ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазіргі таңда білім беру саласы бүкіл әлем бойынша басты назарда. Бұл үрдіс тек әрбір елдің ғана емес, жалпы адамзат өркениетінің болашағына тікелей әсер етеді. Білім берудің сапасын арттыру үшін оны жаңашыл идеяларсыз елестету мүмкін емес. Осы тұрғыда білім беру мен инновация — ажырамас ұғымдар. «Инновация» сөзі латын тілінен аударғанда «жаңарту», «өзгеріс» деген мағынаны білдіреді.
Қазіргі мектеп жағдайында инновациялық үдеріс – бұл тек жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды енгізу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің өзіндік кәсіби өзгерісі, оқыту мен тәрбиенің жаңа формаларын іздеу, оқушы мен ұстаздың серіктестік қарым-қатынасына негізделген педагогикалық көзқарастар жүйесі болып табылады.
Бұл мақалада тарих пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар қарастырылып, олардың тиімділігі нақты мысалдар арқылы сипатталады.
Инновациялық технологиялардың мәні және қажеттілігі
Заманауи мұғалімнің кәсіби біліктілігі инновациялық технологияларды меңгерумен тығыз байланысты. Г.К. Селевко педагогикалық технология ұғымының ғылыми негізін айқындап, оны жалпы педагогикалық, пәнге тән және модульдік технологияларға бөледі. Бұл жіктеу мұғалімге әртүрлі әдістемелер мен тәсілдер аясында тиімді бағдар жасауға мүмкіндік береді.
Дамытушылық оқыту технологиясының негізін Л.С. Выготский қалаған. Бұл технология баланың «жақын даму аймағына» сүйене отырып, оның танымдық, шығармашылық қабілеттерін оятуға бағытталған. Мұндай оқыту формасы тұлғаның барлық психикалық процестерінің дамуына әсер етеді. Мысал ретінде: 7-сыныптағы «Батыс Еуропадағы Реформация» тақырыбы оқушылармен бірге зерттеу, пікірталас, мәтіндік жұмыс, картографиялық және дереккөздік талдау әдістері арқылы жүргізіледі. Оқушылар Реформацияның мәнін өз бетінше анықтап, тарихи себеп-салдар байланыстарын орнатады.
Топтық оқыту технологиясы – ұжымдық, кооперативтік оқытудың тиімді формасы. Бұл әдіс оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, жауапкершілік сезімін, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға септігін тигізеді.
Топтық технологияның тиімділігі:
-
Жұмыс барысында әр оқушының рөлі анықталады;
-
Міндеттер нақты бөлінеді;
-
Тапсырмалар дифференциацияланады;
-
Бір-бірімен өзара әрекет, пікір алмасу арқылы оқу процесі жанданады.
Мұндай тәсілдер арқылы оқушы өз әлеуетін ашады және сабаққа белсенді қатысушы ретінде сезінеді.
Ю.Л. Троицкий ұсынған «Балалар тарих жазады» технологиясы тарихи білімді оқушылардың өздері құруына мүмкіндік береді. Мұнда олар оқу материалдарын шығармашылықпен өңдеп, тарихи интерпретацияларын жасайды, яғни шынайы танымдық үдеріске белсенді қатысады. Мысалы: 5-сынып оқушылары өз елінің тарихы туралы оқулық жазуға атсалысады. Бұл үрдісте оқушылар құжаттармен жұмыс істеп, тарихи оқиғаларға өз көзқарасын білдіреді, дидактикалық материалдармен жұмыс жүргізеді.
Жобалық оқыту — оқушыны зерттеуші ретінде қалыптастыруға бағытталған технология. Бұл әдіс арқылы оқушылар мәселелерді өздігінен анықтап, шешу жолдарын іздейді, зерттеу жүргізеді, гипотезалар ұсынады және өз нәтижелерін қорғайды. Жоба әдісінің нәтижесінде оқушылар:
-
дербес жұмыс істей алады;
-
ақпаратты құрылымдауды меңгереді;
-
түрлі визуалды құралдарды (график, диаграмма, кесте) қолдануды үйренеді;
-
дәлелді ой айтуды қалыптастырады.
Опорлық конспектілер — оқушыларға оқу материалының құрылымын, логикалық байланысын түсінуге көмектесетін ықшам, символдарға негізделген тірек жазбалар. Бұл әдіс В.Ф. Шаталов және басқа педагог-новаторлар еңбектерінде кеңінен сипатталған.
Артықшылықтары:
-
Оқу материалы визуалды және логикалық түрде құрылымдалады;
-
Әлсіз оқушыларға қолдау береді;
-
Есте сақтау, логикалық ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытады;
-
Өздігінен білім алуға үйретеді.
Қолдану тәсілдері:
-
Сабақ үстінде тірек-сигналдарды мұғаліммен бірге құру;
-
Үй тапсырмасын опор арқылы орындау;
-
Оқушылардың өздері опор жасау арқылы шығармашылық жұмысқа тартылуы.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану
Тарих сабақтарында АКТ-ны пайдалану — визуалды материалдарды тиімді қолдануға, тарихи үрдістерді нақты әрі көрнекі түрде көрсетуге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Презентациялар, мультимедиялық сабақтар, тарихи фильм үзінділері, виртуалды саяхаттар — оқытуды эмоциялық тұрғыда әсерлі етеді. АКТ мен опорлық конспектіні біріктіре қолдану арқылы жобалық элементтер де қамтылады. Мысалы, оқушы опорлық конспекті негізінде жеке немесе топтық презентация жасап қорғайды.
Қорытындылай келе, Инновациялық технологияларды қолдану — білім беру процесінің сапасын арттырудағы негізгі бағыттардың бірі. Әсіресе тарих пәнінде бұл технологиялар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып қана қоймай, тарихи ойлау, талдау, логикалық байланыс орнату қабілеттерін қалыптастырады.
Дамытушылық оқыту, топтық жұмыс, жобалық қызмет, «Балалар тарих жазады» әдісі, опорлық конспектілер мен ақпараттық технологияларды сабақта кешенді қолдану нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі артып, оқу процесіне қызығушылығы мен қатысу деңгейі жоғарылайды. Тарихты тұлғалық-мағыналық тұрғыда оқыту — патриотизм, азаматтық жауапкершілік, тарихи сананың дамуына ықпал етеді. Мұғалім — осы үдерістегі бағыт беруші сенімді серіктес.
Аннотация
Бұл мақалада тарих пәнін оқытуда инновациялық технологияларды қолданудың мәні мен тиімділігі қарастырылады. Автор білім беру жүйесінде дамытушылық, топтық, жобалық технологиялар мен «Балалар тарих жазады» инновациялық әдісі және тірек-сызба конспектілерді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдарын сипаттайды. Сонымен қатар, тарихи ойлауды дамыту, оқушылардың шығармашылық және зерттеу қабілеттерін жетілдіру, сабақ барысында олардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету жолдары талданады. Мақалада нақты мысалдар келтіріле отырып, заманауи педагогикалық үдерістегі технологиялар мен әдістердің тиімділігі дәлелденеді.
Түйін сөздер
Инновациялық технологиялар, тарихты оқыту, дамытушылық оқыту, топтық жұмыс, жобалық әдіс, тірек конспект, тарихи ойлау, оқушы белсенділігі, білім беру.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі :
1. Троицкий Ю.Л. Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар // История. 1994. № 45; он же. Нужен ли школе учебник истории? // История. 1997. № 25.
2. Троицкий Ю.Л. Тарихты балалар көзімен (инновационная технология исторического образования) // Преподавание истории в школе. 1999. № 1.
3. Воронцов А.Б. Педагогическая технология контроля и оценки учебной деятельности. – М.: Издатель Рассказов А.И., 2002. – 303 с.
4. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. – М. Интор, 1996.
5. Корнеев И. К. Информациялық технология: учебник / И.К.Корнеев, Г.Н.Ксандопуло, В.А.Машурцев. – М.: Проспект, 2009. – 224 с
6. Лазарев В.С. Управление инновациями в школе: учебное пособие. – М.: Центр педагогического образования, 2008. – С. 109, 110
7. Федеральный государственный образовательный стандарт основного общего образования. – М.: Просвещение, 2011
8. Формирование универсальных учебных действий в основной школе: от действия к мысли. Система заданий: пособие для учителя / А.Г.Асмолов, Г.В.Бурменская, И.А.Володарская [и др.] / под ред. А.Г.Асмолова. – М.: Просвещение, 2010. – 159 с.
9. Вяземский Е.Е., Стрелова О.Ю. Теория и методика преподавания истории: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. – М.: ВЛАДОС, 2003. – 384 с.
10. Педагогические технологии: Учебное пособие для студентов педагогических специальностей /Под общей редакцией В.С.Кукушина. – Серия Педагогическое образование. – Ростов-на-Дону: МАРТ, 2002. – 456 с.
11. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. - М.: ПОСТМЕТОДИКА, 1998. - С.37-43.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз