Тәрбиешілердің кәсіби дамуын қолдау – сапалы білім берудің кепілі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбиешілердің кәсіби дамуын қолдау – сапалы білім берудің кепілі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Аннотация: Бұл мақала тәрбиешілердің кәсіби дамуын қолдаудың мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру сапасына әсері қарастырылады. Тәрбиешінің үздіксіз кәсіби өсуі – педагогикалық шеберлікті жетілдіредің, заманауи әдіс –тәсілдерді меңгерудің және балаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі шарты екені талданады. Кәсіби даму үдерісінің құрамдас бөліктері ретінде біліктілікті арттыру курстары, тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау , рефлекция мен өзін –өзі жетілдіру жолдары атап көрсетілген. Тірек сөздер: педагог, бала, білім беру,мектепке дейінгі ұйым, табиғат әлемі, тәжірибе, әдістемелік көмек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиешілердің кәсіби дамуын қолдау – сапалы білім берудің кепілі.


Атырау облысы, Атырау қаласы

9 «Әлия» бөбекжай-бақшасы

Сирашева Гулзира Толеуовна

Әдіскер-педагог модератор



Аннотация: Бұл мақала тәрбиешілердің кәсіби дамуын қолдаудың мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру сапасына әсері қарастырылады. Тәрбиешінің үздіксіз кәсіби өсуі – педагогикалық шеберлікті жетілдіредің, заманауи әдіс –тәсілдерді меңгерудің және балаларға қолайлы білім беру ортасын қалыптастырудың негізгі шарты екені талданады. Кәсіби даму үдерісінің құрамдас бөліктері ретінде біліктілікті арттыру курстары, тәжірибе алмасу, әдістемелік қолдау , рефлекция мен өзін –өзі жетілдіру жолдары атап көрсетілген.

Тірек сөздер: педагог, бала, білім беру,мектепке дейінгі ұйым, табиғат әлемі, тәжірибе, әдістемелік көмек.



Қазіргі қоғамда мектепке дейінгі білім беру жүйесі тек балалардың алғашқы білім алу орны ғана емес, олардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға, әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды институт болып отыр. Осы процесте тірбиешілердің кәсіби құзыреттілігі шешуші рөль атқарады.

Тәрбиеші – баланың алғашқы ұстазы, оның бойына адамгершілік, мәдениетң әдептілік және білім негіздерін қалыптасыратын тұлға. Осы себепті педагогтың кәсіби дамуы мен үздіксіз оқытуға қатысуы білім беру сапасының негізгі кепілі болып табылады.

Мектепке дейінгі ұйымдағы әдіскер педагогтерға кәсіби қолдау көрсетіп, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге, үздік әдістемелерді тәжірибеге енгізуге бағытталған жүйелі іс –шараларды ұйымдастырады.

  1. Кәсіби дамудың мәні мен масаты тәрбиешілердің кәсіби дамуы- педагогтың білімін, дағдысын және құзыреттілігін үнемі жетілдіру үдерісі.Бұл педагогтың өзін –өзі тануына, шығармашылық қабілетін дамытуға жіне заманауи әдіс – тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік береді.

Кәсіби дамудың негізгі мақсаты – педагогикалық мәдениеттті көтеру, инновациялық көзқарасты қалыптастыру және оқу – тәрбие үдерісінің сапасын арттыру. Нақты мысал балабақша быиылғы 2025 -2026 оқу жылында «Табиғат әлемімен танысу» жобасы бойынша жұмыс бастағанбыз, тәрбиешілер шық оқу қызметтерін осы бағытта жаңа әдістемелік тәсілдер арқылы жоспарлап, балаларға тәжірибелік , зерттеу тапсырмалар ұсынып оларға белсенділік арттырды.

2 Тәрбиелердің кәсіби дамуын қолдаудың негізгі бағыттары:

2.1 Әдістемелік көмек көрсету

- Кеңестер , пікір алмасу ұйымдастыру;

- Ашық сабақтарға қатысу арқылы тәжірибе алмасу:

- Сабақтарды жоспарлауда әдістемелік нұсқаулықтар ұсыну:

- Тәрбиешілердің сқрақтары бойынша жеке кеңес беру:

- Семинарларға, педагогикалық оқуларға дайындау:

2.2. Біліктілік арттыру курстары мен тренингтер.

- Жаңашыл педагогикалық әдістерді меңгеру:

- Интерактивті технологиялар мен цифрлық құралдырлы қолданы бойынша практикалық шеберлік сабақтары;

- Педагогтардың өз кәсіби портфолиосын жасауына қолдау көрсету;

2.3. Шығармашылық топтар мен шеберханалар құру:

- Тәрбиешілердің жаңа идеялармен бөлісуіне мүмкіндік беру;

-Ұжымдық жобалар мен педагогикалық тәжірибелерді дамыту;

- Оқыту мен тәрбие үдерісіне шығармашылық тәсілдерді енгізу.

2.4. Инновациялық тәжірибені тарату:

- Үздік педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, ұжым ішінде бөлісу;

- Жаңа әдістерді тәжірибеге енгізу;

- Педагогикалық қауымдастықтар мен семинарлар арқылы тәжірибені кеңейту.

2.5. Кәсіби ынталандыру және марапаттау жүйесі.

- Жақсы нәтиже көрсеткен педагогтерді марапаттау;

- Педагогтардың кәсіби белсенділігін ынталандыру;

- Жетістіктерін журнал, сайт немесе әдістемелік көрме арқылы жариялау.

2.6. Заманауи үрдістерді енгізу.

- Онлайын курстар мен вебинарларды пайдалану;

- Электрондық портфолио және рефлексия жүргізу;

- Менторинг және коучинг жүйесі;

- Педагогикалық қауымдастықтарда тәжірибе алмасу.

Нақты мысал: Қашықтықтан өткізілген вебинарда тәрбиешілер жаңа интерактивті әдістерді меңгерңп, сабақтарына енгізеді. Нәтижесінде балалардың оқу мотивациясы артады, олардың белсенділігі мен қызығушылығы өседі.

3.Әдіскердің рөлі.

Әдіскер педагогикалық ұжымның жетекшісі, кеңесшңсң және қолдаушы тұлға болып табылады. Әдіскердің негізгі қызметі;

  • Педагогтарға бағыт – бағдар беру;

  • Жаңашыл әдіс – тісілді ұжымға енгізу;

  • Кәсіби өсу үдерісін бақылау және қолдау;

  • Ұжымға шығармашылық ахуал орнату;

  • Тәрбиешілердің кәсіби портфолиосын дамытуға көмек көрсету.

Қорыта айтқанда, тәрбиешілердің кәсіби дамуын қолдау – мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың негізгі шарты.Әдіскердің жүйелі әдістемелік жұмысы, тәрбиешілердіңүздіксіз ізденісі мен шығармашылық белсенділігі білім беру ұйымыныкәсіби мәдениетін көтереді. Кәсіби дамуға бағытталған орта- педагогтың өз ісіне жауапкершілікпен қарап, баланың тұлғалық дамуына үлес қосуына жол ашады. Сондықтан әр педагог өз кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдіріп, заманауи педагогикалық талаптарға сай болу керек.


Әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан Республикасы «Мектепке дейінгі білім беру стандарты»

2.Әбубәкірова А. «Мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік жұмысты ұйымдастыру» 2023 жыл

3. Төлегенова С. Педагогтың кәсіби дамуы жіне инновациялық қызметі. Нұр- Сұлтан 2022 жыл.

4. Қ.Р Оқу – ағарту министрлігі.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасы. 2023 жыл

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі