жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Сыныптан тыс іс - шара: Абай Құнанбаев 180 жас
Сыныптан тыс іс – шара. Абай Құнанбаев 180 жас
Мақсаты: Қазақтың дара да дана ақыны Абай бейнесін толық аша отырып, оқушылардың бойында ақын шығармашылығына деген қызығушылықты ояту, ақын айтқандай «дүниенің кірпіші болып, кетігін тауып қалана білуге» баулу.
Түрі: Ашық альбом.
Барысы:
1-жүргізуші: - Қайырлы күн бүгінгі кешке жиналған барша қауым!
2-жүргізуші:-Иа, біз бүгін қазақтың дара да дана біртуар ақыны Абай Құнанбаев атамызға арналған сыныптан тыс іс – шараға жиналып отырмыз.
1-жүргізуші: - Абай Құнанбаев атамыз туралы қанша айтсақ та артық болмас. Себебі, Абай – жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш.
2-жүргізуші: - Олай болса, Абай атамызға арналған ашық альбомымызды бастаймыз.
1-жүргізуші:-Біздің альбом 6 бөлімнен тұрады:1. Ақын өмірі. 2. Көкейде жүрген 10 сұрақ. 3. «Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» (өлең оқу). 4.Ұлы тұлға туралы ұлылардың 10 пікірі. 5. Көрініс. (Абайдың 1- қара сөзі) 6. «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» (Абай әндері).
2-жүргізуші: 1- бөлім Ақын өмірі
1- оқушы: Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда қазіргі
Семей облысының Шыңғыс тауларында, Қарқаралының аға сұлтаны
Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған. Ол -ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, ау-дармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ислам дініне таяна оты-рып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармала-рында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
2- оқушы: Абай Құнанбайұлы Орта жүздің Тобықты руынан шыққан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Абайдың анасы Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының қызы, Абай бала кезден Өскенбайдың әулетінің Үлкен әжесі атанып кеткен Зере әжесінің қолында өсті, Өскенбайдың бәйбішесі Тоқбала анамыз (Зере) Найманның
Матай болысының байы Бектемірдің қызы, Зере әжеміз Ибраһимді "Абай" деп еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
3- оқушы: Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды.
4- оқушы: Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін, ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды.
5- оқушы: Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классик-тері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан Александр Пушкин, Александр Герцен, Михаил Салтыков-Щедрин, Николай Некрасов, Михаил Лермонтов, Лев Толстой,
Иван Крылов, Фёдор Достоевский, Иван Тургенев, Николай Чернышевский
мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Джордж Байрон,
Гёте сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин
сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
1-жүргізуші: Ендігі кезек 2- бөлімде. «Көкейде жүрген 10 сұрақ» Бұл бөлімде әр оқушы сандықша ішінен сұрақтар алып, сол сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыларға жүргізушілер тарапынан марапат.
Сұрақтар:
1. Абайдың қанша қара сөзі бар? (45 қара сөзі бар)
2. Абайдың күйлері? («Торжорға», «Май түні», «Желдірме»)
3. Абайдың поэмалары? («Ескендір», «Масғұт», аяқталмай қалған «Әзімнің әңгімесі»)
4. Абай бастаған комиссия 93 баптан тұратын “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” неше күнде бітірді? ( ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті)
5. Абай өлең жазуды неше жасында бастады? (10 жасында “Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”)
6. 1882 ж. жазылған Абайдың ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы? («Қансонарда»)
7. Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді, қандай? (бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.)
8. Абай алғаш өлеңдерін досы Көкбайдың атымен шығарып жүрді. Алғаш өз атымен шығарған өлеңі қандай? (Жаздыкүн шілде болғанда)
9 Абай айтқан бес дұшпан, бес асыл? (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,
бекер мал шашпақ; Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
10. Абайдың елу жылдық өмірін шығармасына арқау етіп, ол туралы роман – эпопея жазған жазушы? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы»)
2-жүргізуші: Керемет, өздеріңнің алғыр екендеріңді көрсете білдіңдер. Көкейде жүрген 10 сұраққа жауап алдық. Енді 3 - бөлім «Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» (өлең оқу).
1-жүргізуші: Абай лирикаларының тақырыбы алуан түрлі. Сол түрлерін қамти отырып мәнерлеп өлең оқуымыз керек.
7 - оқушы: Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырған өлеңі - «Ғылым таппай мақтанба»
Ғылым
таппай мақтанба,
Орын таппай
баптанба,
Құмарланып
шаттанба,
Ойнап босқа
күлуге.
Бес
нәрседен қашық бол,
Бес
нәрсеге асық бол,
Адам болам
десеңіз.
Тілеуің,
өмірің алдыңда,
Оған қайғы
жесеңіз.
Өсек,
өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
-
Бес дұшпаның,
білсеңіз.
Талап,
еңбек, терең ой,
Қанағат,
рақым, ойлап қой -
Бес асыл
іс, көнсеңіз.
Жамандық
көрсең нәфрәтлі,
Суытып
көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық
көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға
жисаңыз.
Ғалым
болмай немене,
Балалықты
қисаңыз?
Болмасаң да
ұқсап бақ,
Бір ғалымды
көрсеңіз.
Ондай
болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым
сүйсеңіз,
Сізге ғылым
кім берер,
Жанбай
жатып сөнсеңіз?
Дүние де
өзі, мал да өзі,
Ғылымға
көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
8- оқушы: Абайдың қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырған өлеңі - «Сегіз аяқ»
Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей —
Тояды қарның тіленбей.
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол — бай тап,
Адам бол — мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.
Малыңды жауға,
Басыңды дауға
Қор қылма, қорға, татулас.
Өтірік, ұрлық,
Үкімет зорлық
Құрысын, көзің ашылмас.
Ұятың, арың оянсын,
Бұл сөзімді ойлансын.
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақтың болды ғой.
9 - оқушы: Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы – «Ескендір» поэмасы.
Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Сұмдықпен әскер жиып қаруланды,
Жақын жерге жау болды, тұра аттанды.
Көп елді күтінбеген қырды, жойды,
Ханды өлтіріп, қаласын тартып алды.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Дарияның суындай қандар ақты.
Шапқан елдің бәрін де бодан қылып,
Өкіметін қолына тартып апты.
Ескендір елде алмаған хан қоймады,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Араны барған сайын қатты ашылып,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Қан ішер қаһарлы хан ашуы көп,
Атағынан қорқады жұрт қайғы жеп.
Сол күнде қошеметші айтады екен,
Ханның ханы, патшаның патшасы деп.
Атағы талай жерге оның жетті,
Жердің жүзін алуға талап етті.
Есепсіз әскер ертіп, жарақтанып,
Есіткен елдеріне жүріп кетті.
10 - оқушы: Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. «Қыс» өлеңі
Ақ киімді, денелі, ақ
сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп
долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын
салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.
Соныға малды жайып, күзетіңдер,
Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды!
Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін,
Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
11 - оқушы: Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті.«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да»
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,
Аспанда ай менен күн шағылса да,
Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ,
Саған жар менен артық табылса да.
Сорлы асық сарғайса да,
сағынса да,
Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,
Шыдайды риза болып жар ісіне,
Қорлық пен мазағына табынса да.
12 - оқушы: Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дүние көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. 19 - қара сөзі
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
1-жүргізуші: Ендігі кезек 4- бөлімде. Ұлы тұлға туралы ұлылардың 10 пікірі.
13 - оқушы: Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».
14 - оқушы: Мұжтар Әуезов: «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»
15 - оқушы: Қайсын Кулиев: «Орыстар үшін - Пушкин, ағылшындар үшін - Шекспир, грузиндер үшін - Руставели... қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс»
16 - оқушы: Міржақып Дулатов:
«Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші
кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек...Ең жоғары, ардақты
орын – Абайдікі»
17 - оқушы: 1-жүргізуші: Әлихан Бөкейханов:
«Абай тағдыр өз отанының бейуақыт заманына
алып шыққан құйма алтын еді»
18 - оқушы: Міржақып
Дулатов: «Қараңғы заманда шырақ
жаққан» шамшырақ»
19 - оқушы: Мағжан Жұмабаев: «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»
20 - оқушы: Мұхтар Әуезов: «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»
21 - оқушы: Зәки Ахметов: « Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
22 - оқушы: Сұлтанмахмұт Торайғыров
«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең, Жаттап тоқы көңілге»
2-жүргізуші: Абайды ерінбей оқып, көңілге тоқу керек екенін 5- бөлімде ашық көрсете аламыз. Абайдың 1- қара сөзінен Көрініс тамашалайық
Ақын: - жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Әкім: - Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Қойшы:- Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғалым: - Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Молда: - Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Мұғалім: - Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақын:- Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.
2-жүргізуші: Абай атамызды жан - жақты қырынан ашып көрсете білдік. Енді Көңіл құсын шартарапқа құйқылжытар әнге де кезек берелік.
1-жүргізуші: Aбaй aтaмыздың шығapғaн
28 әнi бар.
Мaхaббaт-лиpикaлық
әндepi:
1. Жeлсiз түндe жapық aй (2 нұсқaсы бap)
2. Aйттым сәлeм, Қaлaмқaс (3 нұсқaсы бap)
3. Көзiмнiң қapaсы (4 нұсқaсы бap)
4. Жapқ eтпeс қapa көңлiм нe қылсa дa (1 нұсқaсы бap)
5. Қop бoлды жaным (4 нұсқaсы бap)
6. Сeн мeнi нe eтeсiң? (2 нұсқaсы бap)
7. Сүйсiнe aлмaдым, сүймeдiм (1 нұсқaсы бap)
8. Aмaл жoқ қaйттым бiлдipмeй (4 нұсқaсы бap)
9. Тaңғaжaйып бұл қaлaй хaт (1 нұсқaсы бap)
10. Тәңipi қoсқaн жap eдiң сeн (6 нұсқaсы бap)
11. Құп бiлeмiн, сiзгe жaқпaс (1 нұсқaсы бap)
12. Жapым жaқсы киiм киiп (1 нұсқaсы бap)
Өмip туpaлы филoсoфиялық әндepi:
13. Қapaшaдa өмip тұp (2 нұсқaсы бap)
14. Қapaңғы түндe тaу қaлғып (3 нұсқaсы бap)
15. Өлсeм, opным – қapa жep (1 нұсқaсы бap)
16. Eсiңдe бapмa жaс күнiң (1 нұсқaсы бap)
17. Сұpғылт тұмaн дым бүpкiп (3 нұсқaсы бap)
18. Мeн көpдiм ұзын қaйың құлaғaнын (3 нұсқaсы бap)
19. Iшiм өлгeн сыpтым сaу (1 нұсқaсы бap)
20. Тepeктiң сыйы (1 нұсқaсы бap)
Тәлiм-тәpбиe тaқыpыбындaғы әндepi:
21. Aтa-aнaғa көз қуaныш (1 нұсқaсы бap)
22. Бipeудeн бipeу apтылсa (3 нұсқaсы бap)
Aзaмaттық-пaтpиoттық әндepi:
23. Сeгiз aяқ (8 нұсқaсы бap)
24. Бoйы бұлғaң (3 нұсқaсы бap)
Ән-өнep туpaлы әндepi:
25. Өзгeгe көңiлiм, тoяpсың (2 нұсқaсы бap)
26. Көңiл құсы құйқылжытып (1 нұсқaсы бap)
Мысaл әнi:
27. Қapғa мeн бүpкiт (1 нұсқaсы бap)
Жoқтaу әнi:
28. Әбдipaхмaнның әйeлi Мaғышқa Aбaй шығapып бepгeн жoқтaу (1нұсқa)
2-жүргізуші: Олай болса осы әндерінің ішінен 3 әнді шырқайық: «Көзiмнiң қapaсы», «Қapaңғы түндe тaу қaлғып», «Мeн көpдiм ұзын қaйың құлaғaнын»
1-жүргізуші: Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады.
2-жүргізуші: Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Гёте, Пушкиндермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады.
1-жүргізуші: Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған.
2-жүргізуші: Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады.
1-жүргізуші:- Міне біз де ұлы тұлғаның 180 жылдығына орай іс – шара өткізіп отырмыз.
2-жүргізуші: Абай – жұмбақ әлем, зерттелмеген мұхит, игерілмеген ғарыш екенін естен шығармайық.
«Жeлсiз түндe жapық aй» әнін хормен айтып, іс – шараны аяқтау

