«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сана қалыптастыру жолдары»
Телміріп тапқан теңгеден, тер
төгіп тапқан тиын жұғымды.
Ахмет
Байтұрсынұлы
Бүгінде біз өмір сүріп жатқан қоғам күн санап дамып,
өркендеп, өрлей түсуде. Зымыраған уақыт ағымына ілесіп, ерекше
қарқынмен дамудың нәтижесінде талай жетістіктерді бағындырып келе
жатқан елімізде «сыбайлас жемқорлық» атты дерттің кеңінен етек
жайып жатқаны қазіргі студент, болашақ еліне қызмет етер азаматша
ретінде мені қынжылтады, қапаландырады. Елімізде бұл мәселеге
арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да жоқтың
қасы емес, десе де бұл дерт әлі күнге шешімін таппаған өзекті
мәселеге айналып отыр.
Сыбайлас жемқорлық – тек біздің елді ғана емес, барша әлем
жұртшылығын айналып өтпеген әлеуметтік ең қауіпті құбылыс. Алайда,
бұған себепкер қоғам деу қателік, менің ойымша, бұл жемқорлықты
қоғам емес, ондағы өмір сүруші биологиялық фактор – адамдар
жасауда.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас
жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Атап
айтқанда, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік
өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа
делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу,
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету сынды
теріс іс-әрекеттің барлығы адам өміріне балта шауып, құрдымға
кетіретін қасірет. «Коррупция» деп аталатын індет тек ақыл
тоқтатқан адамдар арасында ғана емес, сонымен қатар «жаннан қымбат
оларға ар» деп Мағжан Жұмабаев атамыз үміт еткен жастардың арасында
да белең алуда «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан»
демекші, өз елінің өркендеуіне едәуір үлесін қосып, дамушы
жастардың қатарында болар шақта, жемқорлық дертіне ұшыраған жасты
кемел келешек күтпесін зор сеніммен айта
аламын.
Сыбайлас жемқорлық өршіп тұрған шақта қоғам әсте алға
баспайды, керісінше елдің дамуы тежеліп, келешегі бұлыңғыр болады.
Қазіргі таңда қоғамымызда жемқорлық пен парақорлық кіріспеген
жағдай, мәселе, сала қалмады. Бұның себебі, сыбайлас жемқорлық
шектелуді білмейді, ол бейне бір «жұқпалы вирус» секілді
дерсің.
Барша қоғам болып күресіп жатырған бұл мәселеге қарсы сана
қалыптастыру жолдары қандай? Менің пайымдауымша, коррупциямен
күрестің негізгі жолы – адамдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениет деңгейін көтеру, жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру. Ал
сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру дегеніміз – адамдардың
жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп
қабылдауы Бұл адамның саналы түрде және адамгершілік қасиетімен
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, пара сұрамау, пара бермеу,
мемлекеттің мүлкіне қол сұқпауы, аманатқа қиянат етпеуі, коррупция
орын алған жағдайларда онымен күреске өз үлесін қосуы сынды игі
қасиеттер жиынтығы деп санаймын. Осы орайда, жемқорлыққа қарсы сана
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы – отбасында бастау алады. Тұлға
болып қалыптасуда отбасының алар орны басым. Отбасында жас ұрпақты
тәрбиелеуге көп көңіл бөлінуі керек, себебі, бұл оның адами
қасиеттерді бойына сіңіріп, сана-сезімінің қалыптасуына, құқықтық,
оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасып,
дамуына әсерін тигізеді. Сол себепті ата-ананың басты міндеті – өз
ұрпағын жан-жақты дамытып, адал еңбектеніп, адал ас ішуге,
адамгершілікке, қоғамға өз үлесін тигізетіндей рухты азамат етіп
тәрбиелеу. Ал нақ осы тәрбиенің нәтижесі - жан-жақты дамыған,
бәсекеге қабілетті, білімді, білікті, адал,еңбекқор және сыбайлас
жемқорлыққа бой алдырмайтын келешек ұрпақ болып
табылады.
Жемқорлыққа қарсы сана қалыптастырудың тағы бір айрықша
жолы -адамдардың құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру.
Себебі, Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының
Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Құқықтық сауаты жетілген, білімді, ақ пен қараны ажырата алатын, өз
абырой-мүддесін қашан да бәрінен биік қоятын көзі ашық әрбір тұлға
– еліміздегі ауқымы жылдан-жылға құлаш жайып келе жатқан кеселдің
алдын-алуға және онымен күрес жолында өз үлесін қосары сөзсіз. Осы
сәтте, Гаврила Державиннің мына бір керемет нақыл сөзі есіме
түседі: «Адамның өзіне жасаған ең үлкен сыйы арына кір
келтірмеу».
Қортындылайтын болсам, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
төрағалық еткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі
жиында «Жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен
мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін» айтқан болатын. Олай
болса, «Жемқорлық - қоғам дерті, ал дерттің емі - онымен күрес»
демекші, баршаңызды бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара отырып,
бүгінде әлеуметіміз үшін маңызды мәселеге айналған сыбайлас
жемқорлықты бірге тұсаулауға шақырамын! Еліміздің ертеңі жарық
болуы үшін парасыз болашаққа қадам
басайық!
Пайдаланылған әдебиеттер:
http://edunews.kz/
https://aqmeshit-aptalygy.kz/
№
|
Аты-жөні
|
Туылған күні, айы,
жылы
|
Оқу орны атауы мен
тобы
|
Байланыс телефоны
|
1
|
Нурымбетова Сауле
Алимжанқызы
|
06.01.2004
|
«М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі»
КМҚК
МДБ-Т-19 оқу тобының
студенті
|
87004008944
|