"Сұраулы сөйлемді жаңаша оқыту"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Сұраулы сөйлемді жаңаша оқыту"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 «А» сыныбымен өткен ашық сабақтың есебі

8 «А» сыныбында жиырмасыншы қыркүйекте «Сұраулы сөйлем» тақырыбында саяхат сабағы негізінде ашық сабақ өттім. Сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл» әддісімен оқушыларға сұрақтар қойылды.( Оқушылар жауап берді)

  • Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ.

  • Бізде алдағы жылы елордамыз Астанада не өтпек?

  • ЭКСПО-2017

  • ЭКСПО туралы не білеміз?

  • ЭКСПО-2017 Қазақстанның елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. Көрме 2017 жылдың 10 шілде мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып FUTURE ENERGY (Болашақ қуаты) болып табылады.

  • Біз елордамыз Астанаға ЭКСПО көрмесін және әсем ғимараттарды көруге саяхатқа шығамыз.

- Біз қай жерде тұрамыз?

- ОҚО Асықата кентінде.


- Асықата Оңтүстіктің жүрегі

Үлпілдеген ақ мақтаның мекені

Жадыраған ұл мен қызы көрікті

Мақтан етем туып өскен өлкемді,-дей отырып

Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болу керек? дегендей сұрақтар қойылып, жауаптар берілген соң сабақты ары қарай жалғастырдым.



Сыныпты сандар арқылы (20 17) екі топқа бөлдім.

  1. Сұраулы сөйлем

  2. Хабарлы сөйлем

«Біз сіздерге...» бөлімінде топтар бір-біріне жылы ықыластарын білдіріп, тілек тіледі. Бұл сабақ саяхат сабағы болғандықтан Астана қаласына ЭКСПО көрмесін көру мақсатында 6-аялдамадан яғни әр түрлі тапсырмаларды орындап карта арқылы Астана каласының керемет жерлерін араладық. Бірінші аялдама «Вокзал» «Билеттегі сұрақтарға» жауап берді. Топ мүшелері сұрақтарға қызыға отырып жылдым жауап берді. Екінші аялдама «Бәйтерек» Бұл кезеңде оқушылыр «Роунд Робин» әдісі арқылы кезекпен- кезек жаңа сабақ туралы мәліметтер, мысалдар келтіріп кетті.Әр тапсырманы орындап отырған оқушыны стикермен марапаттап отырдым. Келесі кезекте 3-аялдамада «Пирамида» кезеңінде конвертте топ мүшелеріне қима қағаздар таратылды. Әр топтың атауы бойынша сөз қиындыларын біріктірсе сөйлемдер шығады. Мұнан кейін «Қолқа салу» сергіту сәті бойынша топ мүшелеріні бір-біріне қолқа сала отырып, үш тілде яғни ағылшын, қазақша, орысша мақал-мәтелдер, өлең шумақтарын, тілек айтып беру керек. Топ мүшелері бұл сергіту сәтінде өте белсенділік танытты. Келесі кезекте 4-аялдама «Ақ Орда». Бұл кезеңде «Сөйлемдер сөйлейді» яғи топтар өздерінің топ атауына байланысты сұраулы сөйлемдер қояды, екінші топ хабарлы сөйлемге айналдырады. Оқушылар сөйлемдерді жасыра отырып, олардың ерекшеліктеріне де тоқталып өтті. Бесінші аялдама «Думан» Мұнда топ мүшелеріне оқулықтағы 19- жаттығуды орындатым. «Семей палигоны» туралы айтылды. Мәтінге тақырып қойып, қандай сөйлемдерді талдап, қандай сұрақ екенін ажыратты. Оқушылар бұл сыннан да мүдірмей өтті. Сабақты бекіту мақсатында 6-аялдама «Хан шатыры» мұнда топ мүшелерін жұптастырып, сұраулы сөйлемдерді қатыстырып, диалог құрастырды. Жұптар әр түрлі диалог құрастырып,өздерінің бүгінгі сабақта не түйгендерін де, әсерлерін де өздерінің диалогтарына кірістіріп жазғандығы сәтті шықты.

Мәселен,

  • ЭКСПО-2017 қашан болады?

  • 10 шілде мен 10 қыркүйек аралығы

  • Онда тек қана Қазақстандықтар ғана бола ма?

  • Шетелдіктер ше?

  • Шетелдіктер дейсің бе?

  • Иә.

  • Әрине қатысады.

  • Сен көрмені көруге барасың ба?

  • Иә. Бармағанда ше?

  • Мен де барып қалармын.


Топ мүшелеріне әр аялдамадан өткен кездерде тоқтаған жерлері туралы мәліметтер келтіріп отырдым. Оқушылар қызыға отырып сол жердің қызметтері берген тапсырмаларын мүдірмей орындап, сабақ барысында бүгінгі сабақ жайында түсінгендерін көрсете алды. Сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алып, бағалау парақшасы арқылы бағаладым. Сабақ уақтылы басталып, уақтылы аяқталды. Алдыма қойған мақсатыма жеттім. Оқушылар өз деңгейінде көріне алды. Ең төмен деген оқушының өзі жақсы көрсеткіш көрсете білді.







«Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі















«Сұраулы сөйлем» тақырыбында

өтілген ашық сабақтың

рефлексивті есебі























Пән мұғалімі: Г. Б. Джуркабаева

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2018
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі