Қызылорда обылысы,
Жаңақорған ауданы,
Қожакент ауылы , Исатай
Әбдікәрімов атындағы № 168 жалпы орта мектеп ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі
Шакенова Айгүл
Саруарбекқызы
Тәрбиелеу – жеке тұлғаны
қалыптастыру.
«Жас бала – жаңа өркен жайған
жасыл ағаш тәрізді» - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те
қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып
үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек
етеді.
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес,
ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.
Тәрбие жеке тұлғаның
санасына,мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін
құралю
Тәрбие - халықтың ғасырлар бой
жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге
көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру
құралы.
Тәрбиелеу –шәкірт бойына
білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді
дарыту(Әл-Фараби).
“Тәрбие-біз кімдерді
тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие-бізге мәлім
адамгершілік әдет-ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның
екінші адамға ықпал етуі ”(Л.Н. Толстой).
“Тәрбие-кең мағынасында-бұл
рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс”(В.А.
Сухомлинский).
“Тәрбие, кең мағынасымен
алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан
иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат
туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жаска толып, өзіне-өзі
қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада
жүргізіледі”(М. Жұмабаев).
“Тәрбие-бұл адам жанын
жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры
бар”(Иммануил Кант).
“Тәрбие-тұлғаны мақсатты түрде
дамуын басқару процессі ”(Х. Й. Лийметса).
Олай болса, тәрбие процесінде
жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл ойына жүйелі түрде әсер етіп,
оның дүние танымының дамуына, ерік жігері мен моральдық бейнесінің
қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие-адамдарды
қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға,
көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи
заңдылық процессі.
Падаланған
әдебиет
-
«12 жылдық білім» журналы, №
5, 2006 жыл
-
Психолого-педагогические
основы 5-летнего периода обучения в начальной школе –
Н.В.Власова
-
Бастауыш сыныптарда жеке
тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі –
Б.Қ.Игенбаева «Радиал» баспасы, Алматы, 2005
ж.
-
Оқушылардың ғылыми-зерттеу
жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік құрал – Ү.Б.Жексенбаева Радиал»
баспасы, Алматы, 2006 ж.