Тастағы таңбалар мен тасты мүсіндер.
Осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар өз үңгірлеріне өмірдің ең басты аспектілерін таңбалап кеткен. Бұл – ең бірінші өздерінен кейінгі ұрпақ үшін жасалған әдіс. Біз осы суреттерге қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргендігін, немен айналысқандығын біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде бар, тіпті, қазақ даласында да тұнып тұр, солардың бірі - Архат атырабы. Жадағай ғана жартастың бетіндегі аша тұяқты аңдардың бейнесінде жан-жағына аса сақтықпен көз тіккен арқар, киік, тауешкі тағысын тағы суреттер ертедегі адамдардың ұшқыр қиялына арқау болғандығы, сондай-ақ бұл олардың көшіп-қонып жүргенде малды негізгі кәсібіне, күнкөріс көзіне айналдырғанының дәлелі. Тастағы жәдігерлер жадымызға осыны әкеледі. Әр тасты айналып қарап, өткеннен сыр шертетін суреттердің мазмұнының бай екендігіне таңданасың. Тағы да осы құнды ескерткіштерді зерттеудің жаңа кезеңі басталғанына қуанасың. Өйткені, уақыт талабы бейнелер салынған жартастарға өз таңбасын салып, тау жыныстары жарылып шыққан.
Тарихи-археологялық ескерткіштердің бірі – «петроглифтер» (тастағы жазу). Жартас суреттері, бір жағынан, адамзат ұрпақтарының рухани өмірін көрсететін өзінше бір өнер туындысы, яғни «ашық аспан астындағы галерея» болса, ал екінші жағынан, өткен дәуірлер мен қоғамдар тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Қазақстанда 150-ден астам жартас суреттерінің жиынтық орындары белгілі болып отырғанын Зейнолла Самашевтің ғылыми еңбектерінен білеміз.
Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылығы бар екенін білмеді. Олар өздерінің дүниетанымын қоршаған ортамен байланыстырды. Өнерінің де дамуы адамдардың рухани мәдениетінің дамуынан хабар береді. Тарихтан білетініміздей адамдар мен жануарлардың ойма суреттері (графюра), рельефтер, суреттер үңгірлерде бейнеленген. Ал б.з.б 8 ғасырлардан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы-аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. Біздің ауылымыз Арқат аймағынан осындай тақырыпта салынған тастағы таңбалар кездеседі (5 сурет). Нақтырақ айтқанда Қарабұлақ елді мекенінің солтүстігіндегі биік кезеңнің төменгі жағында (батысына қарай) орналасқан.

5-сурет 6- сурет 7-сурет
Аталған тастағы бейнелер негізінен беттері тегіс болып келген қаракөк тастарға салынған, төбешіктің ең биігінде орналасқан (бұл биік ежелгі қорым болуы да мүмкін). Тастағы бейнелер негізінен оңтүстік шығысқа қаратылғандықтан, оларға күн ұясынан шыққаннан кешке батып кеткенге дейін күн түсіп тұрады. Сондықтан да суреттерге қай мезгілде қарасаң да өте әдемі болып, алыстан байқалады. Тастардың көлемі үлкен емес, ұзындығы 60-70 см, биіктігі 50-80 см болады.
Суреттердің көпшілігі тауешкі (7 сурет), арқар (6 сурет), мүйіздері ұзын тауешкіден біраз айырмашылығы бар бұғы болуы мүмкін. Аталған жануарлар тек сәндік үшін бейнеленген жоқ, олар ерте замандарда осы өлкені мекен еткен адамдардың дүниетанымдары мен қоршаған ортасына тікелей байланысты. Біріншіден, әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегімен байланыстырған, тұмары санаған. Екіншіден, олар өздерін қоршаған ортадағы құбылыстарды бейнелеген. Біз екінші тұжырымға тоқталамыз, яғни біздің Арқат тауында бұғы, арқар, тауешкі өте көп болған. Оларды халық күнделікті өмірлерінде кездестіріп отырған (бүгінгі күнге дейін бар, бірақ өте сирек кездеседі). Тіпті жабайы жануарлардың бір бағытқа қаратып салынғанына қарағанда (6 сурет) бейнелерді жайылып жүрген аңдарға қарап отырып салған сияқты. Қалай болған күнде де петроглифтер біздің ауылдың территориясында да бар.
Тасқа ойып салғандарына қарағанда бұл суреттер ерте темір дәуіріне тән болуы да мүмкін. Демек, бұл заттай дерек біздің өлкемізде ерте замандардан-ақ адамдар мекен еткенін дәлелдейді, сонымен бірге бұл адам санасы мен іс-әрекетінің алға басушылығының алғашқы күрделі қадамдары екені анық. Сондай-ақ биік төбешіктің асты ескі қорым болуы әбден мүмкін, оның астын қазуға біздің мүмкіндігіміз болмады, алайда ол болашақтың еншісінде.
Өлкемізде жиі кездесетін заттай деректердің бірі-тасты мүсін. Қазақстанда түрік дәуірінде мүсін өнері ерекше дамыған. Көне түрік жазуында тас мүсіндерді “блбл”, орхон жазуында “балбық” деп жазған. Соңғы кезде “кемпіртас” немесе “таскеліншектер” аталып жүр. Олардың түрік дәуірінде ерекше бір идеялық мәні болған. Көне түрік жазуындағы “блбл”–дың балбал тас яғни мүсінтас деп аталғаны дұрыс. Мұндай балбал тастар Архат ауылында да кездеседі.
Тасты мүсіндерге қарап олардың монғолид нәсіліне жататынын бірден байқауға болады (10 сурет). Жазық маңдайлы, қыр мұрынды, қалың ерінді келбетті адам екені көрініп тұр. Демек бұл мүсіндер осы жерде өмір сүрген адамдарға құлпытас ретінде қойылған мүсіндер екені сөзсіз.

8- сурет 9-сурет 10-сурет
Ертеректе ата –бабаларымыз мұндай мүсіндерді өздерінің қайтыс болған қимастарының құрметіне арнап, олардың бейттерінің басына орнатқан. Тас мүсін өзінің көлемі жағынан әр түрлі. Мысалы 8 –суреттегі мүсін Архат тауының бөктеріндегі Шұбартөбе елді мекенінен табылды. Биіктігі 1,5 м, ені 23 см болатын тасты мүсін. Басының көлемі 22 см. Тұрған жері жазық дала, орнықсыз орнатылған, сондықтан бұл тас өзінің негізгі қойылған жерінен жылжытылған деуге негіз бар.

11-сурет 12- сурет 13-сурет
Дегенмен орнығып, жерге еніп кеткен тасты мүсіндер де бар (13- сурет). Жер бетіне 70 см шығып тұр, беті оңтүстік шығысқа қаратылған, екі көзі, мұрыны, ауызы анық көрінеді. Соған қарағанда бұл да таңбалы тас сияқты күні бойы бетіне күн түсіп тұратын жерге қойылған.
Тас мүсіндердің барлығының тастары бірдей. Қызыл-сары тастардан таңдап алынған. Бұдан біз олардың дінге берік екендігін, ата-бабасының аруағына сиынатынын, жақсыны дәріптей білетіні жөнінде ой түюге болады. Сонымен қатар тасты таңдаудағы талғамына қарап олардың тасты игерудегі мәдениетінің жоғарғы деңгейге жеткенін, өнерінің өрістегенін байқаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таудағы тасты мүсіндер

шағым қалдыра аласыз