Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы : «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы «Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері» Күні: 20.01.2025

Тәрбие сағатының тақырыбы : «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы «Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері» Күні: 20.01.2025

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы «Буллингтен қорған!» Қауіпсіздік сабағы «Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері» Күні: 20.01.2025
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Shape1



Тексерілді__________


Тәрбие сағатының тақырыбы

«Буллингтен қорған!»


Қауіпсіздік сабағы

«Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері»

Күні:

20.01.2025

Сынып жетекшісі


Сынып


Оқу мақсаты

-Буллингтің не екенін түсіну және оның түрлерін анықтау.
-Буллингтің салдары мен оның алдын алу жолдарын білу.
- Буллингке қарсы тұру дағдыларын дамыту.

- оқушыларды көшедегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларымен таныстыру.

Құндылықты дарыту

Оқушыларды әділдік және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дәйек сөз

Тәртіп – тәрбие бастауы

Сабақтың барысы

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың

Басы

(5 мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, сабаққа қатысушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал туғызу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ереже: Егер сен буллингті көрсең немесе құрбаны болсаң – үнсіз қалма! Көмек сұра!

Оқушылар сынып жетекшісімен амандасады



Көрнекіліктер

Сабақтың

Ортасы

(25 мин)





















































(10 мин)


Пазл әдісі арқылы топқа бөлу. (3 мин)

Сабақ тақырыбына байланысты 4 түрлі сөз жазылған қағаздарды қиып, әр оқушыға бір бөлігін береміз. "Достық", "Қолдау", "Қамқорлық"

Ойын -"Сен жалғыз емессің!" (7 мин)

Оқушыларға түрлі жағдаяттар жазылған карточкалар таратылады әр оқушы өз жағдайын оқып, қалай әрекет ететінін айтадыМұғалім қорытынды жасап, буллингтен қорғанудың дұрыс жолдарын талқылайды

Булинг — бұл бір адамды немесе топты мақсатты түрде қорлау, мазақ ету, қорқыту, кемсіту немесе психологиялық қысым көрсету әрекеті. Булинг құрбанға ұзақ уақыт бойы жүйелі түрде әсер етеді және оның эмоционалды, психологиялық немесе физикалық күйіне зиян келтіруі мүмкін.

Булингтің бірнеше негізгі түрлері бар:

1.Вербалды булинг: Құрбанды сөзбен қорлау, кемсіту, мазақ ету, аты-жөніне немесе сыртқы келбетіне қатысты орынсыз пікірлер айту.

2.Физикалық булинг: Қорқыту, күш қолдану, соққы беру, итеру немесе басқа да физикалық зиян келтіру.

3.Кибербуллинг: Әлеуметтік желілер, мессенджерлер немесе басқа онлайн платформалар арқылы қорлау, мазақ ету, жала жабу.

Рөлдік ойын (15 мин) – "Қиын жағдайдан шығу"

Әр топқа бір жағдаят беріледі:

-Бір оқушыны мазақтауда.

-Біреу интернетте буллингке ұшырауда.

-Бір оқушыны топтан шеттетуде.

Әр топ өз рөлін ойнап, бұл жағдайдан шығудың дұрыс жолын көрсетеді.
Қалған оқушылар шешімнің тиімділігін талқылайды.


Қауіпсіздік сабағы: Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері

Ойындар үшін қауіпсіз орынды таңда. Арнайы бөлінген алаңдарда немесе өздеріңе жақсы таныс жерлерде ойна. Жолдың, құрылыс алаңдарының немесе басқа да қауіпті жерлердің жанындағы аумақтардан аулақ бол.

Әрқашан көз алдында бол. Ата-анаң немесе басқа ересектер сені көре алатын жерлерден, тым алыс кетпеу керек.

Бейтаныс адамдармен сөйлеспе. Егер саған бейтаныс адам келіп, бірдеңе ұсынса (мысалы, көмек, сыйлық немесе онымен бірге бару), бірден «жоқ» деп, қауіпсіз жерге бар.

Ата-аналар мен жақындарыңды тыңда. Ата-аналар қай жерде ойнау қауіпсіз екенін біледі, сондықтан әрқашан оларға қайда баратыныңды айт және олардың кеңестерін тыңда.

Доптан және басқа да заттардан сақ бол. Егер доп жол жаққа домалап кетсе, ешқашан оның артынан жүгірме. Ата-анадан немесе үлкендерден көмек сұра.

Түнгі уақытта көшеде жалғыз жүрмеңдер. Егер осындай жағдай орын алса, жарық жерлерге бар. Егер сенің жолың қараңғы жер болса, ата-анаңды шақырып, сені қарсы алуды өтініш жаса.

Телефон арқылы музыканы қатты тыңдап, өзіңе назар аударма.

Пәтердің кілтін мойынға іліп, шалбар беліне бекітуге болмайды, бұл үшін арнайы қалталар жасаған дұрыс.

Ешқашан да, ешбір жағдайда да қоғамдық орында ұрыспа.

Егер көшеде бейтаныс адам саған бір нәрсені көруді немесе төлеуге уәде бере отырып, сөмке жеткізуге көмектесуді ұсынса, танымайтын адамнан бас тартуың керек.

Қорытынды

Көшедегі қауіпсіздіктің негізгі ережелерін қайталау: бейтаныс адамдармен араласудан аулақ бол және бірдеңе күдікті немесе қауіпті болып көрінсе, әрқашан ересектерге айт.

Өз сөзін толық тапқан оқушылар бір топқа жиналады.







Әр оқушы өз жағдайын оқып, қалай әрекет ететінін айтады







Оқушылар булингтің түрлерін және оның әсерлерін түсінеді.



Оқушылар булингтен қорғанудың тиімді жолдарын біледі және оларды қолдануға дайын.













Әр топ өз рөлін ойнап, бұл жағдайдан шығудың дұрыс жолын көрсетеді.




































https://www.instagram.com/p/C-W91yCsA_N/?igsh=MXBtMGVremhoYzMzag



https://www.instagram.com/p/C-W-EuCMB4Q/?igsh=MWJ1bHcyNjFlaW55Mg


Пазл





карточкалар
















Сабақтың соңы(5 мин)

Қорытынды :
Сабақтың қорытындысы (5 мин)

Оқушыларға "Буллингке қарсы 5 ереже" жазылған карточкалар тарату:

  1. Қорықпа, үнсіз қалма!

  2. Сен жалғыз емессің – көмек сұра!

  3. Өзгелерді қорға!

  4. Интернетте абай бол!

  5. Қарсы тұр, бірақ агрессиясыз!



Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

1. Буллинг туралы эссе жазу.
2.
Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері туралы мәлімет іздеу

- Үй тапсырмасын жазып алады.





















Жағдаят 1: "Мектептегі мазақ"

Ситуация:
Аружан жаңа мектепке ауысты. Ол сабақты жақсы оқиды, бірақ кейбір оқушылар оны "білгішсініп жүр" деп мазақтайды. Бір күні олар Аружанның сөмкесіне хат қалдырып кетті: "Сен тым ақылдысың, бізге ұнамайсың!"

Сұрақтар:

  1. Аружан не істеуі керек?

  2. Қалай ойлайсыңдар, бұл буллингтің қандай түріне жатады?

  3. Сыныптастары оған қалай көмектесе алады?

Шешу жолдары:

  • Аружан бұл мәселені сынып жетекшісімен немесе мектеп психологымен бөлісуі керек.

  • Сыныптастары оны қолдап, достық көрсетуі маңызды.

  • Буллинг жасаған оқушылармен ашық әңгіме жүргізу қажет.

Shape2

Жағдаят 2: "Әлеуметтік желідегі буллинг"

Ситуация:
Айдын әлеуметтік желіде өзінің суретін бөлісті. Кейбір сыныптастары оның астына жағымсыз пікірлер жаза бастады: "Сен өте күлкілі көрінесің!", "Сенің киімің ескірген!".

Сұрақтар:

  1. Айдын бұл жағдайға қалай жауап беруі керек?

  2. Бұл кибербуллинг пе? Неге?

  3. Достары Айдынға қалай көмектесе алады?

Шешу жолдары:

  • Теріс пікірлерге жауап бермей, оларды өшіріп, буллинг жасаған адамдарды бұғаттау керек.

  • Бұл жағдай туралы ата-анасына немесе мұғалімге айтуы тиіс.

  • Сыныптастары Айдынға қолдау білдіріп, жағымды пікірлер жазса, буллингті тоқтатуға көмектеседі.

Shape3

Жағдаят 3: "Достардан шеттету"

Ситуация:
Медина үнемі топтық жұмыстарда белсенді, бірақ сыныптағы кейбір қыздар оны өз араларына қоспай, топқа кіргізбеуге тырысады. Олар оның сөзін елемейді, ал кейде әдейі мазақтайды.

Сұрақтар:

  1. Медина не істеуі керек?

  2. Басқа сыныптастар бұл жағдайға қалай әсер ете алады?

  3. Бұл буллингтің қай түріне жатады?

Шешу жолдары:

  • Медина бұл жағдайды мұғалімге немесе мектеп психологына айтуы керек.

  • Сыныптағы басқа оқушылар оны қолдап, онымен дос болуы мүмкін.

  • Буллинг жасаған оқушылармен әңгімелесу және олардың бұл әрекетінің салдары туралы айту қажет.

Shape4

Жағдаят 4: "Физикалық буллинг"

Ситуация:
Темірлан үзіліс кезінде кейбір балалар оны итеріп, сөмкесін тартып алады. Ол оларға қарсы тұруға қорқады, себебі олар одан үлкен және күшті.

Сұрақтар:

  1. Темірлан не істеуі керек?

  2. Мұндай жағдай болғанда, қандай көмек сұрауға болады?

  3. Қалай ойлайсыңдар, бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы қандай?

Шешу жолдары:

  • Темірлан бұл туралы бірден мұғалімге немесе мектеп әкімшілігіне хабарлауы керек.

  • Достары оны қорғап, буллинг жасаушыларға қарсы тұра алады.

  • Физикалық буллингке қатысты мектеп ережелерін қайта қарау қажет болуы мүмкін.

Жариялаған:
Ф
20 Қаңтар 2025
279
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі