Материалдар / Сыныптан тыс шара «Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам» 6-7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара «Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам» 6-7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл шарада оқушылар ұлы ақынның өнегелі өмірімен танысуды жалғастырады, шығармаларына кеңірек шолу жасайды, өлеңдерін, қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
175
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Ол - Абай, Ұлты - қазақ, Аты –Адам». 
Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп оқу. 

  

1-жүргізуші : 
Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған шарамызға қош келдіңіздер.


2-жүргізуші: Қоғам қайраткері, жазушы Мырзагелді Кемел   «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».деген екен. Ендеше біздедер де бұл шарамызды өзіміздің ұлы Абай туралы білетінімізден бастайық.

1- оқушы. Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.

2- оқушы. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.

3-оқушы. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

4-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Әкесі Құнанбай да өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан.

5-оқушы. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

6-оқушы. Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді Абай ата.

7-оқушы. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

8-оқушы. Абай 170 тен астам лирикалық, 30 дай аударма өлеңі, үш поэмасы, 45 қара сөзі, 4 мақаласы, 49 прозалық шығармасы, 10-ның үстінде әні, 4 күйі бар.

9-оқушы. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай ауылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды. И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тілінде сөйлеткен.



1-жүргізуші : Абай әлемдік мәдениттің тұлғасы . Абайды жәй сөзбен сипаттай салуға болмайды. Себебі, Абай қара қазақтың сана сезіміне мәңгі есінде қаларлықтай білім орнатты.


2-жүргізуші: Сол үшінде дана Абайдың өлеңдерінен тәрбиелік өсиет өнеге аламыз. Әсіресе, ақын жырларынан қоғамдық саяси , әлеуметтік саяси тақырыпқа негіз болған , адамды асыл қасиеттерге жетелейтін, ізгілікті ойларды көп кездестіреміз.


««Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 

Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? 

Адамның бір қызығы бала деген, 

Баланы оқытуды жек көрмедім. 

Баламды медресеге біл деп бердім, 

Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім, 

Өзім де басқа шауып, төске өрледім, 

Қазаққа қара сөзге дес бермедім. 

Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, 

Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім.


Ғылым таппай мақтанба.

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.


Әсемпаз болма әрнеге

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.

Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.


1- жүргізуші: Атап айтқанымыздай кемеңгер ақынның әр сөзінің, әр өлең шығармаларының тәрбиелік мәні зор.

2-жүргізуші: Жастардың бойына даралық пен даналықты дарытар шығармалары ешқашан құндылығын жойған емес. Ақынның сондай өлеңдерінің бірі «Сенбе жұртқа тұрса да, қанша мақтап».


Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,
Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.
Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,
Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.


1- жүргізуші: Абай орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Сол арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.
2- жүргізуші: Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған. Ендеше, Абайдың аудармаларына назар салайық.

«Өлең сөздің патшасы»

Поэзия-властитель языка, 
Из камня чудо высекает гений. 
Теплеет сердце ,если речь легка, 
И слух ласкает красота речений. 
А если речь певца засорена 
Словами ,чуждыми родному духу- 
Такая песня миру не нужна. 
Невежды голос люб дурному слуху. 
Поэзия –слов благороднейших 
царь, 
Пусть радует он и язык нам и сердце, 
Повсюду неся одинаковый жар 

 

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.

Әуелі хаят, хәдис – сөздің басы,
Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен оны алласы.


«Қарға мен түлкі» Мулданияз Іңкәр


1-жүргізуші: Әке мен баланың арақатынасы мәңгілік мәселе. Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолы» романында қос дара тұлға – Құнанбай мен Абайдың қарым-қатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге көтерді.

2-жүргізуші: Әке мен баланың арасындағы диалог әйгілі романды оқығандарға жақсы таныс болуы керек. Құнанбай ұлына не деп мін тақты? Әке сөзіне Абай қандай жауап қатты? Тыңдап көрейік!

Құнанбай: Ең әуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың. Бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басына ел үйрілмейді.

Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санайтынын ескермейсің! – деді. 

Абай:

Осы үш айтқаныңыздың үшеуіне де дау айтам, әке. Өзімдікі дұрыс деп айтам.

Ең әуелі, жайдақ суға теңгердіңіз. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз, кәрі, жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын.


Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. Ел билейтіндердің мінезін айттыңыз. Менің білуімше, ел бір заманда қой сияқты болған. Бір қора қойды жалғыз қойшы «ай» десе өргізіп, «шайт» десе жусататын болған. Бертін келе, ел түйе сияқты болды. Алдына тас лақтырып «шөк» десең, аңырап барып қана бұрылады. Ал, қазіргі ел бұрынғы көрбалалықтан, нашар, момындықтан сейіліп, көзін ашып келеді. Ендігі ел жылқы сияқты болды. Аяз бен боранда, жауын-шашында топ не көрсе, соны көруге шыдаған, жанын аямаған, қар төсеніп, мұз жастанған, етегін төсек, жеңін жастық қылған бақташы ғана баға алады... Жанашыры бар, жақсылық пайдасы бар ғана кісі бағады...

Үшінші, орысты айттыңыз. Халық үшін де, өзім үшін де дүниенің ең асылы – білім-өнер. Сол өнер орыста. Мен барлық тірліктен ала алмаған асылды содан алатын болсам, ондай жер жатым бола ма? Жатырқап, қашықтауым надандық болса болар, бірақ қасиет болмас...– деді.


1-жүргізуші: Абай- лирик, классик ақын. Ол мына дүниенің болмысын , құбылыстарды, көркем табиғаттың заңдылықтарын түсіне білген. 

2-жүргізуші: Түсінігін өзінің терең, сазды ойларымен өлең жолдарына қосып, тыңдарманға ерекше әсер сыйлай білген. Ендеше, келесі кезекті Абайдың табиғат  туралы  жырларына берейік.

Өлең: «Күз», «Қыс» «Жазғытұры», «Жаз»


1-жүргізуші: Абай тұлғасына жалынды тәлімгерлік, терең білім мен ақыл, мақсаткерлік, ұшқыр ой және дәл интуиция тән. Ол ақынның қарсөздерінен көрінеді.


2-жүргізуші:  Абайдың қара сөз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!