Материалдар / Тақырыбы: Асық - қазақтың ұлттық ойыны. «Асығың алшысынан түссін!»

Тақырыбы: Асық - қазақтың ұлттық ойыны. «Асығың алшысынан түссін!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Асық - қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. Асық ойынының тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
610
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Давранов Умиджан 10 «В» сынып оқушысы

Жетекшісі: Юсупов Шухратжан Кадиркулович

Түркістан облысы Сайрам ауданы

94 жалпы орта мектебінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі



І.Кіріспе

Тақырыбы: Асық - қазақтың ұлттық ойыны.


«Асығың алшысынан түссін!»

(Халық даналығы.)

1.1 Ұлағатты ұлттық ойындар

Қазақ — ойын-сауықшыл халық. Бүгiнде қазақтың 100 ден аса ойын түрлерi мәлiм. Қазақ “баланы жастан” дегенде, ойын-сауық арқылы жасөспiрiммен тәрбиелiк жұмысты ертерек және жас ерекшелiктерiне қарай жүргiзудi пайымдайды. Ойынсыз ұрпақтың кiм екенiн, халықтың қандай екенiн бағалау екiталай. Асық - қазақтың әдет-ғұрпына үнемi және айқын ықпал еткен. Асық ойынының тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады. Оның қалыптасу кезеңдерi мен тарихы өз алдына әңгiме.

Тақырыптың өзектілігі:

Қазақ халқының ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарының халқымен қайта табысуына жағдай жасау.Асық ойынының қалыптасу кезеңі мен шығу тарихы туралы зерттеп, бүгінгі ұрпаққа таныту

Сондықтан мен осы тақырыпты зерттеуге бел буа отырып,

Зерттеу жұмысының мақсаттарын айқындадым:

Қазақтың ұлттық ойындарының қалыптасу тарихын зерттеу; Қазақтың қозғалмалы ойындары неше топқа бөлінгенін білу; Асық ойынының түрлерімен және олардың ойналу ережесімен танысу; Асық ойынын ойнаудың бала психикасын және өмірге бейімділігін дамытудағы маңыздылығын түсіну. Айталық, тас дәуiрiнде қалыптасқан - таяқ жүгiрту, асық, ақсүйек, темiр дәуiрiнде тараған — қарағие, садақ, бергi феодалдық дәуiрдегi, яғни үйсiн, қаңлы хандығы кезiндегi — ақбайпақ, алтыбақан, арқан тартыс, белбеу тастау, жасырынбақ, көршi бұғынай, айдапсал т.б. ойындарды бүгiнде бiлетiндер де, бiлмейтiндер де аз емес. Жануарлардың қозғалысына елiктеп жасалынған қозғалыстар да бертiн келе ойын бидiң арқауына айналған. “Аң аулау” билерiнiң түрлерi бiр iзге келтiрiлмеген. Дегенмен олар барлық қауымдастық мүшелерiн қызықтырғанын ескерсек, оның тартымды түрлерiнiң көп және жаттығуға икемдi болғанына күмәнданбаймыз.

Қыпшақтардың тайпалық одақтары түрiк қағанатына қосылғанда хан жақсы ма, ханды қара басты, шалма, қарамырза, сайыс, ат үстiндегi тартыс, аударыспақ, балтам тап, аударыспақ, “көк бөрi тарту” сияқты ойын түрлерi таралған. Ұлттық ойынымыздың тарихы туралы Рашид-ад дин, Низами әл- Мулк, Мосуди, Махмұд Қашқари сынды ғұламалар пiкiрлерiн қалдырған. Батыстың XIII ғасырдағы саяхатшысы Марко Поло Жетiсу жерiндегi үлкен жиында “Қыз қуу” ойыны мен “Қыз бөрi” ойынын көргенiн естелiктерiнде тамашалап баяндайды.

Көшпендiлер табиғи күш атасы атанған. Малмен жүрген көшпелi халықтың алдымен далада, ашық алаңда, түнде ай жарығында сауық құратын ойындары қалыптасты. Жарыста адам да, оған қатысқан төрт түлiк түрлерi де сынға түстi. Солардың iшiнде бiзге мәлiмi ақсүйек, алтыбақан, айгөлек, арқантартыс, көксиыр, соқыртеке, түйе-түйе, белбеу тастау, қасқұлақ, моңданақ, ақбайпақ, түйiлген шыт, тиын салу, ақшамшық, ақсерек-көксерек,

көршi, шалма, шымбике, инемдi тап, айдапсал, қарамырза, қарт-қарт, жылман т.б., сондай-ақ ат жарысы, түйе жарысы кеңiнен таралған. Жарысқа астында көлiгi бар, бiлегiнiң қарымы мықты адамдардың бәрi де қатыса алған. Өйткенi көшпендiлердiң кiшiсiнен үлкенiне дейiнгiлер әлгi аталған түрлi ойындардың тәсiлдерiн шебер меңгере бiлген. Ойынның түрлерi күнделiктi тiршiлiкте, маусымдық жиындарда тартымды орын алды. Ойын адамның жаны мен тәнiн сергiттi, өз бетiнше еңбектенуiне баулыды, топ таңдауды үйреттi.

Шаруашылық пен еңбек процесi ойынның түрлерiн көбейттi, ойынға қойылатын талапты күшейттi. Ойында қолданатын әдiстерге арнайы жаттығу керек болды. Ойын заттары мен бұйымдарына деген ұқыптылық жалғасын тапты. Ойынды өткiзу туралы келiсiм жұмыстары жанданды. Ойынды өткiзетiн арнайы кеңiстiк алаңдар таңдалды. Бiртiндеп атамекенiне және атажұрт салтына деген құрмет көзқарастар қалыптасты. Әр ойынның белбасарлары анықталды, олар көптiң құрмет-сыйына бөлендi. Ойын өнердiң түрiне, топты ұйымдастыру тетiгiне айналды. Содан ойын өнерi ұлттық әдеп- ғұрыптың қалыптасуына, сақталуына үлкен ұйытқы болды, ықпал етті.

Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрi кең таралған. Мамандар қозғалмалы ойындарды төрт топқа бөледi:

  1. Табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар: асық, бестас, лек жалау, сиқырлы таяқ, бақай пiстi, жылмаң т.б.;

  2. Жануарлар бейнесiн елестетiп ойнайтын ойындар: соқыр теке, түйе-түйе, ақ байпақ, көк сиыр және т.б.;

  3. Мүлiктiк бұйымдарды қолданып ойнайтын ойындар: шалма, бөрiк жасырмақ, түйiлген шыт, тақия телпек, белбеу тастау, орамал тастау, т.б.

  4. Құрал-жабдықсыз ойнайтын ойындар: айгөлек, ақсерек-көксерек, шымбике, мәлке тотай, тоқтышақ, шертпек, жасырынбақ, бұғынай, т.б.

Асық ойыны қозғалмалы ойындардың табиғи заттарды қолданып ойнайтын ойындар тобына жататынын білгеннен кейін , зерттеу жұмысының мақсаттарына жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым

  • Ұлттық ойындардың ұрпақ тәрбиесінде алар орны қандай дәрежеде екенін білу;

-Асық ойыны туралы газет-журналдарда қандай ақпараттар жазылғанын зерттеу;

  • Асық ойынының қандай түрлері ел арасында танымал екенін білу;

  • Ұмытылып қалған түрлерін анықтау;

  • Асық ойынын ойнаудың маңыздылығы неде екенін түсіну;

  • Асық ойының өткені мен бүгіні туралы салыстырып , саралау;

Зерттеу жұмысының жаңалығы:

- Асықтан есепшот жасап,математика сабақтарында мектепалды топтарында пайдалануға болады , сонымен қатар кіші жастағы балалар асықтың пішінімен таныс болады.

-Асық ойынының ұмытылып кеткен түрлері туралы зерттеп,олардың бүгінгі күнде балалар арасында таралуын қолға алдым.

-“Асық ату” ойынын матеметикалық ойын ретінде де пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының әдістері: Жинақтау , талдау , ішінара ізденушілік, тәжірибе.

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Асық ойынының түрлері және бала дамуына қосар үлесі.

Қазақстанның Ұлттық энциклопедиясының 1-ші томының 500-ші бетінде Б.Төтенайтегі сипаттап берген асық ойындарының түрлеріне тоқталар болсақ, олар мыналар :

Құмар. Ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болу керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да, кезек - кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт тәйке түсірсе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді.

Омпы. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Оны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде ойнай береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, соғұрлым қызықты болады. Мақсат - көп асық ұтып алу. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көмбе сызады да,көмбенің тең ортасына сызық бойына әрқайсысы екі асықтан тігеді.Тігілген асықтардың тап ортасына бір асықты омпысынан тұрғызады. Балалар кезек - кезек сақаларымен он қадам жердегі омпыны атып түсіріп,асық ұтып алуға кіріседі. Егер атушы омпыға бұрын тигізсе, онда тігілген бар асықт сол алады, егер омпыға тигізе алмай, тұрған асықтардың біріне тигізсе тек сол асықты ғана алады. Асық жаңартыла тігіліп, ойын жалғаса береді.

Біз пәлен ғасырдан бері мал шаруашылығымен айналысып, малға қатысты мәселенің бәрінің майын ішкен халықпыз. Өмір салтымыз, әдет – ғұрпымыз төрт түлік малға мейлінше байланысты; қаншама атау, ұғым – түсінік, таным мен пайым соған қатысты; одан өрбитін сөз де, мақал – мәтел де жеткілікті. Исі қазақ баласының қой асығын көрмегені жоқ шығар, сірә.

«Ақылы асса – аға қой, Жасы кіші демеңіз.

Қолыңа жақса – сақа қой,

Қой асығы демеңіз», - деген қазақпыз ғой.

Асық атаулары мен түрлері асықтың төрт жағындағы 4 түрлі пішімнен шыққанын білдік. Оның әрқайсысының өз дәрежесі болады. Бірінші пішім –

Алшы , ол бірінші дәрежеде, екінші пішім – Тәйке, бұл екінші дәрежеде. Үшінші пішім – Шік , бұл үшінші дәрежеде. Төртінші пішім – Бүк (бүге), ол төртінші дәрежеде.

Асық ойындарының түрлері көп. Соның көбісі бұл күнде ұмытылған. Қазіргі ауыл және қала балаларының ойнап жүргені «асық ату» ойыны. Бұл - көбіне далада, тегіс жерде ойналатын ойын. Негізі асық ойындары жылдың төрт мезгіліне орай шыққан. «Асық атыс» немесе «асық ату» ойыны жылдың кез келген мезгілінде ойнала береді. Бұл ойын балалардың тез қимылдауын қалайды. Мергендігін арттырады. Дәлдікке, есепке үйретеді.

Асық ойнау – балалардың дүниетанымын кеңейтетін ойын. Ойынға бірнеше бала араласқанда әркім өз асығын қателеспей тауып алу үшін апа - әжелеріміз кілем және киіз жүндерін бояп жатқан қазанға асықтарды салып алатын. Сонда әр асықтың түр – түсі әртүрлі болып шыға келер еді. Қызыл, жасыл, қара, көк, сары, қоңыр бояу түрлерін балалар екі – үш жасында – ақ еркін ажыратады.

«Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» дегендей, әр бала өз асығының санын тез – ақ біліп алады. Бұл санауға жақсы, балалардың есепке жүйріктігі бала кезден қалыптаса бастайды. Асық – кәдімгі санағыштың ролін қоса атқарады. Асықтарды қаз қатар тізу кезінде олардың санын алу, кейін ұтысты есептеп, ұпай бөліскенде жапырлап асық санау кез келген баланың математикаға бейімін арттырады. Қазақ баласының есепке жүйріктігі, міне, осындай ойындарды ойнаудан – ақ қалыптасқан.

Бала көп қимылдайтыны, тез шаршай қоймайтыны анық. Асық ойындары – қимыл – қозғалысқа құрылған ойындар. Асық ойындарының әліппесі саналатын «Төрт асық» ойыны – балалардың жас кезінде, енді – енді қимыл – қозғалысы көбейіп келе жатқанда ойналады. Әсіресе, ыстық кезде, бала аздау қимылдасын деген ниетте дүниеге келген ойын. Бір жағы баланың танымдық қабілетін арттырады.

«Төрт асық». Бұл ойынды балаларға жас кезінде үйретеді. Төрт – бес жасар балалардың ойнауына жақсы. Ойын мақсаты белгілі: бала бір асықта төрт түрлі пішім бар екенін және әр пішімнің әр қыры бар екенін зердесіне тез түйеді. Ойынға қосылған балалардың әрқайсысы бір асықтан иіреді. Кімнің асығы алшы түседі, сол бала ойынды бастайды. Қолға алған төрт асықты ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асық төрт түрлі болып түссе, ойынға қатысып отырған балалардан бір – бір асық алады да, ойынды әрі қарай жалғастырады. Тағы да төрт асықты жерге ақырын шашып жібереді. Сонда төрт асықтың төртеуі де не алшы, не тәйке, не шік, не бүк болып түссе, соның әрқайсысында да ойынға қатысушы балалар ойынды бастаған балаға бір – бір асықтан береді. Ал алда – жалда төрт асықтың пішімі төрт түрлі немесе әртүрлі болып түссе, онда ойынды бастаған бала 4 асықты екінші балаға береді. Ол ойынды бірінші бала секілді қайтадан бастап жүргізе береді. Осылайша ойынға қатысып отырған балалар асықтарынан ұтылып біткенде ғана ойын тоқтатылады. Ұтыс есептеледі. Ұпай саналады. Ұтқан баланың асықтары көп болса, ол қалған балаларды қатарластыра сапқа тұрғызады. «Бір

  • біріңді қуыңдар, кім ұстатпай кетсе, сол ойынды бастайды», - дейді. сөйтіп ойын ары қарай жалғаса береді.

«Асық ату». Көбіне жаз және күз айларында ойналады.Ойынға екі бала қатысады.Ойынға қатысатын әр баланың өз сақасы болуы шарт.Сақа қойдың ең ірі асығынан таңдап алынады.Ойынды ойнау үшін тегіс жерге белгі салынады.Сызық сызылады.Ол шеңбер түрінде үш түрлі сызығы болады.Бірі- өріс сызығы,бірі-табан сызығы,үшіншісі-орта сызығы.Өріс сызығында тұрып балалар асығын иіреді.Өріс сызығы мен табан сызығының арасында кімнің асығы алшы түседі, ойынды сол бастайды.Орта сызыққа екі баланың асықтары тізіледі.Ойынды бастаушы бала табан сызығын сол аяғымен басып тұрып,оң қолындағы сақасымен орта сызқтағы аықтарды атады. Күші мығым болса бірнеше асықты сызықтан сыртқа шығарып жіберіп,сыртқа шыққан асықтарды ол ұтып алған болып саналады.Егер ойынды бастаған бала асықтарды орта сызықтан шығара алмаса онда ойынға келесі бала шығады.Кім неше асықтан ұтылса,сонша өлең немесе тақпақ рйтып беретін болған.Қазіргі кезде балалар азда тиын-тебен тігіп ойнайды.Немесе асығынан ұтылып қалады.

«Хан талапай». Ойынға 5-10 бала қатыса береді.Көп асықтың ішінде біреуін қызылға бояйды.Сол асық «хан» болады.Ойынды бастайтын бала санамақ арқылы анықталады.Ол асықтың бәрін қос уысына жинап алып,отырған балалардың алдына шашып жібереді.Балалар «ханның» қалай түскенін бақылап отырады.Егер «хан» бүк,шік не тәйке түссе,ойын бастаушы бала

«ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере ыршытып бір-біріне дәл тигізуі қажет.Тигізген асықтарды ол өзіне алады. «Ханды» жатысы «хандікіндей» ең соңғы асықпен ғана атып алады.Сондықтан асықтарды атқан кезде есепке, дәлдікке, мергендікке жүгінуге тура келеді.Ойын бастаушы баланың қолы басқа асыққа тисе,не асығы басқа асықтарға тисе ойынды келесі бала жүргізеді.Ал «хан» алшы түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп шулап, «ханды» қолға түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол бала жеңіске жеткен болып, сол бала ойынды бастайды.

«Атпақыл». Мұны кей жерде «көтеріспек деп те атайдыБұл ойынға екі бала қатысады.Біреуі сақасын иіріп,екіншісі сол сақаны атады.Егер сақаға дәл тигізсе, атқан баланы екінші бала өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп апарады.Сөйтіп екі бала бірінің сақасын бірі атып, бірін – бірі көтерісеп ойнай береді.Бұл ойын балаларды шымырлыққа, дене күшін жетілдіруге баулиды.

«Қақпақыл».Ойын шарты: 1 асықты алақанға салып алып,жоғарыға жәймен лақтырып,асық қайтып түскенше алақанды төңкеріп, асықты қолдың сыртымен қағып алу керек.Содан соң қолдың сыртындағы асықты қайта лақтырып, төмен түсіп келе жатқанда алақанды ашып қалу керек.Бұл ойын баланы жылдам қимылдауға , шапшаң әрекет жасауға, баланы өз бетінше жылдам ойлануға, есеппен әрекет етуге үйретеді.

Баланың есте сақтау қабілетін арттыратын асық ойыны «Иірмекіл» деп аталады.Бұл ойын екі немесе төрт бала ойнауға ыңғайлы.Әр балада 5-10 асықтан болуы керек.Екеуі бір-бірден асық иіреді.Қай баланың асығы алшы түссе,сол осы екі асықты уыстап алады да,жерге жайлап шашып жібереді.Екі асықтың бірі алшы түссе, соны алады.Асығы алшы түскен баланың бір асығы шіге түссе , оны да қосып алады.Ойын осылай жалғаса береді.

«Сасыр» ойыны да «иірмекіл» сияқты ойналады.Асықтарды жерге шашып тастайды,алшы,шіге түскен асықтарды алып отырады.Кенет алшы асықтың қасына тәйке түсіп кетсе,бала асып-сасып қалады ғой. «Сасыр» деп соны меңзейді.Тәйке түскен сайын айып тартып отырады.Қанша тәйке түссе, өз асығынан сонша асық қосып,жерге жайып отырады.Айып ретінде ойынға қосар асығы болмаса,онда ойынды келесі бала бастайды.

«Топай» немесе «Сөкелек». Бұл ойындар жас шамасы 10 – 15 жас балаларға есептелген ойындар. Бұлар «Асық ату» ойыны секілді ойналады. Көбіне қыс кезінде, мұз үстінде ойналады. Ойыншы балалар асықтың шіге жағын егеп, тегістеп қояды. Сонда ол асықтар мұз үстінде зырылдап сырғанай жөнелетін болады. Сақа иіріледі. Кімдікі алшы түссе, ойынды сол бастайды. Сызық сызылады. Орта сызыққа асық орнына сиырдың бақалшақтарын тізеді. Сақаны сайлап алу керек, ол үшін оның екі жағынан тесік жасап, ортасына қорғасын құйып алады. Мұндай сақалар көбінесе жылқы майына суарылады, сонда сақа сынбайды.

«Бәйге». Бұл ойынды екі баладан алты балаға дейін ойнайды. Ол үшін ортаға 25 асықтан тігіп, шеңбер жасау керек. бір асықтың қасына сөкелек жатқызып қояды. Ол жерді «қақпа» деп атайды. Сол қақпадан екі асық асып түсіп 3 – ші асықтың жанына тағы бір сөкелек қою керек. Оны «мәйек» деп атайды. Егер төрт бала ойнаса, олардың қолдарында екі – екіден бір түсті асық болуы керек. Яғни, бір баланың қолында 2 қызыл асық, екінші баланың қолында 2 көк асық, үшінші баланың қолында 2 сары асық, төртінші баланың қолында 2 жасыл асық болуы қажет. Осы асықтар «бәйге асықтары» деп аталады. Осы 8 асықтан басқа әр балада тағы 20 – дан қорын асықтар болуы керек. Бұл қорын асықтардың түстері әр баладағы асық түсімен сәйкес келгені дұрыс. Асықты түгендеп алған соң әр бала қақпа түбіне бір – бірден қатарластырып 4 бәйге асығын тігіп қояды. Қолдарында қалған бір – бір бәйге асықтарын төртеуі қатар иіреді. Сонда қай баланың асығы алшы түссе, сол бала әлгі төрт түрлі бәйге асықтарын уыстап алады да, жерге жайлап шашып жібереді. Жасыл асық алшы түссе, екі бәйге асығы жасыл түсті бала қақпа түбіндегі өзінің жасыл асығын бір асық бойы алға жылжытып қояды. Сөйтіп, төрт түрлі – түсті бәйге асықтарын жайлап жерге шашады. Енді сары асығы бар баланың сақасы алшы түссе, ол өз асығын алға жылжытады. Осы ретпен әйтеуір бір асық мәйекке жетеді. Сол кезде ойын тоқтатылады. Кімнің кімнен қанша асық ұтқаны саналады. Сосын мәйекке жасыл асық бұрын жетсе, басқа асықтар мәйектен әртүрлі қашықтықта қалып қойса, онда жасыл асықты баланың ұтысы: 1.Жасыл асықты балаға сары асықты бала 1 асық, көк асықты бала 4 асық, қызыл асықты бала 9 асық беруі керек. (1 + 4 + 9 = 14).

  1. Сары асықты баланың ұтысы: сары асықты балаға көк асықты бала 3 асық, қызыл асықты бала 8 асық беруі керек. (3 + 8 = 11).

  2. Көк асықты баланың ұтысы: көк асықты балаға қызыл асықты бала 5 асық беруі керек. (5)

Ұтысқа ие болған жасыл асықты бала ойын ережесі бойынша сары асықты баланы шақырып алады да «сен бір ауыз өлең айт» деп бұйырады. Ол бала өлең білмесе, асығын ала алмайды. Өлең айтып берсе ғана асығын қайтып алады. Мұнан соң жасыл асықтың иесі көк асықты баланы шақырып, «сен

төбеңді жерге қойып, 4 рет аударылып түс» деп бұйырады. Осылайша ол қызыл асықтың иесіне «сен бір аяғыңды көтеріп тұрып, 9 рет секір» деп әмір береді.

Сары асықтың иесі де осылай көк асықтың иесіне «сен бір аяғыңды көтеріп, мені 3 рет айналып шық» дейді. Сосын қызыл асықтың иесін шақырып, 8 қадам дөңгелек сызады да, осыны 8 рет жүгіріп айналып шық дейді.

Көк асықтың иесі 5 қызыл асығынан ұтылған баланы шақырып алып, сен басыңды мойыныңның түбінен 5 рет айналдыр дейді. Қойылған талапты орындаған балалар ғана асығын қайтарып ала алады.

«Отыз ұры, бір есепші». Бұл ойын таза есепке құрылған ойын. Мұны меңгерген бала тоғызқұмалақ ойынын ойнауға қабілетті деп танылады.

30 ұры, бір кісіні ұстап алады. Олардың заттары жоғала бастайды. Сонда ұрыны табу керек болады. Есепші айтады: «Мен ұрыны тауып берейін, бірақ менің дегенім болсын, қарсыласпаңыздар», - дейді. Сөйтеді де, 30 ұрының қол ұстасып, дөңгелене тұра қалуын өтінеді. Сосын өзі біреуінің қасына барып,

«сенен бастап санаймын» деп оны белгілеп кетеді. «Өзім де сендермен бірге тұрайын, есептен тыс қалмайын» деп бір жерден қол ұстасқан екі адамды айырып өзі тұрады. Ал енді 31 болдық дейді сосын. Менің ортаға шығып есеп жүргізуім керек қой. Өз орныма 1 тас қояйын деп өз орнына бір тас қояды.

«Сенен бастап санаймын» деген кісіден бастап, оңнан солға қарай 10 – ға дейін санайды да, 10 – шы адамды «сен ұры емессің» деп дөңгелектен шығарып алып, екі қолы мен аяғын байлап тастайды. Бұл адам шыққан жерден оңнан солға қарай тағы санайды да 10 – шы адамды шығарып, байлап отырады. Осылай келе – келе есепшінің орнына қойылған тасқа жетеді.

- Есепші тасты қай жерге қойды, - деп балаға 31 асық береді. Бала соның шешуін табуы керек. Бұл ойын баланың есеп – қисапты тез меңгеруіне жәрдемдеседі. Зеректігін күшейтеді. Адалдыққа үйреніп, ұры – қарылықтан бойын аулақ ұстайтын болады.

Қалай болғанда да қазақ зерек, епті, ойға, есепке жүйрік халық қой. Әсіресе, асықтың баланың математикалық қабілетін арттыруға келгендегі рөлі ерекше. Мәселен, асық саны арқылы есепке жүйріктікке баулитын мына жұмбақты алайық.

Он – оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнайды. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:. Қанша асық ұттың? - дейді.

Ол: Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, - дейді.

  • Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, - дейді үшінші бала асығын түгендеп тұрып.

  • Ең көп асық ұтылған мен болдым, - дейді бірінші бала. Кім кімге қанша асық ұтылды? (Шешуі: екінші балада 10 – 2 = 8 асық. Бірінші балада 10 – 6 = 4 асық.

Үшінші балада 10 + (2 + 6) = 18).

2.3 Алдыңғы буын ағалар ойнаған асық түрлері

Бірлік ауылының тұрғыны,Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен қария Қошқар атаның бала күнінде ойнаған асық ойыны туралы әңгімелескенде «Үш кетіру» , «Манай» , «Арқаламақ» сияқты ойындар ойнағанын айтып берді.Ол кісінің «үш табан» ойынын ойнау ережесінен есте қалғандары:

«Үш табан». Бұл ойынды үш – төрт баладан топтап екі – үш жерде ұйымдастыруға болады. Ойын шарты бойынша әр балаға бір – бірден асық, бір

  • бір сақа беріледі. (Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп). Көмбеге бір – бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке – жеке сақаларын үйіріседі. Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет – ретімен (тәйке, бүк, шік) «ұшуға» кіріседі. Ұшу дегеніміз – көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіру. Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көндегі тігулі асықты атуға жолдама алады. Олай болмаған жағдайда асық ату бәрі ұшып болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасады. Алысқа «ұшқан» мергендер тигізе алмаса, көмбедегі қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбе жиегінен алып өлшегенде үш табаннан артық қашықтыққа ұшырған ойыншы қашан клесі асыққа тигізе алмай қалғанша атуды жалғастыра береді. Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойыншы тоқтатып, өзінен кейінгі бәсекелестеріне кезек беруге мәжбүр болады.

Ереже бойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалып отырады. Сөйтіп, айналасы екі – үш айналымның ішінде әр көмбеден бір – бір жеңімпаз шығып, олар енді орталық көмбеден ақтық (финал) сайысқа түседі. Бұл шешуші жарыста бірінші, екінші орынға ие болған мергендерге арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне нұр.

Әр ауылдағы балалардың санына қарай топтар мен жүлделі орындардың мөлшерін ойын жүргізушілердің өздері белгілеуі тиіс. Мұндай ақтық кездесуді жас шамаларына қарай топтап, әр ауылдың жеңімпаздары арасында да өткізуге әбден болады.

Әкем Әбдіров Боранбай өзінің бала кезінде «Хан талапай» ойынын қалай ойнағанын айтып берді.

«Хан талапай» отырып ойналатын ойын.Оған 4-5 үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асық - «хан» болып белгіленеді.Ол өзге асықтардан ерекше,өзге түске боялады.Бір-берден асық иірісудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уысына ұстаған бар асықты ортаға иіруі керек.Қалған ойыншылар аңысын аңдап , басқа асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,

«хан» алшы түссе,барлығы бас салып ортадағы асықтарды хан талапай жасауы тиіс. «Хан» кімнің қолында кетсе, келесі асық иіру кезегі соған беріледі.

«Ханмен» бірге қолына ілінген асықтардың санына сәйкес ұпай жазылады.

«Хан» алшы түспеген жағдайда , ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін,шігі мен шігін ,алшысы мен алшысын , тәйкесі мен тәйкесін бір-біріне соғып, егер кенейлер бір – біріне тимесе қалағанынша ұпай жинайды. Көздеген асығы үшінші үшінші басқа бір асыққа тиіп кетсе де немесе бөгдебөгде асықты қозғап алса да , ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.

Межелі ұпай саны (100 не80 , 50 не 40 ) ойынжүогізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады.

ІІІ. Қорытынды

    1. Асық ойынының бүгіні

Бұл күнде қала балалары асық ойындарынан тек «асық ату» ойынын ғана ойнайды. Асық ойындарының басқа түрлерімен таныс емес. Оның есесіне ертелі – кеш компьютер алдында отырып, адамды түрлі қатыгездікке үйрететін ойындарды ойнаумен шұғылданады. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің қылмысқа бой ұрып, жан түршігерлік істер жасауының бірден-бір себебі, сол компьютер ойндарына бой ұрудан делінуде

Ал ауылдағы менің құрдастарым асық ойындарының мына түрлерін біледі.Мысалы: «Манай», «Шеңбер», «Үш кетіру» және асық атудың

«шертпек, банкі, жерлетпек» т.б өздері қазіргі заман талабына сай бейімдеп алған түрлерін ойнайды.

Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі Жауынбай Қараев жылына бір рет асық ойындарынан облыстық турнир өткізеді екен. Неге біздің аудан көлемінде де ұлықтауы кем ұлттық ойынымыз асық түрлерінен турнир өткізбеске?

Тоғызқұмалақ ойыны сияқты асық ойынының да әлемдік сахнаға шығуына жол ашуымызға болмай ма ?Ұлтымыздың мәдени мол мұрасын жоғалтып алмау үшін асыл қазыналарымызды ұлықтайық!

Асық ойындары – балаларға керек ойындар. Құр босқа компьютер алдында телміріп, көзін, миын ауыртып, жүйкесін шаршатқанша, бір мезет асық ойындарын ойнауды үрдіске айналдырған дұрыс.

Жапондар бір ғана шәй құю рәсімін бүкіл әлемге жар салып, жария қылып жатқанда асық ойындары сияқты дүниетанымдық ойындарды бала зердесіне қайта құю – ұлтымыздың мерейін тасытып, мәртебесін биіктететін нәрсе емес пе?!

Зерттеу жұмысымның нәтижесі ретінде мынадай ғылыми – практикалық ұсыныстар жасағым келеді:

  1. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында мектептердегі дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасына асық ойындарын енгізіп,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