Атырау
қаласы
Эсенкулова
У.
Сынып
сағаты:
“Ауған от
жалыны”
https://sg.docworkspace.com/d/sIE62nsCuAevKr7UG
презентация
ссылкасы wps
құрылғысымен
Мақсаты:
Тақырыбы: «Ауғанның от
жалыны»
Мақсаты: Ауған
оқиғасының тарихи мағынасын аша отырып, соғыс ардагерлері туралы
мәлімет беру. Тарихи деректердің маңызды екендігін ұғындыру,
Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін мақтаныш ете
отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге
тәрбиелеу.
Әдісі:
еске алу
сабағы
Көрнекілігі:
Тақырыпқа
сай слайд -
сурет.
Барысы:
Ұйымдастыру.
Амандасу
Сабақ
барысы:
Бейнебаян. «Ауған жерінде ...
»
-
«Ақ
тілек»
кезеңі
-
Қорытынды
«Біз не
білеміз?»
кезеңі: Картамен жұмыс (түсінік беру, көрсету,
Ауған жері
т.б)
Қару
саудасы
Топтастыру: «Соғыс
дегеніміз
не?»
Оқушылар
өздерінің
“соғыс”
сөзін қалай түсінетінін және оның зардаптарын
топтастырып жазуы
қажет.
Мұғалім: Соғыс
халықтың басына келген қасірет, жұт. «Ауғанстан - жүректегі жара»
демекші 15 ақпан 1989 жылы талай аналарды перзенттерден айырған,
мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы
«Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің
өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде біз бейбіт елдің жастары,
еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын, Отан алдындағы борыштарын
адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға
міндеттіміз.
«Білейік,
танысайық!» кезеңі. Ауған соғысы туралы
мәліметтер
- 1979
жылы 12
желтоқсанда Кеңес
Одағы басшыларының шағын тобы : Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов,
М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға Кеңес әскерін енгізу туралы
шешім
қабылдады.
-
1979 жылы
25 желтоқсанда
КСРО
әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына
дейін соғыс қимылдарын
жүргізді.
-
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза
тапты. 21 адам хабарсыз
кетті.
Соғысқа
аттанғандардың жас шамасы орташа есеппен алғанда 19-25 жас
аралығында.
- Бүгінгі
таңда Қазақ елінде 10000–ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың
3000–дайы мүгедектер
қатарында.
Кеңестік
жүйе кезінде Ауғанстан, Египет, Вьетнам, Ангола жерлерінде өткен
ірілі-ұсақты соғыстарға қатынасқан 20 мыңнан астам жерлестеріміздің
ержүректігі мен батырлығы Отанға адал қызмет көрсетудің бір
үлгісіндей болып қалды. Бүгінде олардың аты 137 көшеге, 18
мектепке, 2 кәсіптік-техникалық оқу орнына, 2 стадионға қойылған.
56 оқу орны мен жеке үй қабырғаларына ескерткіш мемориалдық тақта
орнатылған. Қазақстанның астанасы мен облыс орталықтарында 11
ескерткіш бой түзеп, 9 облыста Ауғанстанда қаза болған
жауынгерлердің ерлігін паш еткен «Естелік кітабы»
шығарылды.
1989 жылы 15
ақпанда соңғы Кеңес әскері генерал Громовтың бастауымен қанға
бөгіп, тіршілігі тарыдай шашылған Ауғанстан жерін тастап шықты.
Содан бері интернационалисттер бұл күнді атап өтіп, қаза болған
қаруластарының басына барып, олардың жан жарларының, ата-аналарының
жарым көңілдеріне ортақтасады. Бұл күн – ауған соғысының бейресми
мерекесі. Осы соғыста 7 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры
атанған.
Бейнебаян. «Ауған
жерінде ...
»
«Ақ тілек
кезеңі»
Балалар тәуелсіз елімізге арнап өздерінің ақ
тілектерін
жазып,
берілген сурет үстіне
жабыстырады.
Қорытынды
Тәуелсіз ел
Қазақстан – тұрағым,
Жарқыратқан нұрлы өмір шырағым,
Көк байрағым еркіндікті паш етіп,
Қыран қанат – көкке самғар жыр
әнім.
Қазақ
жерінде соңғы 5 ғасырда 3 мыңдай ірі ұсаќ көтерілістер мен
наразылықтар болған екен. Соның барлығы да қасиетті тәуелсіздік
үшін болғаны
мәлім.
32
жыл ішінде
тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен
аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары
үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды
қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап,
күтумен
өтті.