Материалдар / Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы. Сабақ жоспары. ҚМЖ. 7-сынып. Әдебиет.

Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы. Сабақ жоспары. ҚМЖ. 7-сынып. Әдебиет.

Материал туралы қысқаша түсінік
7.1.2.1 әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Толғауы тоқсан қызыл тіл

Мектеп:

Күн:.

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы

Осы сабақта қол жеткізіле-тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау


Сабақ мақсаттары

Айтыстағы ақындардың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап, өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.

Бағалау критерийлері

-Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік көзқарас тұрғысынан талдайды.

-Өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

-сәлемдесу

- топқа бөлу

Төменде берілген суреттер бойынша топтарға бөлінеді.


Үй тапсырмасын сұрау

Эссені оқиды

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.



Оқушылармен сәлемдесіп, топқа бөліп, үй тапсырмасы сұралады.


Мұғалімнің кері байланысы



Сабақтың ортасы

1-тапсырма
























2-тапсырма





























































3-тапсырма

ЖЖ










4-тапсырма

Сынып


5-тапсырма

Жұптық жұмыс







Миға шабуыл

Оқушылардың алдына айтысып отырған жұптар бейнелеген бірнеше суреттер топтамасы беріледі. Суреттер тақтаға ілінеді


Сабаққа болжам жасау үшін сұрақтар беріледі:

  • Сурет мазмұны Сіздерге қандай ой туғызды?

  • Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

(Сабаққа болжам жасап, оқушылар сөйлейді)


Ойқозғау. Талқылау сұрағы:

  • «Әдеби шығармадағы тұлғалық болмыс» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Прозалық туындыда тұлға кім болуы мүмкін? (кейіпкер)

  • Поэзиялық туындыда, яғни өлеңде кімнің тұлғалық болмысын тани аламыз? (ақынның, лирикалық кейіпкердің)

  • Ал осы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау дегенді қалай түсінесіздер?

  • Гуманизм дегеніміз не? (Ізгілік)

Оқушылардың жауабы тыңдалып, түсініктеме беріледі.


«Айтыс өнеріндегі тұлғалық болмыс » ұғымы дегенді қалай түсінесіздер? Топта талқылап, ойларыңызды «Топтастыру» сызбасына түсіріңіздер

Shape2 Shape1

Shape3

Shape4

Айтыстағы тұлғалық болмыс



Shape7 Shape6 Shape5

Shape8

Shape9






Мұғалім айтыс жанры, түрлері туралы қысқаша мәлімет береді:

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс XIX ғасырда ерекше дамыған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады. Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады.

Айтысты тыңдаңыз. (Оқушылар айтысты 3 минут тыңдайды) http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

  • Айтыс өнерінен қандай әсер алдыңыз?

  • Жұпта ойларыңызбен бөлісіп, сөйлеңіздер

Оқушылар айтыс өнеріне қатысты алған әсерлерін айтып, өз пікірлерін білдіріп, сөйлейді.

1. Айтыстан алынған үзіндіні мәнерлеп оқыңыз.

2.Түсініксіз сөздердің білдіретін мағыналарын ашып жазыңыз.

Түсініксіз сөз

Білдіретін мағынасы











Ықтимал жауаптар:

Мүбәрәк- құтты , игілікті

Ақиық- бүркіттің қыран тұқымы


.




ЖЖ. Оқушылар жұпта сурет мазмұнын болжап айтады. Қабілеті жоғары оқушылар бұл суреттердің айтыс көріністері екенін айтуы мүмкін.




























































































Оқушылар айтыс мазмұнымен кезек-кезек оқу арқылы танысады. Сынып оқушылары мәнеріне келтіре оқыған кезде мұғалім қажет жерлеріне түсініктеме беріп отырады.

















Дескриптор:
- ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау










































































Дескриптор:

-кемінде 4-5 түсініксіз сөздің мәнін ашады;

-кемінде 8 сөздің қолданысына байланысты тұлғалық болмысқа талдау жасайды;


























«Қазақ әдебиеті» оқулығы











Сабақты бекіту

Айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. Кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме беріңіз

Сүйінбай ақынның бейнесі

Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Ақынның кандай тұлғалық болмысын танытады? Ақындарға мінездеме беріңіз.

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас-жиынды құттықтауға,

Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік.

Үлгі:

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік

Сүйінбайдың амандасуы ізеттілік пен адами қасиетін, көпшілікке ілтипатын танытады.

Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы.

Мен Қарасай ұлымын,

Нар келдемнің түрімін.

Айтулы ердің бірімін,

Шапырашты батыр ел,

Батыр туған мен едім!

Менменсіген мықтының,

Талайын жеңген ер едім.





Қатаған ақынның бейнесі


Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Қандай тұлғалық болмысын танытады?

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,

Ояйын ба көзіңді!

Ақын мен деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді!



Кенесары төреңнің,

Басын кесіп алғанмын,

Науырызбайдай бегіңді,

Итіме сүйреп салғанмын!

Заты жаман Сүйінбай,

Кәне кегіңді алғаның!

Алам деп кегің жүргенде,

Ішіңде кетер арманың!




Оқушылар ақындар бейнесіне гуманистік тұрғыдан талдау жасайды.

Дескриптор:

-нақты мысалдар арқылы тұлғалық болмысты саралап, -гуманистік тұрғыдан баға береді;

-өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.


Үй тапсырмасы

Рефлексия



Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдап, айтыста аты аталған тарихи тұлғалар туралы деректерді оқып келеді.








Айтыс мәтіні (сабақ үшін үзіндісі )

1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре  елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

- Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», - деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.


Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас жиынды құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі,  саған келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.

Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,

Келіп ек амандаса Орманханға.

 

Арғы атаң ер Әтеке, батыр Жантай,

Басына киді бөрік қызыл алтай.

Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін,

Боларын осы астың күттік алты ай.

Бас қосқан екі халық бұл жиында,

Келген соң сөйлеу керек сөзден қайтпай.

 

Қол жайып, құран оқып өткендерге,

Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмары басылмайтын борандатпай.

Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің  тасасында отырған  қағылез қайыстай қара жігіт қарғып тұрып пернесі жоқ қомузын жоғары төмен түсіре ойната сабалап, ашшы айқайдан бет ауызы құбылып ашуын тоқтата алмай:

 Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,

Тоқтат енді сөзіңді.

Ояйын ба көзіңді!

Ақынмын деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді.

Басыңнан өлең жаудырып,

Бір құрайын тезімді.

Барың болса қарышта,

Барар жерің сезілді.

Келіп қапсың байқамай,

Өлетұғын жеріңе.

Қазулы тұрған көріңе,

Көрсетейін көзіңе.

Ажал айдап келген соң,

Саған өлім тегінді.

Тентіреп жүріп қаңғырып,

Былғама шалқар көлімді.

Қара жалым Орманхан,

Жантай, Бәйтік бегімді.

Сыртыңнан іздеп, жүрші ем,

Келтірді Құдай кезіңді.

Түстіңбе бәлем, қолыма,

Үрлейін мес қып теріңді.







ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Көрпебаева
19 Қараша 2024
564
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі