Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға,оқушыларға «сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында ойтолғау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

7.

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңды дәлелдеп жаз



Қазіргі кезде қоғамдағы басты дерттің бірі – сыбайлас жемқорлық мәселесі. Сыбайлас жемқорлық халықтың мал-мүлкін, мекмлекеттің қазынасын талан-таражыға түсіретін парақорлықтың бір жолы деп айтуға болады. Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын адамды «парақор» деп те атаймыз.

Қоғамға өз дертін жайған сыбайлас жемқорлықтан арылуға бола ма? Менің пайымдауымша, қатаң шаралар мен жазалар қолдансақ, сыбайлас жемқорлықты біржолата жеңуге болады. Ол үшін күллі қоғам болып күресу керек деп санаймын.Сонда ғана сыбайлас жемқорлықсыз болашақ туады.

Сыбайлас жемқорлық адам баласына, адамның өзіне, қоғамға үлкен шығындар мен залалын тигізеді. Соның ішінде парақорлар ерекше зиянын әкеледі. Парақорлардың қатарында жұмысқа парамен алу, тіптен марапат, мадақтамаа сияқты қағаздардың өзін жемқорлық жолмен алу көбейіп жатыр. Сонымен қатар, халықтың жағдайын жақсартуға бөлінген мемелекеттің қаржысының өзі парақорлардың үлесіне тиіп жатыр. Оның қатарына: жол жөндеу, құрылыс ғимараттарын салу, тендерді ұту, жерді заңсыз сату сияқты үлкен мәселелер де тұр. Егер осы жалғаса берсе, еліміздің болашағы белгісіз болады деп білемін.

«Мәңгілік ел» болашағы жарқын болуы үшін сыбайлас жемқорлықты жоюымыз қажет. Жеке адам жалғыз өзі жеңе алмайды, қоғам болып сыбайлас жемқорлықтың алдын алуымыз тиіс. Сол үшін елемізде «Адал ұрпақ», «Адалдық сағаты», «Жемқорлыққа қарсымыз» сияқты түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Баланы мектеп жасынан бастап адалдыққа үйретіп, жемқорлықтан аулақ болуға үндейтін тәрбиелік жұмыстар атқарылып жатқанын білеміз. Осы шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлықсыз болашаққа салынып жатқан көпір іспеттес деп түсінемін.

Сыбайлас жемқорлыққа арналған елімізде арнайы заң бар. Заң аясында талай жемқорлар заңға тартылып, жазасын алып жатыр. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық неге тоқтамай тұр? Менің ойымша, заңда белгіленген жаза тым жеңіл сияқты. Мысалы, Қытай елінде жемқорларды халықтың алдына шығарып, ату жазасына кеседі. Осы сұмдықты көрген адам ешқашан жемқорлыққа бармайды. Біздің елімізде де болашағымыз жемқорлықыз өту үшін осындай қатаң заңдар мен шаралар керек. Сонда ғана адамдардың арасында осы дерт тоқтайды деп сенемін.

Ойымды қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлықсыз болашақ бізге жарқын өмірді ғана емес, болашаққа деген үлкен сенімді береді деп ойлаймын. Ендеше, сыбайлас жемқорлықты жоюға ат салысайық!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.07.2021
1391
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12