Сөйлеуінде кемістігі бар
баланы ойын элементтері арқылы түзету
жолдары
Әбілхаир Эльмира
Исатаиқызы, Логопед маманы
Атырау білім бөліміне
қарасты № 6 «Гүлдер» бөбекжай бақшасы
КМҚК
Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы
үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы
қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер — есту, көру, моторика
жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш
бөлімінің — дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің
үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске
асырылады.
Сөйлеу қызметінде негізгі
рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ,
солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу — есту және сөйлеу
— қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы
дамуы процесінде қалыптасады.
Сөйлеудің бұзылуының
себептерін бірнеше топқа бөледі:
— Биологиялық себептерге
көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі
(гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы
(ми инфекциялары. жаракаттар, т.б.) патогендік факторлар
жатады.
— Әлеуметтік —
психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық
депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз — ұзақ уақыт
аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі «өмірлік және
психикалық қажеттіліктерінің қанағаттндырылуына кедергі келтіретін
өмірлік ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл
күй.
— Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді.
Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге құмар. Дұрысы, емізікке
үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен сәбидің таңдайы
тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе, артикуляциялық
қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс
дыбысталмайды.
— Ата-аналардың көпшілігі
баласының тілі дұрыс шығып, шықпағанына, даму ерекшеліктеріне жете
мән бермейді. Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып, соны қызық
көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік деп түсінеді. Кейбір
ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса, «мүлде сөйлей
алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір сөйлер» деп
бейжай қарайды.
Сөйлеуінде кемістігі бар
балалардың дамуында сөйлеу қабілетінің бұзылуы үлкен қиындықтар
туғызады. Бұл балалардың әлеуметтік бейімделуіне, оқуына,
қарым-қатынас жасауы мен психологиялық дамуында бірқатар қиындықтар
пайда болуы мүмкін. Сондықтан осындай балаларға арнайы түзету
жұмыстары қажет. Оның ішінде ойын терапиясы маңызды рөл атқарады.
Ойын баланың когнитивті, эмоционалдық және әлеуметтік дамуына ықпал
етіп, сөйлеу процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Ойынның сөйлеуге
әсері бала ойнап жүріп сөйлеу дағдысын
қалыптастырады.
Ойын — баланың дамуына маңызды
құралдардың бірі. Балалар ойын арқылы қоршаған орта мен өз
эмоцияларын түсінуге, өз сезімдерін білдіруге, тілін дамытуға
үйренеді. Ойын барысында балалар тілдік дағдыларды практикада
пайдалану арқылы сөздік қорларын кеңейтеді, грамматикалық
құрылымдарды меңгереді, сөйлеу мәнерін жақсартады. Сөйлеуінде
кемістігі бар балаларға арнайы ойын элементтері арқылы түзету
жұмыстарын жүргізу оларды сауықтыруда тиімді әдіс болып
табылады.
Ойын терапиясының
түрлері
Рөлдік
ойындар
Рөлдік ойындар балаларға
әлеуметтік ортаға бейімделуге, өз сезімдерін сөзбен жеткізуге
мүмкіндік береді. Бұл ойындарда балалар түрлі кейіпкерлердің рөлін
ойнайды, мысалы, дәрігер, мұғалім, ата-ана, түрлі мамандық иелері.
Мұндай ойындар арқылы балалар өздерінің сөйлеу дағдыларын дамытуға
мүмкіндік алады, сөйлеу мәнерін қалыптастырады, басқа адамдармен
өзара әрекеттесу тәжірибесін жинақтайды.Мысалы үшін мен осы тұрғыда
«Бауырса» ертегісін сюжеттік қойылым қою арқылы жүзеге асырамын. Ол
үшін суреттерін қиып алып қолға ыңғайлап киюге арнап
жасаймыз.

