Табысты оқыту және табысты мұғалім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табысты оқыту және табысты мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол
Материалдың қысқаша нұсқасы

Табысты оқыту мен табысты мұғалім


Рысқұлбекова Құралай Қалдыбайқызы

«Өрлеу» БАҰО филиалы Алматы қаласы Кәсіби даму институты

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедрасының аға оқытушысы

Қазақстандағы білім беру үдерісіне білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және цифрлық технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.

Дж.Хэттидің (2011) педагогикалық зерттеулерінің метаталдауы нәтижесі оқушының айтарлықтай алға жылжуына мұғалімнің кәсіби шеберлігі оң ықпал ететіндігін дәйектеген. Демек, мұғалімдер қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды екенін көрсетеді. Ол үшін мұғалімдік қызметте қандай өзгерістер талап етілуде? Еңбек қызметін ұйымдастырудағы өзгерістер, еңбек нарығының қарқынды дамуы - кәсіби дағдыларға қойылатын талаптардың тез өзгеруімен ерекшеленеді.

Қазіргі кезде елімізде жаһандық мәселелерге жауап бере алатындай деңгейдегі жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамыту арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Бағалау жүйесін енгізу де аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.

Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі цифрлық құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында қарастырылады.

Сонымен қатар, білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарды зерделей отырып, тапсырмаларды, ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткізеді.

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Дескрипторлар – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критерий оқушының жас ерекшелігіне, мақсатқа сай алынады. Әрбір жетістік ұпаймен және дескриптор арқылы белгіленеді.

Жалпы сабақ барысының негізгі ұстанымдары «біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген мәселелерді қарастыра отырып, талқылайды. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері ары қарай жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Сонымен қатар, оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен - күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі қандай жоғары болса да, оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді. Себебі оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Белсенді оқытуда педагог оқушының өзіндік таным процесін ұйымдастырушыға айналды, ол үйретпейді – үйренуге бағыт-бағдар сілтейді, өзі де сабақта үйренеді, кәсіби білімін шыңдайды. Педагог - "білім көзі" емес, ол - оқушының шығармашылық жұмысы мен еңбегінің бастамашысы, ұйытқысы,  оқушыны  білім  алудың белсенді әрекеттеріне ынталандырушы, оқушының  үйрену процесіндегі серігі әрі үлгі тұтар тұлғасы.

Бұл  жерде Л.Фридманның ережелерге негізделген тұжырымдамаларына  сүйенуге болады:

  • Оқу  оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадыны, шығармашылығын  дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын  тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

  • Оқуды басқарудың психологиялық сенімді  түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және  қызмет  мақсаттарын  дамытуға жағдай жасау.

  • Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек  оқушыларды  іштей  өсуі жүргенде ғана, балалардың  білім  дәрежесінің артуына  қарай мүмкін  болады.

  • Оқушылар нақты оқу қызметінің  мақсаттарын  анықтауға  тікелей  қатысуы  керек, яғни  басқару  тұлғалық бағытталған  болуы тиіс. Оқу  процесін  тұлғалық  басқару  дәрежесі  оқушылардың  өсуіне  қарай артып отыруы және  оқудың  жоғары  сатысында  жалпылама  сипат  алуы тиіс.

  • Оқу процесін  басқару  балалардың  ішкі қуатына және  мүмкіндіктеріне   негізделіп жүруі тиіс.

«Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен  шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осылайша бағаланады» деген екен  Цицерон. Жаңартылған  бағдарлама  бойынша   жұмыстануда  оқушылардың   қызығу-шылығы жоғары, оқулық  жаңа  бағдарламаға  сай,   оқушылардың  жас ерекшелігі  ескерілген.

Бүгінгі таңда оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, алған білімдерін өмірде қолдана алатын оқушыларды тәрбиелеу  қажет. Әрине сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.

Оқу  мен жаңа  технологияларды  ұштастыратын "Bilimland"  платформасындағы  таныстырылымдар,  жаттығулар мен  тапсырмалар,  ITest, Imektep, Twig-Bilim.kz   бөлімдерінің  ресурстары оқушылардың  жаңа  ұғымды  меңгере  отырып  жұмыстануына,  яғни   оқу-шының  жаңартылған  бағдарламаға  сай  мұғалімнің  бағыт беруімен  жаңа  ұғымды  қабылдай  алуына  үлкен   мүмкіндік.

Егер кәсіби сана-сезім іске деген жағымды эмоционалды қарым-қатынаспен, өз еңбек саласына деген мақтаныш сезімімен ажарланса, бұл іс үшін де, адамның өзі үшін де оңтайлы болады. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе және жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол! Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар білім беру бағдарламасымен және білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты. Қорыта айтқанда орта білім беру мазмұнына өзгеріс енгізуде мұғалімдер қауымы білім берудің жаңа стандарттары және оқу бағдарламаларымен жұмыс жасай алу және тиімді оқыту тәжірибесін дамытуға қолдау көрсету үшін, кәсіби біліктілікті арттыру курстарында ерекше дайындауға үлкен жауапкершілік жүктейді.



Пайдаланылған  әдебиеттер:

1. А.К.Маркова. /Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі/ 2009 ж.

2. Дж.Хэтти. ҚР мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Астана, 2015 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі