Материалдар / Тәрбиеленушілерге "Тильда" ойыншығын тігіп дайындауды үйрету.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиеленушілерге "Тильда" ойыншығын тігіп дайындауды үйрету.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиеленушілерге жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру, ойыншықтарға мата таңдауға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2021
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Авторы: Сейтенова Анаргул Базарбаевна

Қарағанды облысы Приозерск қаласы «Достық» балалар–жасөспірімдер шығармашылық орталығы КМҚК

Қосымша білім беру педагогы.

«Сувенир» қолөнер үйірмесі


Сабақтың тақырыбы: «Тильда» ойыншығын тігіп үйрену.


Сабақтың мақсаты: Тәрбиеленушілерге «Тильда» ойыншықтарын тігіп үйрету.

Білімділік: Тәрбиеленушілерге жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстыру, ойыншықтарға мата таңдауға үйрету.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тәрбиеленушілердің ойлау, есте сақтау, саусақ қимылдарын жетілдіру, алған білімін өз бетінше қолдана білуін қадағалау.

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сарамандық жұмыс.

Көрнекіліктер: Жұмсақ ойыншықтар, қонжық, қоян, түлкінің үлгі сызбасы, орындалу әдісі көрсетілген нұсқау карта, тігіс түрлері көрсетілген нұсқау карта.

Құрал – жабдықтар: Фетр, аю үлгісі, қайшы, ине-жіп, синтефон, қалам, кесте жіп, желім, моншақ, түйреуіш, сәндік таспа т.б.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа тақырып, мақсатымен таныстыру.

3. Ойыншық туралы анықтама.

4.Көрнекіліктермен және ойыншықты дайындауға қажетті құрал жабдықтармен таныстыру.

5. Сергіту сәті.

6. Техникалық қауіпсіздік ережесі.

7. Практикалық жұмыс.

8. Тәрбиеленушілерге жеке көмек көрсету.

9. Тәрбиеленушілердің дайындаған жұмыстарын бағалау.

10. Қорытынды сұрақтар.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіздерме, балалар! Барлығымыз тура және әдемі болып отырамыз.

Жұмысымызды бастамас бұрын бізге сабырлылық пен жақсы көңіл-күй керек. Сондықтан қазір біз, бір партада отырған көршімізге қарап сүйкімді күлімсірейміз. Жарайсыңдар балалар! Міне енді, жақсы көңіл-күймен жұмысқа кірісуге болады.

2. Жаңа тақырып, мақсатымен таныстыру:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тильда» ойыншығын тігіп үйрену деп аталады.  Мұндағы мақсат, сіздерді жұмсақ ойыншықтар жасау реттілігімен таныстырып, ойыншықтарға мата таңдауға үйрету. Өз беттеріңше жұмыс жасауға, еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа, іскерлікке, үнемділікке тәрбиелеу, болып табылады. Бүгін біз аю ойыншығын дайындауды үйренеміз.

Жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою:

- Балалар, аюдың қандай түрлерін білесіңдер? Ақ аю туралы не білесіңдер? (балалар жауабы). Ақ аю-Арктика тұрғыны, жер бетіндегі ең ірі жыртқыш аң. Ол жақсы жүзеді және сүңгиді, жартастарда, мұзды жарларда ептілікпен жылжиды, құрғақ жерлерде жақсы жүреді. Оның терісінің астындағы қалың майы, қалың-тығыз жүні суықтан жақсы қорғайды. Оның тіпті табаныңда да қалын түк бар. Ол тюленьдендердің, солтүстік бұғыларының, кеміргіштердің етімен қоректенеді. Балық аулайды, жемістерді де жақсы көреді. Аюлар жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал, басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа. Жүні бір түсті, қоңыр, қара не ақ. Аяғы бес саусақты тырнақтары болады. Иіс сезу қабілеті жақсы жетілген. Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр және Алтай тауларында аюдың екі түрі мекендейді. Аюлар 30-40 жылдай тіршілік етеді. Қазір олардың «Ақ аю», «Ақ төсті аю», «Қоңыр аю», «Барибал», «Ерінді аю», «Малай аюы», «Көзілдірікті аю» және «Үлкен панда» деген сегіз түрі кездеседі. Қоңыр аюдың дене тұрқы 2 метрдей, 150-200кг дай. Түсі қоңыр, қара қоңыр болады. Мінез ˗ құлқы жағынан момын, қорқақтау келеді. Орман ішінде адам көзіне көрінбейді. Ол адам өмірі үшін қауіпті емес. Қоңыр аю көбінесе жеміс-жидек, құрт-құмырысқа, балықтарды ұстап жейді. Қоңыр аюлар 50 жылдай өмір сүреді. Үйретуге тез көнгіш келеді. Күзде қоңыр аю көктемге дейін тыныш ұйықтап шығатын сенімді баспананың қамына кіріседі. Көптеген аюлар қысқы ұйқыға кетеді. Бұлар ұйықтаған соң ұзақ уақытқа дейін оянбайды деген сөз. Олар жаз және күз бойы май жинау үшін тоқтаусыз тамақтанады. Май оларды қыста қоректендіреді. Осы кезде дүниеге қонжықтар келеді.

3. Ойыншық туралы анықтама:

- Балалар ойыншық дегеніміз не?

- Ойыншықты қандай мақсатта пайдаланады? (балалар жауаптары). Дұрыс, қолына ойыншық ұстап, ойнамайтын бала жоқ шығар, сірә. Балалық шақтың ең қызықты дәурені ойыншықтармен өтетіні әмбеге аян. Әдемі қуыршақ, зырылдаған машина – бүгінгі баланың басты ермегі. Ойыншықтар балаларды жан–жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі, белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықтар бірнеше түрге бөлінеді:

  • Дидактикалық ойыншықтар.

  • Бейнелік ойыншықтар.

  • Техникалық ойыншықтар.

  • Конструкторлық ойыншықтар.

  • Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б

  • Бейнелік,ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяқ) адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуыршақтармен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады.

  • Техникалық ойыншықтарға жатытындар көліктік, құрылыстық т.б бұйымдар. Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді.

  • Конструкторлық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы алмалы салмалы) тақырыптық, сұлбалық, немесе әмбебап конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерден тұрады.

  • 4.Көрнекіліктермен және ойыншықты дайындауға қажетті құрал. жабдықтармен таныстыру:

  • Сіздерге ойыншық туралы тарихи анықтама беріп өтейін. «Тильда» ойыншығын бірінші 1999 жылы Норвегиялық 25 жастағы Тони Финнангер ойлап тапты және жасады. Бұдан басқа, Тони Финнангер «Тильда. Пасха» және «Тильда. Рождество» атты кітап шығарды.Тони тильда үлгісінде қуыршақтар мен қатар жан-жануарлардың да әр-түрлі үлгілерін ойлап тауып, оларға киім-кешек, жихаз дайындады. Оның дайындаған тильда қуыршақтары әдемі, қарапайымдылығымен көз тартады. Сонымен қатар Тони қуыршақ жасауды өз шәкірттеріне үйретті. Нәтижеде Тони улкен сауда орталығын, өз дүкенын ашты, дүкенде өз қуыршақтарын, қуыршаққа арналған мата, акссесуар т.б. әшекейлік бұйымдарын сата бастады.


Біз бүгін тильда ойыншығымызды фетр матасынан дайындаймыз.

Фетр дегеніміз не? Фетр жұнді тегіс қатпарлау нәтижесінде дайындалады.

Фетр 400 жыл бұрын пайда болған материал. Ол өзінің сыртқы көрінісінің тартымдылы, мықтылығы ерекшеленеді.

Бүгінгі таңда фетр заманауи технологиялардың арқасында өнеркәсіп өндірісінде жүнді синтетикалық талшықтармен араластыру арқасында, одан әрі жұмсақ және тегіс материал алу мүмкіндігі пайда болды.


Фетр түрлері:

  • Таза жүні.

  • Жартылай жүнді.

  • Эко фетр.

  • Акрилді фетр.

  • Жасанды фетр.

  • Синтетикалық фетр.

5. Сергіту сәті: Экрандағы жаттығуларды жасау.

6. Техникалық қауіпсіздік ережесі:

  • Қайшы өткір болуы керек.

  • Қайшының жүзін жабық күйге келтіріп, партаның оң жағына қоямыз.

  • Қайшыны ұзарта құлағын жоғары қаратып, ұшын өзіне қаратып бер.

  • Инені арнайы жастықшаға шаншы, өйткені ол инені жоғалудан, төтенше жағдайдан сақтайды.

  • Иненің ұшын өзіңе қаратып, алушы кісіге жіппен сабақтап бер.

  • Инемен тіккен де инені аузыңа салма.

7. Практикалық жұмыс: Нұсқау үлгісі бойынша өзіндік жұмыс.

Ойыншықтың дайындалу әдісі:

  1. Керекті жабдықтарды дайындау.

  2. Үлгіні қиып дайындау.

  3. Үлгіні матаға сызу.

  4. Матадан 2 дана аю детальін кию.

  5. Аюдың көзі, мұрнын желімдеу.

  6. Аюға жүрек тігу.

  7. 2 детальды біріктіріп тігу.

  8. Бұйымды синтефонмен толтыру.

  9. Ойыншық дайын.

  10. Соңғы әрлеу жұмыстары.


8. Тәрбиеленушілерге жеке көмек көрсету:

Бұйымды дайындау барысында қиындық туындаған тәрбиеленушілерге комек корсетемін.

9. Тәрбиеленушілердің дайындаған жұмыстарын бағалау:

Дайын жұмыстардын шағын көрме ұйымдастыру.

10.Қорытынды сұрақтар:

1.Балалар, бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

2.Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?

3.Бүгін қандай бұйым дайындадық? Қандай әдіспен?

4. «Тильда» ойыншығын ең алғаш кім жасады? Және қай жылы?

5. Фетр дегеніміз не?


Нұсқау үлгісі: Дайындалу әдісі.

1

6

2

7

3

8

4

9

5

10




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!