Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ СОМДАЛУЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада жазушы Тәкен Әлімқұловтың әңгімелеріндегі сомдалатын өнер адамдарының бейнесі туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ СОМДАЛУЫ

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі

Адилканова Гулдана Базаркожаевна

Педагогика ғылымының магистрі

Қазақ прозасында өнер адамдарының бейнелеріне, суреткерлікпен тіл қасиетін қоса отырып суреттеген жазушы Тәкен Әлімқұловты айтпай кету әсте мүмкін емес. Оның шығармалары тұнып тұрған психологизм екенін айқын аңғара аламыз.Тәкеннің шығармаларының ерекшелігі,ол тек қана кейіпкердің өмірін ғана сипаттап қоймай, сол кездегі қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігін, болмыс-бітімін түгел қамтып жатты. Кез-келген шығармаға қалам тартар алдында, сол жайлы халықтың аузындағы аңыз-әңгімелерді, тарихтың толғауын түгелдей қамтуы автордың тағы бір ерекшелігін танытады.

Алдымен, Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек қателеспейміз.

Тұтастай айтсақ, Тәкен Әлімқүловтың қаламынан қазақ әдебиетіне аз мұра қалған жоқ. Жарияланып үлгермеген, жазушы қоржынында қалып қойған құнды дүниелердің өзі бір төбе, бөлек әңгіме. Қайталап айтсақ, мәселе санда емес, сапада. Сапа болғанда бұл жерде біз көркемдік сапаны айтамыз. Осы сапасымен қаламгер шығармалары бізді қызықтырады.

60—80-жылдардағы қазақ прозасына зер салып қарап отырсақ, қазақ прозашылары өз шығармаларында ұлттық рухани байлығымыздың алатын арқауы — күй өнерін жасаушылардың өмір-тағдырына жиі-жиі оралып отырған. Күйші бейнесін көркем әдебиетімізде сомдаудың мән-мағынасын қазақ қаламгерлері терең түсінген. Сонау алты алаштың ардақтылары Қоркыттың, Ықыластың, Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Абылдың, Сейтектің, берідегі Динаның, Сүгірдің, Төлегеннің, Әбікеннің, Дөнештің тағы да басқа күйшілердің образын бейнелеуге қазақ қаламгерлері халқымыздың осы бай дәстүрлі күй, күйшілік өнер тарихын терең танып, таразылап, ұзақ жылдар зерттеп барып ат басын тірегендігін аңғарамыз. Қазақ күйшілерінің қайшылықты тағдыры мен олар өмір кешкен заманның, әлеуметтік ортаның қыр-сырына терең бойлауды мақсат еткендерін байқаймыз. Осы мақсатта олар туралы халық жүрегінде, ел жадында сақталып қалған, болмаса аңыз-әңгімелердің, жыр-өлеңдердің, тағы басқа сол сияқты дәстүрлі халықтық мәдениетіміздің сирек үлгілерінің арқауына жатқан әдеби, рухани нұсқалардың, барлығының қазақ прозасында ұтымды, шебер ең бастысы көркемдік тұрғыдан үлкен талғаммен, терең таныммен пайдаланылғанын пайымдаймыз. Айталық, «Телқоңыр» әңгімесінде сөз зергері Тәкен Әлімқұлов атақты күйші Сүгір өміріне соғып, Сүгір жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр әңгіме бір күйдің тарихынан сыр шертеді. Көзі қарақты оқырманға бірден байқалатын бір шындық — Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі. Осыны мына әңгіме дәлелдеген үстіне дәлелдей түседі.
Жазушының «Сейтек сарыны» повесінде Сәруар шал болып тіл қататын Сүгірдің кейбір мінез қырларына қанық едік. Онда ол көбінесе Сейтек тағдырымен, Сейтек күйлерімен сабақтас бейнеленетін. Ал мына әңгімеде енді әкесі мен бала арасындағы, яғни Сүгір мен әкесі арасындағы қарым-қатынас, қам-қарекет ой-парасат арнасында өріледі. Сүгірдің сұрапыл күйшілігі, әкенің алғырлығы, көрегендігі, ой-түйсігінің ұшқырлығы, ұтымдылығы алдыңғы қатарға шығады. Түптеп келгенде барлық оқиға Сүгір домбырасынан атақты «Телқоныр» күйінің дүниеге келуі төңірегінде топтастырылған.
«Телқоңыр» күйінің тарихы тосыннан өрбіп, өте тартымды, қызғылықты баяндалады. Әуелде Сүгірдің шығармашылық күйінің тоқыраған, домбырасын қолына алғанмен, жанынан ой таба алмай қиналған сәті суреттеледі. «Баптағанда, машық күйлер жаттығу тілемейді. «Ілмені», «Ыңғай төкпені», «Бозінгеңді», «Тоғыз тарауды» үйқыдан ояна сап тартуына болады. Ықыластың күйлері өз алдына. Бұл өңірде Сүгірге тең келетін домбырашы жоғы және аян». Осылай домбыра шертісі елден ерекше, атағы алты алашқа асқан дәулеткер домбырашының түйықка тірелген, көңілі жарым, жүрегі қобалжулы кезеңіне қаламгер соғып өтеді. «Неге екені белгісіз, Сүгір көнетоз күйді жаңғыртпак болады. Бірақ күй төгіліп кетпей, күрмеле береді. Көкейдің күйттілігі жетіспей жатыр. Бәлденейін десе, бәл жоқ. Назданайын десе, наз жоқ. Өкінейін десе, ӨКІНІШ жоқ. Шолақ келген қызыл-қоңыр домбыраны әрі сабалап, бері сабалап, әрі шертіп, бері шертіп, мандырта алмай қойды». Өнер адамының өмірінде мұндай сәттер аз смес. Шығармашылыктың азабы деген осы. Өнер туындысы да өнерпаздың жанын осылай езіп, азапқа салып барып туады. Жазушы шығармашылык процестің осы бір ауыр, азапты сатысын да әсерлі жеткізеді. Кішкене оқиға ширығып келіп, терең толғаныстарға тамырлы ойларға бастайды. Қызыл құлынның күтпеген жерден Сүгір шаңырағына сау ете калған ауыл атқамінерлерінің қонақасына сойыльп кетуі, бір қарағанда қарапайым оқиға. Сүгір өмірінен алынған осы қарапайым көрініс, әңгіме соңында терең психологиялық, философиялық түйіндеулерге келіп сабақтасады. Жанары жаудыраган жас құлынның тағдыры адам тағдырымен астасады. Ақырында күй болып төгіледі. Сүгірдің жан дүниесін астан-кестең еткен бұл жағдай із-түзсіз кетпейді. Құлынның енесін іздеп шырқыраған даусын, қас-қағым сәтте құлынынан айрылған ене биенің сағынышы мен шерін жүрек сыздататын күйге сыйғызған Сүгір таланты тайға таңба басқандай танылады. Осының барлығын қаламгер тамылжыған тілмен , терең сезім толқындарымен тербеп отырып