Ұжымдық
ойындар
Ұжымдық ойындар балаларды
топпен жұмыс жасауға, бір-бірімен пікір алмасуға, сөздермен
қарым-қатынас жасауға үйретеді. Бұл ойындар баланың әлеуметтік
дағдыларын жақсартумен қатар, сөйлеуінде кемістігі бар баланың
өзін-өзі бағалауын арттырып, оның сөйлеу қабілетін дамытады. Мұндай
ойындардағы әрекеттер, сұрақ-жауап формалары, тапсырмаларды орындау
арқылы баланың сөздік қоры артады.
Сюжеттік
ойындар
Сюжеттік ойындар балаға әр
түрлі жағдайларды сахналауға мүмкіндік береді, мысалы, дүкенде
сатып алу, үйде жұмыс істеу, көлік жүргізу, табиғатта серуендеу.
Бұл ойындар арқылы бала өзінің сөйлеу қабілетін еркін дамыта алады,
сөздердің мағынасын түсінеді, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін
үйренеді. Сонымен қатар, бала ойын барысында басқалармен
қарым-қатынас жасап, өз ойын еркін жеткізуге
дағдыланады.
2.4. Құрастыру
ойындары
Конструкторлармен, пазлдармен
ойнау балалардың логикалық ойлауын, қиялын дамытады, сонымен бірге
сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Мұндай ойындар балаларға жаңа сөздер
мен ұғымдарды үйретіп, оларды күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік
береді.
Осы бағдарламадағы бір тақырып
аясына тоқталайық. Дидактикалық ойын
"Бейнені
құрастыр ?»
Мақсаты:
балалардың үй
құстары
(әтеш,
тауық,
тауық)
туралы
білімдерін бекіту, оқуға
белсенді
қызығушылық қалыптастыру,
қиялын,
зейінін,
есте
сақтау
қабілетін, оқуға
деген
қызығушылығын дамыту,
табиғатқа
деген
сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
-
Әтеш
қалай
дейді?
(Кукарику)
– Тауық
қалай
дейді?
(Куд-ку-ку, ко-ко)
- Тауық қалай дейді? (Пи-пи-пи)
Балалардың практикалық жұмыс жасау барысында LEGO
ойыншықтары арқылы әтештің модельін
жасайды.

Бұл жаттығуды жасау арқылы
баланың қол моторикасы дамиды. Ойлау қабілеттерін дамыту арқылы
жұмыс жасайды ең бастысы ата -ананың көмігімен тікелей байланыста
отырып жүзеге асырады.
Ойын элементтері арқылы түзету
әдістері
-
Дыбыстарды дұрыс айту:
сөйлеуінде кемістігі бар балалар үшін дыбыстарды дұрыс айту ерекше
маңызды. Ойын арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға үйретуге болады.
Мысалы, белгілі бір дыбыстарды айтуда қиындық туындайтын баламен
"дыбыс қалашығы" деген ойын ойнауға болады, мұнда бала әр түрлі
дыбыстарды дұрыс айту үшін белгілі бір әрекеттерді орындауы қажет
(мысалы, кейіпкерлерді бейнелеу, қимылдар
жасау).
-
Сөздік қорды кеңейту:
сөйлеуінде қиындықтар бар балалардың сөздік қоры тар болады. Ойын
кезінде баланың сөздік қорын кеңейту мақсатында сөздер мен сөз
тіркестерін дұрыс қолдануға бағытталған тапсырмалар беріледі. Ойын
барысында жаңа сөздермен танысу, оларды дұрыс қолдану дағдылары
қалыптасады.
Қорытынды
Сөйлеуінде кемістігі бар
балаларды түзету жұмыстары өте маңызды және жауапты процесс. Ойын
терапиясы арқылы балаларды түзету әдістері тек баланың сөйлеу
қабілетін жақсартып қана қоймай, олардың психологиялық жағдайына да
жақсы әсер етеді. Ойынның түрлі түрлерін қолдану балаларға сөйлеу
дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік
қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Ойын — бұл баланың ішкі әлемін
ашып, оның даму жолында маңызды кезең болып
табылады.