Солтүстік жастарының рухты көтерген челленджі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Солтүстік жастарының рухты көтерген челленджі

Материал туралы қысқаша түсінік
жастарға рух беру,патриоттық сезімін ояту мақсатында
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көк туды желбіреткен- челлендж

Желіде еліміздің әр аймағындағы ту ұстап, атқа қонған жігіттердің видеосы тарап жатыр. Солтүстік Қазақстаннан бастау алған патриоттық челлендж халық арасында үлкен қолдауға ие болып келеді.

Қазақстан облысының жастары “Менің Туым- менің Отаным!” челленджіне қызу қолдау білдіріп жатыр. Әр аудан, әр елді мекен жастары туымызды көкке желбіретіп, халқымыздың рухын биікке асқақтатуда.

Қазақ «Туың жығылмасын» деп бата береді. Өз сөзінде Елбасы мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалғанда әрбір қазақстандықтың айрықша сезімге бөленіп, көкірегін мақтаныш пен отаншылдық сезімі кернейтіндігін айтты. Себебі, Ту мен Елтаңба - қастерлі де қасиетті құндылық. Көк байрақты көкте желбіреткен Қазақ елі Тәуелсіздік алған 30 жылда талай асуды бағындырды. Алдымызда бұдан да үлкен мақсаттар тұр. Алтын Күннің нұрынан қуат алған қыран құс бейнеленген көк Ту астында бағыт-бағдарымыз айқын, беліміз бекем, мұратымыз ұлы мемлекетке айналып келеміз. Көк Тудың желбірегені – қазақтың көсегесінің көгергені. Елбасы барша қазақстандықтарды айтулы мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.

Иә, Қазақстан – Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен асқақ. Біз Тәуелсіздік тәбәрігін де, азаттық рухын да, ел дамуының екпінін де, биік меже, асқақ армандарымыздың өлшемін де осы үш киеміз арқылы танимыз. Танытамыз! Көк Туымыз – рухтың байрағы, Елтаңбамыз – елдіктің нышаны, Әнұранымыз – еркіндіктің асқақ үні!

Біздер – жаңа ғасырдағы жаңа ұстаным, жаңа көзқарастың иесіміз. Жаңа бастамаларымыз арқылы жаңа белестерді бағындыруға мүдделі жастармыз. Біз – бәсекеге қабілетті жаңашыл буынның өкіліміз. Біз – аға ұрпақ өнегесін құрметтей отырып, Отанды шынайы пейілмен сүйе білетін ұрпақтардың біріміз.

Біздер – жаңа ғасырдағы жаңа ұстаным, жаңа көзқарастың иесіміз. Жаңа бастамаларымыз арқылы жаңа белестерді бағындыруға мүдделіміз. Біз – бәсекеге қабілетті жаңашыл буынның өкіліміз. Біз аға ұрпақ өнегесін құрметтей отырып, Отанды шынайы пейілмен сүйе білетін азаматпыз.

Көк Тудың желбірегені… Ол да – рух!

Аталған челлендж республикалық деңгейде өтіп жатқан патриоттық сезім деп айтсам болады. Бұл елдің рухын көтеретін тамаша бастама деп ойлаймын. Айта кетсек, ауыл тұрғындарының негізгі тіршілік көзі басқа ауылдардағыдай – мал және егін шаруашылығы. Бұл ұлттық челлендж Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, өзімізден кейінгі жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да осы іспеттес шаралар жиі ұйымдастырылып отырғаны дұрыс. Себебі осындай шаралар кезінде тудың қасиетін, қадірін түсініп, адамның рухы көтереріне сенімдімін. Байрақты биікке көтерген шараны басқа да ауылдар өткізіп жатқандықтан біз де қалыс қалмауға тырыстық. Оның үстіне ауылда акцияны ұйымдастыруда еш қиындық болмады. Тез әрі белсенді түрде жұмыла ұйымдастырдық. Бір апта ішінде дайындалып, фото және видео операторларды шақырдық. Ауыл жастары мен ағаларымыз видео түсірілімге аттарды әзірледі. Қыс мезгілі болғандықтан жолдарды да қардан тазартып, бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығарып,жұмыла іске кірісіп те кетті. Елімізде атқа мінуді бұқаралық бағытта дамыту қажет. Салауатты өмір салтын ұстауда атқа отырып шабудың пайдасы мол. Сондықтан мұны мектеп бағдарламасына енгізсе болады. Әрине, ауылдықтар атқа жиі отырады. Дегенмен қалаларда атқа мінетін орталықтар көптеп ашу қажет. Біз өткізген челлендждің бір ерекшелігі – ұлттық спортты, ұлттық салт-дәстүрді көрсету болды. Сондықтан видеороликке басқа ауылдар сияқты көлікпен ғана түскен жоқпыз. Ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында атпен шауып, қазақы ауылдың тәрбиесі мен өмірінде көрсете білдік. Сондықтан менің ойымша, мұның да тәрбиелік мәні зор.

Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Туған жерге, елге деген сүйіспеншілігіміздің куәсі - көк байрағымыз төбемізде мәңгі желбіреп, рухымызды аспандата берсін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.01.2021
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі