Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану технологиялары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану технологиялары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану технологияларын таныстыра отырып,дәстүрден тыс әдіс- амалдарды үйрету арқылы олардың өнерге қызығушылығын арттыра түсіп шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Тақырыбы

Бейнелеу өнері және сурет сабағында

«Дәстүрлі емес техникаларды үйрету».





























2021 жыл.



Сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану технологиялары.

Мақсат міндеттері:

Оқушыларға сурет салудың дәстүрлі емес әдістерін қолдану технологияларын таныстыра отырып,дәстүрден тыс әдіс- амалдарды үйрету арқылы олардың өнерге қызығушылығын арттыра түсіп шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Өзектілігі мен жаңалығы:

Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы, оқушыларды айнала қоршаған ортаның сұлулығын көріп, сезіне білуге үйрету және табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Күнделікті дәстүрлі әдістермен қатар, дәстүрден тыс әдіс амалдарды қолдана отырып, оқушыларды жан жақты тәжірибелік ізденістерге жетелеу арқылы олардың креативті ойлауын қалыптастыру және шығармашылық көкжиегін кеңейте түсу.



Әр бала қиялы мен жас ерекшелігіне қарай дүниеге көз қарасын білдіруге құқылы.

Әрбір ізденім баланың алған әсерінен, көңіл-күйінен, қиялынан туады.

Қандай сурет салса да, баланың құқығы өзінде болуы керек.

Баланы әр суретті жеке және кешенді қолдана білуге үйрету.

Басқа жақсы дүниелер әкелетін негізгі түрткі жақсы бағалау ғана болуы керек.

Баланың жұмыс нәтижесін тек қана өзінің кешегі жұмыс нәтижесімен салыстыру керек, өзге баламен салыстыру қажет емес.

Баланың әр суреті өзінше қайталанбас әрі өзіне ғана тән ерекше.





Дәстүрлі емес сурет салу әдіс-тәсілдері.

Көркем шығармашылықты дамыту,балалардың қызығушылығын арттыру. Эстетикалық талғамын кеңейту.Сурет салу дағдысын,логикалық ойлау, еске түсіру,елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.



1.Граттаж- бұл тырнау әдісі «Граттаж» француз тілінен аударғанда «grater»- тырнау дегенді білдіреді. Балаға негізінен, жұмысқа даяр қағаз беріледі. Алайда ересек жастағы балаларға граттажды өз қолымен даярлау әр кезде қызықты болып табылады. Бұл үшін қалың қағазға балауыз немесе сабын жағу. Үстінен қою гуашь бояуымен немесе басқа да қою бояумен жағу. Кепкен қағазымызға ұшы бар құралды алып, тырнау арқылы сурет саламыз дайын болған кезде өте әдемі көрінеді. Және балаларға өте қызықты. Балаларды әр түрлі техникамен қызықтыра білуіміз қажет.



























2. Кофе кескіндемесі.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Оқушыларды кофе кескіндемесімен таныстыру арқылы дәстүрлі емес техникамен жұмыс істеу тәжірибесін молайту:

Кофе кескіндемесі техникасындағы тиімді әдістерді меңгеру, балалардың қызығушылығын арттыру. Бұл техниканы дәл су бояу секілді пайдаланамыз. Кофені алдын ала екіге бөліп ерітіп аламыз. Қою және сұйық етіп дайындап аламыз. Қарындашсыз қылқаламның көмегімен сурет салып қою көлеңке жерін көрсету.

Кофе кескіндемесінде акварель техникасында қолданып жүрген дәстүрлі және дәстүрлі емес кез-келген әдіс амалдарды қолдануға болады. Дәстүрлі емес әдістерге: қырнау, шашырату,қант себу, салфеткамен сорғызу, құрғақ қылқалам, пуантилизм, аралас техника т.б. жатады.

Кофемен сурет салу да гризайль техникасына немесе монохромдық кескіндемеде жатады. Бұл техникада акварель мен кофені біріктіруге де болады. Алдымен қағазымызды дайындаймыз. Содансоң суретімізді саламыз. Дымқыл жазу және «құрғақ қылқалам» әдісімен де салуға болады.





















3.Дымқыл қағаздағы сурет:

Бұл жерде жалпақ қылқаламмен қағазды дымқылдап су жағып шығамыз. Кішкене кептіріп үстіне әр түрлі бояуларды араластырамыз. Жылы түстерді бөлек, суық түстерді бөлек, суық түстерді бір бөлек алған дұрыс. Бұл жерде түстер бір-бірімен араласады. Түстерді араластырып үйрену барысында, төменгі сыныптарға жаттығу ретінде пайдалануға болады. Қағаз кепкеннен кейін, дамытып сурет салуға болады. Жәнеде осындай бір техника шыны бетінде дымқылдап бояу жағып, қағазды үстіне жапсыру. Қолымызбен шетінен бастап үйкейміз. Қағазды алып қарасаңыз симметриялық бейне пайда болады. Енді тек қандай затқа ұқсайтынын тауып, жетпеген бөлшегін толықтырып сурет салуға болады. Бұл техника бір басылымды сурет деп аталады. Осы техникамен керемет дүниелерді жасауға болады. Бұл техника балаларға өте қызықты және де ешқандай зеріктірмейді.































4. « Монотипия»-сөзі грекше «бір ғана таңба» дегенді білдіреді.

Монотипия-«Monos»-бір «typos»-басылым деген ұғымды білдіреді. Монотипияны бірінші ойлап тапқан итальяндық суретші- Джованни Кастильоне.

Монотипияның техникасымен әр түрлі бояулардың және жіптің көмегімен әдемі суреттер жасауға болады. Психологияда және педагогикада монотипияны мектепке дейінгі балаларға елестету, дамыту үшін қолданады.

Монотипия әдістемесі.17 ғасырдан бері белгілі, бірақ тарату болды 19 ғасырдың соңында бастап, ХХ ғасырдың басында бұл техника «Табылған» және өз мектебін құрды.

Монотипия әдісіне керекті құрал жабдықтар: Акварель бояуы немесе гуашь бояуы, қылқалам, ақ парақ, мақта таяқшалары.



























5. Шашыратып сурет салу техникасы.

Бұл техникада дәстүрлі емес техника болғандықтан өте қызықты және әсерлі. Бұл техникада қағаз бетіне әр түрлі бояуларымызды қылқалам көмегімен немесе тіс щеткасымен шашырату арқылы бейне жасаймыз. Ол үшін бізге палитраның көмегі қажет. Әр түрлі бояуларымызды палитраға ерітіп қылқаламды батырып аламыз. Содан кейін саусақтарымыздың көмегімен шашыратамыз. Бұл жерде алдымен ненің суретін саламыз, сол пішінге ынғайлап бояу түстерін дайындаймыз. Шашыратқан бояуларды дамытып сурет салуға болады.



































6. Акварель техникасында дәстүрлі емес әдіс- амалдарды қолдану.

Балауыз қарындаштары сәндік, стилизациялық тақырыптық композицияның өрнектеу құралы ретінде пайдалану.

Түстік қатынастармен жұмыс істеу және оқушының тұтас көру қабілетін кәсіби деңгейде дамыту үшін, натурадан қарап жұмыс үстінде : шағын этюдтер салу маңызды.

Акварель техникасында күнделікті қолданып жүрген әдістер:

1.Лессировкалы көп қабатты құрғақ жазу.

2.Бірден бір қабатты етіп орындалатын «алла прима» әдісі.

3.Дымқыл жазу әдісі дәстүрге айналған.

Еске сақтау бойынша, әсіресе табиғат көріністерін бейнелеуде акварель шағын этюдтерін аралас техниканы қолдана отырып жие орындау қажет.

Акварель бояуы кеппес бұрын үстінен салфеткамен сорғызу және мастихинмен қырнау. Ақшыл реңді дымқыл бояу үстінен «құрғақ қылқалам» әдісімен немесе губкамен сурет салу.

Акварель техникасында дәстүрлі емес әдіс-амалдарды шеберлікпен қолданып үйрену, оқушының көркемдік ойын дамытып шығармашылығын арттыруда өте тиімді.

















1.Пуантилизм.

«Пуантилизм» сөзінің француздың «пуант»-«нүкте» сөзінен шыққан, яғни нүктелермен сурет салу дегенді білдіреді. Бұл техникада бояу және мақта таяқшаларымен сурет салу кезеңдерін түсіндіру. Негізгі түстерді атап үйрету әрине бұл кішкентай жастағы балаларға бұл техникаға керекті құралдармен таныстыратын болсақ, формат, жай қарындаш, өшіргіш, акварель немесе гуашь бояулары,су құйылған құты,мақта таяқшалары.



2.Стилизация.

Стилизация- нәрсені әсіреңкілеп бейнелеу,оның пішінін,түрін,түсін өзгерту,бірақ сол нәрсенің түпкі болмысын сақтап қалу. Стилизация жаңа көркемдік жағдайда қолданылатын өткен уақыттағы стильдердің бірінің бейнелік жүйесі мен формальды ерекшеліктеріне еліктеу.



КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

Оқушылар сабақта табиғатты бейнелеу бойынша тақырыптық тапсырмалар орындау барысында көптеген дәстүрлі емес әдіс тәсілдерді және тәжірибе жинап, шеберліктерін шыңдай түсіп, жаңа шығармашылық ізденістерге одан әрі талпынады. Балаларға сабақты қызықты ету үшін, осындай дәстүрлі емес техникаларды көбірек жасату керек. Және де жаттығулар бояуларға қатысты тренингтерді көбірек пайдаланған дұрыс. Сонда ғана балалардың қызығушылығы арта түсері сөзсіз.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2021
552
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі