«Тұран» университетенің
студенті Қуат Мерей Бағдатқызы
СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ШЕГАРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Аңдатпа: Бұл мақалада су ресурстарының шекаралас мемлекеттер арасындағы қақтығыстарға ықпал ету ерекшеліктері қарастырылады. Су-тіршіліктің көзі, әрі тіршілік нәрі болғандықтан, судың тапшылығына байланысты көптеген мемлекетте қақтығыстар орын алып жатады.Әлемдік және аймақтық деңгейдегі өзен-көлдердің, су қоймаларының стратегиялық мәні, олардың геосаяси құралға айналу, сондай-ақ су тапшылығы салдарынан туындайтын қақтығыстар қазіргі таңда Орталық Азиядағы, атап айтқанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан арасындағы трансшекаралық су мәселелері нақты мысалдармен көрсетіліп, халықаралық құқық нормалары мен су ресурстарын нақты мысалдармен көрсетіледі.
Кілт сөздер: су ресурстары, шекаралық қақтығыстар, су қауіпсіздігі, Орталық Азия
Кіріспе
Су ресурстары әлемдегі ең маңызды табиғи ресурстардың бірі болып табылады. Олардың экологиялық және әлеуметтік әрі экономикалық маңызы өте үлкен. Қазіргі таңда әлемде 7,8 миллиардтан астам адам суды тұтынуда, дегенмен күн өткен сайын суға деген тапшылық арта түсуде. Мысалы, 2050 жылға қарай 4 миллиард адам су тапшылығынан зардап шегеді деген болжамдар айтылып жүр. Бұл әлбетте жер шарындағы су қорының азаюына байланысты зерттелген болжамдар.
Су ресурстарының тапшылығы немесе әділ бөлінбеуі шекаралас мемлекеттер арасында түрлі жанжалдар мен қақтығыстардың тууына себеп болады. Су ресурстарының дұрыс бөлінбеуі және оның әділ пайдаланылуын қамтамасыз ету-халықаралық деңгейде шешілуі тиіс маңызды мәселе. Суға деген тапшылық қазіргі таңда Орталық Азия мемлекеттерінде ерекше байқалады.
Орталық Азия аймағында су ресурстарының маңызды бөлігі трансшекаралық өзендер мен су қоймаларына тиесілі. Мысалы, осы аймақтағы ірі өзендер-Әмудария мнен Сырдария өзендері. Бұл өзендердің су ресурстары Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан арасында бөлінеді.2022 жылы бұл аймақтағы су тапшылығы 15 миллиард текше метрді құраған, бұл аймақтың су ресурстарының тиімді пайдаланылмауы мен әділ бөлінбеуінің салдары болып табылады [1, 89б].
Су ресурстарының шекаралық дауларының шешімдері көбінесе мемлекетаралық дипломатиялық күш-жігерді және ғылыми негізделген тәсілдерді талап етеді. Осы мәселенің өзектілігі, сондай-ақ оның терең ықпалы бүгінгі таңда халықаралық қауымдастықтың назарын аударуда. Су мәселесіне қатысты құқықтық нормалар мен әділ бөлу принциптерін сақтау және оны халықаралық құқықтың контексінде шеше- елдер арасындағы бейбіт қарым-қатынастарды нығайту үшін маңызды қадам болып табылады.
Негізгі бөлім
Су ресурстарының шекаралық қақтығыстарының негізгі себебі-су жүйелерін пайдалану құқығын бөлісу мәселесінен туындайды. Бұл жағдай негізінен өзендер мен көлдерге қатысты туындайды, өйткені трансшекаралық су ресурстары бірнеше аймақтардың аумақтарына тиесілі. Су тапшылығының артуы, климаттың өзгеруі, өсіп келе жатқан халық саны мен ауыл шаруашылығының дамуы сияқты факторлар шекаралық дауларды күшейтеді [2, 36 б].
