Материалдар / Тақырыбы: «Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тақырыбы: «Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
окушыларга
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
302
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Сыныптан тыс эстетикалық жұмыс түрлері»

Жоспар :

1.Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

2. Сыныптан тыс тәрбие жұмыс.

3. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы.

4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Жұмыстың өзектілігі: Білім беру өскелең ұрпақты әлеуметтенудің өзекті арқауы ретінде оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде жеткіншек ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру арқылы олардың әрқайсысының бойында өз ұлтына тән қадір-қасиеттерді: ұлттың сана-сезімді, мақтанышты, ұлттық материалдык және рухани құндылықтарды, іскерлік пен тәжірибені, өнерді сіңіруге ұйытқы болады.



Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз ету де. Оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оған дұрыс бағыт беріп отыру-барша қауымның ортақ ісі. Оқушы жан-жақты болып өсу тек қана оның мектепте өткізген уақытымен шектелмейді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар.

Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Балалар ұйымы, ата-аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп өткізулеріне көмектесулері керек. Оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Сонымен, оқушылардың бос уақытын пайдалану үшін, ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататынын, қабілетін зерттеп біліп, сыныптан тыс жұмыс жоспарын жасағаңда ескеру керек. Бұл ретте біз сөз еткен зерттеу шеңберін кеңейтіп, сан қилы тәсілдер түрін жетілдіріп, нәтижелілігін арттыру үшін аянбай енбек ете білу керек. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан - жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады.

Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді. Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды. Қарым — қатынастың дамуына ықпал етеді. Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі. Оқушы тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға қосымша білім алуға ықпал етеді. Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады. Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды шарты және осы жүйелердің қызмет ету формасы болып ұжыммен тәрбиелеу табылады. Педагогикалық әдебиетті талдау барысында салауатты өмір салтын қалыптастыру процесінде тиісті шарттарды сақтауды қажет ететінін анықтауға мүмкіндік берді. Денсаулықты сақтайтын білім процесінде денсаулықты сақтауды ескере отырып ұйымдастыру, психологиялық жағдай жасау; Денсаулықты сақтауда және қалыптастыруда нәтижеге жету үшін мектептегі балалар және үлкендердің ара-қатынасы, достық атмосфера бойынша балалардың достығы, әр түрлі творчестволық әрекетте тұлғаны қалыптастыру, өзінің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сай оқу және даму мүмкіндігі, творчество және әдемілік атмосферасы. Мектептегі балалардың негізгі әрекеті болып оқу табылғандықтан, дәл оқудағы табыстылық мектептегі оқушылардың жақсы жағдайына ықпал етеді, ал бұл әрқайсысы үшін өзінің жеке ерекшеліктеріне сай дамуға мүмкіндік беру арқылы іске асады. Осыған байланысты бүгінгі мектеп алдында балаларды дамыту және сақтау проблемасын тиімді шешуге мүмкіндік беретін формалар, әдістер және технологияларды табу мәселері тұр.



Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмысы оқу процесінде іске асатын тәрбиені толықтырады және тереңдетеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі белгіленуі - оқушыларда білімнің әртүрлі аумақтарына және әрекет түрлеріне қызығушылық тудыру және тереңдету, олардың таланттарын және қабілеттерін ашу және дамыту, көмек көрсету, бос уақытын мәдени ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмысқа оқушылармен бірге әртүрлі тәрбие-білім сабақтары жатады. Олар оқудан тыс уақытта өзін-өзі басқару органдарымен және педагогикалық ұжым басшылығы көмегімен ұйымдастырылады.

Сабақтан тыс уақытта оқушылармен жұмыстың ерекшелігін анықтайтын негізгі принцип болып сабақтардың формасын және бағытын таңдау еркіндігі табылады. Сонымен қатар, сабақтың кез-келген түрінің қоғамдық бағыты бар, оқушы өзіне қажетті және пайдалы әрекетпен айналысады.

Сыныптан тыс жұмыс тек көңіл көтеру принципінде құралмау керек, сонымен қатар ойын әрекеті, эмоционалдылық, романтика, әдемілік болу керек. Жалпылық принципі де маңызды орын алады, яғни сыныптас тыс жұмыстың әртүрлі түрлеріне қатысушылардың жалпылығы. Сыныптан тыс жұмыс мазмұны бойынша әртүрлі болады. Оған кіретіндер: дене шынықтыру, еңбек, көркем-эстетикалық, қоғамдық пайдалы әрекет және т.б. Сыныптан тыс жұмыстың формаға еңгізілген көптеген түрлері бар: ұжымдық (конференциялар, конкурстар), топтық (клубтарға, спорт ұйымдарына қатысу), оқушылармен жеке жұмыс (сыныптан тыс оқу, өнермен өз бетінше айналысу). Сыныптан тыс тәрбие жұмысының формаларының әртүрлілігі мектеп өмірінің өзгермелі қоғамдық жағдайларымен, жаңа әдістермен толықтырылады. Оқушылармен тәрбие жұмыстарының әртүрлі формасын үш топқа бөлуге болады:

1) мектеп өмірімен басқару және өзін өзі басқару формалары (жиналыстар, сынып жетекшісінің сабақтары, жиналыстар);

2) тану фомалары (экскурсиялар, журналдар, газеттер);

3) көңілді формалары (кештер, «капустниктер»).

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны және формалары оқушының қызығушылықтары және сұраныстарымен анықталады. Сыныпта тәрбие жұмысының кең таралған түрі болып сынып сағаты табылады. Атақты педагог В.А.Сухомлинский «Сынып жетекшісі оқушылармен тек қана өткен кезеңге ғана емес, сонымен қатар алдын ала болжанған тақырыптар бойынша әңгіме- денсаулық, жанұя, өнер ету керек»- деп айтты.

Еліміз әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүру басты шартына айналған қоғамда адамның ақыл –ой қуаты мен интеллектуальдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар қайта қарастырылуда. Бүгінде жас ұрпақты білімнің мазмұны мен тиістілігі емес, өзінің оқу еңбегінің қандай нәтиже беретіні қызықтыратыны дәлелденіп отыр. Білімге ұмтылатын әр оқушының нені білетіндігі емес, не істей алатындығы толғандырады. Бұл қазіргі құзыреттілікті оқу нәтижесі ретінде белгіленіп отырған жаңа кезеңдегі ең негізгі мәселе болып саналады. Сондықтан мектептің бастауыш сыныбының алғашқы есігін ашқан 1-сынып үшін, әр пән оның дара тұлға ретінде жетілуіне, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызады, пәндік білімнің мәнін өзгерту, оқушыға білімді қалыптастыру мен бірге оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру, оның түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай білуге үйрету қажет болып отыр.

Қазіргі таңда білім жүйесіне қойылып отырған қоғамдық-әлеуеттік сұраныс талабы да жоғары. Елбасы Жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті қоғамдағы бәсекелестікке қабілетті адамның басты белгісі, оның білімділігі, жасына лайық өз ой пікірін анық та, ашық, түсінікті жеткізе білетін құзыреттілікке қол жеткізу болып отыр. Оқушыға білім мен қатар тәрбие үздіксіз беріліп отырады. Мұндай біліктілікті меңгертуде «кеңес сабақтарының» алатын орны зор. Бұл ата- анамен жәй қарым –қатынас қана орнатып қоймайды, олардың өз балаларына үйден қалай көмек жасау түрлерін үйренеді. Бала мен ата – ананың бір-біріне деген жақын көзқарасы қалыптасады. Әр өтілген кеңес сабағы оқушының жаңа қырынан көрсетіп, оқушы өз жетістігімен ата – анасының алдында мақтана алады. Бұл еңбектің ата- ана үшін де, оқушы үшін де, мұғалім үшін де берер жемісі мол.

Мен сіздермен «бастауыш сыныптарда бос уақытты тиімді ұйымдастыру» бойынша өз іс- тәжірибеммен бөліскім келеді. Мектепке жаңа келген 1- сынып оқушысымен бос уақытты қалай ұйымдастырамыз? деген сұраққа жауап іздесек. 1-сыныпта 2 аптада 1 рет ата-аналармен «кеңес» сабақтарын ұйымдастырдым. Осы сабақтардың мақсаты: балалардың білімді тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. ІІ-жарты жылдықтан бастап, оқу үздіктері мектептен тыс орталықтарда қосымша сағаттарға барады.

КЕҢЕС сабақтарының түрлері:

- Сыныптан тыс кеңес сағаты

- Ата –аналарға арналған кеңес уақыты

- Ата – аналармен өтілетін жиналыстарында ұйымдастырылатын кеңес уақыты;

-Кинозал

- Талдау, дәлелдеу, түйіндеу дөңгелек үстелі

Кеңес сабақтарын ұйымдастыруда мұғалімге күш түсетіні анық. Дейтұрғанменде, жүйелі жұмыс жасай алсақ, алатын нәтиже мол.



1- сыныптар үшін: жалпыға бірдей білім беру стандартының талаптарын орындау туралы ақпарат, оқушылардың тұлғалық қалыптасу нәтижелері мен бейімделу кезеңіндегі жай күйі туралы кеңес, сауат ашу мен жазу бойынша «әріп, сөз, сөйлем, мәтін, оқу техникасын қалай тез орындауға болады, берілген мәтінді әдеби тілде мазмұнын айта білу, түйін түю» сияқты тақырыптар қамтыса, математика оқулығынан «сандардың қатары, олардың құрамы, теңдеу, мазмұнды есептерді, кесінділер» тарауы бойынша кеңес беріледі.

Ал, 2-сыныптан бастап, әр оқушының білім деңгейлері қалыптасқандықтан, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарына көбірек көңіл бөлемін. 2-сыныптан бастап, басылымдармен жұмыстану жолға қойылады. Оқушылардың шығармашылығын шыңдау мақсатында өзбеттік жұмыстар бастаймын. Бүгінгі таңда 8 оқушының шығармашылық жұмыстары «Самал» газетінде жарық көрсе, мектепішілік газетке 4 оқушының шығармасы жарық көрді. Сонымен қатар қазіргі таңда менің сыныбымның 25 оқушысының: 6 оқушысы №4 спорт мектебінің «самбо» үйрмесінде, балалар саз мектебінің домбыра үйірмесінде 2оқушы, ағылшын тілі үйірмесінде -2 оқушы, мұз айдыны мәнерлеп сырғанау үйірмесінде -3 оқушы, шот трек үйірмесінде -2 оқушы, каратэ үйірмесінде -3 оқушы, шахмат үйірмесінде -1 оқушы, би үйірмесінде-3оқушы, жас өспірімділер мектебінде күрес үйірмесінде -3 оқушы қамтылған.

Сөзімді қорыта келгенде айтарым, жүйелі, сатылы жұмыс жасай алсақ, күтер нәтижеміз шексіз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде

2.«2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдарында ғылым негіздерін оқыту ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат негізінде.

3. Г.Қажиева «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру» әдістемелік құралы-А:2010

4.Савин Н.В. Педагогика – Алматы: Мектеп, 1990

5.Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу /В.П.Кыркалов, П.Э.Шпитальник

6.Хамзин Б.Н. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу – Алматы: Мектеп,

7.Құдайқұлов М. Қабілеттілік дағды шеберлік

8.Атутов П.Р. Политехнический принцип в обучении школьников

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!