Материалдар / Сыныптан тыс шара «Өлең – өнер пернесі» (Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы бойынша)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сыныптан тыс шара «Өлең – өнер пернесі» (Қадыр Мырза Әлі шығармашылығы бойынша)

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бойында эстетикалық тәрбие беру мақсатында жасалған шара
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Наурыз 2024
273
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

.

«Өлең – өнер пернесі»
(Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған әдеби – сазды кештің сценарийі)
Сынып іші тақырыпқа сай безендіріледі. Қадыр Мырза Әлидің портреті, кітаптарынан көрме ұйымдастырылады.

Сахнада музыка ойнап тұрады. Ортаға алты оқушы шығады.

1-оқушы:

«Ол сияқты қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Оны әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де сөзін біледі. Мұндай даусыз данқ, татаусыз танымалдылықтың сыры – оның талантының қарапайымдылығында». Әбіш Кекілбаев

2-оқушы:

«Ол – найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы - өзіміз сүріп отырған дәуір мінездес». Мұқағали Мақатаев

3-оқушы:

«Біздің арамызда ең көп оқитын, көп білетін ақын – Сол ғана. Біздің арамызда көп ізденетін, сол іздегенін көбірек табатын да сол» Тұманбай Молдағалиев

4-оқушы:

«Ол - бай, бірегей талант, жұлдыз болғанда... мәңгі жұлдыз! Ол - ақын Қадыр" Хамит Ерғалиев

5-оқушы:

«Қадыр Мырза Әли - ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын,ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін,қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын» Күләш Ахметова

6-оқушы:

«Ол Абайдан кейінгі көп оқылатын ақын», деп бағалауы шындықтың ауылынан алыс емес. Ақынның өлең жолдары ұлағатты сөздері мен афоризмдері әр ауылды, аудиторияны аралап кеткелі қашан?! Жалпы оның өлеңдерін білмейтін қазақтың жоқ екені аксиомаға айналды» Сауытбек Абдрахманов

Бұл сөздердің барлығы Қадыр Мырза Әлиге ақын-жазушылар тарапынан берілген баға болатын.

Музыка ойналады. Ортаға жүргізуші шығады:

Жүргізуші. Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар.
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұраны мәтінінің авторларының бірі, поэзия Пайғамбары, публицист, сыншы, драматург, есімін туған халқының жүрегіне сұлу, сырлы өлеңдерімен өрнектеп жазып кеткен Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығына арналған «Өлең - өнер пернесі» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданында дүниеге келді. Еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбейді. Қадыр Мырзалиев 1958 жылы ҚазМУ - дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында біраз жыл өнімді еңбек етті. Ақынның алғаш өлеңі 1954 жылы «Пионер» журналына жарияланса, «Көктем» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан бері күні бүгінге дейін елуден астам поэзиялық, прозалық және әдеби сын кітаптары шықты.Оның әнге арнап жазылған өлеңдерінің саны 200-ден астам,көбі халыққа кең таралған. Мырзалиев көркем аударма саласында да жемісті еңбек етті. Әлемдік әдебиет өкілдерінің шығармаларын қазақшалады. Жекеленген және топтама өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Қадыр Мырзалиевтің ақындық өнері – талай мыңдардың бірінде ғана болатын қасиет. Сондықтан ақынның өзі айтқандай, оның есімі де, өлеңдері де ешқашан өшпек емес.

Өмірбаян
Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбірулер соны неге ұқпайды!
Қадалады жүрегіме мық-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой,
Тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?!
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмің таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды...
Жоқ! Өлмеймін!
Елім әлі естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!

Осы кезде видеодан Қадыр Мырза Әлидің өзі оқыған «Маған түк те керегі жоқ сенсеңіз» өлеңі тыңдалады.

Жүргізуші.
Ақын белгілі бір тақырыпты терең зерттеп зерделейтін жинақтарды өмірге әкелді. Олар «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Ой арманы», «Дала дидары», «Домбыра», «Қызыл кітап», «Мәңгі майдан», «Қылыш пен қанжар», «Заман - ай», «Алмас жерде қалмас» тағы басқа жинақтар қазақ поэзиясында бұрын – соңды болып көрмеген құбылыс ретінде қабылданды. Қадыр Мырзалиевтің поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, халық, қазақ мінезі сияқты тақырыптарда көптеген өлеңдер жазды. Соның ішінде туған жерге, туған ауылына, туған халқына деген махаббатын білдіретін өлеңдері бір төбе.
1-оқушы: ТУҒАН ЖЕР - АЙ, КҮНІМ ДЕ, ДІНІМ ДЕ СЕН
Туған жер - ай, күнім де сен, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйсе, сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ,
Басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!
2-оқушы: АУЫЛДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КҮН
Туған жерде бақыт деген бар құсың.
Туған жерсіз – бейшарасың,
Жарлысың.
Аңсаудайын аңсап келдім алыстан.
Ауыл - ана, аманбысың,
Армысың?!
3-оқушы: ТУҒАН ЖЕРДІҢ АУАСЫ
Туған жердің ауасын
Сағынамын мен тегі.
Үлкен түгіл, баласын,
Момын түгіл, тентегін.
Қайың түгіл, қаңбағын,
Қырат түгіл, обасын;
Шалғын түгіл, шаңдағын,
Құрақ түгіл, қоғасын;
Белес түгіл, елесін
Самал түгіл, дауылын;
Түсіме көп енесің,
Айналайын ауылым!


4-оқушы: Ұлы махаббат

Сусын қылар үмітін шөлдегенде
Осы жерге перзентпіз сен де,
Мен де!
Барлығын да сүйемін,
Сөйте тұра
Махаббатым ерекше ел дегенде!
О дүниеге жер аудар!
Көшір мейлі!
Көшір мейлі!
Өмірден өшір мейлі!
Кешіремін,
Әйтсе де елім жайлы
Жаман айтқан сөзіңді кешірмеймін!
Ел дегенде ар қандай!
Намыс қандай!
Тау мен тасқа соғылар қарыс маңдай.
Ел дегенде
Жығылған жалым тұрып,
Айбаттанып кетемін арыстандай.
Жата алмаймын жаманның жасығындай.
Жарқылдаймын найзағай жасынындай.
Ондай кезде кетеді алып болып
Бала Қадыр ешкінің асығындай!
Жерім!— деймін ондайда,
Елім!—деймін.
Тұрған тұстан жарты елі шегінбеймін.
Өзім үшін күресте жеңілсем де,
Елім үшін күресте жеңілмеймін!
Дұшпанға да,
Досқа да табалатпан.
Сақтай көрсін жаратқан жаман аттан!
Батыр болып тумайсың,
Батыр болып
Кетесің
Елге деген махаббаттан!


Жүргізуші:
Қадыр ағамыз үшінші сыныпта оқып жүргенде әкесі Ғинаят 42 жасында дүниеден озыпты. Қандай қиын - қыстау шақ болса да, анасы тұяғын аман-есен өсіріп, оқуын бітіруіне көп көңіл бөлген. Анасы күні кешеге дейін Жымпитыда тұрды. Иә қазір анасы да дүниеден озды. Қадыр ағамызда елге дана болғанымен анаға қашанда бала. Сондықтан оны аузынан тастамай амандығын тілеп отыратын ана махаббатының шексіздігіне куә болған.

«Ана»

Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен депжаздымалғашөлеңдастанды.
Қуандымба,
Өзің бар депқуандым.
Жыладым ба,
Өзіңжоқдепжастамды.
Бәрі де, Ана,
Бірөзіңненбасталды.
Жанарыңнанкөрдімалғашаспанды.
Еркелесем, бірөзіңееркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді


«Асыл әжем» әні орындалады.


Жүргізуші:
Адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді. Бірі: өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту, екіншісі: өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалғанда ғана шын мәніндегі әдеби туынды болады.Иә, тек қана өзіне тән өзгеше мазмұн ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса – бірі, біреу болса - өзі - Қадыр атамыз.

«Уақыт жайлы әңгіме»

Уақыт жоқ – деп зар жылайды ағалар,

Уақыт жоқ – деп зар жылайды балалар.

Міне, осыны естігенде ойлайсың;

Адам көп деп бізде уақытын бағалар!

Уақыт – қымбат.

Соны ұққандар бақытты.

Әр сәтіңді қадірле, - деп оқытты.

Біз болсақ,

Үлкеніміз, кішіміз

Оңды – солды шашып жүрміз уақытты?!

Еш нәрсені ойламайды мұңсыздар.

Уақыт сатып байымайды пұлсыздар!

Аға дейміз,

Ішінде де үлкеннің

Жетіп жатыр

Жетіп жатыр қырсыздар.

А-ха-ха-ға кетіп жатыр бір сағат,

Ха-ха-ха-ға кетіп жатыр бір сағат.

Жұмысыңды,

Ұйқыңды айтса он сағат,

Нәпақаңа кетер тағы бір сағат!

Баптағанға кетер тағы бір сағат!

Мақтағанға кетіп жатыр бір сағат,

Футбол қуып, терезені сындырып,

Аталғанға кетіп жатыр бір сағат!

Жалқау бала себептерін септейді,

Үйге берген тапсырманы көп дейді.

Қыста хоккей,

Жаздыкүні футбол бар,

Жеткізіпкөр,

Әрине, уақыт жетпейді!

Кімде «Уақыт» деп зарлайтын сана бар?!

Бір сағатын бөліп алпыс минутқа,

Әр минутын іске асырған даналар!


Біз өзіміз жауап емес - сұрақпыз

Біз өзіміз жауап емес —
Сұрақпыз.
Желді күнгі суылдаған құрақпыз.
Өтіп жатыр,
Өтіп жатыр жас дәурен.
Өтіп жатыр,
Қайғырмаймыз бірақ біз.
Сияқтымыз секеңдеген кенгуру.
Қиын боп па бір мамандық меңгеру
Ішті қалай пыстырмайды
Тек қана
Тамақ ішу,
Киім кию —
Күн көру?!
Қаңтар кетіп,
Наурыз келіп,—
Жаз келіп,
Жатқан кезде аққу ұшып,
Қаз қонып,
Өмір сүру —
Қол қою ма тек қана
Еңбекақы алғаныңа мәз болып?!
Кімдер бізді,
Кімдер бізді түзейді!?
Күйбең тірлік күндеріңді күзейді.
Алдарқатып айқай-шуы базардың,
Ой салады тыныштығы музейдің.


Жүргізуші:
Адам шынын айтамын деп сырын айтса, онда ол – оның жамандығы. Ал ақын шынын айтамын деп сырын айтса, онда бұл оның ақындығы. Ал ақын шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғанса, өзі ғана толғанбай, өзгелерді де толқытса онда бұл – оның даналығы.Өмірін өлеңіндей, өлеңін өміріндей сүю, шынын сырға бөлеп, сырын шынға балап толғану, өзі ғана сүймей, өзгені де сүйсінтіп, өзі ғана толғанбай, өзгені, қалың жұртты толқыта жырлау – Қадыр Мырзалиевтің шығармашылық асыл қабілеті, әрі ақындық асыл қасиеті.


Домбыра

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп
бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған
сөйлеп көрген емес соның өзінде:
Аппақ
жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.


Осы кезде домбырада күй орындалады.


«Қазақ пен қонақ»

Жігіттің қапалысын,

Азалысын

Жырменен жұбатпасаң –

Жазыласың.

Қонақсыз,

Той-думансыз өткен өмір

өмірге саналмайды қазақ үшін.

Осындай қазақ інің,

Қазақ ағаң.

О бастан аңсағаны таза қоғам.

Адамдар арасында ғұмыр кешіп,

Адаммен араласпау –

Азап оған.

О бастан жомар тқазақ топырағы,

Ол қашан дастарқансыз тоқырады.

Мейманға нәрін беріп,

Барын беріп,

Қонақтан қалғанын жеп отырады.

Халқымның ең қымбаты төріме еді?!

Төрден ол қай уақытта жерінеді!

Қонақсыз қалған күні сол қазаққа,

Бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді.

Баласы батаменен ауызданған

Бабамнан мәрттік жайлы аңыз қалған.

Болмаса өз қонағы

Көршісінің

Қонағын бірер кунге қарызға алған!

Қанақсыз

Той-думансыз өткен өмір

Өмірге саналмайды қазақ үшін!

Қазақтың бір жаманы, бір жақсысы…

Бабалардың шоқ басқан табанымен

Бірдей екен жақсысы жаманымен.

Бір жаманы — тынымсыз көше берген,

Бір жақсысы — қимаған даланы кең.


Бір жаманы — жел сөзге ерген екен,

Бір жақсысы — тілге ерік берген екен.

Бір жаманы — кетпенге орашолақ

Бір жақсысы — найзагер, мерген екен.


Бір жаманы — кешігіп әліппе ашқан,

Бір жақсысы — күйлері көбік шашқан.

Бір жаманы — қыздарын малға сатқан,

Бір жақсысы — сүйгенін алып қашқан.


Бір жаманы — шаруасын маңдытпаған,

Бір жақсысы — қулықпен жанды ұтпаған.

Бір жаманы — үйленіп жеңгесіне,

Бір жақсысы — жесірін қаңғытпаған.


Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,

Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.

Бір жаманы — сонда да үй салмаған,

Бір жақсысы — абақты тұрғызбаған…

Жүргізуші:
Ақын бір сұхбатында Поэзия мені асырады ал мен оған не бердім, оныоқырман келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқаайтарым жоқ деген екен.
Иә, Қадыр атамыздың өмірден өткеніне аз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ барда Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды. Халық арасына Қадырдың афоризмдері деп танылған қанатты сөздерге кезек берейік.

Ортаға оқушылар шығып Қадыр Мырза Әлидің афоризмдерін айтады.


1- оқушы: Қадыр ағамыз «Адам боп туу – анадан, айуан боп кету – өзіңнен» деген екен. Ендеше, кім болатынымыз ең алдымен өзімізге байланысты.


2-оқушы: «Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ» деген екен данышпан ақын. Сондықтан алдымен өзімізді өзіміз түсінуге тырысайық.


3-оқушы: «Кісілік кісі талғамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамдығына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет» Баршаңыздың бойыңызда кісілік қасиеттің болғанын тілеймін.


4-оқушы: «Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл» Олай болса, ана тілімізді құрметтеуді перзенттік парызымыз деп білуге шақырамын.

Осы кезде оқушылардың барлығы ортаға шығып, «Өз елім» әнін орындайды.

Жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің мақсаты – артына өшпес із қалдырған ғұлама ақын Қадыр Мырза-Әли мұрасын халыққа, соның ішінде өскелең жас ұрпаққа таныту болатын. Әрине, сәл ғана уақыттың ішінде ғасыр бойы жазылған ақынның мол шежіресін айтып тауысу мүмкін емес.

«Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлерде,
Жақсылар бар қимайтын», - деп жырлаған ұлы ақынның енді қайтып оралмайтынын білсек те, ешбіріміз сенгіміз келмейді, сенбейміз де! Себебі, ұлылық – мәңгілік!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!