Су ресурстарының шекаралық қақтығыстары көбінесе үш негізгі аспект бойынша туындайды:
-Су көлемінің тапшылығы. Бұл ең айқын себеп, әсіресе су қорларының азайып бара жатқан аймақтарында су ресурстарының тапшылығы ауыл шаруашылығын, экологияны және тұрмыс жағдайын нашарлатады. Бұл адамдардың көшуіне немесе қақтығыстардың күшеюіне себеп болуы мүмкін.
-Су ресурстарын басқарудың әділдігі. Су пайдаланудың әділ бөлінуі мен басқарылуы мемлекеттер арасындағы келісімидер мен халықаралық заңдар арқылы реттеледі. Бірақ бұл реттеу жеткілікті немесе тиімді болмауы мүмкін. Бұл даулар мен қақтығыстарға алып келеді.
-Геосаяси мәселелер. Су ресурстарын бақылау елдер үшін стратаегиялық маңызды. Сонджықтан кейде су ресурстары тек экономикалық қана емес, сонымен қатар саяси құралға айналады.
Осы мәселелелердің аясында Орталық Азия аймағында су ресурстарының тапшылығы мәселесі жиі кездесіп жатады. Әсіресе соңғы он жылда мемлекеттер арасында 5 ірі қақтығыс орын алған. Бұл қақытығыстар Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы суды бөлу мәселесінен туындайды. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан мен ТӘжікстан арасындағы трансшекаралық өзендердің бөлінуіне қатысты 2004 жылдан бастап бірнеше келісімдер жасалған. Бірақ бұл келісімдер іске асырылмаған немесе толық орындалмаған. Әсіресе су ресурстарын бөлуге қатысты нақты шешімдердің болмауы аймақтық деңгейде тұрақсыздық тудырады [3, 69б].
Су ресурстарының шекаралық мәселелелерін алғаш рет зерттеген Қазақстандық ғалымдардың бірі Ағыбаев А.Н трансшекаралық су ресурстарын бөлісудегі құқықтық мәселелерді жан-жақты талдаған. Оның пікірінше, су ресурстарын басқарудағы қателіктер су қақтығыстарының туындауына себеп болады. Ол осы мәселені шешудің жолы ретінде халықаралық келісімдер мен заңнамалық реформаларды ұсынған.
Әлемдік тәжірбиелерге сүйенсек, шетелде су ресурстарын басқару мәселелесін зерттеген ғалымдар Роберт Флетчер және Джон Халл су ресурстарын қорғау мен әділ бөлуге қатысты халықаралық құқықтың рөлін зерттесе, Халл трансшекаралық су мәселесн шешуде дипломатия мен халықаралық келісімдердің маңызын атап көрсеткен болатын.
Дүниежүзілік Су Кеңесі мен БҰҰ-ның су ресурстары жөніндегі бағдарламасы сияқты халықаралық ұйымдар су ресурстарын тиімді пайдлалану мен қорғау мәселелерін шешуде белсенді жұмыс жасайды.Бұл ұйымның мақсаты мемлекеттердің арасындағы су қақтығыстарының болмауына әсер етеді. Аталған ұйымдар Орталық Азиядағы су ресурстарына байланысты қақытығыстарға да ерекше көңіл бөлуде [4, 12б].
Орталық Азиядағы су ресурстарына байланысты қақтығыстар-үлкен мәселе болып табылады. Солардың ішінде Әмудария мен сырдария өзендеріндегі су ресурстарының бөлінуі. Бұл екі өзен де бірнеше елдің шекарасында ағып өтеді, бқл өз кезегінде мемлекеттердің арасындағы келіссөздер мен ынтымақтастықты күрделендіреді.
Әмудария өзені Орталық Азиядағы ең ұзын өзендердің бірі және көптеген елдердің аумағы арқылы өтеді. Бұл өзен Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркменстан және Ауғанстан елдерінің шекаралары арқылы өтеді. Әмударияның су ресурстары көбінесе Тәжікстан мен Өзбекстан арасында үлкен мәселелер тудырады. Мысалы, Тәжікстан өз территориясында орналасқан Сангтуда мен Нурек су қоймасынан суды пайдалана отырып, Әмударияның өз бөлігін пайдалану қажеттігін қанағаттандыруға тырысады. Өз кезегінде, Өзбекстан су көлемінің азаюы мен судың әділетсіз бөлінуіне наразылық білдіреді, бұл елдің ауылшаруашылық және өндіріс саласына теріс әсер етеді.
Сырдария өзені де Орталық Азиядағы су ресурстарын бөлісетін маңызды өзендердің бірі. Өзбекстан мен Қырғызстан, Қазақстан мен Тәжікстан арасында орналасқан бұл өзен су ресурстарын бөлісуге бпайланысты көптеген даулы мәселелерге алып келеді. Қырғызстан өзеннің жоғары ағысында орналасқан, ал Өзбекстан мен Қазақстан төменгі ағысында орналасқан, бұл өз кезегінде су көлемінің жеткіліксіздігін тудырады. Өзбекстан мен Қазақстанның бірлескен ауыл шаруашылығы қажеттіліктері көбінесе өзен суын көп пайдалануды талап етеді, бірақ Қырғызстанның жоғары ағысында су қорларының шектеулі болуы шиеленіске әкеледі [5, 63б].
2019 жылғы зерттеулерге сүйенсек, аймақтың су ресурстарының орташа жылдық көлемі 100 текше км-ден төмен болып, Орталық Азиядағы су тапшылығына алып келіп отыр. Әсіресе, Қазақстанның оңтүстік аймақтарында және Түркменстанның суармалы егіншілік аудандарында су тапшылығы қатты байқалуда. Қазақстанның оңтүстік облыстарында су тапшылығының артуы аймақтың ауыл шаруашылығы саласында жылына шамамен 2 миллиард доллар экономикалық шығындарға әкеледі.
Дүниежүзілік банк пен БҰҰ есебіне сәйкес, Орталық Азиядағы су тапшылығы аймақтың жалпы ішкі өніміне жыл сайын шамамен 3 пайызға төмендеуі мүмкін екендігін және су тапшылығы халықтың тұрмысына, әсіресе суға тапшы ауыл тұрғындары үшін аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Су тапшылығының артуы тек қана ауыл шаруашылығында емес,энергетика мен экожүйеге де үлкен зиян.
Талдау
Су тапшылығын жеңу және мемлекеттер арасындағы қақтығыстарды шешудің бір жолы-су ресурстарын басқарудың тиімді жүйесін енгізу. Қазіргі таңда әлемде су ресурстарын басқарудың көптеген тиімді үлгілер бар, оның ішінде Израильдің тәжірбиесі ерекше назар аудартады. Израиль-су ресурстарын тиімді пайдаланудың көшбасшысы болып табылады, онда суды қайта өңдеу және суарудың жаңартылған технологиялары кеңінен қолданылуда. Израильде су ресурстарын 80 пайызы қайта өңделіп, ауыл шаруашылығында қолданылады. Сондай-ақ, жаңбыр суын жинау және оның тиімді пайдалану жүйелері айтарлықтай дамыған [6, 89б].
Израильдің тәжірбиесі Орталық Азия үшін де өте маңызды. Бұл аймақта суарылатын жерлер көп болғандықтан, суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру және су ресурстарын қайта өңдеу технологияларын енгізу су тапшылығын азайтуға көмектеседі. Сондай-ақ суаруды автоматтандыру және су шығындарын азайту мақсатында заманауи суару әдістерін қолдану қажеттігілігі артып келеді. Мысалы, тамшлап суару және гидропоника сияқты әдістер ауыл шаруашылығында су пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
"Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы Су Қақтығыстары және Аймақтық Қауіпсіздік" атты еңбекте Орталық Азия мен Таяу шығыстағы су ресурстарының стратегиялық маңызын зерттеп, суға байланысты қақытығыстардың аймақтық қауіпсіздікке қалай ісер ететінін талдаған автор S. Subramanian осы еңбегінде су ресурстарына деген тапшылықтың болмауына байланысты біршама кеңестерімен бөліседі. Су тапшылығының алдын алу үшін ең алдымен бірнеше жобаларды іске асыруға тиістіміз.
Біріншіден, су ресутарын тиімді басқару жүйесін қалыптпсыту қажет. Бұл жүйе судың тиімді бөлінуін, судың ластануын болдырмауды, сондай-ақ су ресурстарын оңтайлы пайдалану мәселелерін қамтуы тиіс. Су ресурстарын басқару үшін нақты жоспарлар мен стратегиялар жасалуы керек. Су тұтынудың деңгейін төмендету, суен жабдықтау инфрақұрлымын жаңғырту, судың сапасын жақсарту және су пайдалану мәдениетін арттыру маңызды.
Екіншіден, су ресурстарын сақтау үшін табиғи экожүйелерді қорғау мен қалпына келтіру керек. Су көздерінің экологиялық күйі мен оларды қоршаған ортаның тұрақтылығы өзара байланысты болғандықтан, су ресурстарының ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету керек [7, 11б].
Үшіншіден, су ресурстарын басқарудың халықаралық тәжірбиесіне сүйену қажет. Көптеген елдер су тапшылығын шешуде тәжірибе жинақтаған. Мысалы, Израиль мемлекеті су ресурстарын тиімді пайдалану мен басқарудың үлгілі моделін ұсынады. Бұл елде жаңбыр суын жинау, ағынды суларды тазарту және қолдану, суды ысырапсыз пайдалану бойынша ауқымды жобалар іске асырылып, су тапшылығын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді [8 , 13б].
Қорытынды
"Глобалдық су дағдарысы: дамушы елдердегі су тапшылығының өсуі" атты мақалада Халықаралық Су Басқару Институты (IWMI) мәлімдегендей су ресурстарын тиімді басқару бүкіл әлем елдері үшін аса маңызды істердің бірі. Себебі, су-тіршіліктің маңызы. Сусыз ғалам дамуы тоқтайды. Осы себепті су ресурстарын әрдайым тиімді басқарып, оны қорғау мен сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлгендігіміз жөн. Мемлекетаралық суға байланысты мәселелерді шешу әрбір мемлекеттің маңызды істерінің қатарына енетіндігі сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Глейк, П. Х. Мировая вода: Бенинальный отчет о пресных водных ресурсах / П. Х. Глейк. – М.: Издательство "Мир", 2014. – 318 с.
-
Браун, Л. Р. План B 3.0: Мобилизация для спасения цивилизации / Л. Р. Браун. – М.: Издательство "Восточная книга", 2007. – 456 с.
-
Аллан, Дж. А. Вопрос воды на Ближнем Востоке: Гидрополитика и мировая экономика / Дж. А. Аллан. – Лондон: I.B. Tauris, 2002. – 398 с.
-
Фалькенмарк, М., Рокстрём, Й. Баланс водных ресурсов для людей и природы: Новый подход в экогидрологии / М. Фалькенмарк, Й. Рокстрём. – Лондон: Earthscan, 2004. – 348 с.
-
Постель, С. Столпы песка: Могут ли ирригационные системы преодолеть водный кризис? / С. Постель. – Нью-Йорк: W.W. Norton & Company, 1999. – 379 с.
-
Хикс, Дж. Водные ресурсы: Проблемы и решения / Дж. Хикс. – М.: Научный мир, 2011. – 295 с.
-
Хусейн, М. Анализ глобального водного дефицита и его последствия для стран развивающихся / М. Хусейн. – Кембридж: Cambridge University Press, 2015. – 412 с.
-
Вульф, А. Т. Международные водные ресурсы: Проблемы и решения / А. Т. Вульф. – Вашингтон: Island Press, 2009. – 370 с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Су Ресурстары және шегаралық қақтығыстар

шағым қалдыра аласыз