Қысқамерзімді жоспар
|
Бөлім: |
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Көрпебаева А. |
|
Күні: |
18.01.24 ж. |
|
Сыныбы: |
6 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сайын Мұратбеков шығармашылығы. «Жусан иісі» шығармасы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау |
|
Сабақ мақсаты |
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды |
Сабақтың барысы:

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
С.Мұратбеков. Жусан иісі. Қазақ әдебиеті. 6-сынып. ҚМЖ. Сабақ жоспары.
С.Мұратбеков. Жусан иісі. Қазақ әдебиеті. 6-сынып. ҚМЖ. Сабақ жоспары.
Қысқамерзімді жоспар
|
Бөлім: |
Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Көрпебаева А. |
|
Күні: |
18.01.24 ж. |
|
Сыныбы: |
6 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сайын Мұратбеков шығармашылығы. «Жусан иісі» шығармасы |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
6.1.1.1 әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау |
|
Сабақ мақсаты |
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту
|
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал қалыптастыру |
Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру «Шаттық шеңбері» «Өзіңізге тілегенді- басқаларға тілеңіз». – Балалар, шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық! Топқа бөлу. |
Тиімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады |
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
||||||||||
|
Жаңа білім
|
Қызығушылықты ояту кезеңі |
Мынау жусан түрлері. Бұл әңгімеде жусан иісі қалай көрінеді, қалай ойлайсыңдар? Балалар өз болжамдарын айтады. |
Дескриптор: Балалар шығарма мазмұнын болжайды |
|||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс Топтар |
Фабула дегеніміз- шығармада баяндалатын тұтас оқиғалардың мазмұнын баяндау. Сюжет дегеніміз- шығармада баяндалатын оқиғалардың тізбегі, оқиға желісі. 1-топ тапсырмасы
Әуелде біз, балалар, оның
ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық
екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр
сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі
ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын
төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек. – Әй, анау кім-ей? – деген. 2-топ тапсырмасы
Бәріміз сол нұсқаған жаққа
қарадық. Анадай жерде: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа
қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр
екен. Біз қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын
қалтасына сап шіреніп қойды. Ойынды тастай сала бәріміз бірдей
топырлап жүгіріп әлгінің қасына келдік. Адам көрмегендей
бір-бірімізді кимелеп, қоршалай тұра қалдық. Үстіміздегі киімнің
кімдікі қара, кімдікі ақ – Кекілін қара-ей, өзінің, жаман
әліне қарамай, – деп қағытып өтті Есікбай. Біз күлкіміз келмесе де
оның сөзіне қошамет білдіріп сықылықтай күлдік. Жаңа келген бала
қызараңдап теріс айналып кетті. 3- топ тапсырмасы
– Сендер жақ ыстық екен. Суға
түспей қалай шыдайсыңдар? – деді. – Түсеміз. Анау арада тоспа бар.
Жүр, түсейік. Суы во!.. – деп Садық ауылдың жоғарғы жағындағы
шұңқыр-тоспаны жерге сыйғызбай мақтай жөнелді. – Ой, кетші ары, тырнауық мысық.
Сенің үйіңде алтын барын да білеміз, – деп ентелеп келе жатқан
Қосымды көкірегінен итеріп жіберді. Қазір де ол Аянның алдында қыр
көрсеткісі кеп: – Менің көкем де жоқ, апам да жоқ, сондықтан төбелессем әжем ұрсады ғой, – деп қойды ол. Алыс-жұлыс ойын үстінде күрескенімізде ол біразымызды жығып кетті. Тек Есікбайдан ғана жығылды 4- топ тапсырмасы
Күзде оқу басталып, жеті менен
он жастың аралығындағы өңшең бірөңкей балалар бірінші класқа
бардық. Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған
адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын
қарт кісі оқытты. Бұл кісі – денсаулығының нашарлауы себепті
қаладан көшіп келген мұғалім екен. Бізге күн сайын Аян екеуміз бір партаға
отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті.
Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп,
тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана
өткенімізге көңілі толмай: Әрине, майдандағы әке-ағамызға
хат жазу бәріміздің де көкейіміздегі асыл арманымыз еді. Сонымызды
сезгендей Иманжанов та бізге тезірек хат танытуға бар күшін салып
бақты. Сөйтіп, бас-аяғы бірер айдың ішінде әріптерді тегіс жаттап,
бірлі-жарым сөздерді құрап, жаза алатындай халге жеттік. Ал Аян
болса кәдімгідей: «Аса жаннан артық көретін аға...» деп бастап, хат
жазатын болды. Ендігі оның қуанышында шек жоқ еді. Күнде Біз, басқа балалар әлі де сөйлем құрап жаза алмайтынбыз, сондықтан Аянға кеп: – Хат жазуды үйретші, – деп жата
жабысатынбыз. Аян білденбейтін. Жымың-жымың етіп күлетін де: 5- топ тапсырмасы
Бұл кезде қыс түсіп қар жауған. Біз болсақ сырғанақтың қызығына кіріскенбіз. Біздің ауыл Ешкіөлмес деген
кішкене қоңыр таудың дәл етегінде еді. Ұзыннан-ұзақ бір көше боп
жоғарыдан төмен қарай созылып жататын. Қыста осы жалғыз көшенің
басынан-аяғына дейін балалар жуылдаса топырлай жүріп қарды таптап,
сырғанақ жасайтынбыз. Қар қалың түскенімен таулы жердің күні өте
жайма-шуақ, жылы болады. Тапталған қар Бүгін де сырғанақтағы ойынның
сондай бір қызған шағы еді. Күннің көзі қанталағандай боп ерекше
қызарып ұясына қонуға таянған. Сірескен ақ қардың бетінде бір сәтке
жұқалаң қызғылт кілегей тұрды. Күні бойы Ешкіөлместің күнгейінде
жайылған мал ешкім қайырмаса да бір ізбен шұбырып ауылға қайтқан.
Кенет бүкіл ауылды шулыға шыққан ащы дауыстар селт еткізді. Төбе
құйқаны шымырлатып жоқтау айтқан дауыстар. Жарғақ сары тон киген Аян,
күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз
есігінің алдында тұр екен. Үйінде көрші-қолаң әйелдер бір-бірімен
шуылдаса көрісіп, азан-қазан боп жатқанмен ол көзіне жас алмапты.
Біз өзара сөйлескеніміз болмаса, оған үн қатқамыз жоқ. Аян да бізді
үнсіз қарсы алды. Сүйреткен шанамызға, конькиімізге көз салды.
Тоңғаннан ба, танауын жиі-жиі тартып, дір-дір
етеді.
Күн
ұясына еніп бара жатыр. Аян болса сол мелшиген күйде
жалтақ-жалтақ етіп, ауылдың әр тұсынан «әжетайлап» дауыс
қойып келе жатқан үлкен адамдарға қарайды. Бірақ олардың бірі де
бұған назар аударар емес. Біз болсақ, енді қайтер екен
деп қызықтағандай одан көз айырмастан ортаға ап, қоршалай тұрмыз.
Өзара сыбырласқан боп, оған да естірте: «Әжесі өлгенге неге
жыламайды-ей?» – деп қоямыз. Аян естісе де, естімеген Біз оның соңынан ердік. Үйдің сырт жағына кеп шаналарымызды қаз қатар тіздік те, өзіміз жайғаса отырып, енді не дер екен, дегендей Аянның аузына қарадық. Ол со тұнжыраған қалпында бәріміздің жүзімізді бір сүзіп өтті де: – Күлкілісін айтайын ба? – деді. Біз үн-түнсіз бас изестік. Аян
тонының омырауына тұмсығын тығып сәл күрсініп қойды да, ойға шомған
күйде сыбырлағандай дауыспен: Сол күні оның ертегісі түннің жарымында бір-ақ аяқталды. Әуелде түнжыраған күймен жабырқау басталса да, келе-келе ертегінің күлкілі оқиғасы көбейіп, Аян да бауырын жазып, бәріміз көңілді күлкіге батып қарық боп қалды. Тіпті Аянның әжесінің өлгенін де ұмытып кетіппіз.
Бұл кестені толтыру арқылы сабақты қорытыланады. |
Дескриптор : -әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды |
|
||||||||||
|
Сергіту сәті |
«Атомдар мен молекулалар»
әдісі |
Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, «молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
|
|
|
||||||||||
|
|
Үй тапсырмасы |
81-бетте берілген мәтін бойынша сурет салу |
|
|
||||||||||
|
Рефлексия |
Рефлексия. «Плюс- Минус-Қызығамын» кестесі |
|
|
|

шағым қалдыра аласыз














