Тау қыранының мінезі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тау қыранының мінезі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тау қыраны барлық пән үшін керек, оқушыны жан-жақты дамыту барысында қыранның қырағылығы, отанды қорғаумен салыстырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тау қыранының мінезі

Бүркіт – қазақ халқының ерекше қастерлеп, құрмет тұтатын тағы құстарының бірі. Еркіндіктің, азаттықтың символына айналған қыран бүркіт көк байрағымызда бейнеліп, қазақ жұртының мәртебесін айқындап тұрғандай. Осы тегеурінді құсты тереңірек танып, оқушыларға көрсету және өзіміздің де таным көкжиегімізді кеңейту мақсатында, біз, №7 мектеп – лицей мұғалімдері мен оқушылары, ғылыми жетекшілеріміз Дюсенбаева Жанбибі және Мамаева Жантөре апайлармен Тұщыбек елдімекеніндегі бүркітшілермен кездесуге бардық. Ондағы мақсатымыз-тақырып туралы тереңірек білу, бүркіттің қыр-сырын меңгеру. Бізді қарсы алып, ілтипат танытқан Мереке Өтеғалиұлымен (ағаймен) ол кісінің шәкірттері бүркітшіліктің қыр – сырымен бөлісіп, бүркіт бағудың қиыншылықтарын айтып өтті.

Бабы қиын бүркіт құсын балапан кезінен тәрбиелеу оңай болғанымен, оны аңға салу үшін, үлкен еңбек ету керек екен. Ал, аңға түсіп үйренген бүркітті қолға үйрету мықтылықты, қажарлылықты, табандылықты талап етеді. Алайда, қолға үйренген соң, өз иесін алғырлығымен қуантатын көрінеді. . Қия – шыңға балапан салған қыран өте қырағы болады. Біз Бүркітсайға саяхат жасаған кезімізде осыған көз жеткіздік. Мұнда бүркіттің ежелгі ұялары бар екен. Ұя тұсынан өткенімізде түз тағысы жанын қоярға жер таппай біздің төбемізден қалықтап кетпей қойды. Ұясын аса сақтықпен күзетеді екен. Ал, жаз мезгілі қол бүркіттері үшін өте баптауды қажет ететін ауыр кезең болып табылады. Өйткені, жазда бүркіттер түлейтін болғандықтан, тек қана жас ет жеп, ерекше күтімді талап етеді. Қыс басталысымен, жаз бойы бапталған бүркіт өз өнерін паш етеді. Бүркітші, саятшылардың бүркіт үйретуде, құс салуда пайдаланатын құрал-жабдықтары ерекше: томаға, тұғыр, балдақ, жезтұяқ, жемқалта, биялай, аяқбау т.б. Бұларды негізінен бүркітшінің өзі даярлайды. Кездесу барысында құсбегі Мереке Өтеғалиұлы бұларды бізге көрсетіп, қалай қолданудың әдістерін түсіндірді. Сонымен қатар олардың жасалу өнімі мен бұйымдарын да айтып өтті.

Осындай құнды ақпараттармен бөлісе келе, Мереке ағай бізді Тұщыбек елдімекенінің батыс бетінде 1 шақырым жерде орналасқан «Бүркітсайға» бастап барды. Бүркітсайда біздің көзімізге екі ұя шалынды, бірі – жаңадан салынған ұя, енді бірі – ескі ұя. Бағымызға орай көкте қалықтаған бүркітті тамашалау да бұйырды. Балапандарын қорғау мақсатында ұясын айналып, қалқи ұшқан бүркіт оқушыларды таңғалдырмай қоймады.

Біздің кезекті саяхат – сабағымыз өзіміз үшін, оқушылар үшін керемет әсер қалдырды. Қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан саятшылық, құсбегілік өнерінің соншалықты тынымсыз еңбекке, байқампаздыққа құрылған үлкен өнер түрі екеніне көзіміз жетті. Төл өнеріміздің өз елімізде ақсап, өзге елде өркендеп жатқанына да іштей қынжылғанымыз өтірік емес. Десек те, әлі де саятшылықты қолға алып, жолға салуға кеш емес деп ойлаймын. «Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!» деп кеткен арыстарымыздың сенімін ақтап, ұлттық өнерімізді жас, өскелең ұрпақтың бойына сіңіре алсақ - өр намысты, рухты жастарымыз еліміздің ертеңіне айналары сөзсіз!


Қождан Жеңіс, дене шынықтыру пәні мұғалімі



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.05.2021
476
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі