Сирек қазына сақталған орда: ҚР Ұлттық кітапханасындағы таңғажайып дүниелер
Кітап – адамзат тарихының алтын көпірі. Ал сирек кітаптар мен қолжазбалар – уақыттың сынынан өткен баға жетпес мұра. Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры дәл осындай қазынаны сақтап, оқырманға ұсынатын ерекше орын. Біз бұл құнды жәдігерлерді өз көзімізбен көріп, кітаптардың тарихпен тыныстап тұрғанына куә болдық.
Ұлттық кітапханаға кірген сәттен-ақ ескі қағаздың ерекше иісі сезілді. Мұнда сақталған сирек қолжазбалар мен газеттер ғасырлар қойнауынан жеткен сырын ішіне бүгіп жатқандай. Кітапханада сақталған ескі газеттер бізге сол заманның тарихына үңілуге мүмкіндік береді. Бұл жәй ғана оқиға емес, бұл ақпарат, бұл бейне, бұл жады. Не үшін ұлттық кітапхадағы бұл оқиға қызықты? Өйткені сирек қолжазбалар бөлімінде суретке түсіру немесе жазбаға, таспаға басуға рұқсат етілмеген. Сондықтан бұл оқиғаны көрген оқырманға репортаж ретінде ұсыну — оңтайлы шешім.
Сирек қордың ең қызықты бөлімі – көне газеттер мен кітаптар. Мұнда 19-20 ғасырлардағы қазақ және шетел басылымдарының түпнұсқалары бар. Кейбір газеттердің беттері жыртылып кетпеуі үшін арнайы кітап түрінде түптелген. Кітапханашылар бұл газеттердің сандық форматқа көшіріліп жатқанын айтты.
— Біз мұндағы барлық материалды мүмкіндігінше ұзақ сақтау үшін түрлі әдістерді қолданамыз. Ескі газеттер тоза бастайды, сондықтан оларды арнайы мұқабаларға салып, беттерін нығайту жұмыстары жүргізіледі, тіпті газеттердің тұпнұсқасын сақтау үшін оны кітап түрінде басу жұмыстары жүргізіліп жатыр – дейді кітапхана қызметкері.
Кітапхана төрінде бізді ерекше бір кітап тартты – көне төте жазумен басылған басылымдар. Әсіресе “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналының түпнұсқасын ескі компьютермен төте жолмен жазылған нұсқасын көріп, оның қазақша аудармасын бет санымен оқуға мүмкіндік бар. Әрине бұл жаңашылдық. Бізге осындай алғашқы газеттердің түпнұсқасының аудармасын оқуға таптырмас мүмкіндік. Араб қарпінде жазылған мәтіндер бүгінде сирек кездеседі, алайда кітапхана мамандары оларды кириллицаға аудару жұмыстарын жүргізіп жатыр. — Бұл газет-журналдар – біздің тарихымыздың бір бөлшегі. Аударма арқылы жастарға қолжетімді етуді мақсат етіп отырмыз, – дейді сирек қолжазбалар қорының қызметкері.
Бөлменің бір бұрышында тұрған компьютер бізді таңғалдырмай қоймады. Ол – өткен ғасырдың технологиясы, ескі монитор мен пернетақта кітапхананың бұрынғы цифрландыру кезеңінен сыр шертеді. — Біз бұл компьютерді арнайы қалдырдық. Бұл да бір дәуірдің белгісі, – дейді қызметкер. Кітапхананың сирек қорында біз «Айқап» және «Қазақ» газеттерінің төте жазумен шыққан нұсқаларының қазақша аудармасын көрдік. Бұрынғы ескі басылымдар бүгінде кітап түрінде жаңаша жарық көріп, оқырманға қолжетімді бола бастаған. Бұл – өткеннің үні мен бүгіннің байланысын сезінуге мүмкіндік беретін баға жетпес еңбек.
Ең қызықты сәттердің бірі – ескі компьютер арқылы газеттерді оқу болды. Кітап парақтары ұсақ жазумен түсірілген арнайы чипке орналастырылған, ал біз жарық түсіріп, бетті жылжыту арқылы ғасырлар қойнауынан жеткен мәтіндерді оқи алдық. Мұнда қазақ, орыс және төте жазумен шыққан газеттердің сандық көшірмелері сақталған. Әр басылымның сарғайған беттері өткен уақыттың куәсіндей әсер қалдырды.
Кітапхананың ең құнды мұрағаттары мен сирек қорлары ғимараттың жертөлесінде сақталады екен. Бұл бөлімге кіруге рұқсат жоқ, тек сырттай бақылауға мүмкіндік алдық. Ішінен ескірген қағаздың иісі сезілетін суық әрі ылғалды ортада биік сөрелерге жинақталған көне кітаптар мен қолжазбалар сақталған. Уақыттың сынынан өткен бұл жәдігерлер осындай арнайы жағдайда ғана ұзақ жылдар бойы сақталатыны байқалды.
Егер сіз қазақ баспасөзінің тарихына, көне қолжазбалар мен сирек кітаптарға қызығатын болсаңыз, ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қор бөліміне баруға кеңес береміз. Мұнда сіз ғасырлар қойнауынан жеткен басылымдардың түпнұсқаларын көріп, төте жазудан аударылған еңбектермен таныса аласыз. Сонымен қатар, ескі газеттердің сандық көшірмелерін оқып, кітаптардың сақталу әдістерін өз көзіңізбен көруге мүмкіндік бар. Бұл – тарих пен білімнің тоғысқан ерекше кеңістігі.
ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кітаптар қоры – өткен мен бүгінді байланыстыратын алтын көпір. Мұндағы әрбір қолжазба, газет немесе кітап – қазақ тарихының бір бөлшегі. Біздің сапарымыз бұл қазынаның қаншалықты құнды екенін тағы бір дәлелдеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз