Жүсіпбек Аймауытовтың
туғанына 135-жыл толуына
орай өтетін
«Жас
-көшбасшы»байқауы
Тақырыбы: Жүсіпбек
Аймауытовтың өмірі меншығармашылығының тарихи
контексті
Өмірбаяны:
Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) – қазақтың
көрнекті жазушысы, драматург, педагог, аудармашы және қоғам
қайраткері. Ол қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге
келген. Жас кезінен білімге құштар болып, Семейдегі мұғалімдер
семинариясында оқыған. оның шығармашылығы мен қоғамдық қызметі ХХ
ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ қоғамының өзгерістерімен тығыз
байланысты.
Аймауытовтың еңбектері әдебиеті мен мәдениетін
жаңғыртуға үлкен үлес қосты. Ол қазақ прозасының негізін
қалаушылардың бірі болып, алғашқы психологиялық романдардың бірі
– "Қартқожа" (1926) және "Ақбілек" (1927) шығармаларын жазды. жоғары қатар,
драматургияда да маңызды еңбектер қалдырды.
Ол алашордашылармен тығыз байланыста болып, қазақ
халқының білім алуын, ұлттық мәдениетті дамыту атсалысты. Алайда
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны
болып, 1931 жылы "халық жауы"
деген айыппен айтылды.

Тарихи контекст:
Жүсіпбек Аймауытов өмір сүрген кезең – қазақ
халқы үшін үлкен тарихи өзгерістер дәуірі болды.
-
Қазақ қоғамындағы
өзгерістер:
-
ХХ
ғасырдың басында қазақ қоғамы дәстүрлі көшпелі өмір салтынан
отырықшы өмірге көшіп, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға
бейімделе бастады.
-
Білімге деген және артты, ұлттық баспасөз,
әдебиет мәдениет жанды.
-
Алаш қозғалысы және ұлттық
ояну:
-
1917 жылғы Ақпан және Қазан төңкерістерінің
әсерімен қазақ зиялылары ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене
араласты.
-
Аймауытов Алаш қозғалысына қолдау, оның идеологиясын
қолдау.
-
Кеңес билігінің орнауы:
-
1920 жылдары Қазақстанда Кеңес билігі күшейіп,
жаңа социалистік құрылыс басталды.
-
Жүсіпбек жаңа заман біліміне бейімделіп, кеңес
үкіметінің беру және мәдениет саласындағы жұмысын
қолдады.
-
Сталиндік репрессия:

Қорытынды:
Жүсіпбек Аймауытов – қазақ әдебиетінде терең із
қалдырған тұлға. оның шығармалары қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы
күрделі тарихи өткелдері, ұлттық рухани ізденісін, қоғамдағы
өзгерістерді бейнелейді. Кеңес билігінің қатаң саясаты оның өмірін
қыршыннан қиса да, ол қалдырған мұра қазақ әдебиетінің алтын
қазынасына айналды.
«Адалдықты
үндеген»–Жүсіпбек Аймауытовтың адалдық
сағаты.
Саламатсыздар ма құрметті
әріптестер. Бүгін біз Жүсіпбек Аймауытовтың 135-жылдығына орай
ұйымдастырылып отырған «Жас көшбасшы» байқауына қатысқалы отырмыз.
Байқауымыздың тақырыбы-Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен
шығармашылығының тарихи контексті,яғни адалдықты үндеген Жүсіпбек
Аймауытовтың тарихына адалдық сағатын айтамыз. Қазақ халқына аты
кеңінен мәлім ақын,заңғар жазушы,тілші,әдебиетші,педагог,қоғам
қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың тарихи зерттеуінен мәлімет алатын
боламыз. Жүсіпбек Аймауытов 19-ғасырдың 2-інші жартысынан бастап
шығармашылықпен айналысқан адам. Ұлт болып ұйысу жолында жарғақ
құлағы жастыққа тимей елінің болашағын ойлап қазақ әдебиетіне не
бір жаухар туындыларды дүниеге әкеліп тарих,әдебиет,ғылым саласында
не бір зерттеулер жүргізіп жинақтап кейінгі ұрпаққа табыстап кеткен
ұлы ғұлама. Жазушы Жүсіпбек Аймауытов Баян ауыл ауданы,Қызылтау
аумағындағы қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылында 1889ж дүниеге
келген. Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген
.1907жылдан бастап Баян ауылдағы орысша-қазақша 2-кластық
мектебінде ,Повладар қазыналық шаруашылық мектебінде, сонымен қатар
2-кластық орыс-қазақ мектебінде оқи жүріп бір жағынан бала оқытып
қаражат тапқан. 1914ж Семейдегі оқытушылар семенярасында қабылданып
1918ж аяқтап шығады. Күрескер жазушы,ақын,драматург Жүсіпбек
Аймауытовтың шығармашылық мұрасы философиялық толғауы терең рухани
қазынамыз. Қазақ болмысы ұлт-аралық қатынастар дала шаруасының
санасы адамгершілік нормалары парасаттық қоғам өмірі. Өтпелі
кезеңдегі билік нысанасы сияқты күрделі теориялық мәселелер көркем
әдебиет құралымен тілі арқылы сөз болды. Өзіндік шешімін тапты.
Мысалы: «Қазақтың өзгеше мінездер» деген мақаласында өз халқының
бұрынғы уақыттарда ұйымшыл елі жауынгер, ең әділ,намыскер,адал әрі
бітімді ,қайратты, сауықшыл, досы мен достасып,жаумен жауласуға
табанды болғаның айта отырып отаршылдық езгінің әсерінен осы
мінездері өзгеріп ұрлық ,зорлық, өтірік, өсек,алдау, қулық,
айдату,кісі өлтіру мақтану, тұрақсыздық,жалқаулық сияқты жағымсыз
қылықтар көбейгеніне қынжылады.Сөйтіп ұсақтап келіп жау жүрек
батырларымыздың батырлығы аудидың малын ұрлауда қалды.Бұрынғы
билердің жұрнағы кішкентай дөңгелек жер болып қалды дейді,ал ол
енді осы жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы Жүсіпбектің
түсінігі бойынша тәрбие,оқу,білім. Аймауытов жалпы адамзаттық
құндылықтарды таптық мүддеден жоғары қойды және өз көзқарастары
үшін соңғы күндерге дейін батыл күресті.1922 жылы Торғайдағы
ашаршылықа ұшыраған қазақтарға Семей губерниясынан мал жиып оны
сонда айдап апарады.Жол жөнекей аштан қырылып жатқан ел жұртының
үстінен түсіп ішынара мал үлестіреді,қол хат алады, бірақ ауылдық
кеңестің мөрі жоқ деген айып тағылып Мемлекеттің мүлкін
талан-таражға салғаны үшін сотқа тартылды.Жүсіпбек Аймауытов азғана
шығармашылық өмірінде көптеген мұра қалдырған ойшыл оның
көзқарасының негізгі тақырыбы халықтың адалдығы және азаттық
идеясы. Ол феодалдық патриархалдық сауытта қалың бұқараның
қараңғылығын мешеулігін сынап оларды оқу, білім,өнер жолына
үгеттейді.Бас көтерер адамдарды ел қорғаны болуға шықырады.Қоғамда
болып жатқан өзгерістердің бәрі революция нәтижесі екенін
мойындайды. Жүсіпбек Аймауытовтың ешқашан адамдарды ұлтына бөлмей
жалпы адамгершілік парасаттылық құндылықтар тұрғысынан қарайтының
көреміз.Өкінішке орай 1930 жылдығ 4-сәуірінде биліктің шешімі
боынша Жүсіпбек Аймауытов ату жазасына сотталды. Сол кезде түрмеде
жазған өлеңдерінде былай делінген.
Шықпаса жаның
дененнен
Не салса тағдыр көрем
мен
Бір өзім үшін
өлмеймін
Бірғана соған сенем
мен
Кеудемде әзір жүрек
бар
Тілек бар саған сенем
мен
Артымда қыруар елім
бар
Өлсемде денем мен
өлмем
Жазушы қазақ оқығандардың
алдында ауыр да зор міндет тұрғаның халық алдындағы борышын
абыроймен өтеу керектігін ескерттіп, өздеріне тиесілі
жауапкершілікті сезінуге шақырады. Қазақ халқының басын қосуға күш
салып, бірлікке адалдыққа шақырады. Жүсіпбек Аймауытов көрнекті
жазушы ғана емес сол еңбектерімен халық азаттығын мұндаған елінің
ертенің ойлап еңіреген ұлтының болашағын ойлап еміренген азамат.Өз
заманының қайраткері болған Жүсіпбектің өмірі мен шығармашылығы
бүгінгі ұрпақ үшін ескірмейтін үлгі өнеге болып табылады.Жаңа буын
өркениет дүниелеріне көңіл бөлінуіде Алаш зиялылырының мұраларын
идеяларын негізге алуы тиіс.Олар шын мәнінде мәдениеті ,білімі
арқылы өркениет тұлғаларынның қатарында. Жүсіпбек Аймауытовтың
философиялық идеялары осылайша адамзат ұлт игілігіне қызмет етіп
отырады. Екі заманның шекарасында туған халқының ақылы, ойы, ары
бас көтерер болып ,оны қамы үшін тағдыры мен болашығы үшін бастарын
тауға да , тасқа да соғып ақыры бір кездерде біздің елді жайлаған
зорлық –зомбылық дертінің құрбаны болып кеткен арыстарымыздың
қатарында Жүсіпбек Аймауытов та бар.Ол небәрі 42- жасында 1931 ж
нағыз творчествалық толысқан кезінде қыршының қиылды.Соның өзінде
жан-жақты бай мұра қалдырып үлгергені таң қаларлық жай.Міне
жоғарыды келтірген деректерге сүйенсек Жүсіпбек Аймауытовтың жүріп
өткен жолы –кейінгі жас ұрпаққа айнамас темір қазық іспеттес.
Осымен біздің адалдық сағатымыз аяқталды .Жүсіпбек атамыз көрсекен
жолды ұмытпай -адал өмір сүруді үндейік.