Материалдар / Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2020
1015
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Топ-111
I курc
Мамандық: 0105000- «Бастауыш білім беру»
Біліктілік: 0105013- «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Топ кураторы: Жапаркулова Назира Алтымбековна

Тақырыбы: «Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары»
Мақсаты: Білім алушыдарды тәуелсіз еліміздің құндылықтарымен
еліміздің тәуелсіздік алғалы 28 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен
таныстыру, білімдерін кеңейту, туған жеріне, еліне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт дәстүрін
сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Кіріспе:
Кіріспе сөз: Бүгінгі тәрбие сағатымыз Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік құндылықтарына арналады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Тәуелсіздік


Page 2

Декларациясы қабылданып, Қазақстан өзін тәуелсіз ел ретінде жариялады.
«Тәуелсіздіктің жоғары құндылықтары» атты тәрбие сағатымыз
халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы ерлік күресі мен қазіргі
Қазақстанның жетістіктеріне арналады.

Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың,
Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың
Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы
Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның

ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Біздің алға қойған мақсатымыз – өткенімізді
білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.
Енді ең басты бақытымыз Тәуелсіздіктің 28 жылдық шежіресіне ой
жіберейік.

Жумадилова Диана
• 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
• 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды.
• 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен
ұлттар ұйымына мүше болып кірді.


Page 3

• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары
кеңесі мемлекеттік рәміздерімізді қабылдады.

















Қыдырбек Ақбота
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы
Конституция қабылданды.
• 1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында
ерекшк күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық
валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем
таныды.
• 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы
Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.


Page 4

• 1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел
ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол
қойды.
Бектұрған Маржан
• 1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан
халықтарының Ассамблеясы құрылды.
• 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық
қарудың соңғысы шығарылды.
• 1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей
Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр
ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол
қойды.
Сабыржанова Аружан
• 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы» ҚР Заңы қабылданды.
• 1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан
Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола
қаласына табыс ету салтанаты өтті.
• 1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми
тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана
қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе
жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.


Page 5




Рысбекұлы Құрманғазы
• НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы
қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан
Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді
• 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны
біржола жабылды.
• 2001 жыл - осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан
Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
• 2003-2005 жылдары -«Ауылды қолдау жылы» деп
жарияланды.


Page 6

• 2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік
Бағдарламасы қабылданды.

Мәсімжан Арайлым
• 2005 жылы 2 маусымда Байқоңырдың 50 жылдығы аталып
өтті.
• 2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны
қабылданды.
• 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта
шықты.
• 2007 жылы қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған
«Жасыл ел» бағдарламасы бекітілді.
• 2008 жылы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен
толықтырулардың негізінде жаңа мейрам - 6 шілде - Астана
күні енді.

Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа деген асқақ армандары мен
қайсар рухының жемісі.Қазақ елі 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің
тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде бүкіл әлемге
танылды.Тәуелсіздік –біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың
мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік –біздің ең басты
игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.



Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет.
Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы қабылданды
және ең маңыздысы тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға
сәйкес бекітілді.Тәуелсіз Қазақстан - ең жоғары құндылықтары адам,
оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мемлекет.

Елбасының «Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық» - деп
атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.Тәуелсіздік – ата - бабамыздың
ежелден келе жатқан арманы. Қазақ халқы осы тәуелсіздікке жету
жолында аз қиыншылық көрген жоқ.Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы


Page 7

көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы
тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы
жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұлар, біздің өшпес
тарихымыз екенін мәңгілікке есте сақтауымыз керек.

Тәуелсіз Қазақстанның қоғамды біріктіретін басты құнды­лықтары мен
құрылымдарын түпкілікті бекітіп, оның заңды­лығын және халықаралық
деңгейде танылуын қамтамасыз еткен Республиканың қолданыстағы
Конституциясына негіз етіп алынды.Конституция еліміздің басты
құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен
тұрақтылықты қалыптастырғанына куә болып отырмыз.

Көк Туы көкте желбіреп, Әнұраны әлемді шарлай әуелеп, Елтаңбасы
елдіктің айшықты белгісіне айналған Қазақстанның Тәуелсіздігі осыдан 28
жыл бұрын, яғни 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланғаны
белгілі.Осы тарихи мәні зор оқиға егемен еліміздің жұлдызын
жарқыратып, абыройын асырды, мерейімізді тасытты. Ғасырлар бойы
аңсап күткен тәуелсіздікті жариялаған Президент Н.Назарбаев бастаған
ел-жұртымыз Мәңгілік ел болудың басты алғышарттарын түзіп,
жасампаздық жолына, дамудың даңғылына түсті.

Ата Заңымыздың қабылдануы, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесінің
пайда болуы, Қарулы Күштеріміздің құрылуы, шекарамыздың шегенделуі,
экономикамыздың дамуы, төл теңгеміздің қолданысқа енгізілуі, шетте
жүрген қандастарымыздың атажұртқа оралуы, дініміз бен тіліміздің
тынысы ашылып, рухани құндылықтарымыздың қайта жандануы
халқымыздың келешекке деген сенімін оятып, үлкен серпіліс тудырды.
Мұның барлығы аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның іргелі ел,
айбынды мемлекет болып қалыптасқанын ұқтырады.

1. Базарбай Жәудір
Қазақтың теңгесі 1993 жылы 15 қарашада айналымға енді. Ал, 1997 жылы
13 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Ә. Назарбаев алғаш теңгенің айналымға түскен күнін «Ұлттық валюта
күні» деп жариялады өз Жарлығында. Елдің егемендігін жаңа жар салған
аумалы-төкпелі уақытта төл теңгемізді дүниеге әкелу тәуекелді қадам


Page 8

болатын. Мемлекеттегі экономикалық қиындыққа қарамастан, қазақ
ұлтының тұңғыш валютасы жарық көрді, тәуелсіз елдің айналымына түсті.
Осылайша Қазақ даласының ұлы тұлғалары Әл-Фараби, Абылай, Абай,
Жамбыл, Сүйінбай, Шоқандарды бейнелеген алғашқы Қазақстан
Республикасының теңгелері жарыққа шығып, айналымға түскені шын
тәуелсіздіктің көрінісі болды


2. Өтжан Мейрамкүл
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині
немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және
тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен
заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.Қазіргі Қазақстан
аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы
«таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына
тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында
қолданыла бастаған.Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми
түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек
Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.


3. Қалибек Аида
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты
рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан
және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема
түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын
білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір
мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз


Page 9

Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды.
Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.


4. Биғазиева Жұпар
Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен
шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді.
Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып,
этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды
дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің
мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.


Қорытынды:

Тәуелсіздік-тәңірдің сыйы. Ол бізге оңайлықпен келген жоқ.
Тәуелсіздіктің 28 жыл ішінде егемендік пен елдіктің, бірлік пен берекенің,
ынтымақтың туын жоғары көтере білдік. Ендігі мақсат-Тәуелсіздігіміздің
құндылықтарын көздің қарашығындай сақтап, басқа қонған бағымызды


Page 10

сақтауымыз керек. Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам
ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде
тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып,
елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі
алтын бесікке айналды. Біздің ауылымызда әр ұлт өкілдері тұрады.
Ауылымыздың бірлігі туралы сіздердің ойларыңызды тыңдасақ. Өз ой
пікірлеріңізді қағазға түсіріп, тақтаға ілуге болады.
Тәуелсіздік-ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қан төгіссіз,
бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өрекниетті
мемлекеттерінің қатарына 28 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін
қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.
Егемендіктің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Әнұранымыз,
Туымыз бен Елтаңбамыз, қазақ тіліміз, төл теңгеміз бар. Тәуелсіздігіміз
бен құндылықтарымыз үшін қан төккен аға-апаларымыздың ерлігін мәңгі
есте сақтайық!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!