суреттейді. Қызыл құлын бауыздалар сәттегі суретті жан-жүрегің елжіремей, бауыр етің егілмей оқу киын. Ой терендігінің, сөздегі суреткерліктің шым-шымдап көрінер тұсы осы. «Бала сары сәскеде қызыл құлынды шыркырата айдап келе жатты. Енесінен ажырасқан кұлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша берді. Оған бала ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай қуғыштады. Құлын от басына жақындаған сайын сұмдықты сезгендей шырқырап, қоныраулы үнімен кісінеп, жанұшыра бастады. Үш қырқаның аржағындағы енесі бірге кісінеді. Ол да туған төліне ұқсап, жылқышыдан катты қағажу көріп, аяусыз таяқ жеді. Бұны сезінген сайын қызыл құлын шыжкөбелек боп, бәйектеніп, бауырынан іріді. Қызғылтым түгі терге шомылып, қылшығы жапырылып, күнәсіз көзі жасқа толды. От басына жақындағанда, арттағы сағыныштан, алдағы үрейден қаны бұзылып, басы айналды. Қуғыннан өкпесі күйіп, тәлтірек қақты». Осылай, құлын трагедиясы қанды жасы сорғалаған күйінде суретке, бейнеге айналады. Адам трагедиясын, болмаса аң, құс, жылқы трагедиясын суреттеген тұстарда Тәкен өзгеше өнерпаздық танытады. Оқырманын сендіреді, сендіріп қана қоймайды, өзімен бірге тебірентеді, терең толғанысқа түсіреді. Қызыл кұлынның осылайша бір сәттік намыс, яғни қазақтың сүйекке біткен қасиеті — қонағына жалғыз тұяғын жығып беруге дайын тұратын қонақжайлығы кесірінен пышаққа ілінуі Сүгірдің білместігінен болады. Қызыл құлынның бауыздалғалы тұрғанынан хабар алған Сүгірдің әкесі жанұшыра ұлының үйіне жетеді. Бірақ кеш қалып: — Қап! — деп, санын бір-ақ соғады. Аққудай аппақ шал қара құстай қалбаңдап тұрып іштегі күйігін жеткізеді: «Оның бәрі мақұл ғой, құлынның етінің бұзылғанына күйінемін» – дейді. Айтса айтқандай, алдыға ас келгенде қонақтың бірі құлынның етінің Іріп кеткендігін ескертеді. Оның сырын Сүгірге әкесі түсіндіреді. Жылқы баққан ел құлынды енесімен бірге айдап келіп, сойысқа шалатындығын әке аузынан естиміз. Енесін қимаған, жарық дүниемен қоштасатынын алдын-ала сезіп, шырқырап, жантәсілім жасайтын жануар жарықтықтың жар дегенде жалғыз төлі — жас құлынның жайрап түскенін, соңынан құлынынан айырылған көк биенің байыз таппай, сарнап, кісінеп, күндіз-түні төлін Іздеген зары кісінің сай-сүйегін сырқырататындай көркемдік қуатпен, шынайы суреткерлікпен беріледі.
Анасын іздеп шұрқыраған, қолды-аяққа тұрмай сағынған қас-қағым сәттің өзі оның қанын қарайтып, етін күйдіреді. Мұны жылқыны жанына балаған, қанатына балаған қазақ қана сезіп, біле алған. Жылқы баласының бар қасиеті осында еді. Ажалмен бетпе-бет жалғыз қалған жас төлдің үрейден талшықтай етінің тарам-тарам езіліп, іріп кеткендігін қаламгер шығармаға кездейсоқ кіргізбеген. Осының шын өмірде қалай болатындығын көзіміз көрген жоқ, ал енді мына контексте бұл сурет құлын трагедиясын шарықтау шегіне жеткізген. Көркемдік жүк көтеруі одан да биік. Ары қарай әке аузымен тағы да бір шындық айтылады. Ол «жылқы малының сырын бір адамдай мен де түсінемін» деген Сүгірге сұмдық нали тұрып: «Сенің «Бозінгеніңді» жүре тыңдайтынымды неге болжамайсың? Сен түліктің сырына шорқақсын. Күйіңде түйсік аз, өзіңде парасат аз», – деп кейіген сұс танытады. Сүгірдің аты шулы күйшілігінен оның тіршілік сырын, ер қанаты — тұлпар сырын түсінуінің төмен жатқаңдығын автор жасырмайды. Артық-кемімен көзге түсетін Сүгір табиғаты, күйші болмысы осынысымен қымбат көрінеді.
Қос құлынның ішінен сойысқа қызыл құлынды таңдағанының да кешірілмес білместік екендігін әке баласының бетіне тағы басады. Болашақ тұлпарды пышаққа қиғанын Сүгір сонда барып түсінеді. Оған әкенің төмендегі сөздері қамшыдан ауыр тиеді: «Бұл құлын құнанында қар» көк, дөненінде алқара көк болатын еді. Бестісінде тарлан ашып, жыл өткенде жүйрік боздың өзі боп шыға келетін еді. Бұның енесі қарабайыр да, атасы будан. Арғы атасы – арғымақ. Бұралған тірсегі атасына тартқан». Арғымақтай асыл «жылқы тегінің тапа-тал түсте біреуден емес, өз қолынан мерт болғандығы күйшінің өкініші мен қайғысын қоюлата түседі…..

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.05.2021
725
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі