Шоқан Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясы туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Шоқан Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясы туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларды Шоқан Уәлихановтың ғылым саласындағы еңбектерімен таныстыру; дамытушылық – оқушыны өз бетімен іздене оқуға, топпен жұмысқа үйрету, жеке тұлғаны өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру; тәрбиелік – ғылымға құштарлығын арттыру арқылы ақыл-ой тәрбиесін беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясы туралы»

зерттеу еңбегі

Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушыларды Шоқан Уәлихановтың ғылым саласындағы еңбектерімен таныстыру; дамытушылық – оқушыны өз бетімен іздене оқуға, топпен жұмысқа үйрету, жеке тұлғаны өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру;

тәрбиелік – ғылымға құштарлығын арттыру арқылы ақыл-ой тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық іздену, түсіндірмелі баяндау. ББҮ кестесі

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақтада даярланған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ББҮ кестесі

Үй тапсырмасын пысықтау:

«Шоқан Уәлиханов» тақырыбындағы реферат қорғау

Ш


о


қ



а


н




  1. Ш.Уәлиханов спорттың қай түрін ұнатқан?

  2. Ол қай қаладағы кадет корпусында оқыды?

  3. Оның сапары қай жаққа ұласты?

  4. Әжесінің аты кім еді?

  5. Шоқанның ең жақын досы, белгілі географ ғалым кім?

Үй тапсырмасын бекіту. Топтастыру әдісімен

Шоқан Уәлиханов кім?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

«Қазақтың халық поэзиясы туралы» деген зерттеу еңбегінде ол қазақ өлеңдерін жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең, өлең деп бес түрге бөледі. Бұлардың қайсысы ежелден белгілі ескі түр, қайсысы жаңа түр екендігіне, қайсысын кімдердің айтатына көңіл аударады. Ғалым- ағартушының қазақ өлеңдерін бұлайша саралауы сыртқы түрі жағынан орынды. Шоқан қазақ өлеңдерінің құрылысын жыршы-жыраулардың өлең айтқанда қобыз не домбыраға қосылып орындауына қарай жіктегені байқалады.

Шоқан жыр туралы айтқанда, өзіне бұрыннан таныс екі жырды атайды. Соның бірі – «Ер Көкше мен Ер Қосай» жыры. Ол жырда Ер Көкше батыр мен оның баласы Ер Қосайдың батырлық іс-әрекеттері суреттелетінін, көшпелі ел жауынгерлерінің туған елін, өскен жерін қорғау ұрыстарындағы әдіс-амалдары әсерлі баяндалатынын атайды. Жыр-дастанды сол кездегі Көкшетау округінің Қойлы Атығай болысында тұратын Арыстанбай атты жыршы толық білетінін ескертеді.

Шоқан назар аударып, зерделеген екінші жырдың аты «Орақ батыр». Мұнда ол қарауыл руынан шыққан Орақ батырдың басынан кешкен қиын тағдырлы ғұмыры – оның жорыққа аттануы, он жыл тұтқында отыруы, содан үйлеленіп, балалы-шағалы болуы, соңынан еліне қайтіп оралуы жырланатынына тоқталады. Ол бұл жырдың толық нұсқасын алшын руынан шыққан Нұрымбай жыраудан естігенін айтады.

Өлең-жырлардың ерекшеліктері жайында сөз еткенде, Шоқан «Едіге» жырына ерекше мән береді. «Едіге» жыры, - дейді ол, - XIV ғасырдың басында құрастырылған. Бұл жыр дастандағы айырма ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысынан байқалады. Ондай сөздер мен сөз тіркестері қазіргі тілде жоқ. Ең таңқаларлық жай – бүкіл жырда бірде-бір парсы араб сөзі кездеспейді.»

Шоқан «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы» еңбегінде Жанақ ақынның айтуында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жазып алғанын атап, осы әйгілі жырдың поэтикалық ерекшеліктеріне, құрылымдық сипатына тоқталады. Онда ол жырға профессор Эрдманн түсініктеме жазып, парсы тілінде басып шығарғанын, одан соң оны аты-жөні белгісіз бір адамның башқұрт тіліне аударып, Орынборда жариялағанын жазады. Ғалым «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры қазақ даласында өлең-жыр ретінде де, ауызша айтылатынын аңыз-дастан ретінде де кездесетінін ескертеді. Ол сол тұста халық арасында ескі жыр-дастандардыкейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыратын, оларды білетін адамдардың аз қалғанын, сондықтан ондай әдеби мұраларды жинау қиын екенін, өзі қаншалықты әрекеттенгенімен, «Қозы Көрпеш – Баян сұл» жырын толық жинай алмағанын, келешекте барлық жыр-дастандарды табуға үміттенетінін тілге тиек етеді.

Бүгінгі еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі тұрғысынан саралағанда, Шоқанның сол кездің өзінде туған халқының патриоты, шынайы жанашыры болғанын байқаймыз. Оның демократтық, ағартушылық, жан-жақты ғалымдық қасиетттері мен көзқарастарының, ой-пікірлері мен тұжырым толғамдарының қазіргі күнде де маңызы өте зор.

Кітаппен жұмыс: «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» деген еңбегінің мәтінімен таныса отырып тірек сөздер тауып жазып, оны сөздер арқылы баяндап шығады.

Білімді бекіту: ББҮ кестесін толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім




Бес жолды өлең

  1. Зат есім

  2. Сын есім

  3. Етістік

  4. Сөйлем

  5. Синоним

Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен құдіретті тұлға» тақырыбына шағын шығарма жазып келу.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
1389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі