонимдердің тіл мәдениетінің қалыптасуына ықпалы зор екендігі аян.

Тіл байлығы көрсеткіштерінің бірі, синонимдер арқылы ана тіліміздің кең тынысты, көркем бейнелілігі, қыр-сыры молдығы көрінеді.





Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» Алматы, «Мектеп» баспасы, 1975 жыл.

  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы , 2008 жыл, №6 саны

  3. С.Бизақов « Синонимдер сөздігі» Алматы, «Арыс»баспасы,2007 жыл

  4. С.Құрманалиева «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту» Алматы, «Рауан»баспасы,1995 жыл







Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі