Табиғаттың тасты ескерткіштері
Тауымыздың қойнауы табиғаттың өзі сыйға тартқан тасты ескерткіштерге толы. Солардың бірі де бірегейі -“Сандықтас” (3-сурет). Абай атамыз 1875-1878 жылдары Қоңыр Көкше болыстығының болысы болған. Архат ауылы осы болыс құрамына кірген. Тағы бір дерек: 1898 жылы Тобықты мен Көкен елдері арасындағы жер дауын шешу үшін Семей Оязының бітістіруші судьсы (соты) П.Е. Маковецкий Арқатта, яғни Қопада “Шербешнай” (черезвычайный)- төтенше съезін ашуға келеді. Тобықты мен Уақтың игі жақсылары шақырылады. Міне, осы кезде съезде Абай осы тас тұғырда тұрып билік айтып, Тобықты тартып алған жерлерді Уақтарға қайтарып берген екен. (Бұл оқиғаның арты бітіспес дауға айналып, ақыры Көшбике съезінде Абайдың сабалуымен аяқталады)[6]

3-сурет
Күйме тас:
Басына Күйметастың Боран шыққан,
Өзімен өтірігін ала шыққан.
Одан соң басындағы қыран шыққан,
Өзімен балапанын ала шыққан,- деген сөз қалған. Бұл жөнінде Абай жолы романының “Шершебай сияз” туралы тарауында айтылады. [6] Күйме тас тасты ескерткіші жайында “Боран бөспе айтыпты- мыс” деген аңыздар бар. Мысалы: “Желіндеп жүрген інгенім жоғалып кетіп, күйме тастың басына шықтым, қарайын деп. Шықсам, түйем Қалбикенің бауырында тұр екен, Саршегірді (астына мінген аты) міне салып, Қалбикеге барсам (Қарауылдың оңтүстік шыңысындағы елді мекен), боталап тұрған түйе емес (Архатта бұрынырақ түйе көп өсірілген), саршұнақ екен”,- деген әзіл- әңгімелер әлі күнге дейін ел аузында. Боран ақсақалдың ел жадындағы тағы бір әзілі: “Көп уақыттан бері намазым дұрыс болмай, ұйқым шайдай ашылып жүрді. Содан бір күні Мұхамбет пайғамбарымыз түсіме кіріп: “Күйме тасқа шық, Семейдегі хазрет қалай дәрет алады соны көр, сөйтсең намазың түзеледі”,- дейді Мен қалт жібермей, тағы күйме тасқа шықтым. Сөйтсем, хазрет дәретті шәугіммен емес, күміс құманмен алады екен”.
Бұл әзілдердің шындыққа жанаспайтынына емес, түпкі төркініне үңілетін болсақ тастың биіктігін әңгіме еткен. Шын мәнінде Күйме тастың басына ешкім шыға алмайды, ол тік, адам бойы жетпейтін өте биік құз.
Тағы бір дерек- Шоқан Уалиханов 1858-1859 жылдары Қашқарияға сапарға шығып бара жатқанда осы “Күйме тастың” жанымен өтіп, табиғатқа деген таңданысын жасырмаған. Тіпті бұл жайында өзінің Ыстықкөл сапары күнделігінде 1856 жылы 18 сәуірде жазған екен. [11] Осы маңда Шоқанның Қашқарияға сапарына үлкен көмек көрсеткен Боқаш Аупаевтың қыстағы орналасқан. Онда тіпті сол кездің топографтары картаға түсіріп, “490 = солтүстік ендікте, 970 = 571 шығыс бойлықта орналасқан” деп картаға түсірген. [7] Боқаш Аупаев -Қоқан хандығының тумасы, ол осы жерге келіп, егін егумен шұғылданған. Әсіресе, тарыны көп өсірген. Қолына жүзден артық түйе ұстап, керуен жолында болғандықтан оны сауда саттықта пайдаланған және Шығыс Түркістанмен тығыз байланыста болған.
Түйе тас-шөгіп жатқан үлкен нар түйеге ұқсайтын тас мүсін. Абай билік айтқан тас тұғырдың дәл алдында тұр. Биіктігі-1 м, ұзындығы- 3,5 м болады. Алып жатқан аумағы – 2 шаршы метр (4-сурет).

4-сурет
Әулие тас- бұл жер ауыл адамдарының ғана емес, шеттен келген қонақтардың да жаз айларында демалатын орнына айналған киелі мекен.
Оның қасиеттілігінің өзі –“Әулие” деген атында болса керек. Тас үңгірдің ішінен таудың мөлдір, мұздай суы үнемі тамшылап тұрады. Тамшылап тұрған судың өзі қандай ыстықта шөлдеп келе жатқанның шөлін қандырады екен. Сонымен қатар тамшылар қақаған қыстың аязында қатқан уақытында мұздан көз тартатындай әдемі бейнелер шығатын көрінеді. Көрген адамдардың айтуы бойынша бесік тербетіп отырған ананың бейнесі қатқан екен дейді. Бәлкім, ананы қастерлеп, көкке көтеріп жүрген халықпыз гой, “Әулие тас” аталуының себебі де осы шығар.
Үш келіншек- табиғи тас ескерткіш. Күн шығып келе жатқанда немесе күн батарда қараған дұрыс. Сонда “Үш келіншекті” анық байқауға болады. Бұл жөнінде де ел ауызында қалған аңыз-әңгіме бар. Ертеректе біздің заманымызға дейінгі замандарда бұл өлкені топан су басыпты, сонда қолдарында бір бесігі бар үш келіншек қалайда аман қалудың жолын іздеп, Қопа тауының осы бір биігіне шығып, жан сақтағысы келген екен. Алайда, аштықтан қалжыраған үш келіншек осы арада өліп, кейін тасқа айналып кеткен екен деседі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз