Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді жыр сүйер қауым. Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы керек.
Жүргізуші: Жас мұраты, білім, тәлім —
талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару-жарағы.
Жүргізуші: Оқу — білім қазығы, ол – адамның
азығы.
Жүргізуші: Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
Жүргізуші:
Бұл тау суындай екпінді
Нөсердей бейне төкпелі
Кейде аздап өкпелі
Өлеңнің аппақ үркері Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің жазбаларынан.
Жүргізуші: Биыл күллі алаш жұрты ардақ тұтып қадірлеген,
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақты - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!-деп жырлаған Алаш орда үкіметінің
белді өкілдері, қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толып
отыр.
Жүргізуші: Мектебімізде осыған орай өткізіліп жатқан «Тарих. Тұлға. Тағдыр» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-оқушы (қолында ақын портреті): ВИКА
Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,
Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.
Мына дала, болса егер мына бел,
Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.
2-оқушы (қолында ақын портреті): ЖАНЕРА
Ежелден-ақ екі көздің бірі қас,
Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.
Ақынның да Құлагері бар десек,
Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.
3-оқушы (қолында ақын портреті): БАҚДӘУЛЕТ
Теңеуін халық төксе де,
Байламын айтқан бекемдеп.
Сұлуы жердің Көкшетау
Сұлуы ердің Сәкен ед.
Жүргізуші: Иә, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармалары өміршең. Шалқар шабыт пен кемел талант тоғысқан тағдырында олар сөзден сұлу сарай тұрғызды. Таусылмайтын, тосылмайтын өлең арқылы ел жүрегінен мәңгі орын алды.
Жүргізуші: Сәкеннің «тар жол, тайғақ кешу» деген бір сөйлемі оның замандастары, бүкіл қазақ зиялыларының басына түскен трагедиялық аласапыран күйдің формуласы іспеттес. Бұл бір ұлттың көзі ашық зиялыларының арасын бөліп, бір-біріне қарсы қою саясатының ісі екенін біз бүгін мойындаймыз.
Оқушы:
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап «шу!» деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігің шықсын күмістей
Шомылып аққан терменен.
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып көлменен.
Бұралған өзен, орманмен
Зеңгір таумен, белменен,
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.
Оқушы:
Туғалы қапас көрмеген,
Көкіректе кектер кернеген,
Талпынып құлаш сермеген
Айтайын ішкі сырымды:
Қайырымды қалың елі бар,
Сарыарқа сары белі бар,
Өрісті шалқар көлі бар
Сағындым мен қырымды.
Өзенді, көлді жайлаған,
Кермеге тұлпар байлаған,
Хабарсыз арам ойлардан
Сағындым мен аулымды.
Жібектей шашы оралған,
Қыпша белі қыналған,
Еркесі қырдың бұралған
Сағындым мен сәулемді.
Айналып-толғап өсірген,
Ақ сүтін беріп кешірген,
Тастамайтын есінен
Сағындым ғаріп анамды.
Мал бағып, шауып ойнаған
Үйреткен асау бойлаған...
Көк жасыл шөбі жайнаған
Сағындым еркін даламды.
Қымызы бал шараптай,
Жігіті бағлан манаптай,
Тұлпары тарпаң қанатты
Сағындым бейбіт елімді.
Таулары биік қиялы,
Орманы шалғын миялы,
Жылқы, қой, сиыр, түйелі
Сағындым Арқа — жерімді.
Көрініс: https://www.youtube.com/watch?v=rb-o-LafdvQ
Халқыма оқ атқам жоқ, атпаймын да,
Халқымды сатқаным жоқ, сатпаймында.
Қамалып, "халық жауы" боп кетіп барам,
Білемін бұл сапардан қайтпаймында.
Жауым деп халқым мені ойламасын,
Сәкенін кейінгі ұрпақ есіне алсын.
Оқушы:
Ұранда, ұранда!
Ерсін жұртың, жүр алға..
Мен керексіз қазақ болдым бұл күні,
Тақалғанда жауыздардың мылтығы.
Сонда мені аяп тұрған оқ қана,
Өзгелердің көрге тығу күңкілі.
Көз алдымда көлеңке жоқ, тас түнек,
Əлгі мылтық шүріппесін басты кеп.
Атылған оқ өн бойымды суытты ,
Қарт өмірмен қош айтысты жас жүрек.
Өлдім сөйтіп заман бəрін көріп тұр,
Айдалаға кетті бізді көміп құр.
Өкінбеймін, елім үшін өлдім Мен,
Ей, Құдайым, ұрпағыма соны ұқтыр.
Ұрпағымды жақсылыққа жолықтыр,
Сол заманның жүрегі əлі соғып тұр.
"Айтылған сөз - атылған оқ" деуші еді,
Атылған оқ - айтылмас сөз болып тұр...
Жүргізуші: Мен келем тау iшiнде түнделетiп,
Аймақты күңiретiп өлеңдетiп.
Жүргізуші:_______________, білесің бе, Сәкен қараңғыда қоршап тұрған биік таулардың ұшар басын тамашалап бара жатып, тамылжыған түннің рахатына малынып, мұрын жарар мүңкіген гүлдердің иісіне масайып, кешкі самалдан көңілі тасып, бұрын-соңды естімеген бір әдемі әнді шырқай жөнеледі. Бұл атақты «Тау ішінде» әні болатын.
Нұралы «Тау ішінде» әні
Оқушы:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған,
— Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаңдағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Оқушы:
Ағыңды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын,
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн,
Төндім сұлу суына.
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұңыма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал,
Шомылды таудың суына.
Таймандаған тайпақ ай,
Желегі ме, туы ма?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалқалай қалды қылмия.
Аспанды, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың құшады.
Оқушы:
Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан
Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза
Адамзат жасағандай құйған тастан.
Сүп-сүйір бейне найза шың, күз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шын басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп.
Тіп-тік шын көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Жалғыз-ақ шын басында ноқаттай боп,
Құйқылжып қалықтайды бүркіт ойнап.
Басына атсаң дағы оғың жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес,
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шаңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.
Оқушы:
Күй шіркін кейде серпіп қылаңдайды,
Кейде пәс, кейде сейдің, сылаңдайды.
Кейде жай кібіртіктеп, ақсай жылжып,
Кейде ырғып, ақ түлкіше бұлаңдайды.
Сұлуша кейде әсемдеп бұраңдайды,
Мәстекше кейде мешед тыраңдайды.
Көрмеге байласаң да жерді тарпып.
Тұлпарша кейде шапшып тұра алмайды.
Күй шіркін әуел құлаш салған еді,
Шалықтап өрттей жүйткіп жанған еді.
Дестелеп Көкшетаудың ертегісін,
Тізбектеп біраз жыр ғып алған еді.
Оқушы:
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң - тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма
Тілден анық үн барда?
Домбыраның, күші мол
Көмейінде күй барда!
Сылдыр-сылдыр
Cap қамыстан
Төгілді жыр,
Өрді алыстан.
Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыкқандай жолбарыстан.
Тұншыкқандай
Өлді арыстан,
Ат шапқандай
Жер қайысқан.
Сыңғырады әсем күй
Қоңыр Балқаш желімен.
Сылдырады қамыстай.
Бірде жуық жеделдеп,
Бірде сарын алыстай.
Бірде жерді су басты,
Сел қаптаған дыбыстай.
Бірде жерді шу басты,
Ұрандаған жарыстай.
Бірде адақтап ақты күй
Ағалаған дауыстай.
Ыңыранып қалды домбыра
Қамыстағы барыстай.
Күй шерінде шек тартты,
Үй найзасы қылтылдап,
Құлақ, түпте - жүректі
Қояр ма екен шаңышпай?
Жүргізуші: Олардың бойындағы өнері өзгелерге шабыт сыйлап, қанат бітірді. Жыры жүрек қылын дөп басып, көптеген жанның бойындағы талантын ашты. Олар қай тақырыпты жырласа да, жетесіне жеткізіп жырлады. Жүргізуші: Махаббат – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Махаббат туралы жырламаған ақын кем де кем. Олай болса, ақындар поэзиясындағы осы бір ұлы сезімге кезек берейік.
Оқушы: (Ілияс)
Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең?
Өртедің - ау бөлекше,
Махаббат гүлі ерекше,
Құлады қиял терекше,
Мен құлағам, жетпегем
Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең.
Қырға қызыл атты таң,
Тарихи ұлы шабуыл,
Алда айқын даңғыл жол,
Текпінді екпін, көшті ұран,
Еңбек алдыналаны.
Еңбексіздер ыңыранды,
Ұлы думан, ұлы шаң.
Қалсын кәне кім бұдан!
Қуан, жүрек, шын қуан!
Оқушы: (Сәкен)
Әдемі еді мөлдіреген
Айна көлдің көрнегі;
Су бетінде елбіреген
Ақ шашақтар ернегі.
Пай шымылдық, жасыл құрақ
Қалың біткен ту құрақ.
Кейде ақкулар жасырынад,
Шымылдыққа судырап,
Айна көлді мекен еткен,
Бір-екі ақку бар еді.
Мақсұтына бірге жеткен,
Екі ғашық жар еді.
Айна көлдің суы күміс,
Жұбай аққу көркі еді,
Көрсе көзің алар тыныс,
Екі сәулем ерке еді.
Көлдің басы ертелі-кеш,
Мың құбылған ән еді.
Екі ғашық ертегідей,
Көлдің көркі - сәні еді.
«Аққу» биі
Жүргізуші:
Жүргізуші:
Ілияс өмір
Өмір қызық тәтті екен,
Онда қызық мол екен.
«Онда қызық жоқ екен,
Өмір деген сор екен», —
Дегендер не айтты екен.
Өмір қызық екенін
Көрдім ғой мен көзіммен,
Көрдік бірге өзіңмен,
Өмірден құр безінген —
Үмітсіздік екенін.
Білдім кеше, бүгін де
Сөйлесіп күн батырған,
Сүйісіп таң атырған,
Аузыңнан бал татырған
Өмір — сенің үйің бе?
Өмірдің, сәулем, тәттісі-ай,
Өмір сұлу өзіңдей,
Өмір оны көзіндей,
Мінезіндей, сөзіндей...
...Өмірдің, сәулем, тәттісі-ай.
Оқушы:
Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз,
Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп.
Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз,
Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп.
Қар, мұзды жерді қысқан сел етеміз,
Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп,
Бұлтты айдап, тұман түріп желдетеміз,
Есілте ескекті өңнің күйін шертіп.
Жадырар жанның бәрі нұр бөлеген,
Маужырар жан- жануар, жер көсіліп.
Жер қалмас жаңармаған, түлемеген,
Көгалмен көріктерміз гүл өсіріп.
Бейімбет:
Жай қанатты, талаптан, замандастар,
Оқу оқып, білім ал, барлық жастар,
Ұрандар,
Қолға кітап, құралды aл,
Қараңғыда қамалған сорлы жұртты,
Өрге сүйре, аянба, жан қи, бассал
Ұрандап,
Қолға кітап құралды ал
Замандас!
Көтер бас!
Жарыққа, жарыққа жай құлаш!
Талпын, талпын, замандас, алма тыным!
Ілгеріде тынымдап жатар күнің,
Замандас!
Сілкін, қозғал, кетер бас
Алтын өмір – дүниеге ие болған –
Сен тұрғанда кім іздер өнер-білім,
Замандас!
Сілкін, қозғал, өтер бас!
Ұранда, ұранда!
Ерсін жұртың, жүр алға..
Жүргізуші:
Жүректерге қайғы болып үн қатқан,
Қасіретті еңсе басқан зіл батпан.
Жүргізуші:
Жазықсыздан жапа шеккен жандарды,
Ұмытпайды үлкендер мен ұрпақтар.
Жүргізуші:
Жара салар адамзаттың жанына,
Қайталанбасын енді мұндай зұлматтар.
https://www.youtube.com/watch?v=Exkuo6LKVls
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
“Тарих.Тұлға.Тағдыр” әдеби кеш
“Тарих.Тұлға.Тағдыр” әдеби кеш
Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді жыр сүйер қауым. Поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы керек.
Жүргізуші: Жас мұраты, білім, тәлім —
талабы...
Өнер, оқу — жастықтың қару-жарағы.
Жүргізуші: Оқу — білім қазығы, ол – адамның
азығы.
Жүргізуші: Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы.
Жүргізуші:
Бұл тау суындай екпінді
Нөсердей бейне төкпелі
Кейде аздап өкпелі
Өлеңнің аппақ үркері Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің жазбаларынан.
Жүргізуші: Биыл күллі алаш жұрты ардақ тұтып қадірлеген,
Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақты - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!-деп жырлаған Алаш орда үкіметінің
белді өкілдері, қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толып
отыр.
Жүргізуші: Мектебімізде осыған орай өткізіліп жатқан «Тарих. Тұлға. Тағдыр» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
1-оқушы (қолында ақын портреті): ВИКА
Талай ұрпақ бізден кейін келсе де,
Тағзым етер дұға оқып зейіндеп.
Мына дала, болса егер мына бел,
Сол арада жатыр Майлин Бейімбет.
2-оқушы (қолында ақын портреті): ЖАНЕРА
Ежелден-ақ екі көздің бірі қас,
Озық туған, ойы жүйрік, жыры жас.
Ақынның да Құлагері бар десек,
Сол Құлагер – Жансүгіров Ілияс.
3-оқушы (қолында ақын портреті): БАҚДӘУЛЕТ
Теңеуін халық төксе де,
Байламын айтқан бекемдеп.
Сұлуы жердің Көкшетау
Сұлуы ердің Сәкен ед.
Жүргізуші: Иә, Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармалары өміршең. Шалқар шабыт пен кемел талант тоғысқан тағдырында олар сөзден сұлу сарай тұрғызды. Таусылмайтын, тосылмайтын өлең арқылы ел жүрегінен мәңгі орын алды.
Жүргізуші: Сәкеннің «тар жол, тайғақ кешу» деген бір сөйлемі оның замандастары, бүкіл қазақ зиялыларының басына түскен трагедиялық аласапыран күйдің формуласы іспеттес. Бұл бір ұлттың көзі ашық зиялыларының арасын бөліп, бір-біріне қарсы қою саясатының ісі екенін біз бүгін мойындаймыз.
Оқушы:
Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап «шу!» деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігің шықсын күмістей
Шомылып аққан терменен.
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып көлменен.
Бұралған өзен, орманмен
Зеңгір таумен, белменен,
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.
Оқушы:
Туғалы қапас көрмеген,
Көкіректе кектер кернеген,
Талпынып құлаш сермеген
Айтайын ішкі сырымды:
Қайырымды қалың елі бар,
Сарыарқа сары белі бар,
Өрісті шалқар көлі бар
Сағындым мен қырымды.
Өзенді, көлді жайлаған,
Кермеге тұлпар байлаған,
Хабарсыз арам ойлардан
Сағындым мен аулымды.
Жібектей шашы оралған,
Қыпша белі қыналған,
Еркесі қырдың бұралған
Сағындым мен сәулемді.
Айналып-толғап өсірген,
Ақ сүтін беріп кешірген,
Тастамайтын есінен
Сағындым ғаріп анамды.
Мал бағып, шауып ойнаған
Үйреткен асау бойлаған...
Көк жасыл шөбі жайнаған
Сағындым еркін даламды.
Қымызы бал шараптай,
Жігіті бағлан манаптай,
Тұлпары тарпаң қанатты
Сағындым бейбіт елімді.
Таулары биік қиялы,
Орманы шалғын миялы,
Жылқы, қой, сиыр, түйелі
Сағындым Арқа — жерімді.
Көрініс: https://www.youtube.com/watch?v=rb-o-LafdvQ
Халқыма оқ атқам жоқ, атпаймын да,
Халқымды сатқаным жоқ, сатпаймында.
Қамалып, "халық жауы" боп кетіп барам,
Білемін бұл сапардан қайтпаймында.
Жауым деп халқым мені ойламасын,
Сәкенін кейінгі ұрпақ есіне алсын.
Оқушы:
Ұранда, ұранда!
Ерсін жұртың, жүр алға..
Мен керексіз қазақ болдым бұл күні,
Тақалғанда жауыздардың мылтығы.
Сонда мені аяп тұрған оқ қана,
Өзгелердің көрге тығу күңкілі.
Көз алдымда көлеңке жоқ, тас түнек,
Əлгі мылтық шүріппесін басты кеп.
Атылған оқ өн бойымды суытты ,
Қарт өмірмен қош айтысты жас жүрек.
Өлдім сөйтіп заман бəрін көріп тұр,
Айдалаға кетті бізді көміп құр.
Өкінбеймін, елім үшін өлдім Мен,
Ей, Құдайым, ұрпағыма соны ұқтыр.
Ұрпағымды жақсылыққа жолықтыр,
Сол заманның жүрегі əлі соғып тұр.
"Айтылған сөз - атылған оқ" деуші еді,
Атылған оқ - айтылмас сөз болып тұр...
Жүргізуші: Мен келем тау iшiнде түнделетiп,
Аймақты күңiретiп өлеңдетiп.
Жүргізуші:_______________, білесің бе, Сәкен қараңғыда қоршап тұрған биік таулардың ұшар басын тамашалап бара жатып, тамылжыған түннің рахатына малынып, мұрын жарар мүңкіген гүлдердің иісіне масайып, кешкі самалдан көңілі тасып, бұрын-соңды естімеген бір әдемі әнді шырқай жөнеледі. Бұл атақты «Тау ішінде» әні болатын.
Нұралы «Тау ішінде» әні
Оқушы:
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісті
Көкірек қанша жұтса, тоясың ба?
Ырғалған көкке бойлап қарағайы,
Қасында көк желекті әппақ қайың,
Жібектей желмен шарпып төңіректі,
Балқытып мас қылады иіс майы.
Қарағай биік шыңды қиялаған.
Еш адам оны барып қия алмаған,
— Шаңқылдап тау жаңғыртып, шыңға қонып,
Жалғыз-ақ көк қаршыға ұялаған.
Көкпеңбек шың басынан мұнар кетпес,
Басына атсаңдағы оғың жетпес.
Бір жұтсаң Көкшетаудың жұпарынан,
Өлгенше көкірегіңнен құмар кетпес.
Оқушы:
Ағыңды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың,
Ақиланған ашумен,
Ақтарды асқар сабасын.
Тас тарпуын, шапшуын,
Қарасаң қайран қаласың,
Жалғыз жазғы бір кеште,
Жағаладым жағасын.
Тұнжыраған торғын түн,
Төндім сұлу суына.
Таңырқап тау-тас тамсанып,
Жымиды жұлдыз мұңыма.
Сүмиген сүңгі сұрша тал,
Шомылды таудың суына.
Таймандаған тайпақ ай,
Желегі ме, туы ма?
Шүйке шарбы бұлтты
Қалқалай қалды қылмия.
Аспанды, ай алтын құшағы,
Қусыра қайың құшады.
Оқушы:
Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан
Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
Бір шың бар етегінде тіп-тік найза
Адамзат жасағандай құйған тастан.
Сүп-сүйір бейне найза шың, күз, биік,
Төбесі кейде тұрад бұлтқа тиіп.
Қарасаң етегінен шын басына,
Тақияң жерге түсед тұрған киіп.
Тіп-тік шын көкке қарай кеткен бойлап,
Тұрғандай таусылмайтын бір ой ойлап.
Жалғыз-ақ шын басында ноқаттай боп,
Құйқылжып қалықтайды бүркіт ойнап.
Басына атсаң дағы оғың жетпес,
Иіліп ешбір тауға тәжім етпес,
Сол шыңға жан шықпаған ұя салып,
Шаңқылдап қаршыға мен бүркіт кетпес.
Оқушы:
Күй шіркін кейде серпіп қылаңдайды,
Кейде пәс, кейде сейдің, сылаңдайды.
Кейде жай кібіртіктеп, ақсай жылжып,
Кейде ырғып, ақ түлкіше бұлаңдайды.
Сұлуша кейде әсемдеп бұраңдайды,
Мәстекше кейде мешед тыраңдайды.
Көрмеге байласаң да жерді тарпып.
Тұлпарша кейде шапшып тұра алмайды.
Күй шіркін әуел құлаш салған еді,
Шалықтап өрттей жүйткіп жанған еді.
Дестелеп Көкшетаудың ертегісін,
Тізбектеп біраз жыр ғып алған еді.
Оқушы:
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң - тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма
Тілден анық үн барда?
Домбыраның, күші мол
Көмейінде күй барда!
Сылдыр-сылдыр
Cap қамыстан
Төгілді жыр,
Өрді алыстан.
Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыкқандай жолбарыстан.
Тұншыкқандай
Өлді арыстан,
Ат шапқандай
Жер қайысқан.
Сыңғырады әсем күй
Қоңыр Балқаш желімен.
Сылдырады қамыстай.
Бірде жуық жеделдеп,
Бірде сарын алыстай.
Бірде жерді су басты,
Сел қаптаған дыбыстай.
Бірде жерді шу басты,
Ұрандаған жарыстай.
Бірде адақтап ақты күй
Ағалаған дауыстай.
Ыңыранып қалды домбыра
Қамыстағы барыстай.
Күй шерінде шек тартты,
Үй найзасы қылтылдап,
Құлақ, түпте - жүректі
Қояр ма екен шаңышпай?
Жүргізуші: Олардың бойындағы өнері өзгелерге шабыт сыйлап, қанат бітірді. Жыры жүрек қылын дөп басып, көптеген жанның бойындағы талантын ашты. Олар қай тақырыпты жырласа да, жетесіне жеткізіп жырлады. Жүргізуші: Махаббат – адам баласының жан дүниесіндегі ең ұлы сезім. Махаббат туралы жырламаған ақын кем де кем. Олай болса, ақындар поэзиясындағы осы бір ұлы сезімге кезек берейік.
Оқушы: (Ілияс)
Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең?
Өртедің - ау бөлекше,
Махаббат гүлі ерекше,
Құлады қиял терекше,
Мен құлағам, жетпегем
Махаббат гүлі ерекше,
Ерте неге көктеп ең.
Қырға қызыл атты таң,
Тарихи ұлы шабуыл,
Алда айқын даңғыл жол,
Текпінді екпін, көшті ұран,
Еңбек алдыналаны.
Еңбексіздер ыңыранды,
Ұлы думан, ұлы шаң.
Қалсын кәне кім бұдан!
Қуан, жүрек, шын қуан!
Оқушы: (Сәкен)
Әдемі еді мөлдіреген
Айна көлдің көрнегі;
Су бетінде елбіреген
Ақ шашақтар ернегі.
Пай шымылдық, жасыл құрақ
Қалың біткен ту құрақ.
Кейде ақкулар жасырынад,
Шымылдыққа судырап,
Айна көлді мекен еткен,
Бір-екі ақку бар еді.
Мақсұтына бірге жеткен,
Екі ғашық жар еді.
Айна көлдің суы күміс,
Жұбай аққу көркі еді,
Көрсе көзің алар тыныс,
Екі сәулем ерке еді.
Көлдің басы ертелі-кеш,
Мың құбылған ән еді.
Екі ғашық ертегідей,
Көлдің көркі - сәні еді.
«Аққу» биі
Жүргізуші:
Жүргізуші:
Ілияс өмір
Өмір қызық тәтті екен,
Онда қызық мол екен.
«Онда қызық жоқ екен,
Өмір деген сор екен», —
Дегендер не айтты екен.
Өмір қызық екенін
Көрдім ғой мен көзіммен,
Көрдік бірге өзіңмен,
Өмірден құр безінген —
Үмітсіздік екенін.
Білдім кеше, бүгін де
Сөйлесіп күн батырған,
Сүйісіп таң атырған,
Аузыңнан бал татырған
Өмір — сенің үйің бе?
Өмірдің, сәулем, тәттісі-ай,
Өмір сұлу өзіңдей,
Өмір оны көзіндей,
Мінезіндей, сөзіндей...
...Өмірдің, сәулем, тәттісі-ай.
Оқушы:
Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз,
Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп.
Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз,
Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп.
Қар, мұзды жерді қысқан сел етеміз,
Жаудырып көктен нөсер дүрілдетіп,
Бұлтты айдап, тұман түріп желдетеміз,
Есілте ескекті өңнің күйін шертіп.
Жадырар жанның бәрі нұр бөлеген,
Маужырар жан- жануар, жер көсіліп.
Жер қалмас жаңармаған, түлемеген,
Көгалмен көріктерміз гүл өсіріп.
Бейімбет:
Жай қанатты, талаптан, замандастар,
Оқу оқып, білім ал, барлық жастар,
Ұрандар,
Қолға кітап, құралды aл,
Қараңғыда қамалған сорлы жұртты,
Өрге сүйре, аянба, жан қи, бассал
Ұрандап,
Қолға кітап құралды ал
Замандас!
Көтер бас!
Жарыққа, жарыққа жай құлаш!
Талпын, талпын, замандас, алма тыным!
Ілгеріде тынымдап жатар күнің,
Замандас!
Сілкін, қозғал, кетер бас
Алтын өмір – дүниеге ие болған –
Сен тұрғанда кім іздер өнер-білім,
Замандас!
Сілкін, қозғал, өтер бас!
Ұранда, ұранда!
Ерсін жұртың, жүр алға..
Жүргізуші:
Жүректерге қайғы болып үн қатқан,
Қасіретті еңсе басқан зіл батпан.
Жүргізуші:
Жазықсыздан жапа шеккен жандарды,
Ұмытпайды үлкендер мен ұрпақтар.
Жүргізуші:
Жара салар адамзаттың жанына,
Қайталанбасын енді мұндай зұлматтар.
https://www.youtube.com/watch?v=Exkuo6LKVls
шағым қалдыра аласыз













